Материалдар / Кітапхана имиджі. Кітап оқуды қолдау. Қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты және оқырман мәртебесін арттыру.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кітапхана имиджі. Кітап оқуды қолдау. Қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты және оқырман мәртебесін арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашыларға қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
1392
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітапхана имиджі. Кітап оқуды қолдау. Қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты және оқырман мәртебесін арттыру.

Бүгінгі күні жастардың қоғам өміріндегі ролі күн өткен сайын маңызды болып келеді. Алдыңғы шепке серпінді, креативті, заманауи ойпікірі бар жас кəсіпқой мамандар шығатын уақыт туды. Кадрлік қорларға, біріншіден жастарға инвестиция жұмсау – кітапхана мекемелерінің бəсекеге қабілетті болуына бағытталған ұзақ мерзімге бөлінген қаржы болып табылады. Жақсы дайындығы мен дұрыс ұйымдастырушылық қабілеті бар қызметкерлер кітапхана тағдырын анықтайды. Ал Алматы облысының жас кітапханашылары өз кітапханаларының тағдырын анықтай ала ма? Кітапханаға негізінен маман емес қызметкерлер келетіні белгілі. Жас буынның кітапханаға ерекше ағылып келгені кейінгі жылдары байқалды. Алынған мəліметтерге сүйенетін болсақ, кітапханаға басқа салада жұмыс жасаған немесе білім алған жастар жиі келеді. Олар филологтар, лингвистер, программистер, экономистер, заңгерлер, тіпті дизайнерлер де. Əрине, кітапханашы мамандығы əрқилы білім мен шеберлікті талап ететіндіктен, бір себептен жаман да емес. Сондықтан кəсіптік білімі жоқ жас мамандарға тиімді мамандандырылған бейімділік жасау – басшының міндеті болып табылады.

Кітапхана саласындағы жас кітапханашылардың еңбек өтілі қандай? Кітапханалық білімі жоқтығына қарамастан кітапханашы мамандығын көптеген жастар таңдауда, қазіргі күні 2-3 жылдық еңбек өтілімдері бар. Бірақ дегенмен үштен бір бөлігі енді ғана мамандыққа енуде. Қазіргі жастардың кітапханада жұмыс жасауына аттестациядағы əңгімелесу қорытындысы, кітапханаға қатынауы септігін тигізеді. «Неліктен жұмыс істеуге кітапханаға келдіңіз?» деген сұраққа кітапхана жұмысына ойламаған жерден, түрлі жағдайлардың салдарынан келгендері жайлы жиі естиміз. Ал егер нақтырақ айтар болсақ, көптеген жастарды кітапханаға ақшаның тапшылығы əкеледі. Жəне осы жұмыс өзінің төмен еңбек жалақысымен олардың ағымдағы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тек кітапхана жұмысымен етене танысқан кезде ғана кітапханада жұмыс жасау керектігін, оқитын, ойлайтын, сөйлейтін, жазатын, заманауи технологияларды игерген адам болу керектігін түсінеді. Жалақысы төмен, талаптары биік екенін көрген соң көп жастар кітапхана жұмысынан кетіп қалады. Жас кітапханашылардың 8% «отбасылық дəстүрге байланысты» кітапханада жұмыс жасайды. Қазіргі күні кітапханаға «өз еркімен» немесе «əуестігіне» қарай келетіндер өте аз. Көпшілік кітапханалардағы жас қызметкерлердің тек азғантай пайызы əу бастан кітапхана еңбегіне арнайы бағытталып келгендер. Жас кітапханашылардың кітапхана ісіне деген көзқарасы қандай?

Статистика бойынша тек 22% жас кітапханашылар кітапхана жұмысын беделді деп бағалаған. 12% – кітапхана жұмысын жалықтырғыш, арзымайтын, беделсіз, əбігерлі жұмыс деп есептейді. 22,4% – жұмысты «зияткерлік жұмыс» деп анықтапты. 19% – шығармашылық жұмыс деп тауыпты. Жас кітапханашылар өздерінің маман ретінде қалыптасуларын алдымен кəсіптің əлеуметтік бедел деңгейімен жəне еңбек ақысының деңгейімен бағалайды. Мұндай жағдай жаппай тегіс жерлерде. Мысалы, америкалық зерттеулер бойынша кітапханашы ең танылмаған бес мамандыққа тұрақты түрде еніп отырады екен. Жас қызметкерлердің кітапхана жұмысымен қанағаттанбауының себебі неде? Олардың басым көпшілігі бірінші орынға төмен жалақыны қояды. Содан соң материалды-техникалық базаның əлсіздігі десе, үшінші орынға мамандықтың беделі жоқтығы десіпті. Кəсіптік қанағаттанбаушылықтың басты осы себептері барлық кітапханашыларға тəн. Олардың жасына, еңбек өтіліне, лауазымына, кітапхана мен аймақтың түріне де байланысты емес. Американдық зерттеушілер АҚШ кітапханаларындағы білікті мамандардың «қартаюы» мен тапшылығына əкелетін 3 маңызды факторды атайды. Олар: төмен жалақы, қызмет бабымен көтерілу мүмкіндігінің жоқтығы мен қызметкерлердің жетістіктерін жеткіліксіз ынталандыру жəне мамандыққа деген қоғамның негативті, жағымсыз қарым-қатынасы. Əрине, əсіресе қалаларда жалақы төмен, жəне мамандық та мəртебесіз. Бірақ неліктен ол мəртебесіз? Неліктен біз, кітапханашылар, өз мамандығымызға жеткіліксіз құрмет жоқ деп ренжиміз? Неге біздің еңбегіміз бағаланбайды? Мүмкін бізге көрсетілетін қарым-қатынастың жеткіліксіздігіне өзіміз де бір себептен кінəлі болармыз? Кітапханаға оқырмандардың қатынасуын сараптай келе біз көптеген кітапханашылардың əдебиетті, оның ішінде арнайы əдебиетті оқымайтынын байқадық, өз қызметтерін сараптамайтынын көрдік, берілген реттемеден шығып кетуден қорқатынын айғақтадық. Бірақ жанында жұмыс жасап жүрген өз əріптестері дəл сол жалақыны алып, қызықты жұмыс жасап, одан да жақсыға ұмтылады. Жəне көп кітапханашы күнделікті жұмысымен тек жалақыны ғана емес, қоғамға өздерінің қажеттіліктерін, мəртебесін де дəлелдеп табу керектігін түсінеді.

Бүгін кітапханашылардың кəсіби санасын өзгерту қажет. Кітапханаға келген жастар тек мамандық қана алып қоймай, осы кəсіптің өмірлік жұмысы болып қалуына қалай қол жеткізе аламыз? Жеңіске кез-келген бағамен емес, қасында жұмыс жасап жүрген əріптестеріңмен бірлесе диалог арқылы, серіктестік, сындарлы қарымқатынас жасау арқылы жету керектігін қалай үйретеміз? Қазіргі уақытта жаңа жобалар жасау үшін мықты кəсіби маман болып қоймай, шығармашылықты менеджерлік ептілікпен қоса алып жүру керек. Бүгінгі күні кітапханаларға қоғамның қойған талаптарына сай болу үшін жоғары деңгейдегі мамандар қажет: білімді, мақсаткер, шығармашыл, жағдайды билей алатын, өзгерістерді дер кезінде көріп, дұрыс шешім қабылдай алатын мамандар. Ал бұл үшін қоғамнан өзінің əлеуметтік орнын тез табуға ерік беретін кітапхана ісінің жаңа философиясы қажет. Қазіргі қоғамға жаңа кітапхана, заманауи кітапханашы мен оқырман қажет. Бұл тығырықтан шығар жол қайсы? Əрбір кітапханаға аймағындағы əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени жағдайларды ескере отырып өзінің міндеті мен мақсатын қайта қарастырып, өз мекемесінің ашық жүйе ретіндегі даму концепциясын ойластыру керек. Бұл үшін кітапхананың қоғамдағы орны жайлы кітапхана қызметкерлерінің көзқарастарын ғана емес, сонымен қатар нақты жəне потенциалды пайдаланушылардың да көзқарастарын анықтау керек.

