Материалдар / Кіші олимпиада мектебі

Кіші олимпиада мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау мақсатында «Кіші олимпиада» мектебінің атқарар рөлі зор. Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауын, қиялдауын, сана- сезімін нақты біліммен қаруландыру, өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білуге, олардың іскерлігі мен дағдыларын дамыту мақсатында жаслған үйірме жұмысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2023
1138
20 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат

Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субЪект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында гуманитарлық пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.

Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.

Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.Мектеп оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын игеруге шақыру, маман-кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.

Қоғамдық гуманитарлық ғылымдарының ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқушылардың танымдық қабілетін дамытудағы көтерер жүгі аз емес. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана шебер ұйымдастыра алады.

Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.

Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

  1. Ең алдымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, сөйлемдерді тіл білімінің салаларына сай талдай алуға, теориялық ұғымдарды меңгеруге, салыстырулар мен талдаулар жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.

  3. Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.

Осы мақсатта мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау мақсатында «Кіші олимпиада» мектебінің атқарар рөлі зор.

«Кіші олимпиада» мектебінің мақсаты:

Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауын, қиялдауын, сана-

сезімін нақты біліммен қаруландыру, өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білуге іскерлігі мен дағдыларын дамыту.

«Кіші олимпиада» мектебінің міндеті:

- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмаларын меңгер;

- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалы түрде көрсету;

- сөйлемдерді тіл білімінің салаларына сай талдай алу;

- теориялық ұғымдарды меңгеру, салыстырулар мен талдаулар жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтану;

- салыстырулар мен талдаулар жасау дағдыларын қалыптастыру;

- оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.

Күтілетін нәтиже:

  • Алған білімдерін дәлелдеу арқылы көрсете алады;

  • Эссе жазу түрлерін меңгереді;

  • Сөйлемдер талдай алады;

  • Тест сұрақтарына жауап береді;

  • Көркемдегіш құралдарға талдау жасай алады.

  • Ережелерді толық меңгереді.

Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші роль атқарады.


























Кіші олимпиада мектебінің бағдарламасы. Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағат


тақырыбы

Сағат саны

мерзімі

ескерту


Оқушының теориялық білімін жетілдіру бөлімі

1

«Мұрағаттану» сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар

1



2

Дүниеге келді,азат,дос,сүйікті,мәңгілік сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

1



3

Достық, сыйластық,туыстық туралы бес мақал тауып жаз.

1



4

Сөйлемге (қарамен берілген сөзге сөз құрамына, фонетикалық) талдау жаса.

Ыстық жақта таңғажайып тропикалық ормандар бар.

1



5

«Ұстаз – ұлы есім» Ойтолғау

1



6

Қатаң дыбыстан басталатын қазақтың ұлттық киімдері

1



7

«Тәжірибе» сөзінің құрамындағы әріптерден әр түрлі мағыналы сөздер жаса

1



8

«Тіл – қылыштан да өткір» Ойтолғау

1



9

Күрделі сөздер, түрлері. Мысал келтір.

1



10

Сөйлемге толық (қарамен берілген сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.

Білімді ұрпақ – тәуелсіз елдің тірегі.

1



11

«Өтірік сөз өрге баспас». Өз ойыңды білдір.

1



12

Қос нүкте. Мысалдар келтір.

1



13

Сөйлемге толық (қарамен берілген сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.

Алыстан көрінетін қызыл қоңыр мұнара ханымның көзіне оттай басылды.

1



14

«Күтімі жаман ағаштың, Бітімі де жаман» дегенді қалай түсінесің? Ойтолғау

1



15

Етіс және оның түрлері. Мысалдар келтір.

1



16

Сөйлемге толық (қарамен берілген сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.

Хамит кешікпей керек-жарақ саймандарының бәрін түгелдеп алып, бес орыс солдатымен жүріп кетті.

1



17

«Мектепішілік» сөзінің құрамындағы әріптерден әр түрлі мағыналы сөздер жаса

1



18

«Кітап – өмірлік серігің» Ойтолғау

1



19

Сөйлем. Сөйлем түрлері. Мысалдар келтір.

1



20

Сөйлемге толық (қарамен берілген сөзге сөз құрамына, лексикалық, фонетикалық) талдау жаса.

Олжабек сол түтіннің дәл түбінде көк өгізшені жіліктеп бұзып отыр.

1



21

«Мейірімді ана», «Дастархан басында» тақырыбына мәтін құрау

1



22

Сөз таптары

1



23

Сөйлемге (қарамен берілген сөзге лексикалық, фонетикалық, морфологиялық) талдау жаса.

Толқындай теңселген шалғынның ішіне кірсең, оның гүлге бөленген тереңіне сүңгігің келеді.

1



24

«Туған жерің тұғырың» Ойтолғау жаз.

1



25

Зат есім, түрлері . Мысал келтір

1



26

Сөйлемге (қарамен берілген сөзге лексикалық, фонетикалық, морфологиялық) талдау жаса.

Әдейілеп келгеннен соң, кезекке тұрғалы ішке өттік.

1



27

Есімдік, түрлері. Мысал келтір

1



28

«Құндылықтар» сөзінің құрамындағы әріптерден әр түрлі мағыналы сөздер жаса

1



29

Ықпал, оның түрлері. Мысал келтір.

1



30

Ілгерінді ықпалға 6 мысал, кейінді ықпалға 5 мысал, тоғыспалы ықпалға 4 мысал келтір

1



31

«Менің мектебім» ойтолғау

1



32

Сөйлем мүшелері

1



33

Сөйлемде жетіспей тұрған тыныс белгісін тап.

Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік.

1



34

Қорытынды

1






































Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.

Мұғалімдер үшін:

Хасенов Ә. Тіл білімі. – Алматы: Санат, 2003.

2 Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1987.

3 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.

4.Наралиева Р.Т., Тойғанбекова М.Ш. Қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2018.

5. Наралиева Р.Т., Тойғанбекова М.Ш., Сұлтанова Б.М. Оқу сауаттылығы. – Алматы: Қазақ университеті, 2019.

6. Наралиева Р.Т., Тастемирова Г.А., Тілеужанова Г.Т. Қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2017.

7.Агзамова З., Шаймерденова К. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 2009.

8. Балақаев М., Серғалиева М.С. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013.

9.3. Құлмағамбетова Б., Исанова А., Исингарина М. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - Алматы.: Білім баспасы, 2000.

10. З.Қабдолов. «Сөз өнері».-Алматы: «Санат», 2003


Оқушылар үшін:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