Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кластан тыс сағат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нұсқаулық № ___
Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
Көше ережелері туралы тыңдау.
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына
кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын
жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы
кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
Ауылда
Біз Первомай ауылында тұрамыз. Алтын ұя мектебіміз ауылдың ортасында орналасқан. Орталық жерден өтетін ерсілі-қарсылы машиналар саны көп. Сондықтан әрбір оқушы күнделікті мектепке келерде көшеде жүру тәртібін жақсы білуі керек.
1. Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.
2. Алдыңнан машина шықса жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3. Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе.
4. Жер тайғақ болса, жолда абайла.
5. Ауылымызда тротуар жоқ, сондықтан жолдың оң жақ шетімен жүр.
Қалада
Сен бір қалаға келдің делік. Ауылға қарағанда мұнда адам да көп, машина да көп. Ал енді сол қала көшелеріндегі лек-лек халық пен ерсілі-қарсылы ағылған машина, автобус, троллейбкс,
трамвайлар арасынан дұрыс жол тауып өту үшін сен көшеде жүру тәртібінің негізгі
ережелерін жатқа білуің керек.
Ол мына ережелер:
1. Екі көшенің қиылысқан әрі «Өтетін жер» деп жазылған түсті, асфальтта сызылған жалпақ ақ
жолақтары бар жерде, қарсы алдыңдағы бағдаршамның жасыл шамы жанған кезде ғана
көшені кесіп өтуге болады.
2. Жүріп келе жатқан машиналардың алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
3. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда, ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
4. Көше қиылыстарында бағдаршамда жасыл шам жанған кезде не болмаса өтіңіздер деген сөз көрінгенде ғана көшені кесіп өтуге болады.
5. Аялдамада тұрғанда автомобиль, автобус, троллейбустың тек ары жағынан айналып өт, сонда сен оның соңынд келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
6. Ал трамвайдың тек алдыңғы жағынан ғана өтуге болады.
Нұсқаулық № ___
Судағы, су қоймаларындағы қауіпсіздік ережесі
Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
- шомыла білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
- жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұсқат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрацтармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.
Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы жазғы демалыс қайғылы болмайды.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.
Нұсқаулық № ___
Мектептегі өрт қауіпсіздік ережелері
Мектепте өрт болған жағдайда қауіпсіздіктің алғы шарттары орындалуы тиіс.
Өрт болып жатқан бөлменің есігін жабу қажет. Өрт болып жатқаны туралы дабыл қағыңыз. Барлығы белгіленген жерге жиналып, адамдарды түгелденіп отырыңыздар. Дабылдан кейін өрт сөндірушілерді шақыру қажет.
Өрт сөндірушілер келгенде мынаны білу керек: Қай жерде, қай бөлмеде өрт болып жатқандығын бәрі құтқарылғандығын білу керек.
Мектептегі өрттен құтқару тәртібі:
1.Дабыл қағу
2.101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақыру
3.Құтқару
4.Жинақталу
5.Түгендеу
Дабыл: Кез-келген адам (мұғалім, оқушы,күзетші) өртті көргенде жедел дабыл қағу керек.
Құтқару: Дабылды естісімен, оқушылар сынып жетекшілердің бағыттауымен бір – бірлеп сыныптан шығып, белгіленген жерге жинаулары қажет. Құтқару кезіндегі қажетсіз есіктерді жабу керек.
Жиналыс: Жиналу жерді алдын ала белгілеу қажет. Жиылыс орнына келгендер сынып немесе адамдар тобы анық бір жерді белгілеп, шашырамай сол жерде болулары қажет. Сосын әр сынып жетекші түгендеу жүргізеді.
Өрт кезіндегі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ: Өрт болып жатқан бөлменің есігін жауып кетіңіз. Өрттен қашқанда басқа адамға да айтыңыз.Әсіресе өрт жайлы мұғалімге айтыңыз. Эвакуация жасаңыз.
Егер өрт қауіпті болмаса өзіңіз өрт сөндіру құралдарын қолданыңыз.
Нұсқаулық № ___
Сабақ уақытындағы және мектептегі қауіпсіздік ережесі мен тәртібі
Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.
ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.
1. Оқушылардың сыртқы келбеті.
• Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге:
5-8 сыныптар: форма фартук (шалбар), көк түсті пиджак, ақ түсті блузка.
• Косметиканы қатты жағып және сәндік бұйымдарын шамадан тыс тақпауға ұсыныс жасалады.
• Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек.
• Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
• Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.
• Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
• Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.
2. Жалпы тәртіп ережелері.
• Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10 минут қалғанда кешікпей келулері керек.
• Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.
• Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және со Ережелерді сақтауға міндетті.
• Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
• Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.
• Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.
• Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберулеріп және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.
• Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.
• Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.
• Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
3. Сабақ кезінде.
Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек. Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.
Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.
Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.
Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.
Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.
Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.
4. Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.
Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.
Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.
Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.
5. Мектеп маңайындағы тәртіп.
Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).
Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.
Нұсқаулық № ___
Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Күз мезгілінің ерте түскеніне байланысты өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар өте қауіпті болып келеді. Бұл мұзды басуға болмайды. Күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертеді.
Су қоймасындағы күзгі мұзды басуға кауіпті. Желмен балалар және балық аулаушылар тұрған мұз үлкен бөлшектерге бөлініп жарылған жағдайлар да болған. Оларды құтқару үшін тікұшақ және кішкене кемелер пайдаланған. Күзде балаларға су қоймаларын кесіп өтуге тыйым салынады.Күзде өзендердің мұзы жарылып кету қаупі болады сондықтан балаларға ойнауға болмайды. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алыстау өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі. Осы себептен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Мұны білу қажет!
-
Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады.
-
Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз.
-
Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.
-
Мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.
Қатерге ұшыраған болсаңыз, не істеу керек:
-
Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз.
-
Мұз бөлінген жағдайда қолыңды екі жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырыс.
-
Су үстіне қалқып шығуға, немесе қалың мұз үстіне жүзіп баруға тырыс. Мұз үстіне алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты салу керек.
-
Егер мұз әлсіз болса, мұздың қалың жеріне аунап түсіп, жағаға қарай жылжу керек.
-
Келген жағыңызға қарай еңбектеу керек, себебі ол жердің мұзының мықтылығы тексерілген.
Сіздің көмегіңіз қажет болса:
-
Ұзын бұтақша, тақтай, сырық немесе арқан алыңыз. Шарф, белбеу немесе киімді де алуға болады.
-
Құтқару құралдарды алдыңызға салып, аяқ пен қолдың арасын ашып, жылымға қарай абайлап еңбектеу керек.
-
Суға батушы адамға бірнеше метр жетпей тоқтап, оған жіп, киімнің шетін лақтырып, таяқ немесе тақтай беріңіз.
-
Зардап шеккен адамды абайлап мұз үстіне шығарып, қауіпті жерден жорғалап шығыңыз.
-
Келген жағыңызға қарай жылжу керек.
-
Зардап шеккен адамды жылы жерге жеткізіңіз. Оған көмек көрсетіңіз: зардап шеккен адамның су киімін шешіп, арақ немесе спиртке малынған шүберекпен немесе қолыңызбен денесін сылаңыз, ыстық шай ішкізіңіз.
Суда құтқару қызметі ескертеді:
Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады.
Оның себебі су қоймаларындағы абайсыз жүріс-тұрыс.
Көктемде мұз мықты болып көрінгенімен әлсіз болады.
Мұндай мұз асьтына түсіп кетуіңіз мүмкін.
ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
-
Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;
-
Су астыннан балық аулаушылар балық аулауды тоқтату қажет;
-
Мұз жүрген кезде көпір тіреулеріне сүйену қауіпті;
-
Мұз жүрген кезде жарлы жағада тұру қауіпті;
-
Көктемгі мұз үстіне автокөлікпен жүруге болмайды;
-
Су қоймалары арқылы түнгі мезгілде өтуге болмайды.
ЕГЕР СІЗ СУ ТАСҚЫНЫ БАСТАЛҒАН ЖЕРДЕ БОЛСАҢЫЗ
-
Су, газ, электр тоғын өшіріңіз, есік және терезелерді жабыңыз, алғашқы медициналық қобдишасын, артық азық-түлікті, жылы киім, ақша, құжаттарды дайындап қойыңыз;
-
Ғимараттың жоғарғы қабатына немесе жақын жерде орналасқан қырға көтеріліңіз, жүзу құрал ретінде пайдалануға болатын барлық жарамды заттарды (шина, тақтай, пластикалық бөтелкелер, камералар, пенопластар)жинаңыз.
-
Егер көмекке мұқтаж болсаңыз – апат дабылын беріңіз. Суға құлау қауіпі болған жағдайда киімнің астынан жеңіл суда батпайтын заттарды (пластикалық бөтелке, доп, пенопласт кесектері) байлап алыңыз;
-
Су қайтқаннан кейін іргетастың бүтіндігін, қабырға, терезе, еден жағдайын тексеріңіз.
-
Газ және жарықты мамандарға қосқызыңыз.
-
Үлкен материалдық зиян келтірілген жағдайда жергілікті атқарушы органдарға жүгініңіз.
Су тасқыны болған жағдайда қайғылы оқиғалар жиі балалармен болады.
Көктемгі су тасқыны уақытында балалардың өзенге баруына тыйым салыңыз.
Нұсқаулық № ___
Температура қағидасы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Нұсқаулық № ___
Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары
Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған, өзен, көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұз бұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды,абайламасаң бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.
Есте сақтаңыздар! Балаларда тәжірбие жоқ, қауіпсіздік шараларын білмейді, өйткені әуестік сезімінен қауіпсіздік сезімі төмен, мұз үстіндегі ережені толық білмейді, сол себептен тез қайғыға ұшырайды, кейде өмірімен қоштасады.
Қайғылы окиға болдырмау үшін, балаларға қамқорлық білдіріңіздер! Балалардың өмірін сақтаныздар! Тек мұз үстінде болудың ережесін сақтап қана, қайғылы жағдайдан сақтануға болады.
Тыйым салынады:
-
Қалыңдағы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;
-
дұрыс қатпаған, бетін қар басып калған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;
-
мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жаға-жайдағы жардан сырғанып түсуге;
-
тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;
-
мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;
-
мұздың қалыңдағы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға;
-
егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға, әсіресе түнгі уақыттарда.
Балалар!
Мұз қатар кезінде су айдындарында сақ болыңдар!
Жұқа мұздың үстінде шаңғы және коньки теппеңдер!
Өмірлеріңе қауіп төндірмеңдер!
Жұқа, толық қатпаған мұз үстіне шықпаңдар.
Нұсқаулық № ___
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
-
Қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарлату және ықыласпен жолға қарау.
-
Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді. Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн.
-
Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды.
-
· Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдар «соқыр» болып қалады. Сондықтан аса сақ болу қажет.
-
Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өте қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпе! Ақырындап және аса сақтықпен өткен жөн.
-
Көктем уақытында қар ақырындап ери бастағанда жерде көлшіктер пайда бола бастайды. Және олардың астында ерімеген мұздар жатады. Жолдар өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай жолдан өту керек.
-
Жылы қысқы киім адамның емін - еркін қозғалуына кедергі жасайды, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады.
-
Оталмай тұрған көліктің жанында тұрма! Көлікті итермеуге тырыс! Дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін. Ал ең бастысы- көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.
Нұсқаулық № ___
Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Табиғаттың оянуына, құстардың салған әнiне, көктемнiң күн шуағына қуанбайтын адам жоқ шығар.
Бiрақ, су тасқыны кезеңiнде және мұздың осалдығы кезiнде өзiн-өзi ұстау ережесiн сақтамайтындарға көктем қуанышты жағдай әкелмейдi.
Су тасқыны және сең жүру кезiнде жарылайын деп тұрған жағалауда болу қауiптi, себебi судың тез ағуы оны шайып өтiп бұзады. Мiне, сондықтан көктемде әсiресе өзеннiң мұзы сетiлуi және сең жүрген кезде балаларды қадағалауды мейлiнше күшейткен жөн, олармен түсiндiру жұмыстарын өткiзу қажет.
Осы кезеңде көктемгi мұздың өте қауiптi екенiн ұмытпау керек, ол сырт жағынан қатты секiлдi көрiнсе де күн шуағы мен тұман су айдынының сетiлуiне дейiн оны қуыс, борпылдақ қылады. Мұндай мұз көлiктiк құралдарды айтпағанда адамның салмағын да көтере алмайды. Көктемде су айдындарынан өтуге қатаң тыйым салынады. Әсiресе өзеннiң сетiлуi кезiнде мұзда ойнауға жол берiлмейдi. Мұздан мұзға секiрiп және жағалаудан алыстауға болмайды. Мұндай қылықтар әрине, қайғылы аяқталады.
Су тасқыны кезеңiнде, әсiресе су басатын жергiлiктi жерлерде үнемi радионы қосып қоюлары қажет, өйткенi су күтпеген жағдайда келiп қалуы мүмкiн.
