Сабақтың
мақсаты:Болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын
тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Оқушылардың бойына жақсы
қасиеттерді сіңіру,мамандық таңдай білуге
,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев: «жарқын болашақ – жастардың қолында» дегендей ,біздің
болашағымыз өз қолымызда.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд,буклет..
1. "Бұл кімдер?" өлеңін мәнерлеп оқу арқылы мамандық иелерінің
аттарын табу.
Алып жатқан жан - жақты
Үйлерді кім тұрғызды?
Жарқыратып жан - жақты
Жердегі көп жұлдызды
Балалар, не білдіңдер,
Білгеніңді айт, бұл кімдер?...
Үстіндегі киімді
кімдер тігіп береді,
Газет - журнал үйіңді
Қалай тауып келеді?
Бұл жайлы не білдіңдер,
Білгеніңді айт, бұл кімдер?
2. а) Өлеңнің жауабы бойынша сызба құрастырылады.
жүргізуші -------- ғарышкер ---------- заңгер
пошташы --------МАМАНДЫҚ --------құрылысшы
шекарашы ---------- ---------- тігінші
ә) Интербелсенді тақтада дәрігер, мұғалім, бағдарламашы, ұшқыш,
заңгердің суреттері
көрсетіледі. Осы суреттер бойынша оқушылар жазбаша сөйлем
құрайды.
Мысалы: Дәрігер не істейді? Дәрігер емдейді. Ол емханада жұмыс
істейді.
б) Еңбек туралы мақал - мәтелдерді жатқа айту арқылы үй тапсырмасын
қорытындылау.
1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
Еңбек - адамның көркі,
Адам - заманның көркі.
Мұғалімнің сөзі.
Ата - ананың тілегі -
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі -
Адал болып өскенің.
Отаныңның арманы -
Жақсы маман болғаның.
.
Мамандық не үшін керек?
Оқушылардың мамандық иелері туралы жаттаған өлеңдері тыңдалады.
1. Іш ауырса, тіс ауырса
Дәрігер дәрі береді.
Барлық бала, барлық адам
Оны жақсы көреді.
2. Тоқтықтың бар тарқауы,
Ас - адамның арқауы.
Аспаз бола алмайды
Адамдардың жалқауы.
Қорытынды:Түрлі
мамандықтарды біледі,олардың барлығы жақсы екенін түсінеді,мамандық
таңдауға үйренеді,өз мамандығын сүюді
үйренеді.
Сабақтың
мақсаты:
а) білімділігі: оқушыларға мамандықтар туралы
түсінік беру. Олардың
білімдерін жан - жақты
кеңейту.
ә) дамытушылығы:
оқушылардың тіл байлықтарын дамыту, ойлау өрісін кеңейту, мәнерлеп
оқуға машықтандыру.
б) тәрбиелілігі:
ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта Microsoft презентациясы,
суреттер.
Сабақтың түрі:
аралас.
Сабақтың әдісі:
сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс,
түсіндіру.
Сабақтың
барысы.
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
• оқушыларды
түгелдеу;
• оқу құралдарын
тексеріп, оқушының зейінін сабаққа
аудару;
• жаңа сабақтың
мақсатымен таныстыру.
ІІ. Өткенді
қайталау.
• Дауысты
дыбыстар қалай бөлінеді?
• Дауыссыз
дыбыстар қалай бөлінеді?
• Сөздікті
тексеру: ответственный –
жауапты
был –
болған
варит –
пісіреді
ценить –
қадірлеу
ІІІ. Жаңа
сабақ.
1. Сұрақтарға
жауап береді? Орыс тіліне аударады.
(слайд)
• Кім үй
салады?
• Кім бала
оқытады?
• Кім сиыр
сауады?
• Кім адам
емдейді?
• Кім нан
пісіреді?
• Кім кітап
береді?
• Кім тамақ
пісіреді?
• Кім киім
тігеді?
• Кім азық -
түлік сатады?
2. Сөздікпен
танысу:
(слайд)
ұшқыш –
летчик
ғарышкер –
космонавт
ғалым –
ученый
мамандық –
профессия
1. Сөз тіркестерін жасаймыз
(слайд):
молодой
летчик
космонавт
сказал
ученый
пришел
много
профессий
три
летчика
английский
ученый
первая
профессия
новая
профессия
3. Мәтінмен жұмыс.
(слайд)
Мамандық.
Мамандық өте
көп. Мен мектепте жақсы оқимын. Математика сабағын өте жақсы
көремін. Компьютерде есептер шығарамын. Мұғалім маған көп есеп
береді. Менің ғалым болғым
келеді.
1)
Оқу
2)
Аудару
4. Жуан, жіңішке
сөздерді айту (слайд)
мамандық
көп
жақсы
есептер
маған
береді
өте
5. Сұрақтарға жауап беру:
(слайд)
• Не өте
көп?
• Сен мектепте
қалай оқисың?
• Қай сабағын
өте жақсы көресің?
• Компьютерде
нелерді шығарасың?
• Мұғалім саған
не береді?
• Сенің кім
болғың келеді?
6. Тапсырманы жалғастыр. Мұғалім, аспаз,
дәрігер, әнші, құрылысшы мамандықтардың суреттері бойынша сұраққа
жауап береді. (слайд)
Ол не
істейді?
♦ Бұл - мұғалім.
Ол бала оқытады.
♦ Бұл - аспаз.
Ол тамақ пісіреді.
♦ Бұл - дәрігер.
Ол адамдарды емдейді.
♦ Бұл - әнші. Ол
ән айтады.
♦ Бұл -
құрылысшы. Ол үй салады.
7. Сөйлемдерді жаз, асты сызылған сөздерге
сұрақ қой. (слайд)
Дәрігер –
жауапты мамандық. Дәрігерлік мамандыққа медициналық институтта оқу
керек. Дәрігерлер ақ халат киеді. Менің дәрігер болғым
келеді.
8. Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді толықтырып
жаз (тәуелдік жалғауды қайталау).
(слайд)
Менің шеше... –
дәрігер.
Сенің шеше... –
сатушы.
Менің әке... –
құрылысшы.
Сенің әке... –
ұшқыш.
Менің аға... –
студент.
Сенің аға... –
ғалым.
9. Фонетикалық талдау. Ғалымдар сөзінің
дыбыстарын талдаңдар.
(слайд)
Ғ - дауыссыз,
ұяң
А - дауысты,
жуан
Л - дауыссыз,
үнді
Ы - дауысты,
жуан
М - дауыссыз,
үнді
Д - дауыссыз,
ұяң
А - дауысты,
жуан
Р - дауыссыз,
үнді
10. Тұңғыш қазақ ғарышкерінің суреті.
(слайд)
Бұл
кім?
Тоқтар Әубәкіров
– тұңғыш қазақ ғарышкері.
Ал, сенің кім
болғың келеді?
ІҮ. Сабақты
қорыту.
♦ Сөздікті
қайталау.
♦ Қандай
мамандықтарды білесіңдер?
♦ Сенің кім
болғың келеді?
♦ Оқушыларды
бағалау, мадақтау.
Ү. Үй
тапсырмасы.
♦ Сөздікті
жаттау.
♦ 86 - бет, 2 -
тапсырма.
Сабақ
мақасты:1.Өленнің толық мазмұнын түсіндіру.Мамандық жайлы
мағлұмат бере отырып кәсіптік білім
беру.
2.Оқушылардың
тіл,ой, сөйлеу шеберліктерін дамыту,мәнерлеп оқуға,сөйлеуге
тәрбиелеу.Ұжымдық сезімін
дамыту.
3.Еңбексүйгіштікке ,шаруақорлыққа
тәрбиелеу.Өмірден өз орнын таңдауға
баулу.
Түрі:
ойынмен өрілген пікірталас
сабағы.
Әдісі:инновациялық
әдістер.
Көрнекілігі:буклет,жеке
суреттер.
I.Ұйымдастыру
кезеңі
-Балалар,біз
бүгін сендермен қызықты оқиғаларды бастан өткереміз.Түзу,оқушы
ережесіне сай
отырамыз.
2.Үй
тапсырмасые
сұрау.
3.Жаңа
сабақ.
- Бүгін біз
сендермен кім болғың келеді?деген өлеңмен
танысамыз.
