Материалдар / Кітап ғасыр мұрасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап ғасыр мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап ғасыр мұрасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
787
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітап – ғасыр мұрасы»

23 сәуір – Дүние жүзілік кітап және авторлық құқық күніне байланысты №3 кітапхана, №173 Ә. Молдағұлоава атындағы орта мектебімен ұйымдастырылған «Кітап –ғасыр мұрасы» атты интеллектуалдық ойын болып өтті.

Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітап. Кітап оқу – ол бізді басқа адамдардың өмірімен таныстырады. Олардың сезімдерін, ойларын, талап- талпыныстарын түсінуге көмектеседі. Айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді

Шара барысында: №173 мектептің тәлімгері Елікбаева Нұргүл, кітапханашылар Омарова Ләззат, Досымова Қалдыгүл қатысты. Сайысымыз 5- кезеңнен тұрады. «Сәлем – сөздің анасы» атты бірінші кезеңде «Қазына» және «Оқырмандар» тобы өз ұрандарын таныстырды. «Кітап – алтын қазына» атты екінші кезеңде «Қазақстан жеріндегі ең атақты ежелгі кітапхананы ата?», «Қазақтың әліппесін алғаш ашқан кім?», «Есімдері бірдей ақын – жазушыларды ата?» т.б.сұрақтарға жауап берді. «Мақал-сөздің мәйегі» атты үшініші кезеңде мақал-мәтелдің жалғасын табу. 4-ші кезеңде сөзжұмбақтар шешті. «Өнерлі өрге жүзер» атты 5-ші кезеңде екі топ «Кітап» туралы көріністер көрсетті. Сайыста сөз кезегін М. Ералиева атындағы мәдениет үйінің әдіскері Оспанова Ару қорытындылап, жеңімпаз атанған «Қазына» тобын марапаттап, сыйлықтар берілді. Сонымен қатар «Әдебиет айдыны», «Жыл кітабымен танысыңыз» атты кітап көрмелері насихатталды. Ойынның мақсаты оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп кітапханашысы Л.Омарова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!