400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кикілжіңді жеңу" тренинг-ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар арасында болатын қақтығыстардың алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кикілжіңді жеңу тренингі


Мақсаты: оқушыларға кикілжіңді жағдайларды жеңудің әдіс-тәсілдерін көрсету.

Міндеттері:

  1. Кикілжің туралы түсінік беру

  2. Өзін-өзі қадағалау дағдыларын дамыту

  3. Кикілжіңді жағдайды дұрыс талдауға үйрету

Қажетті құралдар: А4, ақ парақтар, қорапшалар, қалам, медитативті бейнетаспа, газет, бор.

Әдістер: арттерапия, қозғалмалы ойындар, релаксация


І. Ұйымдастырушылық кезең. Тренинг ережелерімен таныстыру.

№1. Маған сенің мына қасиетін ұнайды.

Мазмұны: оқушылар тренермен бірге шеңберге тұрады. Шеңбер бойымен тұрған оқушылар кезек кезек сол жақтағы көршісіне сәлем беріп, оның жақсы қасиетін атайды. (5 минут)


ІІ. Негізгі бөлім. Оқушыларға кикілжің туралы ақпарат беру. (6 мин)

Кикілжің дегеніміз – қарама қарсы жақтардың пікірлерінің, мүдделерінің қарама-қайшы келеуі, сәйкеспеуі. әр әлеуметтік ортада, яғни мектепте, үйде, достар арасында кикілжің туады. Сондықтан біз оны жеңе білуіміз керек. Кикілжіңді шешудің бірнеше жолдары бар:

  • кикілжіңнен кету, ұрсыспау

  • екінші жақпен келісі немесе оларды келістіру.

  • әр адам өз ойын айту

  • ортақ келісімді табып, сол келісімді жүзеге асыру

Ал енді бүгінгі психолог сағаты сабағымыз – кикілжіңді жеңу тренингі.

№2. «Блиндаж» ойыны.

Қажетті құралдар: газет

Мазмұны: еденде 4-5 үлкен газеттер жайылады. Тренердің сигналы бойынша барлық қатысушылар осы блиндажға жасырынуы керек. Сигналға дейін қатысушылар емін-еркін сыныпта жүреді, тренер сигнал бергенде жақын тұрған блиндаждың үстіне тұрады. Үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Бұл жағдайда қатысушылар бұл баланы неге құтқарып қала алмадыңдар деген ескертулер естиді. Жаттығу сәтті өте бастаса, бір блиндажды алып тастауға болады. Ойынның аяғында барлық сынып оқушылары кішкентай блиндажда орналасулары керек.

Қорытындылау: бұл ойын сіздердің қиындықты бірге жеңулеріңізді, ұйымшылықтарыңызды бақылауға арналған болатын. (5 мин)


№3. «Съям егіздері» ойыны

Қажетті құралдар: А4 қағазы мен қаламдар

Мазмұны: әрбір партаға бір-бір парақтан таратылады. Екі оқушы бір қаламды ұстап, адамның суретін салады.

Қорытындылау: балалар! Осы ойында сіздер серіктесіңізбен суретті салу қиынға соқты ма? әлде оңай болды ма? Қандай қиындықтар болды? Бұл ойын сіздердің өзара топпен жұмыс істеулеріңізді бақылауға арналған болатын (7 мин)


№4. «Үштік» ойыны

Қажетті құралдар: қорапшалар 6 шт

Мазмұны: теренер ойынды жүргізу үшін үш баланы ортаға шақырады. Олар бір-бірінің иықтарын ұстап, бір қатарға тұрады. Ортадағы бала екі аяғымен бір қорапқа тұрады, ал шеттегі балалар бір аяғымен сол қорапқа тұрады. Тренер «баста!» дегенде олар бірнеше метер жүрулері керек. Бұл жағдайды күрделендіруге болады, яғни тағы да балаларды қосуға болады.

Қорытындылау: бұл ойын сіздерге қиын болды ма? Бұл ойын сіздердің топпен қиындықтарды жеңуге, бірлескен қарым-қатынасты байқауға арналған болатын. (7 мин)


№5. «Үнсіз айқай»

Қажетті құралдар: магнитафон, медотитатифті бар бейне таспа.

Мазмұны: ыңғайлы отырыңыздар! Терең дем алыңыздар, мұрынмен дем алып, ауызбен демді шығарыңыздар! Көздеріңізді жұмыныздар! Енді өздеріңіздің тыныш жерде отырғындарыңызды елестетіңіздер! өздеріңізді ренжіткен, ұрсысқан адамды естеріңізге түсіріңіздер! Бұл адамға қатты ашуланған кездеріңізді де еске түсіріңіздер! Ал енді бұл адамға үнсіз айқайлаңыздар! «Кет! Жоғал! Көзіме көрінбе!» деп айтыңыздар! (10 сек)

Бұл адам енжді сіздерді мазаламайды, бірақ енді одан құтылудың басқа амалын іздеңіздер! Ал енді көздеріңізді ашып, бөлмеге оралыңыздар! Терең дем алыңыздар! (30 сек)

Қорытындылау: Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер? Елестетуде қиындықтар болды ма? Одан қалай құтылдыңыздар? (3 мин)


№6. «Ұнаматын адамның бейнесі» ойыны.

Қажетті құралдар: А4, қарындаштар

Мазмұны: алдарыңызда жатқан парақтарға өздеріңізге ұнамайтын адамның суретін салыңыздар! (4 минут) Ал енді оны ұсақ қылып жыртып тастаңыздар! (3 мин)

Қорытындылау:Ішкі жағымсыз эмоциялардан құтылдыңыздар ма?


№7. «Ұсақ моншақтарды сыйлашы» жаттығуы

Мазмұны: Қатысушыларға қорапшадан бір-бір моншақ алып сол жақтағы көршісіне сыйлау ұсынылады, алайда «мен саған мынау моншақты сыйлаймын, өйткені сен ең.....» деп міндетті түрде айту қажет. (3 мин)

Қорытындылау: Тренингке қатысушылардың қарым-қатынастарын үйлестіруге арналған.


ІІІ. Қорытынды кезеңі.

Рефлексия.

Трениегті қорытындылау: Бұл тренинг сіздерге ұнады ма? Несімен ұнады? Кикілжіңді жеңе аласыздар ма?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі