Материалдар / кластан тыс жұмыс :"Мейірім толы жүрегім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

кластан тыс жұмыс :"Мейірім толы жүрегім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Ата –аналарды мектепте өткізіліп жатырған іс-шараларға тарту. Міндеттері: Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2018
571
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



60 жалпы білім беретін орта мектеп







ТShape1

Мейірім толы жүрегім...

әрбие сағат тақырыбы:




Дайындаған: 9 «Ә» класс жетекшісі

Алшағырова Тұрсынгүл Серікбайқызы























Ақтөбе-2018


Мақсаты:

Ата –аналарды мектепте өткізіліп жатырған іс-шараларға тарту.

Міндеттері:

Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

«Болады-болмайды»

(Ата-аналар шеңберге тұрады, класс жетекші болатын нәрселерді айтқанда ата-аналар қолдарын 2 рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтарымен тарсылдатады)

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,                                             Жаман болуға ….! (болмайды).


Пойыздың дауысы

  • Құрметті жолаушылар, Астана уақыты сағат 13.45 – те №60жалпы білім беретін мектебінен «Мейірімділік» бекетіне пойыз жүргелі тұр. Жолаушыларды өз орындарына жайғасуын сұраймыз!

Ата-аналарорындарына отырады.

  • Дайынсыңдар ма? Жолда бізді ерекше аялдамалар күтіп. Олай болса кеттік!

Пойыздың дауысы

Пойыз «Сыпайылық» бекетіне келіп жетті.

  • Қалай ойлайсыздар, ата-аналар бұл бекеттің ерекшелігі неде?

  • Тұрғындары қандай деп ойлайсыңдар?

  • Сыпайылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сіз бенен біздің арамыздағы сыпайылық сатысы қандай?

-Осы бекеттің тұрғындарымен амандасайық.

«Амандасу» ойыны.

1- вагонның адамдары: «Сәлем» - деп, бір қолын бүлғайды.

2- вагондағылар: «Привет»- деп, екі қолын жоғары көтеріп амандасады.

  • Дайындалып алайық. Алдымен1- вагондағылар, сосын 2- вагондағылар. Сосын бірге.

  • Сонымен ұқтыңдарма мейірімділікке жетелейтін ең бірінші - ол сыпайы сөздер, бір ғана сөзбен ренжіп тұрған адамды жұбатуға, жылап тұрған адамды жымитуға болады екен.


  • Жақсы «Сыпайылық» бекетінің тұрғындарына сау болыңдар- деп, ары қарай жол жүрейік.

Пойыздың дауысы

«Даналық, ақылдылық бекеті» - де келіп жеттік.

  • Құрметті ата-ана, бұл бекеттің тұрғындары қандай деп ойлайсыңдар? Олар бізге мейірімділік туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер дайындап қойыпты. Соларды оқып, мағынасын ашып көрейік.


Ақыл айтар мезгілде,
Мың жасаған шалдай бол.
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол. Б. Момышұлы

Айналаңа мейірімді болу адамды жақсылық жасауға жетелейді.

«Адал жанды өнеге тұт өзіңе».
Жүсіп Баласағұни.


Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
Ғабиден Мұстафин.


Үлкенді ізетте,
Кішіні құрметте.
Бауыржан Момышұлы.


Мейірімділіктің жолы- жарық күн.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
Видеоролик

  • Құрметті ата-ана!! Бұл өмір . Осындай жағдай, тағдыры қиын адамдар арамызда. Оларға көмектесу үлкен сауап!

«Мәдениет» бекеті
- Тапсырма: Суреттермен жұмыс, мәселелі жағдаяттарды шешу, берілген жағдаяттарды ойнап көрініс көрсету.


  1. Менің көршім жұпыны.Ал мен бизнесмен.

  • Баласы сабақтан қалды.Сіз көршісі ретінде не істейсіз?


  • Бұл бекеттен не ұқтыңыздар?

-Құрметті жолаушылар, шаршадыңыздар ма?

-Демалып алайық.

Тыныштық сәті

     Ата-аналар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық.

Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.

  • Ақырын музыка ойнап тұрады.

Ары қарай жолымызды жалғастырайық.


«Сәби бақыты» клип

-Ауқаттанып алайық.

- Құрметті жолаушылар, сіздерге ерекше тағамның рецебін ұсынғым келіп тұр.

- бүгін үйге барып баламызға пісіріп берейік:

Қамыр илеу үшін бізге:

200 г жымиып күлімсіреу

300 г күлкі

1 кг денсаулық

1 кг табыс

2 стакан сыпайылық

1 уыс жақсы сөздер

Және мейірімділіктен бір щөкім

Құрметті ата-ана, біз өзіміздің бекетімізге де таяп қалдық.

«Сұраныс бойынша аялдама»

  • Жолымызда кедергі:

  • Қараңдаршы, мына екі жүрекке. Не айта аласыздар? Бір жүрек ауырып тұр. Оны қалай емдеуге болады?

  • Қандай қасиеттер адамның жүрегін емдейді. Таңдап жүрекке жабыстыру, жүректегі тікендер сонда кетеді екен.

  • Қараңыздаршы, қандай мейірбан жүрек шықты, бұл жүрек сіздердің мейірбан жүректеріңіздің бір бөліндісінен құралды.

Пойыздың дауысы

  • Олай болса, құрметті жолаушылар, біз өзіміздің мейірімділік бекетіне де келіп жеттік. Сіздерге жиын сабақ ұнады ма? Қандай қызықтар болды?

  • Сабағымыздың басында ,біз не істеуге болады,не істеуге болмайды деп едік? Кімнің есінде бар?Еске түсірейік. Бұнымен біздің мейірімділік еліне саяхаттарымыз аяқталмайды, ол ары қарай бүкіл өмірлерің бойы жалғаса береді деген ойдамын. Рахмет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!