Кім жылдам. 5сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кім жылдам. 5сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кім шапшаң, кім жылдам?» сайысы

Мақсаты:

Тіл үйренушілерді “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру,сөздік қорын молайту. Мақалдап,мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер, слайд

Барысы:

Кіріспе сөз:

-Құрметті әріптестер ,бүгін сіз дермен Кім шапшаң, кім жылдам?” деген сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер .

Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса сайысымызды бастайық. Әрқайсымыздың ұпай саны жеке саналады.


Психологиялық тренинг.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие береді, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар береді. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Сіздерге ..............


1-сайыс. «Кім көп біледі?» Бұл сайыста қатысушылар қаншалықты мақал-мәтел біледі екен. Әр жауап бір ұпаймен саналады.


Қорытынды. (ұпай саналады)

2- сайыс. Жалғасын тап” .

Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

Өз елім... (өлең төсегім)

Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)

Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)

Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)

Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)

Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)

Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)

Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)

Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)

Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)

Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)

Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)

Қорытынды. (ұпай саналады)


  1. 3-сайыс “Кім тапқыр” деп аталады.

Тірек сөздермен мақал-мәтел құрастыру.

1.дос -теңге.

Жауабы: Жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын.

2.Ақыл -кен

Жауабы:Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

3.Оқу - ине

Жауабы:Оқу инемен құдық қазғандай.

4. Еңбек - береке

Жауабы:Еңбек түбі-береке,

Көптің түбі-мереке.


Қорытынды. (ұпай саналады)


4-сайыс ”Ойлы болсаң,тауып көр”


Ойын.Сұрақ-жауап.

1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)

2.Жас келсе неге? (іске)

3.Өтірікші кімді алдайды?(өзін-өзі алдайды)

4.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)

5.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)

6.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)

7.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)

8.Көпке не шашпа?(топырақ)

9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)

10.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)

11.Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)

12.Бейнет түбі не?(зейнет)

13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).

14.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)

15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)


Қорытынды. (ұпай саналады)


І орын-

ІІ орын-

ІІІ орын -

Қорытындылай келе:

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.Тіл-сарқылмас қазына.,ата-бабамыздың көзі, мұрасы., ал мақал-сөздің азығы, тәрбие көзі.



 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2021
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі