Материалдар / Кітапханалық сағаттың тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітапханалық сағаттың тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханалық сағаттың тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» қызмет алушыларға ашық есік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
97
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кітапханалық сағаттың тақырыбы:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»



Кітапхана сағатының мақсаты:

  • Сіздерді қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналған тақтамен қысқаша таныстыру;

  • ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау


Көрнекіліктер: Абайдың суреті, аудиотаспа, домбыра, үлестірме қағаздар т.б.


  1. Басты бөлім


«Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-

деп , құрметті қызмет алушылар, қонақтар!

кітапханалық сағатымызға қош келдіңіздер дегім келеді ! Бүгінгі біздің бас тақырыбымыз, сіздердін Абай атамызға арналған тақтаға назар аудару! Бүгін жарқын бейнесіменде, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы атамыздың бізге қалдырған аманаты – асыл сөздері.

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,

Толғайды Абай мұңымменен зарымды.

Абай сынды дана туған халықтың,

Ұл-қызы да болу керек дарынды, —деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

ІІ. Негізгі бөлім

  Абайдың қара сөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абай қара сөздері тақырып жағынан бір неше топқа бөлу:

  • Өмір баяндық: 1 - сөз.

  • Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.

  • Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.

  • Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.

  • Қазақтың мақал – мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.

  • Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.

  • Жас баланың психологиясын еске алыпталдаған сөз: 7 - сөз.

  • Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.

  • Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.

  • Адамгершілік, ар – ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.

  • Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.

  • Нақыл сөздерденғана тұратын қара сөзі: 37 – сөз.


Абай қара сөз жазудағы мақсатын өзінің 1 – сөзінде былай деп береді:

Бірінші қара сөзін аудио кітап арқылы тыңдату


«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде – кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым – қатынас жөніндегі көз қарасының жиынтығы.

Қорытынды:

Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін. Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарма.

Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз!

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай, сөз кезегін орталықтын музыканты Нұрғалиев Беделбек ағамыздын орындауында « Көзімнің қарасы» әні шырқалады. Олай болса бәріміз қосылып осы ән мен кітапхалалық сағатымызды аяқтайық.



Құр. Кітапханашы- Айткалиева К.Р.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!