Материалдар / "Кітапхана білімпаз мекені"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кітапхана білімпаз мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Кітапхана білімпаз мекені" Кітапхана , кітап туралы сыныптан тыс шара.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2018
1961
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Кітапхана- білімпаз мекені»(ертеңгілік 2-4 кл.)

Сабақтың мақсаты: Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Көрнекілік:  «2- сәуір Халақаралық балалар кітабы күні» кітап көрмесі.

Кітапханашы: Құрметті қауым! 2сәуір-Халықаралық балалар кітап күніне арналған  «Кітапхана-білімпаз мекені» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін

                     Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

                      Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың

                      Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

                      Той басталды, халайық,

                      Үміт отын жағайық.

                       Кітап күнін ұлықтап,

Әннен шашу шашайық!

Ән:«Ертегілер» орындайтын Жардемова Жансұлу

Жүргізуші: Кітап – нәзік те, тұнық әлем! «Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған» - деп, ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі – кітап.

1-оқушы: Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы.

2-оқушы: Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

3-оқушы: Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ кітап бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.

4-оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өз бетінше ізденудің, кітапті көп оқудың арқасында шығармашылығын жетілдірді, әрі бірнеше тілді меңгерді, ойшылдардың еңбегімен танысты.

5-оқушы: Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара-жігін айнытпай танытып білуге үйретеді.

Жүргізуші: Бұдан 49 жыл бұрын, яғни 1967 жылдан бастап Ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күні құрметіне орайластырылған халықаралық кеңестің бастамасымен- «2 сәуір Халықаралық балалар кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн аталып өтілуде. «Оқитын қоғам – бәсекеге қабілеттілік тірегі».Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл.


                                                      Арнау

 

Бастайыншы сөзімді «биссмилла» деп,

Ассалаумагалейкум, жиылған лек!

Еліміз кітап күнін тойлап жатыр,

Ұрандап «Оқитын ел – озық ел!» деп.

Болғанда қыспағы мол заман – нарық,

Озық болу жарасар топты жарып.

Алып шығар нарықтан білім ғана,

Оқығанның қашанда алды жарық.

Сондықтан бүгінгі іс – келелі іс,

Ізгілікті іс қашанда берер ырыс.

Кітап күні тойланып жылдын-жылға,

Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.

Кең, қазынаң кітап қой нәр беретін,

Жайнатып өміріңе сән беретін.

Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,

Халайық, дәл кітапқа тең келетін.

Кітап – сәуле, нұр берер шығарыңыз,

Сарқылмайтын білім мен бұлағыңыз.

Кітап – білім қаруың болса, анық –

50 елдің алдына шығарыңыз.

Шарамыз игілігін ала келсін,

Ұлтыма білім, байлық, сана берсін.

Рухымыз асқақ боп әрқашанда

Халқымыздың бақыты жана берсін!

Қазақстан оқитын елге айналсын,

Жастарымыз білімді ерге айналсын.

Жаңа әлемде жаңа елдің жастарындай,

Асқақ болып рухы, нұр жайнасын.

( Хатимуллина Аружан)


Жүргізуші:

Уа, жиылған халайық!

Түгел бері қарайық,

Сөзінің бар киесі,

Рухани әлем иесі,

Кітап Ханшайымына

Баршамыз назар салайық.

Ести алмай лебізін

Әсте өкініп қалмайық.

Ортаға кітап киіміндегі Ханшайым шығады.

Кітап Ханшайымы:

Мен – Кітап Ханшайымымын,

Иесі  рухани әлемнің.

Әкелдім кітап патшалығының

Бәріңе жалынды сәлемін!

Мен – білімнің түпсізі, аспанымын,

Мен – ғылымның тұңғиық бастауымын,

Рухани нәр берер бұлақпын мен,

Меніменен байиды бар танымың.

Мен – рухани әлеммін, кітап атым,

Баға жетпес байлықпын, асыл затым,

Мені көктен түсірді жаратқаным

Шын қажеті болған соң адамзаттың.

Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын,

Жауабымын сауал мен сұрағыңның,

Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын

Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын.

( Ханшайым- Бақытжанқызы Гүлсезім)

Тақпақтар

 

1.     Адамның досы – кітап, өмір кілті

Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.

Ақылшы жанға серік жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы өмір көркі.

 

2.     Кітап та – алма ағашы

Жемісін біз теретін,

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

 

3.     Кітап - сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

 

4.     Кітап – досың, жолдасың,

Өмірдегі жолбасшың.

Жақын болсаң онымен

Жаман бала болмассың.

 

5.     Кітап жинап түптеймін – жыртылмасын,

Мұқабасын бүктеймін – қырқылмасын.

Таза болсын беттері – кірлемесін.

Көрген кісі кітабы кір демесін.

 

6.     Себер шуақ, нұр көпке,

Аяла оны құрметте.

Үңіле оқып әр бетін.

Күтіп ұста кірлетпе.


7. Кітаптарды таза ұстауға үйреткен,
Жалықпайтын ғажап адам бұл неткен.
Еңбегіңіз еленері белгілі,
Үлгі болар баршамызға жол еткен.


8. Жанашыры бір өзі оқырманның,
Көкірегіне шуақ шашар барша жанның,
Төл мереке бүгінгі құтты болсын.
Шаңырағына бақыт пен шаттық толсын.

