Материалдар / Кітап оқу-қазіргінің қаруы!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кітап оқу-қазіргінің қаруы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі күннің бірінде үлкен белестерге шыққан тұлғалардың кітапты жақсы оқығандығын естіп жатамыз. Осы тұста бірден ойымызға бұл іс тек мықтылардың ғана
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Маусым 2022
207
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітап оқу қазіргінің қаруы

Екі күннің бірінде үлкен белестерге шыққан тұлғалардың кітапты жақсы оқығандығын естіп жатамыз. Осы тұста бірден ойымызға бұл іс тек мықтылардың ғана қолынан келетін ия болмаса, шыдамдылықты қажет ететін бір қиын жұмыс секілді көрінетіні өтірік емес. Ал оның пайдасын көре тұра, біле тұра неге сәл тырысып көріп, оқуды әдетке айналдыруға көшпеске?

Егер сіз де кітап оқуды қолға ала алмай жүрсеңіз мен өзімнің тәжірбием бойынша кітапты соңына дейін жеткізудің оңтайлы тәсілімен бөлісейін. Қолыңызға алған оқулықты еш алаңдамай 1-ші беттен 50-ші бетіне дейін қалайда жеткіземін деп уәде етіңіз. Болған соң, демалып, осы үшін өзіңізге алғыс айтсаңыз келесіде шабытыңыз ашылады. Ал әрі қарай оқығыңыз келіп кетсе, дәл жаңағыдай оқитын бет мөлшерін алдын-ала белгілеңіз. Ендігі жолы 50-ші беттен 100-ші бетке дейін оқуға тиіспін деп жігер сыйлап, кітабымызды бітіруге бекінеміз. Осы әдіс арқылы қандай жағдай болмасын ойыма алған нәрсемді тоқтатпауға үйрендім. Іс-жүзінде нәтижесі өте зор.

Статистикаға зер салсақ, Қытай, Үндістан сияқты елдер кітап оқуда көш бастап тұрғандығын байқаймыз. АҚШ елдерінде болып қайтқан турситер ол ел адамдарының кез келген жерде оқулық немесе газет, журнал оқып отыратындығын тілге тиек етеді. Ал салыстырмалы түрде біздің елде кітаппен жолдас болған қарасы көрінер-көрінбес бірең-сараң жастарды ғана байқайтынын жасырмайды. Осы ақпаратты естігенде бірден ойыма мына нәрсе оралды.. Мемлекет тек қана дамушы адамдардың ықпалымен атағы кеңге жайылып, алға қарай жүреді екен. Оған шет елдің мына азаматының әрекеті дәлел бола алары сөзсіз.

21-ші ғасырдың өнертапқышы атанған Илон Масктан «Зымыран жасауды қалай үйрендіңіз?» деп сауал қойғанда «кітап оқу арқылы» деп жауап беріпті-мыс. Осындай жағдайлардың куәсі бола отыра, оның мүмкіншіліктерін естіп, пайдасын көре отыра, сіз әлі күнге дейін баяғыда алған бір кітабыңызды аяқтай алмай жүрсіз бе? Жақсы, әйтеуір кітап оқимын деген ниетіңіз бар ғой, бірақта кітаптың иісін сезініп, бетін ашып, парақтап көрмегендердің саны да жетерлік.

Қорытындылай келе айтатыным, қорыңызды кітап деген алтынға толтыру үшін, тап қазір ойыңызда жүрген оқулықты қолыңызға алып 3-4 күннің ішінде бітіремін деп дедлайн қойыңыз. Сіз ойлағаннан да өте жеңіл жұмыс. Болашағым жарқын, ісім өнімді, сөзім өтімді болсын десең осы бір жақсы әдетті күніге қайталап, қазіргінің қаһарманы болып шыға келіңіз!







Саясатқызы Сымбат

sayasatkyzy2000@mail.ru

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!