-Сендер қандай мамандықтарды
білесіңдер?
-Өмірімізде ,яғни ,қоғамымызда мамандық және оны
атқаратын мамандар болмаса біздің қоғамымыз ,тіпті осы өзіміз оқып
жүрген мектептегі мамандар болмаса мектеп осындай халде болмас
еді.
-Мектептегі
мамандар
кімдер?
-Ол кісілер не
істейді?
-Міне,қарап
тұрсақ ,барлық мамандық біздің өмірімізге өте қажет
екен.
Ендеше біз
бүгін мамандық туралы сөз
етпекпіз.
Өленнің
авторы –
Дінисламов.
Қысқаша
мазмұнын айту.
-Өленде не
туралы
айтылған?
-Ендеше қазір
өленді рөлге бөліп оқып
көрейік.
4.Сөздік
жұмысы.
Желек –орамал
,шыт
Күбі –кілегей құятын немесе сақтайтын
теріден,ағаштан жасалған ыдыс(суретпен көрсетіліп
түсіндіреледі)
Шахта-көмір
өндіретін
орын
5.Кітаппен
жұмыс.
Мұғалім
өлеңді мәнерлеп
оқиды.
Мазмұнын
айту.
Дүкен және
ұшқыш
ойыны
Қажетті
атрибуттар:ұшқыш бас
киімі,дүрбі.
Шарты:Балаларды рөлге бөлу.Төрт бала ұшқыш ,бір
бала хабарлаушы,бір бала тексеруші,бір бала кассир.Тәрбиеші ұшақ
тұрын
айтады.
Топтағы
оқушыларды үш не төрт командаға бөліп,ұшқыш рөліндегі баланың
соңынан
тұрады. Хабарлаушы микрофоннан хабарлайды
:Құрметті жолаушы жолдастар, Алматы –Қайнар жолаушылар
ұшағына отырғызу
басталды.
Билеттерін
тексерушіге көрсетіп,жолаушылар ұшаққа мінеді.Ұшқыш бала қолын
жайып ,қалықтап қайта қонады.Сол кезде ұшқыш
бала:
Көкке
ұшамын
Ұшқыш болар
баламын
Соңына
ерем
Ғарышкердей ағаның,-деп тақпақ
айтады.
-Балалар ,қандай ұшқыш ағаларымызды
білесіңдер?
-Біздің Қазақстанның тұңғыш ғарышкері
кім?
6.Қызықты мәлімет (танымдық
материал)
Ғарыш,ғарышкер ағалар туралы ,ғарышта қалай
тамақтанады ,қалай дем алатын ы жайлы
әңгімелеу.
7.Ойын
ойнау.
Бұл ойын
жазбаша орындалады.
-Қазір
барлығымыз бір парақ қағаз алайық.Сендер күнделікті өмірде,немесе
ақпарат құралдарынан көріп оқып жүрсіндер,қай маман қандай қызмет
атқаратынын сұрақтардың тұсына апарып
ілеміз.
Қойды кім
бағады?
Сиырды кім
сауады?
Ауруды кім
емдейді?
Оқушыны кім
оқытады?
Пойызды кім
жүргізеді?
8.Қорытындылау.
-Міне
,бюалалар,біз сонымен бүгін мамандық жайлы сөз
еттік.
Егер сендер
бір мамандықты таңдап жүрсіндер ол маман иесі
болу үшін не үстеулерін
керек?
Әрине ,оқу
керек. Осы бастан ізденіп,жауапкершілікті болуға дағдылану
керек.
Қорытынды
сұрақтар.
1.Өленде
қандай мамандықтар айтылған?
2.Дүкенші
болсаң дүкендегі заттарды қалай жарыққа шығарар
едің?
3.Өзіне
ұнайтын мамандық жайлы не
білесін?
4.Сен
таңдаған мамандығына бағыт алып жүрсің бе?
5.Құрылысшының құралын
ата.
6.Шахтер не
істейді?
9.Үйге
тапсырма беру:
Үйден Мен таңдаған мамандық деген
тақырыпта шығарма жазу.Өлең ішінен өздеріне ұнаған мамандықты
жаттау.Мазмұнына толық шолу
жасау.
10.Бағалау.