Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кіріспе. Адамзаттың Абайы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№ |
Мерзімі |
Пән |
Сыныбы |
Пән мұғалімі |
Тексерген |
1 |
|
Абайтану |
9 |
|
|
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы.
Сабақтың жалпы мақсаты: Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: эссе, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі:
1) Абай «Шығармаларының екі
томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005
ж;
2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев
«Монография. Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995
ж;
Сабақтың
түрі:Жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі: сауаттылық хаттар, лекция.
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
Бүгінгі қазақ әдебиеті тарихында Абай мұрасына байланысты "Абайтану" деп аталатын пән саласы қалыптасып даму үстінде келе жатыр. "Абайтану" деп тікелей ұлы ақын мұрасын жан-жақты тереңдей зерттеу, оның барлық салалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары негізінде болған ғылыми еңбектерден құралатын саланы айтамыз. Ол – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы. Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарасы, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайында сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды.
Абай мұрасын ғылыми-шығармашылық тұрғыдан зерттеп танып білу арқылы абайтанудың негізін қалап, дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген академик Мұхтар Әуезов болды. Сондай-ақ, кемеңгер ақын мұрасын зерттеушілердің қатары жыл өткен сайын толығып, жас буын жаңа толқын лектері де араласа бастады. Абайтанудың басы, алғашқы адымдары баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, биыл 116 жылға толып отыр. Абайтанудың жаңа ғасыры – қазақ елінің төуелсіз заманы - ақын мүрасын тани түсуге де парасатты ықпалын тигізері күмәнсіз.
Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты өткізілген халықаралық ғылыми конференцияда белгілі абайтанушы М.Мырзахметұлы: "Біз Абайды ұлы дейміз, бірақ, ұлылығын дәлелдей алмай жүрміз",- деді. Осындай өте күрделі мәселелердің бірі – абайтану тарихында жинақталған дерек көздері мен ғылыми жұмыстарын, ғалымдардың зерттеу еңбектерін танып білу, ой қорыту.
Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан бастальш, бүгінде қазақ ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды. Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әр түрлі деректер саны жыл сайын молығып келеді. Абайтану ғылымының қалыптасып дамуына К.ЬІсқақұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Н.Рамазанов, Т.Ибрагимов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Ә.Жиреншин, С.Мұқанов, М.Сильченко, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, З.Ахметов, М.Базарбаев, Қ.Мұхаметқанов, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Н.Ғабдуллин, М.Мырзахметұлы, Р.Сыздықова, С.Қасқабасов, Р.Бердібаев, Т.Әлімқұлов, Т.Қожакеев, Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукеяов, А.Егеубай, Ж.Ысмағүлов, Т.Жұртбай, Қ.М.Жүсіпов, Ө.Күмісбаев, Д.Ысқақұлы, Б.Әбдіғазиев, М.Бейсенбаев, Б.Байғалиев, Ж.Шойынбет т.б. ғалым-зерттеушілер қомақты үлес қосты. Профессор М.Мырзахметұлы 1994 жылғы "Абайтану тарихы" атты еңбегінде абайтануға қатысты деректердің төрт мыңға таяп қалғандығы туралы мәлімет береді.
Абайтану тарихының даму жолдары. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары
Абай мұрасының бірегей білгірі академик М.Әуезов: "Абайды танудың басы, алғашқы адымдары төңкерістен бұрын басталған", - дейді. Ақынның көзі тірісінде 1887 жылы екі өлеңі "Жаз" және "Болыс болдым, мінеки" өлеңдері "Дала уалаяты" газетінде жарияланды. Бұл өлеңдер Көкбай ақынның атынан шығады.
Абай қайтыс болғаннан кейін оньщ әдеби мұрасын халықтық мұрасын халықтық тұрғыдан бағалап, қолдан келгенше аянбай әрекет еткен қалам қайраткерлері де болды. Бірақ бұлар ақын мұрасын әр түрлі дәрежеде таныса да, ол дәуірдегі әдеби сынның толыспаған жағдайына байланысты үлкен талап қоярльщ дәрежеге көтере алмады. Олар ақын мұрасын қазақ тілінде шығатын баспасөз арқылы насихаттауды Абай қайтыс болғаннан кейін-ақ, көп ұзамай қолға алды. Абай қайтыс болғаннан кейін Әлихан Бөкейханов "Абай (Ибраһим) Құнанбаев" деген тақырыппен "Семипалатинский листок" газетінде азанама жариялады.
Төңкеріске дейіші дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлек. Абайдың немере інісі Көкітай Ысқақүлы мен өз үлы Түрағұл Абайұлы Абайдың өлеңдерін жинап, 1909 жылы Петербургтен жариялады. Кәкітай Абай өлеңдерін түгел қамти алмады. Ақын өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктейді. Бірақ бұл сөздерге қарап, төңкерістен бұрын Абай жөнінде еш нәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды. Абайтанудың басы, алғашқы адымдары төңкерістен бұрын насихатталып, тарала бастаған еді.
Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі жолмен жайылып тарағанын ескеру керек.
Бірінші жолы – баспа арқылы тарауы; екіншісі – халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі – қолжазба арқылы тарауы. Және осылайша ақын шығармаларының оқушы, тындаушы жүртшылыққа мәлім болуымен бірге, Абайдың өмірі мен ортасын, еңбектерінің әр алуан сипатын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді - кішілі танытқыш сөздері, деректерді де еске алуымыз керек. Бұл сонғы айтылған жайлар, жоғарыдағы ескертуіміз бойынша, Абайдың төңкерістен бұрын қаншалық танылғанын анғартатын деректер болады.
Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен төңкерістен бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқталайық. Бүл орайда қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп, баулыған жүртшылықтың көрнекті өкілі - Кәкітай Ысқақұлы еңбегін айрықша айту керек. Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таңдамалы жинағын тұңғыш рет Петербургтегі «Бороганский» баспаханасында 1909 жылы шығарды. Сол жинақтың аяғында Кәкітай жазған ақынның бірінші өмірбаяны беріледі. Шығармалар жинағына Кәкітай өзінше талдау жасап, «Ой туралы», «Өзі туралы», «Ел туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бөліп шығарып, әр өлеңнің мазмұнына қарай мөлшермен жіктейді.
Анығында, Абай өзі тірісінде шығармаларын бұлай топтаған жоқ еді. Ақынның тілегінен тыс түрде редактордың өзінше бөлшектеуі редакторлық-ғылымдық дұрыс деуге болмайды. Бұл – шартты түрдегі, біраз зорлықпен жасалған жіктеулер. Себебі, көбінше Абай өлеңдерінің ішкі мазмұндарына қарасақ, «Ой туралы» деген бөлімде өзі турасындағы сөздер жүреді. "Ақындық турасында» деген бөлімде көңіл-күйінің лирикасы да араласып жүреді.
Сонымен, Көкітай жасаған жіктеулер дәлді емес. Бірақ, соған қарамай, төңкерістің алғашқы жылдарында Кәкітай Абайды қайта басып шығарған кейінгі редакторлар да сол қалпында қайталап берген. Әрине, бұл тұста Абайдың «Жаз» сияқты бірер өлеңі 1887 жылдарда «Дала уалаяты» газетінде басылғанын ескерту керек. Және сол жылдарда Абайдың көзі тірісінде, оның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген бір өлеңін Жүсіпбек деген адамның көпе-көрнеу ұрлық жасап, «Қазан» баспасы арқылы, өзі шығарған бір жинақтың басына, сол баспаханаға жазған өз хаты есебінде бастырып жіберген еді. Баспахана иесі байға сәлем хат жазғанда:
Бізләргә ойын арзан, күлкі қымбат,
Нәрсе ғой екі түрлі сыр мен сымбат, -деп тұрып, Абайдың ұзақ көркем өлеңін түгелімен көпе-көрінеу, әдебиет ұрысы есебінде жазып жіберген. Өз сөзі етіп бастырып та шығарған.
Қысқасы, төңкерістен бұрын Абайдьщ баспаға шығуы, әсіресе, жинақ боп шығуы, зор қадірлі тарихтық іс болғанымен, ойдағыдай шыға алмаған Әрине, Кәкітайдың бастыруы Абайдың көп өлеңін бүкіл Қазақстан өлкесіне таратуға себеп болғаны рас.Түгел шықпаса да, таңдалып, топталған өлендердің өзімен-ақ Абай Батыс Қазақстан, Сыр бойы, Алатау өлкесі, бүкіл Орталық Арқа қазақтарына түгел данқты, қадірлі ақын боп таныла бастады.
Абайдың сол алғашқы жинағына кірмей қалған өлеңдері мен шығармалары жайына тоқталайық. Кәкітай Абай шығармаларынан қара сөздерді түгелімен алып қалған. Онан соң ақынның бас тіршілігі, аталық, достық, қайғы-шері сияқты жеке адамдарға арнап айтқан көп көркем жырлары басылмағаи Мысалы, Абайдың аса сүйікті баласы Әбдірахман ауырып жатқанда, кейін сол қаза болғанда шерленіп шығарған жырлары баспаға берілмей қалған Көкітай ол өлендерді Абайдың өзіндік, үй ішілік, сыры ғана деп оғат түсініп, көпке танытудан іркіліп қалған. Онан соң Абайдың ел жуандарының, атқамінерлерін талай бұзар, бұзық мінездеріне әдейі нақтылап, арнап айтқан сатиралық сөздерін баспаға бермегеи Сол қатарда: «Абыралыға», «Дүтбайға», «Күлембайға», «Қыздарға» тағы талай сын өлеңдері баспаға берілмей қалған Кейбір, «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» сияқты көпке мәлім атақты өлеңнің екі шумақ - сегіз жол өлеңі Кәкітай бастырған жинақта және шығарылып тасталған. Жалпы, бұл алуандас өлеңдерді Кәкітайдың баспага бермеу себебі белгілі. Сол Абай сынаған адамдардың өзі немесе бала, бауырлары баспаға шығарушы адамдарға өкпелейді, «арыздық ұстанады» деп жасқанып қалған. Осындай
себептердің салдарынан Абай шығармаларының жарымына жуығы Кәкітайдың бастыруында жарыққа шықпай қалды.
Төңкерістің алғашқы жылдарында сол Көкітай шығарған жинақты енді жаңа емлемен Қазанда бір, Ташкентте бір бастырған редакторлар болды. Бұлар Кәкітайға ешбір жаңалық қоспаудың үстіне, мысалы, Ташкентте бастырушы редактор Абай еңбектеріне кей кезде надандық, топастықпен өрескел зорлықтар да жасаған. Абайдың тіл байлығын түгел түсінбей, ақын сөзінің кейбіреуіне өзінше түзету береді. Мысалы, Абай:
... Ер жігіт таңдап тауып еппен жүрсін,
Төбетке өлекшінің бәрі бір бас, - деген өлеңде «өлекші» сөзін түсінбей:
... Төбетке ұлы-кішінің бәрі бір бас, - деп өзгертеді.
Төңкерістен бұрын және төңкерістің алғашқы жылдарында Абайдың халыққа тарауы, тек баспа жүзінде ғана болған жоқ дедік. Оның көп өлеңдері өнші-ақындардың, жас-кәрінің жаттауымен және оқушы жастардың жадына алып, айта жүруінен ауызша тарауы да көпке мәлім. Абайға оның тірісінде алыс болыстардан болмаса да барлық Семей облысының уездерінен көршілес Ақмола, Жетісу облыстарынан әдейілеп келіп, көп өлеңдерін жаттап алып, әнге салып, өз елдеріне жаңалық, үлгі-тәлім есебінде таратып жүрген көп өнерпаздар болған. Солардың бастылары – Көкшетаудан келген атақты Біржан немесе Әсет, Жаяу Мұса, Ғазиз, Естай, Шашубай сияқты талай талантты әнші- ақындар болды.
Бұлардан басқа Абайдың өз ауылымен көршілес ауылдарда бала оқытушы кейбір молдалар еңбек етеді. Сол қатарда Қазаннан, әскерлік татар молдалары: Ғабитхан, Кішкене мола (Мұхамед-Кәрім), қазақтан шыққан Мүрсейіт, Самарбай, Ыбырай, Хасен, Дайырбай сияқты бала оқытушылар Абайдың өлеңдерін көп көшіріп, таратып отырады.
Абай өзі барлық шығарған еңбектерін жинастырып, ұқыптылық етпеген Тек 1896 жылы Мағауия, Кәкітай, Көкбайлардың айтуы бойынша, осы жылдан бастап, барлық шығармаларын жинастырып, көшіріп алуға ұйғарады. Жаңағы моддалардың: Ғабитхан, Кішкене молда сияқты жасы үлкендері Абай өлеңдерін ертерек жинастырьш, көшіріп жүрсе, кейінгі Мүрсейіт бастаған көпшілік Абай шығармаларының жинақтарын сол жаңағы 1896 жылдан бері қарай көшіретін болды.
Жалпы Абай мұраларын көшіріп, таратушылар арасында Мүрсейіт Бікейұлының еңбегін айрықша атап көрсету керек. Бұл адам Абай тәрбиесін, үлгісін дұрыс ұғынуы бойынша, ескі діншіл молдалыққа берілмей, Абайдың өзге достары сияқты, өздігімен ізденіп, орысша да оқыған. Жазуы аса анық, шебер болғандықтан және өзі Абай сөздерін оның халқына ұқыптылықпен көшіріп таратуды өмірлік мақсат-міндет етіп алады. Қазір Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, барлығында да біздің сүйенетініміз – сол Мүрсейіттің көшірмелері.
Абай мұрасын зерттеуші, насихаттаушыларға профессор М.Мырзахметұлы: Ә.Бөкейханов, Зейнелғабиден, Кәкітай Ысқақұлы, Сұлтанмахмұт, Самат Әбішұлы сияқты төңкеріске дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интеллигенттер тобын жатқызады.
Абайдың қайтыс болуына он жыл толуы қарсаңында "Қазақ" газеті үн көтерді. Мәселен, осы газетте 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласын жариялады. 1914 жылы Семейде қазақ әдебиеті тарихыда бірінші рет әдеби кеш өткізіліп, ол Абай рухына арналды. Сол 1914 жылы М.Дулатов "Абай" атты мақала жазды. Міне, осылай Абай таныла бастады.
Абайтану ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
Төңкерістен кейінгі жылдарда Абайды тану, әсіресе, соңғы кездерінде үдей бастады. 1920 жылдан бергі отыз жыл бойында Абайды тану ісі неше салада жыл санап үдеп, өркендеумен келеді. Ең алдымен, баспасөз жүзінде Абайдың шығармалары шығып және Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған мақалалар, Жеке кітаптар, үлкенді-кішілі зерттеулер аса көп боп молайғанын айту керек.
Абайды тану, таныту тек қазақ тілінде ғана болмай, орыс тілінде де едәуір молайды. Және басқа туысқан елдердің көбінің тіліне де Абай шығармалары аударылып басылып, әр алуан зерттеулер шықты.
Абай ақындығын дұрыс бағалаумен қатар 20-жылдары оны басқаша түсінуге тырысушылық та бой көрсетпей қойған жоқ. Алаш қозғалысын қазақ халқына қарсы қою саясаты кезінде Абайды ұлтшылдардьщ қатарына қосу сияқты қателіктер де орын алды. Ал, мәдени мүраны таптық-социологиялық тұрғыда сынға алған тұста ол байшыл, феодал ақыны ретінде бағаланды. Алғашқы көзқарас С.Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер!» атты мақаласында көрінсе, кейін қазақ жерінде таптық тартыстың ұлғаюы, партиялық, пролетарлық әдебиет жасау саясатын үстануы бүл жіктеушілікті тіпті ұлғайтып жіберді.
Ұлы ақын шығармаларын қаралау Абайды ұқыпты зерттеушілердің еңбегін тоқтата алған жоқ. Олар өз поэзиясын қорғай жүріп, ақын шығармаларын жинау, толықтыру, табылғанын біртіндеп жариялау жұмыстарымен шұғылданды. 1933 жылы басылған толық жинақ осылай туды. Жинақты дайындаған М.Әуезов еді. Ол жинаққа «Абайдың туысы мен өмірі» атты тұңғыш зерттеу еңбегін қосты. Мұнда ол Абайдың шыққан ортасы, тегі, айналасы, өз өміріне қатысты көптеген деректердің бетін ашты.
Абай шығармаларының толық жинағының шығуы ақын творчествосымен қазақ халқын кеңірек танысуына, ол жөніндегі қайшылықты пікірлерді дұрыс пайымдауға жол ашты....
Абайдың өмірін, дәуірін зерттеп жүріп, кейде кемшілікті қате пікір айтып қалса да, негізінде абайтануға елеулі үлес қосқандар қатарында С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Б.Шалабаев сияқты тағы бірталай әдебиет тарихшылары мен жазушылары болды.
Абайдың өмірі мен мұраларын толық ғылыми жолмен тануға себепші – оның толық жинағының баспаға шығуы. Және ақынның өмірбаянының толық жазылуы. Абайдың толық жинағы бірінші рет 1933 жылы М.Әуезовтің құрастыруымен, латын әрпімен басылып шыққан.
Қазақ әдебиеттану ғылымының бастау негізіне айналған абайтану ғылымының қалыптасуына, абайтанудың дербес ғьшым саласына көтерілуіне академик М.Әуезовтің сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол осы ғылыми зерттеу саласының кең мағынасында негізін салды, зерттеудің бағыт-бағдарларын, принциптерін анықтады, абайтанудың жүйелі, біртұтас ғылыми концепциясын жасады.
«Бұл тұста атап айтатын нәрсе, - дейді академик З.Ахметов: Мұхтар Әуезовті ойша жасанды концепция, қағида туғыза салуға бейім тұратын, кейбір жоқ жерден жаңалық ашуға ұмтылатын зерттеушілердің қатарына қоюға еш болмайды. Оның мәселені ұзақ жылдар бойы егжей-тегжейлі, жан-жақты да терең тексеріп алып, соның негізінде ғана үлкен қорытынды-байламдар айтуды дұрыс деп санайтынын осы абайтану саласындағы зерттеулерінен анық аңғарамыз» дейді.
Абай мұрасының жиналуы мен зерттелуі туралы мәселеге М.Әуезов Қазан төңкерісінен кейінгі жылдардан бастап-ақ қызу араласа бастаған еді. Әрі М.Әуезовтің Абай өмір сүрген ортада туып, жастайьшан ақын шығармаларымен таныс болып өсуінің де белгілі дәрежеде мәні бар. Өйткені, ол сол дәуірдің ірілі-ұсақты оқиғаларын, ұлы ақын туралы ел арасындағы сан қилы әңгімелерді ой дүниесіне тоқи жүргендіктен, Абай өмірінде кездескен көп оқиғалардың сырын Абай мұрасын зерттеушілердің көбінен әддеқайда жетік білді. Бұл жағдай Абай мұрасын жинап зерттеудегі М.Әуезовтің орасан зор еңбегінің жемісті болып аяқталуына айтарлықтай септігін тигізді.
Алғаш рет «Абай» журналында ақын мұрасы жайлы жазылған мақала, деректерімен көрінді. «Абай» журналы М.Әуезовтің қаламының ысылып, адымын ашқан басылым болып табылады. 1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланған «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген нағыз зерттеушілік тұрғыдан жазылған мақаласында Абай мұрасы жайлы алғаш рет теориялық негізде батыл барлау жасады. «Осы дәуірдің өзінде-ақ шығармаларын жақсы түсінуші, ол мұра туралы мағлұматы молы да Мұхтар Әуезов деген қоғамдық пікір қалыптасқан да еді. Абайдың әдеби мұрасының сырын терең ғылыми тұрғыдан білу керек деген тұжырымды ойға да ол осы тұста келген сияқты. Өйткені 1922 жылы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген елеулі пікір таласын тудырған көлемді мақаласын жазумен қатар, Абайдың өмірі туралы естеліктерді Абайға байланысты әр түрлі дерек көздерін жинастырып жүрген жас талап Мұхтарды көреміз» дейді белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы. Қоңыр деген бүркеншік атпен жарияланған бұл мақалада М.Әуезов Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, негізгі бағытын көрсетеді.
Бұл кезеңде Абайдың әдеби мүрасы туралы талас-тартыстың етек алуына байланысты Абай қай таптың ақыны, оны мұра ретінде қабылдау керек пе, әлде жоқ па деген сұрақтар туа бастады. Қоғамды тапқа бөлу, таза пролетариат мәдениетін жасауға ұмтылу – тұрпайы социологиялық танымды тудырды.
30-жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы маңында болып өткен пікір таласында орын алған әралуан көзқарас тұрғысынан пікір айтқандардың ішінде Мұхтар Әуезов пен профессор Құдайберген Жұбановтың еңбектері айрықша орьш алады. Өйткені дәл осы жылдары Абайдың әдеби мұрасын бағалауда тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік көзқарастар өріс алып отырғанда, осы қым-қуыт қайшы пікірлерден тыс ғылыми негізде жазылған еңбек М.Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мен Қ.Жұбановтың «Абай қазақ әдебиетінің классигі» деп аталатын зерттеу мақалаларының жазылуы – абайтану саласындағы ой-пікірде соны құбылыс ретінде қабылданды.
Абайдың 1909 жылғы тұңғыш өлеңдер жинағынан кейінгі осы күнге дейін жарияланып келген ақынның толық жинақтары мен академиялық басылымдары М.Әуезовтің жинап бастыруымен, тікелей араласуымен, басшылығымен шығарылып келеді. Әсіресе, ссы толық жинақтардың бәріне негіз болған әрі қазақ халқы өзінің ұлы ақыны Абай шығармаларымен түңғыш рет жете танысып білуіне мүмкіңдік алған 1933 жылғы тұңғыш жарияланған толық жинақ ақын мұрасын танып-білуде орасан маңызы бар мәдени құбылыс болғандығы ақиқат.
«Мұхтар Әуезов 1924 жылы Ленинград университетінде оқып жүрген кезінде Семейдегі жаңа ұйымдастырылған қазақ педагогикалық техникумына қазақ әдебиетінен дәріс оқу үшін арнайы шақырумен келеді. Ол туған елге оралысымен-ақ ұстаздық, ғылыми-творчестволық, әлеуметтік жұмыстарға қызу араласып, бар ынта-жігерімен беріледі. Мұхтар Әуезов қазақ педагогикалық техникумында қазақ әдебиетінен дәріс бере жүріп, Абайдың түңғыш толық жинағын құрастыруға бар күшін жұмсады. Абайдың Мүрсейіт қолжазбаларында қамтылмаған, бірақ ел аузында сақталып қалған өлеңдерін хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Дәл осы жылдары ұлы ақынның тұңғыш ғылыми өмірбаяны да жазыла бастады», - дейді М.Әуезов мұрасын зерттеуші ғалым-жазушы Т.Жұртбай.
М.Әуезовтің ұзақ жылдар бойы жүргізген ізденіс үстінде туған ой-пікірлері түгелге жуық «Әр жылдар ойлары» деген атпен басылым көрген монографиялық еңбегінің желісіне сіңісіп отырған. Бұл еңбек автордың ұлы ақын мұрасына арналған жоғары оқу орындарында абайтанудың арнаулы курсынан оқылған дәрістері арқылы жинақталған ой-пікірлері мен танымдары болатын.
Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында ұзақ жылдарға созылған ғылыми зерттеулерін түтас қорытындылай отырып жазған ғылыми монографиясы мен атақты «Абай жолы» роман-эпопеясын жазу ұлы қаламгердің ғылыми-творчестволық ізденіс үстінде тер төккен 30 жылдан астам уақытын алды. Жазушының өз мәлімдеуіне сүйенер болсақ, Абай жөнінде жазу ойы 19 жасында-ақ асқарлы арманға айналған. Ұлы ақын мұрасын 17 жылдай толассыз іздену, зерттеумен шұғылданып, 12 жыл бойында тікелей жазумен айналысқан. Абай мұрасы М.Әуезовтің бүкіл ғылыми-творчестволық ғұмырында шарқ ұрып іздену үстіндегі рухани дем берушісіне, таусылмас қуаттың қайнар бұлағына айналған.
XX ғасырдың ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясын жазуға қадам басқан күннен-ақ Мұхтар Әуезовтің алдына Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, оған қажетті өдеби, тарихи деректер көзін іздестіріп, жаңадан табылған ауызша немесе архивтік мағлұматтарды талдап қорыту, бір ізге түсіру міндеті қойылды. Екінші жағынан, осы салада өзі танып-білген, ойда қорытқан өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдырып, эпопея желісіне сіңіру сияқты аса күрделі шығармашылық мақсат та тұрады. Жазушының осы екі саладағы ғылыми-шығармашылық ізденістері бірін-бірі жақсы толықтырып отырды.
Ұлы ақынның мұралары, ғылымдық дұрыс жол бойынша жазылған жылдармен, хронологиялық тәртіппен тізілді. Ақын шығармаларьш бұлайша топтау Абайдың ең алғаш бала шағында айта бастаған өлендерінен басталып, өмірінің соңғы жылдарындағы өлендерімен аяқталады. Бұлайша тізілгенде Абайдың ақындық еңбек жолы қалайша өсіп, дамығанын аңғаруға болады...
Ақынның толық жинағы, кейін 1939-1940 жылдары екі том болып, тағы басылып шықты. Онан соң, әсіресе, толығырақ болып топталып, Ұлы ақынның жүз жылдық мерекесіне арналған толық жинақ түрінде 1945 жылы басылды. Бұл жинақтың кіріспе сөзін жазған С.Мұқанов болды.
Ендігі атап өтетін тағы бір алуан, ғылым үшін бағалы еңбектер, таза ғылымдық зерттеулер. Абайдың ақындығы мен дәуіріне арналған нағыз ғылымдық, ойдағыдай толық мол монография жазылмады десек те, жалпы тексеру-зерттеулердің ұзын саны мол екенін айту керек.
Бұл ретте Абайдың шығармаларын әр тақырыптарға бөліп, тексерулер жасаған диссертациялық жұмыстардың бірталай екенін еске алу керек.1948 жылы басылып шыққан профессор Қажым Жұмалиевтың «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы» және «Абай поэзиясының тілі» деген еңбектерін айрықша атап өтуге болады.
