Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кіші Жүздің Ресей мемлекетіне қосылуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Кіші Жүздің Ресей мемлекетіне қосылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерінің білу, Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарларын түсіндіру. Студенттерді елін, жерін сүйюге, өз халқының өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру
Тәрбиелік: Отан тарихы туралы білімді студенттер санасында тереңдету, ұлттық рухы биік, бәсекеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: Теория, аралас
Сабақтың әдісі: Иллюстративтік түсіндірмелі, сұрақ-жауаптар
Сабаққа бөлінген уақыт: 90 минут
Пәнаралық байланыс: Мәдениеттану, Саясаттану
Тақырыпаралық байланыс: Әбілхайыр хандығы., ХҮІІІ ғ. қазақ-жоңғар соғысы.
Сабақтың жабдықталуы: Плакаттар, слайд, интерактивтік тақта
Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан тарихы, Мусин Чапай. Алматы, 2008. 177-184 беттер
Қосымшы әдебиет: Қазақстан тарихы, Г.В.Кан, Н.У.Шаяхметов
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру уақыты (5
минут)
ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут)
ІІІ. Өткен сабақты қайталау (Студенттердің тақырып бойынша
түсініктерін, үй тапсырмасын тексеру) (20
минут)
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау (40 минут)
Ү. Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут)
ҮІ. Сабақты қорытындылау (5 минут)
ҮІІ. Бағалау (3 минут)
ҮІІІ. Үй тапсырмасы (2 минут)
І.Үйымдастыру кезеңі - Студенттерді түгендеу, сыртқы формаларын және оқу бөлмесінің оқу құралдарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Оқытушының кіріспе сөзі - Абылай хан – (Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай сұлтан, Абылай баһадүр) қазақтың белгілі ұлы хандарының бірі. Ол 1711 жылы, кезінде Орта Азияның бірнеше қаласының билеушісі «қанішер Абылайдың» баласы «Көркем Уәлидің» шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеген кезінде, шайқастардың бірінде қазаға ұшыраған. Жау қолынан туған-туыс, үй іші бірдей қырылады. Ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғыннан жас ханзаданы Ораз аталық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды. Абылай өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады.
ІІІ.Өткен тақырыпты талқылау – студенттердің қызығушылықтарын ояту.
Сабағымызды өткен тақырыптар бойынша не білетінімізден бастаймыз. Кәзір мен сіздерге өткен тақырып бойынша сабақ сұраймын және бірнеше сұрақтар қоямын. Сол сұрақтарға нақты жауап бересіздер.
Сұрақ-жауап
-
Абылай хан қай жылы дүниеге келді? (1711 ж)
-
1756 ж. Абылай сұлтан кімге ант берді? (Қытай)
-
1759 ж. қаңтардың 1-де Абылайдың сауда керуені қай қалады қабылданды? (Үрімшіде)
-
18 ғ. Абылай ханның өмірін жырлаған қазақтың қай жырауы? (Бұхар жырау)
-
Абылай ханның ішкі және сырқы саясатына мейлінше әсер еткен дарынды адам: (Бұхар жырау)
-
Абылай хан қайда жерленген? (Түркістан)
-
Абылайдың мұрагері кім? (Уәли)
-
Абылай ханнан кейін Орта жүздің ханы кім болды? (Уәли)
-
Қазақстанның шұрайлы, құнарлы жерлерді Абылай ханның атынан бақылап жүретін кімдер еді? (Төлеңгіттер)
-
Абылай ханның туған кездегі қойылған есімі? (Әбілмансұр)
ІҮ.Жаңа сабақты баяндау
Жоспар
1.Әбілқайыр ханның мақсатары
2.Әбілқайыр хан талабы: Ресейдің құрамына кіру
3.И.К.Кириллов басқарған экспедиция
Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр елеулі рөл атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі бірінші кезекте Кіші жүзді Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай – ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді. ХVIII ғасырдың 20 – жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. « Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада адам емес» - деп ол жөнінде А. И. Тевкелев осындай пікір айтқан.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары:
1. Қалмақтар мен Башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.
Ең басты мақсаты – жоңғарларға
қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.
Әбілқайыр хан 1726
жылы Ресей империясының құрамына
кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке
күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған. Кіші жүз
ақсүйектерінің талабы: Ресеймен әскери одақ
құру.
Әбілқайыр хан талабы:
Ресейдің құрамына кіру.
1730 жылғы қыркүйек – Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл
Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы
құжат тапсырды.
1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы
хан ұсынысын императрица Анна Ионовна қабыылдады.
Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден
сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған
елшілі жіберілді.
1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр
ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені
анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге
қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тарысқанымен, бұл
қарсылық сәтсіз аяқталды.
1731 жылғы 10
қазан – Кіші жүздің 29 старшыны
Ресейдің қол астына кәруге ант берді.
Кіші жүздің Хиуа хандығымен,
қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына
қосылмады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат
ұстанып, 1714 – 1720 жылдары бікіністер тұрғызған болатын: Жәміш,
Омбы, Колбасинск, Железинск, семей, Коряков (Кереку), Өскемен.
Патша өкіметінің мақсаты – қазақ – жоңғар соғысын
пайдаланып,бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап
алу.
Патша үкіметі Жайық бойына
бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып
алып, орыс помещиктеріне, казак – орыс қоныстанушыларына таратып
беру саясатын ашық жүргізе бастады.
Жаңадан қосылған қазақ
жерлеріндегі шептерін нағайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы
мамырда Сенаттың ханшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция
жабдықтады:
Ор өзені бойында бекініс
тұрғызу;
Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту;
Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру;
Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.
Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары
түгел іске аспады.
1735 жыл – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.
Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И. Неплюев
(1742ж.)
Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. 1743 жыл – Орынбор
қаласының негізі қаланды.
1735 – 1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде
Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сесккенген
патша үкіметі екінші рет ант алуды көздеді.
1738 жылғы тамыз – Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н.
Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді.
Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60 – қа жуық старшын Ресейге
берілгендіктен қуаттап екінші рет ант берді.
1740 жыл – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның ант беруі саяси
жағдайдан туған айла болды. Ресеймен жақындасып, Орта жүзге
жасалатын жоңғар шабуылын әдсіретуді көздеді.
1734 жылғы 10 маусым – императрица Анна Ионовна Ұлы жүзді Ресей
құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық
шығарды.
Ү.Жаңа сабақты бекіту
1. Әбілқайырдың Ресей құрамына
кіруге алғашқы әрекет қашан болды? (1726 ж.)
2. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы қай жылы басталды? ( 1731
ж.)
3. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы Әбілқайыр ханға
жіберілген грамотаға Анна Иоановна қашан қол қойды? ( 1731 ж.)
4. Ресейге қосылуға қарсы болғандар Тевкелевті өлтәруге тырысты,
оның өмірін сақтап қалған кім? ( Бөгенбай батыр)
5. Қазақстан Ресей құрамына толығынан қай жылдары қосылып болды? (
19 ғ. 60ж)
6. Абылай хан өз сыртқы саясатында қай мемлекеттің саясатына қарап
бағыт ұстады? ( Ресей)
7. Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан
туған айла қай жылы болды? (1740 жыл)
8. 1778 ж. Екатерина ІІ
Абылайды қай жүздің ханы етіп бекітті? ( Орта жүздің )
9. Билер мәжілісі әскери келісім шарт үшін, ал Әбілқайыр Ресейдің
құрамына кіруді қуаттайтын, Ресейге елшілік жіберген жылы? ( 1730
ж.)
10. Орта Азия хандықтарымен
керуен саудасын қай жылдардан бастап кеңейтті? (1734
жыл)
ҮІ. Жаңа тақырыпты қорытындылау
Тест сұрақтары
1.Кіші жүзді Ресейдің құрамына қосу туралы грамотасына Анна Ионовна қай күні қол қойған?
А) 19 ақпан 1731 жылы
В) 20 ақпан 1732 жылы
С) 19 наурыз 1731 жылы
Д) 21 ақпан 1731 жылы
Е) 21 наурыз 1732 жылы
2. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60 – қа жуық старшын Ресейге берілгендіктен қуаттап қанша рет ант берді?
А) бесінші рет
В) бірінші рет
С) үшінші рет
Д) төртінші рет
Е) екінші рет
3. Қай жылы Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді?
А) 1738 жыл
В) 1732 жыл
С) 1735 жыл
Д) 1731 жыл
Е) 1737 жыл
4. Императрица Анна Ионовна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде қай жылы, қай айда жарлық шығарды?
А) 1736 жылғы 15 маусым
В) 1734 жылғы 10 маусым
С) 1735 жылғы 10 шілде
Д) 1734 жылғы 18 маусым
Е) 1737 жылғы 16 шілде
5. ХҮІІІ ғ. Қазақстанды зерттеуші, атақты мәмілегер, Ресей елшілігін басқарушы кім?
А) А.И.Тевкелев
В) В.Н.Татищев
С) И.И.Неплюев
Д) Анна Ионовна
Е) И.К.Кириллов
6.Патша өкіметінің мақсаты:
А) Қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін жаулап алу
В) Исатай-Махамбет соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін жаулап алу
С) Кенесары Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісін жеңуі
Д) Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісін жаулап алуы
Е) Ақ Орда мемлекетін пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін жаулап алу
7.1738 жылы тамызда Орынборда қазақ сұлтандарының съезін кім өткізді.
А) И.И.Неплюев
В) В.Н.Татищев
С) А.И.Тевкелев
Д) И.К.Кириллов
Е) Анна Ионовна
8.Абылай хан қай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады?
А) АҚШ және Қытаймен
В) Қытай және Украйнамен
С) Ресей және Қытаймен
Д) Қазақстан және Ресеймен
Е) Украйна және Қазақстанмен
9. Ресей патшалығына бірінші қай жүз қосылды?
А) Ұлы жүз
В) Орта жүз
С) Бәрі бір уақытта
Д) Кіші жүз
Е) Кіші және Орта жүз
10. Ресейге қосылуды қай хан іске асырды және қай кезде?
А) Әбілқайыр хан (18 ғ)
В) Жәңгір хан (17 ғ)
С) Абылай хан (18 ғ)
Д) Сәмеке хан (18ғ)
Е) Қасым хан (18 ғ)
Дұрыс жауаптары
1-А |
3-А |
5-А |
7-В |
9-Д |
2-Е |
4-В |
6-А |
8-С |
10-А |
Тест жауабын бағалау критериі:
«5» - 5% дейін 0 қате
«4» - 20% дейін 1-3 қате
«3» - 33% дейін 4 қате
«2» - 33% дейін 4 қатеден жоғары
ҮІІ.Рефлексия
Білемін |
Білгім келеді |
Біліп шықтым |
|
|
|
ҮІІІ.Үйге тапсырма - Кіші Жүздің Ресей мемлекетіне қосылуын оқып келу, слайд, эссе жазу, сөзжұмбақ, видеоролик дайындау.
Пайдаланған әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» Мусин Чапай, Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. 177-184 беттер