9. Анасындай шәкірттің мейірбансың,
Жыр арнаймыз баршаңызға жиылғансың.
Мерекеңіз бүгінгі құтты болсын,
Оқырманға әрқашан асыл жансыз.


10. Кітапаханашылар еңбегің жана берсін,
Кітаптардың сөресі тола берсін.
Оқырманның ынтасын арттыруда,
Талай қызық іс – шара бола берсін.

 

Кітап ханшайымы: Кітап туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіздер, ал мақал-мәтелдер білесіндерме?

 

Мақал-мәтелдер

 

1.     Кітап – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

2.     Кітапсыз үй  - жансыз дене.

3.     Кітапсыз білім жоқ,

Білімсыз күнің жоқ.

4.     Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.

5.     Жақсы кітап – адал дос, ақыл жолдас,

Ондай ешкім,  ешнәрсе жақын болмас.

6.     Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

7.     Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім.

8.     Ой маржаны кітапта.

9.     Кітаппен кеңес – білімдімен теңес

10. Күш – білімде, білім – кітапта

11. Кітап – көзі жұмыққа арзан,

Көзі ашыққа – маржан.

 

Кітап  ханшайымы: Барша әлемді ұлан-ғайыр білімімен таң қалдырған Ұлықбек, Әл-Фараби сынды ғұламалар балалық балғын шағынан өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған.

Ойын: «Бұл қай ертегіден ?» ойының ойнайық. Мына шарлардың ішінде қағазда ертегіден үзінді жазылған, ол қай ертегіден екенің табу керек.

Кім бірінші шығады.

Ойын: Ендігі ойнайтын ойынымыз «Ойлан тап!» ойыны. Қазір ортаға бір бала шығып, мен қойған сұраққа жауап беріп, үстелде тұрған қағаздардан ж

ауабын құрастыру керек. Кім шығады?


 Кітап ханшайымы: Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына – кітаппен достығымыз үзілмесін! Әрқашанда жүздеріңіз жарқын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Кітап күніне арналған осындай жылы-жылы мерекелерде жүздесе берейік, ағайын!

Жүргізуші: Кітап –  менің  жолшырағым, серігім,

                     Абай, Мұхтар – қазағымның қаймағы.

                     Әсем жырмен өрнектелген ойлары,

                     Бес асылға  ғашық бол деп тәрбиелер,

                     Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.


 

Үздік оқырмандар гимні  :

 

Біз – жастармыз, біз ертеңнің

Иесіміз болашақ,

Біз бастаған істеріміз

Жарқын, нүрлы жол ашпақ.

Кітап – білім мол мұрамыз,

Биіктерге бастайтын,

Білімді жас біз боламыз,

Қиындықтан қашпайтын.

Кітап – мәңгі асыл мұра,

Қайнары ол білімнің.

Сол білімді қару еткен,

Біз, ұланы – елімнің.

«Оқитын ел – озық ел!» - деп,

Асқақ шырқар жыр-әнін.

Таңытатын жаңа әлемде,

Біз  – озық ел ұланы!

Жүргізуші:  Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы».  Ендеше, кітап – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық! Осындай игілікті шараларда кездескеше, балалар!



Бітік орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы.













Shape1


( Ертеңгілік 2-4 класс)






Өткізген: кітапханашы А.Ж.Жардемова,

бастауыш бірлестігінің жетекшісі

А.М.Сарсенбиева











Сәуір,2016жыл.





Кітапханашы :Сәлеметсіздер ме балалар? Бүгін «Халықаралық кітап күні», осы мереке байланысты сіздермен бүгін Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мереке  өтуде.

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.

Кітапханашы: Бізге қонаққа №7 мектеп-лицейінің кітапханашысы Оспагова Жанат апайларын қонаққа келіп отыр, тыңдайық. Сөз кезегі Жанат апай сізде.

Кітапханашы:
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» биін тамашалайық

5 мектеп оқушылары би

Кітапханашы: Балалар бүгін кітап күні осыған орай №5 мектептің 3 сынып оқушылары  «Жыртылған кітап», «Ескірген кітап» туралы көрніс дайындапты тамашалайық.

Кітапханашы :
- Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?(Түймеқыз, Су перісі, Сиқыршылар)
- Қандай жағымды жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
- Ертегілер бізді неге үйретеді? (Жамандықтан жиренуге, жақсылыққа баулиды)

Ертегі ханшайымының сөзі естіледі.
Ертегі ханшайымынын сөзі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, сендер мені көрмейсіңдер, мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
- Кітапты жоғарыдан іздеңдер, бар ма?
- Төменнен іздеңдер, бар ма?
- Оң жақтарыңа қарандар, мұқият қарандар, бар ма?
Сиқырлы кітап топтарындағы ең үлкен гүлдін жанында - а - а - а»

Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады
Кітапханашы:
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, тәрбиеші түсінеді/
- Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
- Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
- Үш саны қай ертегіде кездеседі?
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
- Жарайсыңдар, балалар.
- Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
(Сиқырлы кітап кітапханашыға айтады)
Балалар ертегілерден үзінді ойнап берсін, қалған балалар тапсын - дейді
«Бауырсақ», ертегісінен үзінді ойнайды
- Бұл қай ертегі?
- Ал, бұл қай ертегі кейіпкері?

Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
- Балалар, мына ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
- Бұл қай ертегілер? "Үш торай"
- Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді тағы не күтіп тұр?


Кітапханашы:Бұл қай ертегіден ? ойының ойнайық. Мына шарлардың ішінде қағазда ертегіден үзінді жазылған, ол қай ертегіден екенің табу керек.

Кім бірінші шығады.

Кітапханашы:Ендігі ойнайтын ойынымыз «Ойлан тап!» ойыны. Қазір ортаға бір бала шығып, мен қойған сұраққа жауап беріп, үстелде тұрған қағаздардан жауабын құрастыру керек. Кім шығады?

Кітапханашы: Жарайсыңдар балалалар!

Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.

Ертегі ханшайымы кіреді:
Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
Әр баланын қасына барып;
- Қандай ертегі құрастырдың?

Ертегі ханшайымы балаларды мадақтап, үлкен ертегі кітабын сыйлайды, қоштасып кетеді.

 

Тақырыбы: «Кітапхана күн шуағы білімнің»
Барысы:
 
Жансая: 
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгін мектеп ішінде бәрімізге ортақ мереке, бұл мерекені атап өту мына біз оқушылар алдында парызымыз деп білеміз.
Жанат: 
Бүгін мейрам, бізде үлкен мереке,
Тойлайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың – рухани қазынаң
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.
Жансая: 
Білесіңдер аналардың тойларын,
Кеше ғана «Ұстаз тойын» тойладың.
Ал қазанның 15 – ші жұлдызы,
«Кітапханашы күні» екенін ойлағын.
 
Жансая:
Яғни біздің өзімізді, әлемді, барша ғаламды, ақын – жазушылар мен данышпандарымыздың біз үшін әзірлеген қызықтарын оқуға мүмкіндік берген кітапхана күні.
Мерекелік ән шашу:
Орындайтын Амалхан Аймекен «Ақ көгершін» әні
Жанат:
Оқушылар бізге жыл сайынғы кітаптарымызды үлестіріп, оны таза әрі жоғалтпай ұстауға үйреткен үлкен құрметт иесі мектеп ішінде ерекше ілтипатқа ие болған кітапханашы апайымыз Жаңылай апайды ортаға шақырамыз.
Жаңылай апай: Өз тілегімен және мерекемен құттықтап, кітапханамызға келген жаңа оқулықпен таныстырып өтеді.
Жансая:
Біз үшін сіздің де қызмет жолынызда барша ұстаздаздардай мәртебеңіз биік. 

Жанат: 
Дұрыс айтасың Жансая, «Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» - деп дана халқымыз бекер айтпаған.

Құрметті Жаңылай апай өзіңізге және осы мерекеге арналған ұл – қыздарымыздың шағын өлең жолдарын қабыл алыңыз.
Нұртас:
Кітаптарды таза ұстауға үйреткен,
Жалықпайтын ғажап адам бұл неткен.
Еңбегіңіз еленері белгілі,
Үлгі болар баршамызға жол еткен.

Ақниет:
Жанашыры бір өзі оқырманның,
Көкірегіне шуақ шашар барша жанның,
Төл мереке бүгінгі құтты болсын.
Шаңырағына бақыт пен шаттық толсын.
Нұртас:
Анасындай шәкірттің мейірбансың,
Жыр арнаймыз баршаңызға жиылғансың.
Мерекеңіз бүгінгі құтты болсын,
Оқырманға әрқашан асыл жансыз.
Ақниет:
Кітапаханашылар еңбегің жана берсін,
Кітаптардың сөресі тола берсін.
Оқырманның ынтасын арттыруда,
Талай қызық іс – шара бола берсін.

Сұрақтар:
Жансая:

Апай, сіздің қызметіңіз яғни жұмысыңызға біз де қызығатын кезіміз көп, жаңа келген кітапты алдымен сіз оқисыз, ондағы мазмұны арқылы ақыл – парасаттылығыңызды танытып бала біткенге мейірімдісіз.
Жанат:
Біздің білгіміз келетін көкейімізде сұрақтарымыз бар еді.Қоюға рұхсат етіңіз.
1.Сіз мектеп кітапханасында қанша жылдан бері қызмет етіп келесіз?
2. Отбасыңызда әдеби кітапқа құмар балаларыңыз бар ма?
3. Кітапхана ішіндегі тақырыптар да сан алуан атаулармен өрнектеледі, олардың тақырыбын өзіңіз қоясыз ба?
4. Және соңғы сауалымыз біреуден сыйға кітап алған кезіңіз болды ма, қандай сезімде болдыңыз?



Жансая: 
Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсіні ақ мәрмәрден құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келер ел алдына,
Бишілер ғажап еді биің қандай?

Би: «Қаражорға»
7 сынып оқушылары
Жансұлу:
Ия қыздар, мектеп қабырғасында жүріп өлең жаттамау біз үшін үлкен сын, оны оқып, мұқабасын ашқаннан тұңғиық сыр мен кереметтер күткен кітптарымызға алғысымыз шексіз. Біз Аян екеумізде өз өлеңдерімізді арнағымыз келеді.

