Материалдар / Кітап-білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап-білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітаптың құндылығы туралы, рухани жан дүниеңді байытар құрал ретінде қарастырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2021
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітап – білімнің түпсіз аспаны , терең бастауы.

ХХІ ғасыр – руханият , мәдениет және ақпарат ғасыры.

Қоғамымыздың дамуы ақпараттың кең тарауымен , мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен тиянақтала түседі.

Ата – бабаларымыздың салт – дәстүрлерін , рухани тарихын, әдет – ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан – теңіз .Ұстаздардың ұстазы Ыбрай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз ,балалар шамнан шырақ жағылар» деп алдағыны көргендікпен болжаған.

Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі , тарихы мен тағылымының алтын сандығы . «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті .Кітап оқудан тыйылсақ , ой ойлаудан да тыйылар едік » деген еді Ғабит Мүсірепов.

Ата – бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көзі » деп текке айтпаса керек.Барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез – келген сәтте көмекке келетін ерен күш әрі білімді жетілдіріп , жан – жақты ізденіп , тіл байлығын дамытып , саналы да , білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние ол – кітап .Кітап – тарих шежіресі , оқу тәрбие құралы болып табылады.Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жыйнайды да, оларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізеді. Кітап оқу ой-өрісімізді кеңейтеді, ойлауға, дұрыс сөйлеуге, есте сақтау мен қатар, қиялды дамытады.

Кітап таңдап, алып оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттарының бірі.

Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр.

Өкінішке орай, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептері күнделікті қолданысқа енген ғаламтор, компьютер секілді құралдардың әсері.

Бүгінгі қоғамның кітабы-ұялы телефон болып отыр. Бұрындары бірдеңені білу үшін үйдегі бар кітапты ақтарып, онда болмаса кітапханаға барып қарайтын едік. Қазір болса ізденіп, тер төгудің қажеті шамалы.

Бүгіндегі компьютерлік техникаларға тәуелділік артқан заманда қоғамның назарын кітапқа аударту оңай шаруа емес.

Заман өзгерісін мейлі ғылым дамысын кітаптың орнын еш уақытта техника баса алмайды.

Айналып келгенде сол ғаламторда жарияланып жатқан материалардың барлығы да кітаптан алынған.

Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидар, ұялы телефон, компьютер көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал балаларды қадағалайтын ата-аналар жұмысбасты. Баланың теледидар, ұялы телефон, компьютер қарауын белгілі бір уақытқа шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға уақыт таппайды.

Оқырман баланы қалыптастырудағы негативті факторлардың бірі-отбасылық оқулар дәстүрлерінің жойылуы. Оқытудың отбасылық ортадағы рөлі ерекше. Кітапты бірлесіп оқу, оқығандары бойынша пікір алмасу, оны талқылау отбасы мүшелерін жақындастырып, оларды рухани тұрғыдан біріктіреді. Отбасылық оқуларды ұйымдастырудағы ата-аналардың басты міндеті-баланың танымдық қызметі үшін жағдай жасау. Баланың оқырман ретінде қалыптасуы, баланың ерте жасынан бастап белсенді өмір сүруіне әсері мол.

Баланы ерте жастан кітап оқуға тарту және балалар оқуының бірінші және негізгі жетекшісі болып табылатын, бастыұстазы- ата-анасы.

Біздің қазіргі дамып, өсіп келе жатқан қоғамымызда кітап пен отбасы тығыз байланыста болуы керек. Әрбір отбасында-кітаптың өсіп келе жатқан ұрпаққа зор ықпалын тигізері анық. Ол үшін негізгі байлық-үйдегі кітаптар қоры.

Қоғамымыздың рухани әлемін жұтандатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюмызда тегін емес.

Мақсатымыз-кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан-жақты іздеу.

Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу.Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру . Менің ойымша , казіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін « балабақша – мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана » деген ара жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау керек.

Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру.Жыртпауға,сызбауға, боямауға үйрету.Бірінші сыныпта өзінің алғаш алған пән оқулығы туралы мағлұмат беру.

Қазіргі кезде интернет ,теледидар , радио,басқа да ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырады. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды.Өйткені адамның жан дүниесін , армандары мен сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық. Сондықтан да кітап әрдайым басты рухани байлығымыз болып қала бермек.

Ұлттың рухани сау болуы кітап оқуға тікелей байланысты.

Кітапты , « оқысаң да оқисың , оқымасаң да оқисың » деп күштеп оқыта алмайсыз . Біздің қолдан келетіні – ой салу , насихат жұмыстарын жүргізу.

Кітап оқуға төселген бала – зерек , сауатты , тілі орамды, сөздік қоры бай болып өседі.Ұл – қызының адамгершілікті, саналы болып өссін десеңіз кітап оқуға баулыңыз.

Оқуға зорлық жоқ.Бірақ парасатты болудың бір жолы – оқу... Әдебиетті оқу.

Жастарды кітап оқуға шақырамыз.






Кітапханашы: Қожабекова.Қ.С.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!