Бүгінгі күні біздің мамандыққа ең алдымен «Көрнекілік, тұлғалылық» жетіспейді. Əрине, жағдайды өзгерту оңай емес. Дегенмен кітапханалар икемді, серпінді жүйелер болып қалыптасуы керек. Сондықтан кітапханашы мамандығын оң қабылдауды қалыптастыру өте маңызды, əрі қажетті. Яғни, бүгін кітапхана мен кітапханашының бет-бейнесін өзгерту – біздің мамандыққа деген құрметті жаңғыртудың жалғыз жолы. Біз туралы пікірді өзгерту үшін, өзімізге де өзгеру қажет. Қазіргі заманғы кітапханалық маман міндетті түрде мамандықты алға бастыру технологияларын меңгеріп, РR мен жарнаманың негізгі заңдарын біліп, қажетті коммуникативті дағдыларды игерген болуы керек. Бүгінгі кітапханалық жарнама тосыннан, қызықсыз кітапханашы туралы мифті жоятын жарқын жарнамалар болуы қажет. Біз өз мамандығымызды бұқаралық ақпарат құралдарында жайғастыру үшін, сөйлеу мен жазу өнеріне машықты болуымыз керек. Жарнамалық бейнероликтер мен электронды тұсаукесерлерді жасаудың технологиясына үйреніп, мамандығымызды, ақпараттық қызметімізді алға бастыру үшін кітапханалық сайттарды қолдану мүмкіндіктерін көрсетуіміз керек. Кітапханалар ақпараттандыру мен маркетинг стратегиясына ғана мұқтаж емес. Олар қызметкерлер мен жұмыс стратегиясын да қажет етеді. Жаңартпалық менеджмент пен қызметкер стратегиясы негізінде құрылған кітапхананың кадрлық əлеуетімен басқарудың жаңа стратегиясы қажет. Жобалық қызметпен қоса, кітапханалық менеджмент пен маркетингтік жабдықты меңгеруді ерекше назарға алу керек. Əрбір жұмыс орнында кəсіби əлеуеттену мен шығармашылық даму жəне еселі қызметке бағытталған жағдайлар жасау керек. Өкінішке орай, Үкіметте əлі «Мəдениет ұйымдары жұмыскерлерінің үлгі штаттары» сынды маңызды құжат бекітілмеген. Соның салдарынан көптеген Орталықтандырылған кітапхана жүйелері штаттарын ұлғайта алмай, құрылымдық бөлімшелерін (автоматтандыру, ақпараттықбиблиографиялық, қызмет көрсету, толықтыру бөлімдерін) құра алмай отыр. Кітапхана қызметкерлеріне кəсіби мансабын жоғарылату мақсатымен «Қор мектептеріне» енуге мүмкіндіктер беру, кітапхананың бағдарламалары мен жаңартпашыл жобаларды дайындау мен жүзеге асыруда ұжымдық жұмыстарға белсенді араластыру арқылы ынталандыру мен марапаттау бойынша үлкен жұмыстар жүргізу қажет. Жастардың кітапханалық еңбекке бейімделуін басқару барысына көңіл бөлген жөн. Жас маман келген жерге кəнігі маманды тəлімгер етіп сайлау керек. Ұжымға келген жастарға құрмет көрсету қажет. «Жаңадан келген адамның бейімделуі» сынды Бағдарламалар құрастырып, оған қызметкерлердің бейімделуін, кітапханамен, оның мақсаты мен дəстүрлерімен, кітапхана саясатымен, еңбек ақысымен танысу тəртіптерін енгізген дұрыс. Ақпараттандыру жағдайларында кітапханашының кəсіби қызметі ауырлап кетті. Бүгінгі жас кітапханашылар интернет-ресурстарды (біліми, анықтамалық, ата-аналарға арналған пайдалы ресурстарды ұсыныстық сервистерді жəне т.