Абайдың ақындық мектебі туралы нақты ғылыми зерттеу нысанына алып, арнаулы зерттеулер жүргізіп, молырақ пікір айтқан ғалымдар Қ.Мұхаметханов пен Ә.Жиреншин болатын. Қ.Мұхаметхановтың 1951 жылы 7 сәуірде үлкен тартыспен қорғалған «Абайдың ақындық мектебі туралы» кандидаттық диссертациясы абайтану тарихында айтарлықтай мәні бар ғылыми еңбек ретінде бағаланды.
Қазақ поэзиясының өлең құрылысын жан-жақты зерттеген академик З.Ахметов орыс тілінде жазылған іргелі ғылыми еңбегінің тұтас бір тарауын қазақ өлеңінің құрылысын дамытудағы Абайдың рөліне арнады. 1954 жылы шыққан «Абай и Лермонтов» деген еңбегінде орыстың аса көрнекті ақыны мен қазақ классигінің арасындағы шығармашьшық байланысты, рухани жақындықгы, Абайды Лермонтов алып барған жолдың зандылығын көз жеткізе ашып берген болатын.
Алпысыншы жылдардың орта кезінде талантты әдебиетші-сыншы Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» атты көлемді монографиясы дүниеге келді. Ал ақынның қарасөздерін сонау елуінші жылдардың бас кезінде қолға алып, зерттеген әдебиетші ғалым X. Сүйіншәлиев болды.
Қазақ әдебиетінде абайтану ғылымына соңғы жарты ғасырдан аса кезеңде қосқан әдебиетшілердің үлесі әлдеқайда зор және әр алуан болды. Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, З.Ахметов, Р.Бердібаев, М.Мырзахметұлы, Қ.Мұхаметханов, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Т.Әлімқұлов, Х.Әдібаев, Н.Ғабдуллин, С.Қасқабасов, Ә.Нарымбетов, Ш.Елеукенов, А.Егеубай, Т.Қожакеев, т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше айтамыз. Бертін келе Қ.Мұхаметханұлы, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов, Б.Байғалиев, Қ.Салғарин және Төкен Ибрагимов сияқты абайтану саласында жұмыс істеп жүрген ғалымдар қосылды.
Абай өміріне, оның өмір сүрген ортасына, айналасына байланысты деректерді толықтыра беру, шығармаларының текстологиясын зерттеуді жалғастыру, әсіресе, прозалық шығармаларын әртүрлі жолдармен қарау, Абай қолжазбаларын іздестіру, оны мазмұны, дүние танымы түрғысынан толығырақ зерттеу, Абай мектебі мен оның ақындық дәстүрі жайлы жаңа еңбектер жасау, Абай реализмі мен оның творчествосы нәр алған бастаулар жайында жаңа сөз айту, Абайдың саяси-қоғамдық, тарихи, философиялық көзқарасы, қазақ әдеби тілін ұстартудағы рөлін кең ашу – алдағы күннің жалғаса беретін міндеттері қатарына жатады. Абай жайлы жаңа ұрпақтың жаңаша сөзі керек.
Абайтану ғылыми ұзақ жолдан өтті. Қазақ әдебиеттану ғылымыньщ үлкен бір саласы больш қалыптасты. Оның қол жеткен табыстарын бекіте отырып, дәуірдің жаңа міндеттеріне сәйкес дамыта беру, Абайды бүтінгі заманның игілігіне айналдыру – бәріміздің де абыройлы борышымыз.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі.
Абай сөзі — халықтың бойтұмары
Ұлы ақын, гуманист ойшыл А. Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына орай Семей өңірінде дүбірлеп өткен тойға Нұрсүұлтан Назарбаев қатысты. Республикамыздың шартарабынан, алыс та жақын елдерден жиналған дүйім жүрт алдында ол бірнеше мәрте сөз сөйледі. Сондай бір жүрек тереңінен шыққан лебізін Президентіміз Абай және Шәкәрім кесенелері бой көтерген Жидебай қорығында білдірді.
Ұлы Атаға арнаған бұл сөзін Елбасы ерекше бір тебіреніс үстінде толғана тұрып сабақтады. Жөні де солай еді. Өйткені, мұнда еліміздің ең мүбәрак перзенті, данагөй үұстазы Абай жатыр ғой. Ақын ағасынын қолындағы қаламды жерге түсірмей қағып ап, асыл жырдың керуенін алға бастап әкеткен кемел ойшыл Шәкәрім жатыр ғой. Ұлттық ой-санамыздың екі бәйтерегін мәпелеп өсіріп, мәуелетіп жетілдірген әулеттің ең аяулы адамдары жатыр ғой.
Біз бүгін ақынға тағзым жасап, аруаққа табына келдік, деді Президент. Демек, алдына айқын жөн сілтеп, артына адастырмас жол тастап кеткен рухани пірімізді марапаттап мадақтау үшін емес, оның көрсетіп кеткен өнегесі мен айтып кеткен өсиетін қайткенде ойдағыдай жүзеге асыра алатындығымыз жайында қабырғалы қауым боп ақылдасуға келдік.