Жансұлу:
Енген оған дархандығы жерімнің,
Енген оған даналары жерімнің.
Әріп танып әліппені ашқаннан,
Кітап менің – жолшырағым, серігім.
Абай, Мұхтар қазағымның қаймағы,
Әсем жырмен өрнектелген ойлары,
Бес нәрседен қашық бол деп тәрбиелер,
Жат қылықты жақтырмайды бойдағы.
Аян.
Кітапхана кітаптардың ордасы,
Білсең кітап – нағыз жолбасшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқандай Нұрсылтандай Елбасшы.
Иа, білім анамыздай емізген,
Білім терең, мұхиттан да теңізден.
Ал, білімнің кітап нағыз бұлағы,
Қанып ішсең, сусыныңды қандырады.
Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,
Кең даламнан жұпар иісі аңқиды.
Сыршыл әуен жан дүниеңді баурайды,
Бақыт құсы көңіліңде сайрайды.

Құттықтау тілегімен қабырға газетін сыйға
тарту.
«Кітап менің жолшырағым, серігім»


«Саржайлау» Мауытбаева Шынар


Жанат:
Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама – делінген кітаптар әлемінен де сыр шерттік, оқыңыздар, оқудан жалықпаңыздар, қазақ елінің астарлы да мәнді бай тілін құрметтейік, қасиетті тілімізді қадірлейік.
Осымен кешіміз аяқталды келгендеріңізге рахмет, мереке құтты болсын.



 

 

 

Скачать материал

І б ө л і м.


жүргізуші:


Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар!

Жыл сайын сендердің көктемгі демалыстарыңда Аркадий Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасында дәстүр бойынша Балалар Кітабы апталығы өтеді. Барлықтарыңды «Біз Кітаппен кездесуге шақырылдық!» айдарымен өтетін апталықтың ашылу салтанатымен құттықтаймыз!


Ең алғаш Кітап апталығы танымал балалар жазушысы Л.А.Кассильдің ұсынысымен 1943 жылы Мәскеуде өткен. Ұлы Отан соғысы кезі болса да, үлкендер балаларға арнап, есте қаларлық тамаша мереке ұйымдастырды. Сол күннен бастап Балалар Кітабы Апталығы дәстүрлі мерекеге айналып, әр жерде тойланады.


Бүгінгі мерекемізді Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен ашайын:

Балалар, бұл жол басы даналыққа

Келіңдер, түсіп байқап, қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Сорларды көре тұра қалалық па?

Даналық -өшпес жарық , кетпес байлық

Жүріңдер, іздеп тауып алайық та?


(осы кезде үлкен кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді)


Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар, мен сендерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!


Жүргізуші:


Мерекеге қош келдіңіз, қымбатты досымыз – кітап. Жоғары шығыңыз! Біздің балалар өзіңізді өте жақсы көреді, сүйіп оқиды, сондықтан да қойылған әр сұрақтарға жауап та бере алады, ал сіз қонақ болыңыз, отырып тыңдаңыз! Солай емес пе, балалар?

(отырғызады)

Көлемі шағын, көп қырлы

Қолдан қолға өтеді

Өмірдің талай мол сыры,

Ішіне сыйып кетеді. Бұл жұмбақтың шешуі қалай, балалар, білесіңдер ме?


Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, кітап.

Кітап - заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жан дүниелеріңді оятып, ертегі -әңгімелерімен сыр шерткен, кітап - сенің ақылшың. Кітап – жанның емшісі, кітап – теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді, білімді молайтады, көп үлгі -өнеге, тәрбиелік әсер береді.

Ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінсек, өзінің 41- ші қара сөзінде «Кітап – жан азығы, жығылғанда сүйеу болады, адасқанда тура жолға салады» делінген.

Олай болса, бүгінгі күні де сөз, құрметті Кітап, өзіңіздің төңірегіңізде болмақ. Біздің оқырмандардың өзіңізді қалай жақсы көретінін тамашалаңыз!


1.Оқушы:

Ақ сандығын ашқанында алтынның,

Алып шықтым ақ маржанын салтымның.

Өрелі өнер, білім –ғылым бұлағын

Алдым тауып кітабынан халқымның


Нұрлы кітап -өзің жыр, өзің тарих

Келеміз жаттап оқып, біліп, танып.

Секілдісің шежіре, ұлы адамдай

Әр сөзіңнен оқырман қалар қанып


2.Окушы:

Әкең кітап келсе алып,

Сұрайсың да, аласың

Суретіне зер салып,

Қайта-қайта қарайсың.

Сол кітаптың мәнісін,

Білу керек әуелі,

Балдырғандар, ол үшін

Білім керек әуелі.


3.Оқушы:

Көк аспанда шарқ ұра,

Ұшуды да ойлайсың.

Бұл арманға жетпей сен,

Сірә да, бір қоймайсың.

Көк аспанда ұшуды

Білу керек әуелі,

Балдырғандар, ол үшін,

Білім керек әуелі.


4.Оқушы:

Айтып айтпай не керек?

Сүйсең туған жеріңді

Еңбек етем елге деп,

Қуандырсаң әкеңді.

