400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

КІТАП - АЛТЫН ҚАЗЫНА

Материал туралы қысқаша түсінік
кітап жайлы мағлұмат беру, сынып жетекшілерге, тірбие сағаттарына көмегі көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Кітап – алтын қазына»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, тапқырлыққа, ұқыптылыққа баулу,
ақыл ойын, тлн дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сұрақтар, қима қағаздар, түрлі - түсті конверттер, шағын екі киіз үй, кітаптың макеті .
Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын - сайыс
Барысы:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір сүріп, оййлаған армандарының орыдалуы тек ерінбей білім алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы кітап екені баршамызға аян. Ендеше бүгін өткізілгелі тұрған сайысымыз осы кітап жайлы болмақ. Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысушыларды ел тарихы мен салт - дәстүрге және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сұрақтарды қоя отырып, іріктеп алсақ. Іріктеп алынған оқушыларды топқа бөліп алайық.
1. «Сәлем – сөздің анасы»
2. Балалық шағымның кейіпкерлері Ұнатқан кітап кейіпкерлерін сомдау
3. «Мақал – сөздің мәйегі» Мақал мәтелдер жарысы
4. «Өлең – сөздің патшасы» ақын жазушылардың өлеңдерін жатқа айту

5. «Өнерлінің өрісі кең» Өнерлерн ортаға салады.
Сайысымызда төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1. ---------------------------------------------------------------------------------------

2. ---------------------------------------------------------------------------------------

3. ---------------------------------------------------------------------------------------
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда,− дегендей, бүгінгі сайысымызға қатысушыларды іріктеп алайық.
1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)
2. Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Төрт маусым (қыс, жаз, күз, көктем)
4. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі)
5. Сын есімнің сұрақтары (қандай? Қай?)

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
2. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
3. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
4. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (он екі)
5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)
Олай болса, «Сәлем − сөздің анасы» деп аталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр оқушы кезек−кезегімен өз - өзін таныстырады.
Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Сайысымызға қатысушылар киіз үйлердің ішінде жасырылған мақалдардың жалғасын табуға тиісті.

1. Ел ағасыз болмайды,...
(Тон жағасыз болмайды)
2. Адам көркі шүберек,...
(Ағаш көркі жапырақ)
3. Қоянды қамыс өлтіреді,...
(Ерді намыс өлтіреді)

1. Елу жылда ел жаңа,...
(Жүз жылда қазан)
2. Тау тауға қосылмайды,...
(Адам адамға қосылады)
3. Талапты ерге...
(нұр жауар)

1. Ел іші...
(алтын бесік)
2. Жаңылмас жақ болмас,...
(Сүрінбес тұяқ болмас)
3. Ит тойған жерін іздейді,...
(Ер туған жерін іздейді)

1. Елдестірмек – елшіден,...
(Жауластырмақ - жаушыдан)
2. Айтулы достың малы бір,...
(Кемедегінің жаны бір)
3. Жаңбырмен жер көгереді,...
(Батамен ел көгереді)

1. Басқа елде сұлтан болғанша,...
(Өз еліңде ұлтан бол)
2. Кісідегінің кілті...
(аспанда)
3. Баста ақыл жоқ болса,...
(екі аяққа күш түсер)

1. Сөз сүйектен өтеді,...
(Таяқ еттен өтеді)
2. Бірлік болмай,...
(тірлік болмас)
3. Тісі шыққан балаға...
(шайнап берген ас болмас)

1. Жылайын деген баланың...
(үш күн бұрын көзі қышиды)
2. Інісі бардың тынысы бар,...
(Ағасы бардың жағасы бар)
3. «Көрдім» деген көп сөз,
(«көрмедім» деген бір сөз)
– Бар байлығым – өлең
жырым қолда бар,
Өн бойымда құпия жоқ таңқалар.
Көріп жүрген көп адамның бірімін,
Көңілімде қиял да бар, ән де бар, – деп жерлес ақын Мәлік Аяпов жырлағандай, келесі кезекті ән
шашуға береміз.

– Білсең дағы біле бер, тағы тіле:
Мақсатыңа жетерсің біле
біле! – деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз оқырмандарымызбен әрі қарай сайысымызды жалғастырайық.
Сайысымыздың төртінші кезеңінде сайысқа қатысушылар «Мен тәуелсіз ел ұрпағымын» тақырыбында эссе жазады.

Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыларды анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына беріледі.

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін жан дос, ізденейік қосыла.
Құрметті бүгінгі «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» байқауына қатысушылар!
Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, аман
сау болып тұрыңыздар.






Қалдыбекова Назира Қалдыбекқызы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Әбдіғаппар ауылы

213 жалпы орта мектебі кітапханашысы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.12.2018
773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі