Материалдар / Кітапхана-мектептің ақпарат орталығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітапхана-мектептің ақпарат орталығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы - кітапхана. Сондықтан да, мектеп кітапханасын - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
742
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітапхана –мектептегі ақпарат орталығы


Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп - өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

 

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.

Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.

Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай - ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс - шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.

Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ.

Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.

Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар - ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.

Қазіргі таңдағы жан - жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай - ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой - өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.

Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден - бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор.

Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады. Кітапханада атаулы күндерге арналған тақырыптық және ашық кітап көрмелері ұйымдастырылады; өзекті мәселелер бойынша тақырыптық папкалар жасалады, кітапхананың пайдалану ережелері туралы бастауыш сыныптар арасында әңгімелер ұйымдастырылады, орта, жоғары сыныптар арасында кітапханалық сабақтар, конференция, сайыстар өткізіп отырамын.

Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электрондық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларда жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологиясына алмастыру. Кітапхананы электрондық медиатекаға айландыру деп көрсетеді.

«Медиатека» дегенде түсінетініміз - әртүрлі нысандағы құжаттарды жинақтаған және қажетті арнаулы құрал - жабдықтармен және техникалық құралдарды пайдалана отырып, оларды пайдаланушыларға жоғары деңгейде ұсынатын қазіргі заманғы озық кітапхана. Кітапхана - медиатека мектептің жергілікті жүйесінде бола отырып, әлемдік ақпараттар қорына шығуға жол ашады.

Мектеп кітапханаларында жаңа ақпараттық технология ендіру мақсатында барлық кітапханашы мамандармен кітапхана ісінің негізгі бағыттарына арналған семинарлар, курстар, яғни әртүрлі тақырыптарда тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

Кітаптың әлемдік өркениетке үлесі шексіз. Қазіргі кезде интернет, теледидар, радио, басқа да ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырды. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды. Өйткені адамның жан - дүниесін, армандары мен сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық.

Сондықтан да кітап әрдайым басты рухани байлығымыз болып қала бермек. Қазіргі кітапханалар – ақпараттық, мәдени - ағартушылық, ғылыми - зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай сонымен бірге оны сауатты түрде қолданады.

Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету. Ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Қоғам өз кітапханашыларының мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі интернет қызметіне үйренген, олар электронды тасығыштарды, соның ішінде компакт - дискілерді, сақтау және ақпараттық жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қарайды.

Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы - кітапхана. Сондықтан да, мектеп кітапханасын - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.






























Кітапхана туралы

«Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ

ғылыми кітапханасының қызметі туралы

1. Кітапхана қоры. Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Заңнама институты) кітапханасының қорын баспа басылымдары (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, жинақтар, брошюралар, анықтама басылымдар, газеттер, журналдар), мәтіндік басылымдар, сондай-ақ CD-дискілер құрайды.  Кітапхана қоры баспа басылымдарын кітап дүкендерінен мемлекеттік сатып алу арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардан, оқу және ғылыми ұйымдардан және Заңнама институты баспаханасынан түсетін баспа басылымдарымен қалыптастырылып отырады.

Бүгінгі күні кітапхана қоры 2800 баспа басылымын және Қазақстанның, Ресей Федерациясы мен басқа да шет елдердің 2003 жыл мен 2016 жыл аралығындағы 140 аталым, 1000 жуық дана баспа басылымдарын құрайды, оның ішінде, Қазақстан журналдары – 54 аталым, Ресей және шетел журналдары  –  80 аталым (оның ішінде 18 аталым журнал  қазақ тілінде және 116 аталым орыс тілінде, 3 газет қазақ тілінде, 3 газет орыс тілінде).

Заңнама институтының 2006 жылғы маусымынан бастап қалыптастырылған кітапхана қоры толық өңделіп, жүйеленіп, кітапхананың жүйелік электрондық каталогына енгізілді.

2015 жылы  24 аталым мерзімді басылымға жазылу ұйымдастырылған болса, 2016 жылы – 28 аталым  басылымға жазылу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ кітапхана қорына  2015 жылғы қаңтар мен 2016 жылғы мамыр аралығында 128 дана заң әдебиеті  түсті.

Түскен  заң әдебиетінің басым бөлігін конституциялық, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және халықаралық құқық салалары бойынша  қазақстан, ресей ғылыми, оқу, анықтама басылымдары мен НҚА жинақтарын құрайды.

2. Кітапхананың  анықтама-библиографиялық жұмысы.

Кітапханада 2006 жылғы маусымынан бастап кітапхананың  анықтама-библиографиялық аппаратының мына түрлері қалыптастырылып, уақытылы толықтырылып отырады (электрондық нұсқа):

1. 1500-ден аса сипаттаманы қамтитын кітапхана  қорының электорондық жүйелік каталогы.

2. 6 сала бойынша СD-дискілердің 21 сипаттамасын қамтитын электрондық басылымдардың  жүйелік каталогы.

3. Ағылшын, корей, неміс тілдеріндегі 30 басылымды қамтитын шетел басылымдарының каталогы.

4. Журналдардың, газеттер мен ресми басылымдардың 140 аталымын қамтитын 2003-2016 жылдардағы мерзімді басылымдардың тізбесі.

5. 30 тақырыпты және 430 библиографиялық сипаттаманы қамтитын (2007-2016жж аралығы) журнал мақалаларының картотекасы.

Кітапханада үнемі «Жаңа  түсім», «Қазақстан Республикасы Заңнама институтының басылымдары», «Заңнама тілінің лингвистикалық мәселелері» және өзге де  тақырыптарда кітап көрмесі ұйымдастырылып отырады.

2011 жылғы ақпан айынан бастап кітапханада анықтама-библиографиялық аппаратты қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Kazakh Soft» компаниясы әзірлеген Қазақстандық автаматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Standard ҚАКАЖ) енгізілген.

Бүгінгі күні Standard ҚАКАЖ -де:

109  библиографилық сипаттаманы  қамтитын, 2010-2016 жылдары ғылыми журналдарда және ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жарияланған  Заңнама институты ғылыми қызметкерлерінің ғылыми мақалалары картотекасы;

Қазақстан мен ресейдің оқу және ғылыми басылымдары енген, 670-ке жуық  кітаптың (1133 дана) сипаттамасын қамтитын кітап қоры каталогы қалыптастырылған.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!