Әр нәрсенің мәнісін

Білу керек әуелі,

Балдырғандар, ол үшін

Білім керек бәріңе!


Ақыл-ойдың иесі,

Бар ғылымның жүйесі.

Қуанышы көңілдің,

Баспалдағы өмірдің

Жан азығым, серігім

Ардақтамас сені кім?


Кітап ханшасы:

Құрметті балалар! Алдарыңызда - біздің кітапханадағы балаларға арналған кітаптар хит –парады. Осы кітаптармен сіздерді таныстырайын. Таңғалып:

Мұнысы несі? Мына кітаптардың ішіндегі әріптер қайда кеткен?

Екіншісін қолына алады, ол да сондай болып шығады.

Мәссаған, мына кітаптарға не болған? Кеше ғана бәрін өз қолыммен койған едім ғой. Бәрі дұрыс болған сияқты еді. Түк түсінсем бұйырмасын.


Есікті біреу қағады.

Бұл кім болды екен?

Есіктен Әріпжегіш кіреді. (Қолында бір құшақ кітап)

Әріпжегіш Кітап ханшасының иығынан қағып:

Иә, қанша кітап оқыдындар? Ха-ха-ха...

Сіз кімсіз? Неге сонша күле бересіз?

Әріпжегіш:

Менің атым — Әріпжегіш,

Сүйікті асым әріптер.

Береді олар маған тың күш,

Күшті болсаң алып көр!

Мына кітаптардың ішіндегі әріптерді сен жеп қойған екенсің ғой.

Әрине, мен!

Кітап ханшасы: — Оның дұрыс болмаған екен. Балалар кітаптармен кездесуге келгенеді. Олар барлық әріптерді біледі, кітапты жақсы оқи алады. Олардың барлығы "Кітаптар әлемінің» оқырманы.

Әріпжегіш (кекетіп): — Олар әріптерді де дұрыс білмейтін шығар, ал сен кітап оқиды дейсің...

Кітап ханшасы: — Егер балалар өз білімін көрсетіп, "Кітап әлемінің" оқырманы болуға лайық екендігін дәлелдесе, онда әріптерді орнына кайтарасыз ба?

Әріпжегіш (сәл ойланып): — Жарайды, қайтарамын

Кітап ханшасы: — Балалар, Әріпжегішке өзіміздің білімімізбен тапқырлығымызды көрсетейік. Сонда ол біздің бүгінгі мерекемізге кедергі келтіре алмайтын болады.

Әріпжегіш: — Ха-ха-ха! Сендерге менімен күш сынасу қиынға түседі. Өйткені мені ешкім жеңіп көрген емес. Мен- бәріңнен де ақылдымын, бәріңнен де көп білемін. Менің тапсырмаларымды орындасаңдар ғана әріптерді қайтарамын!


Кітап Ханшасы: Біздің балалар кітапты көп оқиды, ертегілерді де көп біледі сондықтан сенің тапсырмаңды, Әріпжегіш, олар тез табады, солай емес пе , балалар?


Әріпжегіш:

Мына залда отырғандардың дені кішкентай балалар екен –ендеше

Ерте- ерте, ерте екен

Ешкілері бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен

Құйрықтары ұзын екен –деп ертегіден тапсырма берейін


Мынау үзінді қай ертегіден? (Слайдта ертегілерден үзінді көрсетіледі)


1. Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық деп бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді.

Бұл қай ертегі Ха-Ха-ха, сендер білмейсіңдер (Қаңбақ шал)


2. ... сығаласа бәйбішесі қамыр илеп, тоқалы бас үйітіп, қызы тырнаның жүнін жұлып жатыр екен.

Кеш жарық – деп жылмаң етіп үйге кіріп келеді. Бұлар да жылдам екен: қолдарындағы асты тыға қойып.....

(Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай)

  1. Ат басындай алтын берейін , қоя бер дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер дейді. Кемпір көнбейді. Жалғыз балаңды бер дейді...

(Алтын Сақа)

  1. Бұл екеуі дос болыпты. Қыз үй жинап жүріп бір мейіз тауып алады.

(Мақта қыз бен мысық)


  1. Біздің енеміздің дауысы мұндай емес. Біздің енеміздің дауысы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа болатын. Сен біздің енеміз емессің!

(Қасқыр мен жеті лақ)


Слайд Ертегілер суреттері беріледі:

Мына суреттер қай ертегіден, балалар, білесіңдер ме?

Алтын балық

Ақ бауырсақ

Шал мен дәу


Кітап ханшасы: — Әріпжегіш, біздің балаларымыз қандай екен?

Әріпжегіш: - Сондай тапқыр, алғыр балалар екен.

Барлығың да "Кітаптар әлемінің" оқырманы болуға лайық екенсіңдер, достар!

Мен жеңілдім, әріптерінді қайтарамын.

Балалар, енді әріптеріңе тиіспеймін, бұзықтық жасамаймын. Жалғыз жүргеннен әбден жалықтым (жыламсырайды). Мені катарларыңа аласыңдар ма? Мен де кітаптармен достасқым келеді. (Кітап ханшасына карап) "Кітаптар әлемінің" оқырманы ретінде қабылдайсыз ба?

Кітап Ханшайымы: (залға) Қабылдаймыз ба, балалар? (балалар жауабы)

әріптерді қайтарады


Олай болса, Әріпжегішпен қосылып тағы бір сайыс өткізейік , балалар!

"Кім жылдам?" сайысы


Ортаға шықкан бала кітаптан бір үзінді оқуы керек. Ал Әріпжегіштің қолында әріп формасындағы печьенелер салынған ыдыс бар. Бала үзіндіні оқып болғанша Әріпжегіш ыдыстағы әріптерді жеп бітіруі керек. Қайсы бұрын болса, сол жеңімпаз атанады.


Кітапханашы:


Ал , Әріпжегіш, біз сені "Кітаптар әлемінің" оқырманы ретінде қабылдадық . Сен енді әріптердің орнына мына печьенелерді же, жарай ма, достым? Кітаптың қасына отырып, балалар өнерін тамашала, ал мен балаларды жаңа кітаптармен таныстырайын


Слайд «Жаңа кітаптар»


жүргізуші :

Міне, балалар! Жаңа өздерің көріп, тамашалаған кітаптарды А.Гайдар атындағы балалар кітапханасынан алып оқи аласыңдар!

Кітап- өмірдің сарқылмас бұлағы.

Жаныңа таусылмас сыр құяды –деген халық даналығы.Адам бойына түрлі жақсы қасиеттерді қалыптастыруда кітаптың берер көмегі көп. Кітап оқып отырып, білмеген, көрмеген, естімеген кейбір уақиға, нақыл сөздер, мақал- мәтелдерді естисің.


ІІ б ө л і м.

Мақал- мәтелдер - ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан


Олай болса, кезекті «Кім көп біледі?» мақал – мәтел сайысына берейік.


Жарыстың шарты: Жүргізуші қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап береді. Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады? Жауабы: Жылы жылы сөйлесе, жылан інінен шағады. (Түсінікті ме, балалар?)


0ттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық.)

0тқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан ушін отқа түс, күймейсің.)

Жақсы - жаман (жақсыдан үйрен, жаманнан жирен)

Ата -бала? (ата- бәйтерек, бала- жапырақ)

Ақыл- асыл (ақыл жастан, бала -тастан)

Наданмен дос болғанша (кітаппен дос бол)


Сахнаға бес баладан 2 команда шығару

Тапсырма: алдарыңда кроссворд. Берілген тапсырма сұрағын мына әріптер ішінен жылдам тауып, орнына орналастыру керек. Зал бір-екі-үш деп санап отырады


Жүргізуші:

Балалар, кітап — шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап — адал пейіл, асыл дос, қойған жерінде жатады, қолыңа алсаң былай деп тіл қатады:

Окы талмай, түй санаңа жас бөбек,

Сыр кұямын, нұр кұямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа!


«Кітап-тарих, шежіре!» 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні

Бұдан 41 жыл бұрын, яғни 1972 жыл – ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, 1995 жылы 23 сәуір - «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне, содан бері бұл күн Ресейде, Германияда, Америкада, т.б шетелдерде өте жоғары деңгейде аталып өтілуде. Астанада «Оқитын қоғам – бәсекеге қабілеттілік тірегі» атты халықаралық конгресс өткізілді.  Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл.

Көрініс:Жаңа кітап  пен  көне  кітап.



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Кітап –білім бұлағы,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

2.Дамытушылық: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілік: Слайдтар, кітаптар.

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі-оқушылармен сәлемдесу,мемлекеттік Гимбнды орындату.

2. Негізгі бөлім.

Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген.Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ата – бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап – білім бұлағы,білім - өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. Кітап адам баласына бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін сырлас досы болады. Ендеше, құрметті ата-аналар, ұстаздар 3 «А» сынып оқушыларының дайындаған « Кітап – рухани қазына» атты ашық тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.

Олай болса топтарымызбен таныстырып өтейін: 1-ші топ «Кітапсүйгіштер», 2-ші топ «Кітапқұмарлар».

1-ші кезең. «Кітап – рухани қазына»

Берекет: Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі,өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.

Айгерім: Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағнаны білдіреді. Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

Ақжол: Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.

Дархан: Кітап – адал пейіл, асыл дос.Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

Жансая: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Еркебұлан:Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге – деп, Абай атамыз айтқандай «Білімнің қайнар бұлағы – кітап». Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Сондықтан біз жас кезімізден-ақ кітапты сүюге және оны күтіп, ұқыпты ұстауымыз керек.

Мұғалім: Кітап – күш. Кітап – құдірет. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін де кітап. Кітапта ғана шекара жоқ. Алғашқы алланың сөзі де адамзатқа кітап болып түскен. Кітап туралы сөз болғанда міндетті түрде автор мен оқырман арасындағы алтын көпір кітапхананың орны ерекше. Ендеше, рухани байлықтың алтын кені – кітапхана туралы балалардың біліміне құлақ асайық.

Қуандық: Білім көзі – кітапта, ал кітаптың мекені – кітапхана, яғни грек тілінен аударғанда «кітап сақтайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан көптеген қызықты қажетті деректерді, ертегілерді таба аламыз, сондай-ақ «Балдырған», «Асыл сөз» сияқты газет-журналдар да бар. Кітапханада әрбір кітаптың тұратын өз орны бар.Альбина: Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден – бір сенімді серігіне айналуы тиіс. Ата-бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.

Есен: Кітап – адамның досы, кітапты оқи отырып, көп қызыққа кенелесің, айналадағы өмірмен, табиғатпен танысып, көптеген достар табасың. Ал осы кітаптар үйінің, яғни кітапхананың да өзіне сай пайдалану ережесі бар. Кітапхананың ішінде шулауға болмайды. Кітапты кітапханадан кітапханашыдан жаздырып алуы керек. Кітапты жазып беретін орынды «абонемент» деп атайды.

Қарақат: Кітапханада кітаптар тек қана сақталып тұрмайды екен, олар онда тұрғанмен өз оқырмандарына 10 күнге қонаққа барады екен, егер уақытында кітапты қайтармаса олар өздерінің үйін сағынып, мұңаяды екен. Сондай-ақ ол кітаптарды басқалардың оқығысы келіп күтіп жүргенін ұмытпауымыз керек. Кітап алушыны «оқырман» дейміз. Кітапханада кейбір өзіне қажетті деректерді кітапты үйге алмай-ақ отырып, жазып алуға арналған орынды «оқырман залы» деп атаймыз.

Мұғалім: Өте жақсы. Олай болса алғашқы кітапханалар қай жылы, қай жерде ашылғанын қарап есте сақтайық.

1838жылы - Өскеменде

1870жылы – Оралда

1883жылы – Семейде

1891жылы – Павлодарда

1892жылы – Қарқаралыда

1892жылы – Қостанайда

1906жылы – Верныйда ашылған.

Ән: «Әйбат менің кітабым» хор

2-ші кезең. «Өлең – сөздің патшасы»

Өмір мәні - өнер менен білімде Айтайықшы кітабыңды жыр ете. Әрі ақылшың - әрі рухани қазынаң Құнды байлық баға жетпес бұл өте, – деп кітап туралы өлеңдерге кезек берейік. Кітапсүйгіштер:

Дархан: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұңды жүрек түндігін. Оқырмандар тойын тойла кітаптың, Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Айгерім: Кітапты оқымайды сыйламаған, Білімге жанын қиып қинамаған. Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Ақжол: Кітаптар бейне жапырақ, Жырлайтын сырын өмірдің. Оқисың кейде жатып ап, Көтеріп күшін көңілдің.

Жансая А.: Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта Ерінбей оқы көруге.

Еркебұлан: Айдыны шалқар кейде бір, Кітапты тұнған көл дерсің. Ауадай қажет бейне бұл, Татпасаң нәрін шөлдерсің.

Нәзира: Оқулықты мектебің Берер саған теп-тегін. Білмейсің-ау сен бірақ Қанша еңбек кеткенін.

Берекет: Кітап деген бір теңіз, Тұңғиыққа батарсың. Ішіне үңіліп қарау үшін, Тарихыңа қарарсың.

Қайыржан: Кітап алма ағашы, Жемісін бізге беретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін.

Абай: Оқулығың – құралың Жағар білім шырағың. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір адым.

Кітапқұмарлар.

Есен: Саған білім жемісін Оқулығың береді. Талай адам сол үшін, Маңдай терін төгеді.

Нұрдәулет: Орманшының аялы Алақаны өсірген. Сансыз ағаш саялы Қағаз үшін кесілген.

Қуандық: Ағаш кесіп қанша адам, Ормандарда жүреді. Аға қанша шаршаған, Ағаш тиеп үнемі.

Ерлан: Машинист боп жасынан, Дүбірлетіп даланы. Сол ағашты тасыған, Білер ме көп ағаны.

Өркен: Заводтарда күн-түні Қағаз жасап бағалы. Қанша адамның кім үшін Маңдай тері тамады.

Жансая Қ.: Оқулықты баршаға, Талай ғалым қолға алып. Жылдар бойы қаншама Жазады ұзақ толғанып.

Альбина: Әдемілеп берсем деп, Бояу жағып не түрлі. Суретшілер көркемдеп, Қанша уақыт отырды.

Қарақат: Әріп теру үшін де Талай адам терледі. Баспахана ішінде Талай тыным көрмеді.

Аружан: Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп, Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп. Молайтып ақылыңа сан еселеп, Береді білім нәрін кітап көптеп.

Ән: «Кітабым адал досым » хор.

3-ші кезең. «Мақал - сөздің мәйегі».

Кітапсүйгіштер. Дархан: Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. Айгерім: Білімдінің күні жарық, Білімсіздің күні қаріп. Ақжол: Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. Жансая А.: Кітап жинай берген мұрат емес, оқыған мұрат. Еркебұлан: Оқу – білім азығы, Білім – ырыс қазығы. Білім басы – бейнет, соңы – зейнет. Нәзира: Білімдіден ақыл шығар, Ақылды қарттан нақыл шығар. Берекет: Білегі күшті бірді жығар, Білімі күшті мыңды жығар. Қайыржан: Кітап – ақыл ойдың айдыны. Абай: Білім іздеген өсер, Бүлік іздеген өшер.

Кітапқұмарлар. Есен: Кітапсыз үй – терезесіз бөлме. Нұрдәулет: Оқу инемен құдық қазғандай. Қуандық: Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ. Ерлан: Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім. Өркен: Кітап – жанашыр адал досың. Жансая Қ.: Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі. Альбина: Кітап – алтын қазына. Қарақат: Ақыл – тозбайтын тон. Білім – таусылмайтын кен. Аружан: Кітап білім бұлағы – білім өмір шырағы.4-ші кезең. «Өнерлі өрге жүзер».

Көрініс: «Науқас кітап». (Бір оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкеледі.)

Оқушы: Сәлеметсіз бе, дәрігер!

Дәрігер: Амансың ба?

Оқушы: Дәрігер мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды алдымен ауруын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып, осындай күйге жеткізіпті.

Дәрігер: Мұңайма емдеп жазамыз.Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған. Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын, Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын. Таза болсын беттері, кірлемесін. Көрген адам «кітабың кір» демесін.

Мен кеңестер жазып беремін, үнемі есте сақтап жүр - кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме; - кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал; - кітап беттерін жыртпа; - кітапқа сурет салма, жазба; - тамақ ішіп отырып кітап оқыма; - кітап беттерінің арасына қарандаш, қалам салма;

Оқушы: Жарайды, дәрігер кеңестерін үнемі есте сақтаймын.

Ән: «Алтын ұям – мектебім» Орындайтын: Әбдікәрім Қарақат, Тағыберген Альбина

5-ші кезең. «Білімді – мыңды жығар»

Сіздерге берілген сұрақтарға мақалмен жауап бересіңдер.

Кітапсүйгіштер.

1.Жылан інінен қалай шығады?

Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.



2.Қар жана ма?

Қалауын тапса, қар жанады.3.Инемен құдық қазуға бола ма?

Оқу инемен құдық қазғандай.



4.Еңтәтті не?

Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті.



5.Не қорқақ,не батыр?

Көз қорқақ,қол батыр.



6. Не адамның арқауы?

Ас адамның арқауы.



Кітапқұмарлар.



1.Кімнен кім жаман?

Олақтан салақ жаман.



2.Тауық түс көреме?

Тауықтың түсіне тары кіреді.



3.Оттан да ыстық не?

Отан оттан да ыстық.4.Ер қаруы нешеу?

Ер қаруы бес қару.



5.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Отан үшін отқа түс күймейсің.



6. Түкіріктен көл болама?

Көп түкірсе көл болар.



6-шы кезең «Ойлан тап».

Жұмбақ шешу

1. Сандығым бар өзгеше

Қолыма алып жүремін. (кітап)



2. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)



3. Оқытады жазда,

Оқытады қыста

Тілсіз дана ұстаз. (кітап)



4. Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (ұста5. Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (дәптер)



6. Көлемі шағын көп қырлы,

Қолдан қолға өтеді.

Өмірдің талай мол сыры,

Ішіне сиып кетеді. (кітап)



7. Оқу-білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі де бірнешеу,

Тиегі бар ашпалы. (сөмке)



8.Қойған жеріңде жатады,

Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады. (кітап)



9. Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)



10. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап)



7-ші кезең. «Білім көзі – кітапта »

Сұрақтарға жауап беру.

Кітапсүйгіштер.

1. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Әйтеке, Қазыбек)



2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата. (Ә.Молдағұлова, М.Мәметова)



3. Жыл атауынан құр қалған жануар не? (Түйе)



4. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин)5. Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім? (Бауыржан Момышұлы)



6. Қазақ халқының тұңғыш балуаны. (Қажы Мұқан Мұңайтбасұлы)



8-кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»

Сөзжұмбақ шешу.

1. Кітапсүйгіштер.



1. Балалар журналы. (айгөлек)

2. Оқушының жанашыры. (мұғалім)

3. Қазақстандағы болған ашаршылық пен оның себебін Сталинге алғаш болып айтқан адам. (Тұрар)

4. «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол, адам болам десеңіз!» деген өлең жолын кім жазған? (Абай)

5. Адамның асыл досы. (Кітап)

6. Кітап басып шығарылатын жер. (баспахана)

7. Киелі құс. (аққу)

8. Қара алтын. (мұнай)

9. Ер қанаты. (ат)



2. Кітапқұмарлар





1. Ананың перзенті. (бала)

2. Жердің серігі. (ай)

3. Қазақтың атақты үш биінің бірі. (Төле би)

4. Ұлттық аспап. (домбыра)

5. Жыртқыш аң. (қасқыр)

6. 100 жыл (ғасыр)

7. Ат тұяғына тағатын зат. (таға). Мектеп оқулықтары қай баспадан шығады? (атамұра)

9. Мейірімді жан. (ана)





Ұстаз ана – болашақтың анасы,

Ұстаз ана – ақыл-білім панасы.

Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,

Әр шәкірттің оянады санасы, - деп келесі кезекті «Ұстазым» әніне береміз.

Ән: «Ұстазым».

Орындайтын: Тілек Берекет



3. Қорытынды.

Осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті, ендеше сөз кезегін мектебіміздің кітапханашысы _______________________________ апайға береміз.

Келесі сөз кезегін ата-аналарға және мектебіміздің Тәрбие жұмысының орынбасары

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!