б.) білуі міндетті. Web-беттер құра алатын, əрі жаңарта алатын мамандарды дайындау қажеттілігі бар. Сондай-ақ, біз, электронды баспа қызметіне де машықтануымыз қажет. Сондықтан, кітапхана оқырман-пайдаланушыға дəстүрлі қызмет көрсету əдістерімен қатар, ақпараттық ресурстардың электрондық орталықтарына айналуда. Кітапханалық мамандарды дайындауға қойылатын талаптар да өзгеруде. Бүгінгі күнгі кітапханашы – ақпараттық дəнекер, Web-зергер, деректер базасының əкімгері, ақпараттық брокер, информатик. Осы аталған мамандықтар иегері өз жұмысының тиянақты орындалуына жауап береді. Тек сонда ғана ақпараттың нақты, əрі қол жетімді болуы қамтамасыз етіліп, ақпараттық қызмет пен ақпаратқа еркін қол жеткізудегі əр тұлғаның құқығы қорғалады. Сондықтан біздің кəсіптің ерекшелігі – жоғары деңгейдегі кəсіптік шеберлікті ұстану үшін тұрақты түрде білім мен іскерліктің жаңартылуын талап етеді. Осыған орай, жас кітапханашылар үшін қайталанбалы бейімділікті енгізу қажет. Ал аудандық, қалалық, облыстық кітапханалар жас кітапханашыларды оқытудың кəсіби алаңы болу керек. Бүгінгі күні кəсіби шеберлік жайлы айту өте күрделі. Көптеген семинар, тренингтер, сынақтамалар өткізілуіне қарамастан көптеген кітапханашылардың, əсіресе ауылдағы мамандардың кəсіби деңгейі төмен. Ол ең алдымен сөйлеу мəдениетінің осалдығына, жұмыс алгоритмін білмеуіне байланысты. Өздігінен білім алуға тіптен көңіл бөлмейді. Кітапхана қызметкерлерінің білімдері, іскерлік пен машықтары ақпараттық коммуникация əлемінің өзгерістерінен көп артта қалуда. Жəне де саланың реформасының жаңа əлеуметтік міндеттеріне үйлеспейді. Жас кітапханашылармен өткізілетін əңгімелер, сынақтамалар олардың əдебиетті білмейтінін айшықтайды. Жеке коммуникативті біліктіліктерін дамытпайды, жаңашылдықтарға қабілеттері жоқ. Жас кітапханашылар өз білімдерін өзектілендіруге зəру. Онсыз алға баса алмайды. Сондықтан кітапханаларда барлық бағытта жұмыс жасайтын жас кітапханашыларды үйрету бағдарламалары болуы қажет. Облыс кітапханашыларының кəсіби бейімділік барысын жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізу керек. Ең алдымен ол бейімділік саласының негізгі қағидаларының бейнесі болмақ. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлерін басқару жүйесіне енетін кітапханашылардың кəсіби бейімделу барысын басқару үлгісін дайындау қажет. Бейімділіктің барлық аспектілері айырмашылықтарына қарамастан əрдайым тығыз байланыста. Сондықтан кітапханадағы бейімделу барысын басқару бірыңғай əсер ету құралдар жүйесін талап етеді. Əрине, республика бойынша секілді, біздің алдымызда да бірқатар мəселелер тұр. 2003 жылы-ақ айқындалған үрдістер қазір ұлғая түсті: 1. Кадрлардың қартаюы, тұрақтанбауы. Қоғамда кітапханашы кəсібінің əлеуметтік беделі төмендегендіктен əрі жалақысы төмен болғандықтан, тəжірибелі жас қызметкерлер кітапханадан кетіп жатыр. 2. Колледждер мен ЖОО түлектері басқа салаларда, коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеуге талпынады. 3. Арнайы кəсіби білімі бар жастардың кітапханашы қызметіне аз келуі кітапханалардағы арнайы жоғары білімі бар қызметкерлер санының төмендеуіне əкелді. 4. Кітапхананы қолайлы ұсыныстар түскенге дейін пайдаланатын уақытша қызметкерлер саны артып кетті. 5. Кітапханаларда мансаптың өсуіне мүмкіндік жоқ. 6. Қоғамда кітапханашы кəсібінің əлеуметтік беделі төмен. 7. Жас кітапханашылардың кəсіби жəне біліми деңгейі төмен. Осының бəрі жас кітапханашылармен жүргізілетін жұмыстың əлі де кітапханаішілік кадрлық саясаттың да, мемлекеттік салалалық саясаттың да басым бағыттарының бірі емес екенін дəлелдейді. Егер осы мəселелер жақын арада жағдайдың өзгеруіне барлық жауапты жəне мүдделі мекемелермен шешілмесе, кітапханалық жəне ақпараттық істің зияткерлік əлеуеті түгесіледі. Шығармашыл белсенді, жігерлі жастар бұл саладан тіпті кетеді. Жоғарыда айтылған мəселелер кітапханалық саладағы кадрлық дағдарыстың дамуына əсер етуі тиіс. Өйткені қоғамның дамуындағы жастардың рөлі мемлекеттік тұрғыда көтерілген. Кітапханалық жастар – XXI ғасырдағы кітапханалардың стратегиялық қоры болмақ. Қазіргі кезеңде жас кадрлармен жұмыстағы болашақ бағдарламасының қажеттілігінен туындайтын сұрақтың шарттары мен себептері: 1. Барлық Орталықтандырылған кітапханалар жүйелеріне «Жастардың кадрлық қоры» бағдарламасын жасау; 2. Біздің саламыздағы кадрлық жағдайдың мəселелеріне басқару органдарының назарын аудару; Орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінде кадрларды басқару жүйесін дамыту, яғни, тəлімгерлік, біліктіліктерін көтеру, шетел, ТМД елдерінің кітапханаларында машықтану жəне т.б. 3. Өз орындарында жастар кітапханалық қозғалыстарын құру. Жастар кітапханалық қозғалыстары екі бағытта құрылып, дамуы керек: • Жас мамандардың кəсіби жəне əлеуметтік дамуы; • Кітапханалардағы жас кадрлармен жұмыстың түрлері мен əдістерін дамытып, жетілдіру; 4. Барлық Орталықтандырылған кітапханалар жүйелеріне «Кітапханашы – XXI ғасыр мамандығы» бағдарламасын құрастыру; Бұл бағдарламаны жүзеге асыру кезінде: • Кітапханалық кəсіпті жан-жақты ашатын кəсіптік бейімделу жұмысын дамытуға, маман əрі тұлға ретінде кітапханалық-ақпараттық салада шығармашылық дамуына мүмкіндік беруге; • Қоғамның дамуына əсер ететін кітапханалық кəсіптің маңыздылығын ашатын сайыстар өткізуге; • Жас кітапханашылардың кітапханалық қызметке жақын салалардың əрі басқа да саланың іс-шараларына қатысуына көңіл бөлу қажет. 5. Кəсіби, орталық жəне аймақтық мерзімді басылым беттеріне кітапханалық мамандық пен кітапханашылар жайлы жариялымдардың санын өсіріп, сапасын жақсарту керек; 6. Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің облыстық біліктілікті көтеру курстарын қайта жандандыру керек. Курстар негізінде 2 жылдық жас кітапханашылар мектептерін ашу қажет. 7.Орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінде кəсіби мансапты өсіру, кітапханалық инновациялық бағдарламалар мен жобаларды құрастыру мен жүзеге асыру мақсатымен «Қор мектептерін» ашу керек. 8. Орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшылары өз жүйелерінің жас кітапханашыларымен жұмыс бойынша реттемелеуші құжаттарды дайындап, бекітуі керек. 9. Орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қалыптасқан кадрлық саясат бойынша еңбек тəжірибесін зерттеп, тарату қажет. 10. Форумның материалдары бойынша жинақ басып шығарып, барлық Орталықтандырылған кітапханалар жүйелеріне тарату қажет. 11. Жастардың кітапханалық саясатының мəселелері бойынша жиі (2-3 жылда бір) конференциялар, слеттар өткізіп тұру қажет. Жастар – еліміздің болашағы, кітапханалық жастар – үшінші мыңжылдықтағы кітапхананың болашағы. Дəл бүгінгі жас кітапханашылар белсенді түрде кітапхананы əлемдік ақпараттық кеңістікке шығару борышын өздеріне артулары керек. Ал бұл міндет кітапханалық жастардан белсенділік пен жаңашылдықты талап етеді. Жаңартпашыл ойлау қабілеттері олардың кəсіби ойлау қабілеті болу керек.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!