Кіріктірілген сабақтардағы оқушыны зерттеу жұмыстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріктірілген сабақтардағы оқушыны зерттеу жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдеге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріктірілген сабақтардағы оқушыны зерттеу жұмыстары

Баяндама

Кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, командалық оқыту , пәндік –тілдік кіріктірілген оқыту т.б озық педагогикалық әдістерді қолдану талап етіледі. Мұғалімдер Кембриджбен бірлесіп дайындалған жаңа оқу жоспарларымен , сондай –ақ оқушылардың ХІХ ғасырда қажетті дағдыларын дамытуға арналған белсенді оқыту әдістерімен таныс. Сол себепті мектебімізде мұғалімдер жаңа бағдарламаны меңгеріп, сабақтарын талапқа сай өткізуде.

Кіріктірілген оқу дегеніміз не? Кіріктірілген оқу бағдарламасының артықшылығы неде? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Кіріктірілу –бұл бір оқу мазмұнының әр тұрлі саладағы жан-жақты білімдермен тоғысуы, бір –бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:

Оқушыға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуге пайдалануды үйренуге бағдарлау;

Тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру;

Пәндерді кіріктіру;

Жаңа пәндерді енгізу;

Тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары мектепте таңдау құқығы;

Жоғарғы оқу орындарына түсуге мақсатты түрде дайындалу

Бағалаудың критериалдық жүйесі.

Осы бағдарлама негізінде оқушылардың дағдыларын дамыту.

Сын тұрғысынан ойлау

Білімдерді шығармашылықпен пайдалана білу.

Зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру

Акт дағдылары

Топта және жеке жұмыс істей білуі.

Коммуникалциялық дағдылар тілдік дағдыларды қосқанда міндеттер мен мәселелерді шеше білу;

Үш тілді білім ортасын құру.

Тәрбие мен оқытуды кіріктіру

Заманауи педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану.

«Жаңашыл ұстаз» қоғамдастығы мектебімізде «Кіріктірілген сабақтағы оқушыны зерттеу» тақырыбы бойынша зерттеу тобы құрылып, зерттеуге 7 «А» сыныбындағы кріктірілген пән ретінде физика, биология , орыс тілі пәндеріне қатысып, зерделеу жүргіздік. Бұл жұмысты жүргізу барысында , оқушылардың жұптық, топтық жұмыста оқушылардың белсенділігінің төмен екенін анықтадық. Сол себепті жоғарыдағы мәселені шешу үшін , сабақты зерттеу туралы толық мәліметпен танысып, сыныптан , мұғалімдерден сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде сыныптағы А,В,С оқушылары анықталып, оқушыларды бақылайтын, зерттейтін мұғалімдер тағайындалды. Сынып туралы , А,В,С оқушылары туралы сынып жетекшіден, мектеп психолігінен оқушылардың мінез –құлықы мен психологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтер алынды.

Сынып туралы сырттай мәлімет жинақталып болған соң, аталған сабақтарға топ мүшелері қатысты.

Физика пәнінің мұғалімі Алдекова Жанардың «Механикалық жұмыс» тақырыбындағы сабаққа қатысып, сабақта АКТ-ны тиімді қолданылып, оқушылар үш тілде терминдерді еркін қолданып, сабаққа деген белсенділігін көрдік. Дегенмен топтық жұмыста А,В,С оқушылары өздерін жақсы жағынан көрсетсе, жеке, жұптық жұмыста С оқушысы қиналып, көмек қажет етті. Кері байланыста оқушылар сабақтың бұрыңғы сабақтан өзгеше қызықты болғанын , физика сабағының үнемі осылай өткендігін қалайтынын айтқан. Әріптестерде сабақтан кейін кері байланыс беріп, сабақ өз мақсатына жеткенін айта отырып, сабақта қалыптастырушы бағалаудың көрсетілмегенін баса айтты.

Биология пәнінің мұғалімі Бекова Гүлмираның сабағында барлық оқушылар белсенді, термин сөздерді үш тілде айтып отыр. Мұғалім сабаққа тыңғылықты , өте жоғары деңгейде дайындалған. Сабақта АКТ-ны, әдіс –тәсілдерді, қалыптастырушы бағалауды тиімді қолданып , жұптық және топтық, жеке жұмыстарда өз орнына қойылған, сабақ соңында оқушылар Бекова Гүлмираның әр сабағы қызықты өтетінін және ертеңгі сабақты « Қалай өткізгенін қалайсыңдар?» деп өздерімен санасатынын , бұл сабақтан ешқашан жалықпайтындарын айтты. Әріптестер арасында да Гүлмираның сабағын өте жоғарығы деңгейде деп бағалады.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Утарбаева Жадыраның «Наречие. Степени сравнения наречий» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта топтық , жеке және жұптық жұмыстар жүргізілді. Мұғалім сабақта Акт-ны, әр түрлі тәсілдерді орнымен қолданды. Оқушылардың пәндік сауаттылығы қалыптасқан, орыс тілінде жақсы сөйлеп отыр. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы жақсы. А ,В, деңгейіндегі оқушылар тапсырмаларға қатысып отырды, әсіресе С деңгейіндегі оқушы өзінің ойын орыс тілінде өткізуге барынша ынталанғанын көрдік. Сабақ соңында оқушылардың пікіріне құлақ түрдік. Оқушылар «Бүгінгі сабақтың құрылымын , тапсырмаларының қызықты болғанын және В деңгейіндегі оқушыларды сабаққа мұғалімнің тартқанын, тіпті мұғалімнің мінезінің өзгергені де айтылды. »

Мұғалімдер тарапынан кері байланыста, оқушылардың деңгейіне сәйкес тапсырмалар болуын , қалыптастырушы бағалауды дұрыс жолға салуын ескертіп жатты. Мектеп директоры оқушылардың, әсіресе С деңгейіндегі оқушының орыс тілінде сөйлеу мұғалімнің еңбегі екені баса айтылды.

Сабақты зерттеуге дейін жоғары да аталған сабақтардың ішінде физика мен орыс тілі сабақтарын оқушылар қиын деп айтқан болса, зерттеуден кейін сабақтардың қызықты өтіп жатқанын , қалған уақытта да сабақтың осы бағытта өткендерін қалайтынын айтты.

Қорыта айтқанда, кіріктірілген сабақты өткізудің маңыздылығы сонда барлығын байланыстыру , жүйелеу оңай жұмыс емес, алайда сабақтарды бірге біріктіре өткізу ол оқушының «бізге осы пәннің керегі не?» деген қағиданың теріс екеніне көз жеткізу. Олар осындай кіріктірілген сабақ арқылы әрбір пәннің сапалы , кәсіби мамандарды дайындау үшін маңызды екенін түсінуде. Жалпы білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте біз оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдаланатыны маңызды. Сондықтан, Трамп әдісімен немесе кіріктірілген сабақ өткізгенде біздің байқағанымыз оқушылардың көзқарасы басқаша, бірнеше мұғалімнің сабақты түрлендіруі оқушылардың шығармашылық қабілетін оятатынына көз жеткіздік.

ЖАҚАЙҚЫЗЫ С



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2019
996
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі