Материалдар / Кішкентай арулар.Сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кішкентай арулар.Сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу,мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2019
973
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Кішкентай арулар
Мақсаты:Қазақ халқының өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету.
Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.
Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Үлкендерден үлгі өнеге алыңдар.
Әдісі: сайыс түрінде
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
3. Келесі кезекті оқушыларға берейік.
1
. Алихан
Наурыз күні - Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, балаларым, сендер мұны.

2 .Бекзат

Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар!

Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.

Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады.

Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді.

(бірге)

Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

1 .Алихан

Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.


1 .Алихан
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың,
Көктем тойын бастайық.
Көктем тойға арналған,
Сайысты біз бастайық.
2 .Бекзат
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырамыз.»


1 .Алихан

І кезең «Таныстыру
Кішкене арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.
2 .Бекзат

ІІ кезең «Шебер қолдар»
«Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз қол өнерден кемде кем емес сияқты. Аппликация жасап болғанша

( Мариямның орындауында әсем ән тыңдайық!
1. Алихан

ІІІ кезең «Білім сайысы»
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық.

Қыздар сұрақтарға жауап береді

1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
3. Наурыз көже қалай дайындалады?
4. Ұзынсары дегеніміз не?
5. Қандай салт - дәстүрлерді білесің?
6. Бала мектеп табалдырығын аттағанда жасалатын той қалай аталады?
7. Тұсау кесу туралы айт.
8. Сүттен жасалатын тағамдар. Біреуіне тоқталып өт.
9. Төрт түлік туралы не білесің?
10. Қасиетті сандар туралы не білесің?


2 .Бекзат

ІҮ кезең «Бесік жырын айту»
Жаңарған сананың
Ұмытпады мұны кім?
Ата - салты бабаның
Алып келді осы күн.
Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген. Ана баласын бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады екен. Ендеше, біздің қыздарымыз аналарының айтқан бесік жырын айтып берсін.

1 .Алихан

Ү кезең «Ептілер»

Бұл кезеңде арулар өздерінің ептіліктерін көрсетеді.
«Орамал жаю»(ыдыстағы суға орамалдарын салып,сығып,кір жаятын жіпке іледі)





2 .Бекзат

ҮІІ кезең «Өнер сайысы»
Көркемөнер - жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса,
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса,- дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
2 .Бекзат

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.


1 .Алихан Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
2 .Бекзат
Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
1.Алихан

- Осымен «Кішкентай арулар» сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет!Қош сау болыңыздар!






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!