Әділет бар жерде ғана теңдік болатынын, бірақ теңдік дегенде шүлен үлестіру емес, әркімнің еңбегі мен ыждағатына, білімімен талантына лайық алар ырзық несібесі екенін Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін байыптап оқыған адам айқын аңғарар. Абай адамдар мен халықтар арасындағы татулықты дәріптеді. Тек татулық бар жерде ғана әділет болмақшы, тек әділет бар жерде ғана адал мен білікті, ынталы мен іскер өз мүддесіне жете алмақшы. Сондықтан да Абай адамзатты әділетке шақырып, өз қандастарын өзгелермен қатар тұра алатындай өнер-білімге, еңбексүйгіштік пен ыждағатқа үндеді.
Оның бұл өсиетін шын жүрегімен түсінген ізбасарларын таптық әумесерлердің орағы тым балауса кезінде орып жіберді. Олардан жаңа үрпақ ұзақ уақыт бейхабар келді. Казақтың рухани әлемінде Абай ұзақ уақыт жалғыз қалды. Тарих пен тағдырдың мұнысына да шүкірлік. Абай мұраларымен сусындаған қазақ қауымының қоғамдық санасы таптық идеология қаншама тосқауыл қойғанымен әлемдік әлеуметтік ойдың озық үрдістерінен бәрібір қол үзіп қалған жоқ. Рухани кіріптарлық пен идеялық басыбайлылыққа деген іштей наразылық ешқашан біржолата ешіп қалып көрген емес. Іштей шыңдалу ешқашан тоқтап қалып көрген емес. Соның арқасында ғана тарихтың ұтырлы сәтін зая жібермей, ұтымды пайдалана алдық деп ойлаймыз.
Сөзін одан әрі жалғастыра келіп, Елбасы былай деді: рухани қайта түлеуіміз де Абай төңірегін қайта тірілтіп, Абай мектебін қайтадан қалпына келтіруден басталды. Шәкәрім, — ең алғаш ақталған қайраткеріміз болды. Сосын бір кезде Абай рухынан от алып түтеген Сұлтанмахмұт, Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, Міржақып, Әлихан, Шәңгерей, Бернияз, Халел, Ғұмарлар ұлттық-әлеуметтік ойымыздағы өз орындарын иеленді.
Азат мемлекетіміздің алгаш қолға алған шаруасы Абайды туған аймақтың төбесіне тажал боп тенген қырып-жойғыш қарулардың сынақ полигонын жабудан басталды. Бейбіт күнде тірі пенде түгілі көрдегі аруақтың сүйегін сылдыратып, қаннен-қаперсіз халқымыздың сағын біржолата сындырып жіберуге айналған үрей аймағы енді тарихымыз бен табиғатымызды сауықтыру аймағына айналып отыр.
Бүгін, міне, ақыл-ойдың асқарларға ұмтылып, биіктерге талпынар ғарыш жайындай ақ шаңқан ғимаратты тамашалап тұрмыз. Байтақ еліміздің батысы мен шығысы, күнгейі мен теріскейі түгел ат салысқан бұл мерейхана қоғамымыздағы ұлтаралық татулық пен ұлттық тұтастықтың, абзал мақсаттар жолында айырмаға қарамай білек те қосыса алатын, тілек те қосыса алатын рухани бірліктің айқын айғағы. Абай жырлап өткен «Әке баласы болмай, адам баласы бола алатын» адами татулықтың ойдағыдай жүзеге асып жатқандығының үздік үлгісі. Ұлы ұстазымыздың ол қағидасын табандылықпен жүзеге асыра алсақ, тек өз елімізде ғана емес, өзге елдермен де, іргелес көршілерімізбен де, алыс-жақын ықпалдастарымыздың бәрімен де жақсы қалыптасып келе жатқан достық, татулық, екі жаққа бірдей тиімді іскерлік қатынастардың да қаймағын бұзбай нығайта түсеміз.
Абай өсиетіне адалдық, Президентіміздің пайымдауынша, біздің қай ісімізді де өрге бастырады. Егер ұлы ұстазымыз айтқандай, талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлей білсек, «Ондай болмақ қайда» деп, өзгенің өнегесінен қаралай қашпай, ғылым сүйсек, «басқалармен қатар тұруға» үйренсек, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ», «бес дұшпаннан» қашық боп, «талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым» «бес асыл іске» асық бола алсақ, өзгені жазғырудың орнына өзімізді өзіміз жазғырып, өзгеге шамданудың орнына өзімізді өзіміз шыңдай білсек, әрқайсымыздың күнкөрісімізде, еліміздің экономикасы да тезірек түзелер еді.
Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір рет үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың. Қысқасы, жан-жақтан: «бұл қалай?», «анау неліктен?», «мынау неге?» деп жауып жататын көп сауалға жауап беретін ақыл жоқтықтан емес, соны ұғар құлақ, орындар ынта жетіспеуден қырсық көбейіп жатыр. Сол баяғы «ұятсыз, арсыз салтынан қалғып кетер артынан күлкішіл кердең надандықтан» арыла алмағандықтан көп іс мандымай жа-тыр. Әркім өзін өзі түзеудің орнына өзгелерді неге түземейсің деп өкіметті жазғырады. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауга, басыңды дауга қор қылма, қорға, татулас, өтірік, ұрлық, үкімет зорлық құрысын, көзің ашылмас. Ұятын, арың оянсын, бұл сөзімді ойлансын», — деген бабамыздың баяғы зарына әлі мән бермей келеміз.
