Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Кітап оқы-жетістікке қадам бас» атты челлендж әзірлемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ШҚО, Жарма ауданы
«Суықбұлақ орта мектебі»КММ
«Кітап оқы-жетістікке қадам бас» атты челлендж әзірлемесі
Дайындаған: кітапханашы Д.Е.Кусманова
2020-2021 жылы
Тақырыбы: «Кітап оқы-жетістікке қадам бас» атты челлендж әзірлемесі
Мақсаты:
-Оқушыларды кітап оқуға шақыру , әдеби
кітаптармен таныстыру;
-Ақын-жазушылардың
шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін,
қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты ақын-жазушылардың
шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу,
адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге
тәрбиелеу
Әдіс-
тәсілдері:кітап оқудың пайдасын айту, шығармалардан
үзінді оқу, өлеңдерін
оқу, ән айту, көрініс көрсету
Шарты; Оқушылар қашықтықтан «Жас оқырмандар» чатына өздері орындаған өлеңдерді,кітаптағы оқиғаларды ,мысалдарды,көріністерді видео форматта жолдауы қажет.
Барысы:
Кітап – рухани
сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі.
Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы,
ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы-
кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес
құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін
емес шығар.Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, студенттерге,
жасөспірімдерге кітап оқуға толық мүмкіншілігі
бар.
Яғни электронды кітапхананы айта аламыз. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін, аудио, видео,ғаламтор секілді жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Меніңше бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Кітап оқу –миға жасалған жаттығу. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Ал М.Горький болса мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын деген. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ .Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап.
Осы кезекте әрбір кітапқа қызыңушы жан оқуы қажет 5-кітапты ұсынғым келеді:
Әбіш Кекілбаев “Үркер”. Кітапта автор қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерге тоқталып, дәлірек айтқанда XII, XVIII ғасырлар аралығында орын алған оқиғаларды жазған. Әбіш Кекілбаев тарихи деректерге сүйеніп, оқырманға сол заманның шындығын, қазақтың тәуелсіздікке деген күресін қарапайым тілмен түсіндіруге тырысқан. Басты кейіпкерлердің прототиптері: Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр. Ал Тевкелевтің немесе бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке.
“Кісіден тайсалмайтын Әбілқайыр сол бірте-бірте лайытып мағынасызданып бара жатқан өлмеші жанарларға қарай алмай көзін аударып әкетті. Ат үстінде тұрып мынау қоғадай жусап жатқан үйірдің айғырын іздеді. Көпке дейін таба алмады. Бір уақыттарда барып тапты-ау әйтеуір… Өзгелері тілдері салақтап, көздері аларып қылжия құласа, ол екі көзіне қан толып, қара жерді сүзе құлапты. «Апырай, жарықтық-ай мыналарды мынау аранға өзі бастап әкелді ме екен, әлде соңынан қиқу шықса болды, құдайдың кең даласында бұлтарып кететін жер табылмайтындай, қапталдаса шабатын араншымен тайталасып, басқа-көзге қарамай өңмеңдейтін кәрі аруақтары қозып, есірік желікке берілген қалың нөпір оны да ықтырып әкеп орға жықты ма екен?» – деп ойлаған-ды. Сол-ақ екен тұла бойы түршігіп қоя берді”, — деп жазады Әбіш Кекілбаев. Автор кейіпкерінің іс-әрекеттерін жетік суреттеу арқылы оқырманға оның жан дүниесінде не жатқанын ашып береді.
Бауыржан Момышұлы. “Ұшқан ұя”. Қазақ елінің салт-дәстүрі, тәрбиесі жайлы жазылған құнды әрі сирек кітаптардың бірі. Апасының ақылын тыңдап, бала күнінен әке кеңесін жадына сақтап өскен халық батырының осы шығармасы патриоттық тәрбие негізі. “Ұшқан ұяны” оқыған адамның қазақ елі жайында пікірі нақтылана түседі.
“Мен туғанда, әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше талпынып жүріп ескіше сауатын ашып алыпты.’
Содан өле-өлгенше өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күнінде қыз-келіншектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда тастамаған. Мұнда ол соққан сақина-білезікті салып жүрген көзі тірі кемпірлер бар. Ал, ол кемпірлер бір кезде уылжыған жас еді ғой.
Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді”, — дейді Бауыржан Момышұлы кітабында.
Оқырманның бір бөлігі кітапты оқи отырып батырдың балалық шағын өз басынан өткергендей күй кешетінін айтады.
Тахауи Ахтанов “Боран”. Басында оқырманға “Дала сыры” деген атаумен жол тартқан кітапты кейін автор қайта толықтырып, “Боран” романын жарыққа шығарды. Романда Кеңес Үкіметінің тұсында өмір сүрген адамдардың өмірі баяндалады. Боран астында қалып қойған бас кейіпкер Қоспан арқылы автор, адамның рухани күші шексіз мүмкіндіктерге ие екенін көрсеткісі келгендей.
“Биылғы жылдың қысы Қоспанға ауыр тиді. Жылдағы әдетінше Қостағанды қыстап отыр. Қорасының маңы жусаны мен изені аралас шүйгін болса да Қоспан оны алтындай сақтап, қар екі жауған маңайламай киіз үй тігіп көшіп жүрді. Өйтпегенде қайтсын, алыстағы қыстауға пішен тасылған жоқ. Қора маңының отына өзі шауып алған азғана шағырын қосып талшық қып келе жатқан. Биыл қыс аумалы-төкпелі болып, қойын ұзатып әкете алмай жақын төңіректі шиырлап тастап еді. Және бір қиын болғаны колхоздың малын қауырт көбейтпек болып, бірақ қойшысы мен қорасын жеткізе алмаған басқарма Қоспанның отарына үш жүз тоқты қосты. Күн райы бұзылса-ақ қорадан шыға алмай тамақ сұраған баладай шырылдап мазасын алады. Азғана шөбінің арты шөмпиіп, қыпылдап жүрген Қоспан кешеден бері күннің шырайы кіргенсін қойын Құзғын адырына қарай айдап кеткен. Үйде әйелі Жаңыл қалды, көмекші бала Қаламүшті колхоз орталығына дүкенге жұмсады”. Осы үзіндіден Қоспан тек өз өмірі үшін емес, қорасындағы жануарлардың жағдайы үшін де қам жейтінін байқаймыз. Колхоздың малына Қоспан басымен жауап береді.
Дулат Исабеков. “Қарғын”. Автор кітап арқылы адам бойындағы шынайы махаббатты, адал сезімді жан-жақты көретуге ұмтылған. Кітаптың басты кейіпкерлері — Алматыға оқуға келген Бағила есімді бойжеткен мен жас жазушы Жасын Мәдиев. Екі ғашықтың ешқандай кедергілерге қарамастан, бірге болуға деген құштарлығы оқырманның көңілінен шығады деген үміттеміз. Оқырман кітапты оқи отырып, бас кейіпкердің жан дүниесіндегі арпалыстарға куә болған соң, көкейінде жүрген кейбір сұрақтарға жауап таба алады.
Немат Келімбетов “Үміт үзгім келмейді”. Кітапта көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедектің өмірге деген шексіз құштарлығы, махаббаты жазылған. Науқас адамның сын сағаттағы толғаныстарын бас қаһармандар Ержан мен Гаухардың монологтарынан байқауға болады.
Қортынды:
Осымен, «Кітап оқы-жетістікке қадам бас» атты челлендж соңына жетті. Челлендждің өн бойы ктіаптың рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын!
Кітап-білімнің толған кеңіші.Барлықтарыңызды кітап оқуға шақырамын. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда. Бірақ бүгінгі компьютендірілген, қарқынды дамыған техника заманы өз қызығын ұсынуда. Өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда. Ал бізде әшірше 100 кітап оқу шарасы басталды. Жақсы бастама. Алдымен бес, он кітап оқыған адамға құмарлығын арттыра беретіні анық. Ең бастысы, одан әсер алу, тағлым түю. Жақсы кітаптың жанға рухани азық болар қасиетін сезіну. Қорыта келгенде айтарым, кітапты оқығанда бар ынтанызбен, ықыласпен, мұқият әрі баяу оқыңыз, бірақ әр абзацтың дәмін татыңыз. Кітаптан болашақта алар азығыңыз көп болар. Сау,болыңыздар!