Әйтпесе, Қазақстанда жағдайды тездетіп түзеп алу қиын емес. Рас, өндірісті қалыптасқан үрдіспен жөнге қоя алмайсың. Олай етуге бүрынғы жабдықтау жүйесі бүрынғы экономикалық байланыспен бірге күйреген. Бұрынғы шығарған өнімдерінді бұрынғыша өткізе алмайсың. Жаңаша құру үшін табиғи байлықтарымыздың бір бөлігін сыртқа сатып жаңа технология мен жаңа инвестиция табуға, бірлескен кәсіпорыңдар ашып, сырттыңтехнологиясы мен қаржысын ішке тартуға мәжбүрміз. Бірақ, мұнда да әзір көзжұмбайлық көп. Біреулер алданып қалады. Біреулер өз қамын көбірек ойлайды. Біреулер сол баяғы бармақ басты, көз қыстылығына ұрынады.
Экономикалық талан-таражға тоқтам табылып болған жоқ. Күшпен түзеу онсызда оңбай жатқан істерді одан сайын бүлдіруі мүмкін. Заңмен түзейін десең, сол баяғы кертартпа кердеңдік қолды байлайды. Біреулер тәуелсіздік кешегіні қойып, баяғыға оралтады деп ойлайды. Біреулер жағдай түзелмесе, кешегіні қайта оралтуға оңайлана түседі деген есек дәмемен жүр. Жұрт үстінен мал табатындарға қазіргі әрі де емес, бәрі де емес әрі-сәрі ахуал ұнайды. Біреулер жаңаның өзін ескіше істейтін ұрдажықтыққа басады. Ал біреулер демократияның езін догмаға айналдырып, қалыптасып отырған жағдайдың қиындықтары мен қаупін жеткілікті дәрежеде ескергісі келмейді. Осының бәрі баршаның бөрі бірдей ұғып, бірдей қолдай бермейтін соны өрекеттер іздестіруге итермелейді. Өйткені, қазір де, ақын айтқандай, нағыз «Ақыл керек, іс керек, мінез керек» кез.
Қайткенде де жағлайды бұл қалпында қалдыруға болмайды. Көктемгі бүкілхалықтық референдум нәтижесінен туатын негізгі қорытындыны өз басым осылай түсіндім, деп ойын бір түйді Президент. Сондықтан да қоғамымыз бір рет айдай әлем алдында өз еркімен таңдап алған демократиялық даму бағытынан ауытқымайтын, бірақ әлеуметтік-экономикалық реформаның қазіргідей өтпелі кезеңінің кездеспей қоймайтын қиындықтарын мүқият ескеріп, билік жүйесін қайта қарап, әлеуметтік әділет пен тәртіпті нығайтып, әркімнің өз мүддесін өзі жүзеге асырып, өзін қорғай білуіне жағдай жасайтын жаңа Конституция жобасын көпшілік талқылауына ұсындым. Айтылатын пікірлер мен ұсыныстар, сындар мен ескертпелер тиісінше сарапқа салынып, сұрыпталып, түбегейлі нүсқадан өз орнын тапты.
Халқымның маған, менің халқыма артып отырған сенімім зор. Екі ортадағы мұндай ықпалдастық жалпы саяси ахуалымызға да оң ықпал ететінін өмір көрсетіп отыр. Тегеурінді мемлекеттік жүйелеусіз қазіргі тығырықтан шығудың қиын екенін баршамыз да ұғып отырмыз. Бірақ, қалыптасқан қиындықты біржақты пайдаланып, басты бағыттан — реформа мен демократиялық дамудан шегінуге болмайтынын да тап сондай ұққанымыз жөн.
Бүгінгідей төрт көзіміз түгел жиылып түрған ұлыстың ұлы күнінде, алыстан меймандарымыз бен достарымыздың алдында, жаңалық пен жақсылыққа, әділдік пен ізгілікке піақырып өткен үлы Абайдың киелі мерейханасы — рухани қағбамыз алдында: баршамыздың игілігіміз бен бақытымыз жолында, ұлы ұстазым өсиет еткеңдей, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен қызмет етуге серт беремін, деп мәлімдеді Елбасы.
Жүрекжарды сөзін тәмамдай келе Президент барша отандастарымызды, егеменді Қазақстанның, тәуелсіз Қазақ Республикасының барлық азаматтарын елімізде қоян-қолтық еңбек етіп, өмір сүріп жатқан барлық халық өкілдерін өтпелі кезеңде басымызға уақытша түсіп түрған қиындықтарға, ұлы ақын айтқандай, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен — биік адамгершілікпен, мол төзіммен, зор сеніммен қарап, өзара түсіністік пен ыждаһатты ізденістерді одан әрі өрістете беруге шақырды.
Жидебайдағы салтанаттың тағы бір айшықты керінісі мерейхананың Зерде кітабына алғашқы қолтаңба қалдыру рәсімі болды. Ол мына жазу еді:
«Абайдың сөзі — қазақтың бойтұмары.
Абайдың мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы.
Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата-бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтынына, қорғайтынына сенемін. Ылайым, халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін».
Бұл сөздердің астына қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев деп қол қойды.
III. Ойтолғаныс сатысы
-
Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
-
Өмірінен түсінгендерін «БҮҮ» кестесіне толтыру.
Білетінім |
Үйренгенім |
Үйренетінім |
|
|
|
Сабақты қорыту. Абай туралы эссе жазу
1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)
Оқушылар білімін бағалау.
Үй тапсырмасы: Абай шығармашылығын оқып келу.