Алдын ала қауiпсiздiк шаралары бойынша iс-шаралар өткiзу қажет (қажеттi азық-түлiктермен, киiм-кешекпен, ауыз сумен және т.б. қамдану), қажеттi құжаттарды (төлқұжат, туу туралы куәлiк) бiр жерге жинап целлофан пакеттерге салып қою керек.
Тәртiп бойынша су деңгейi болжамдалып және халық су тасқыны жөнiнде алдын-ала құлақтандырылады.
Су басқан ауданда қалған әрбiр тұрғын өзiн-өзi ұстап және көмек келетiнiне сенiмдi болуы керек. Дүрбелеңнiң болуына жол бермеу мақсатында өзiн дұрыс ұстап және қоршаған ортаға ықпал етiп, алдымен науқастарға, сосын балалар мен қарттарға көмек көрсету керек.
Жергiлiктi атқарушы органдар және Азаматтық қорғау қызметтерiнiң көрсететiн көмектерiнен басқа әр адам өзi өмiрiне және су нысандарындағы қауiпсiздiкке өзi жауапты.
Көктемгi су тасқыны балалар үшiн үлкен қауiп.
Балалардың қорқыныш сезiмдерi қызығушылықтарынан әлсiздеу, ата-ананың және үлкендердiң қарауысыз қалып, қауiпсiздiк шараларын бiлмегендiктен олар опырылуға жақын жағалауда ойнап, кейде су айдынының мұзында сырғанайды.
Осындай немқұрайлылық кейде қайғылы аяқталады. Көктемде балалардың ойнайтын жерлерiн бақылауды күшейткен жөн.
Ата-аналар және оқытушылар!
Балаларға әсiресе, сең жүру кезiнде үлкендердiң қарауысыз өзенге баруларына жол бермеңiздер; оларды өзендер мен көлдердiң ашылуы кезiнде мұзда болу қауiптi екенiн ескертiңiздер. Балаларға су тасқыны кезеңiнде өзiн-өзi ұстау ережелерi жөнiнде айтыңыздар, оларға суда ойнауға тыйым салыңыздар, желiкпелiктiң жолын кесiңiздер. Жарылған мұз, салқын су, судың тез ағу қаупi өлiмге әкелуi мүмкiн. Есте сақта, су тасқыны кезеңiнде, тiптi болмашы сең жүргенде әр қашан балалармен бақытсыз жағдайлар болады.
Көктемдегi су тасқыны және сең жүру кезiнде тыйым салынады:
-
Көктем кезiнде су айдынына шығуға;
-
Сең жүрген кезде өзен арқылы өтуге;
-
Мұзы жарылған өзенге жақындауға;
-
тасқын су және опырылатын жағалауда тұруға;
-
көпiрлерде, бөгеттерде және бөгеулерге шығуға;
-
опырылған мұзға жақындауға;
-
сеңдердi жағалаудан итеруге;
-
өзеннiң немесе басқа су қоймасының тереңдiгiн өлшеуге;
-
сең үстiнен жүруге және онымен сырғанауға.
Нұсқаулық № ___
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Жаз демалыс үшін өте жақсы кезең. Өзіне және өз денсаулығына пайдалы су жанында демалу үшін жүзу, судағы жүріс-тұрыс қағидасын білу қажет
Шомылуға аса қолайлы режимдер:
- тамақ ішкеннен соң 1,5 сағат уақыттан кейін шомылған жөн;
- балалар жағаларында шомылған дұрыс, олар төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған қажетті құралдармен жабдықталған және қамтамасыз етілген;
- ұмытпаңдар, балаларға, жанында ересектер болғанда ғана шомылуға рұқсат етіледі;
Барлығы мынаны есте сақтаған жөн:
- тек рұқсат етілген және қасында ересектер болған жағдайда шомылуға болады;
- таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды – түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
- батпақты жерлерде, балдырлар мен ұйықтар бар жерлерде шомылмаған жөн;
- еш жағдайда үрлемелі матрастармен, автокөлік камералармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге болмайды – қол астындағы құрал сынып қалуы, жыртылып қалуы мүмкін, адам күтпеген жерде суда қалады, бұл тіпті жақсы жүзе алатын адам үшін де өте қауіпті;
- қайыққа жармасуға, навигациялық жабдық белгілерінен (бакендер, буйктар мен т.б.) асып кетуге болмайды;
- дауылды ауа райында немесе қатты толқында шомылуға болмайды;
- егер де сіз қатты су ағысына түсіп қалсаңыз, ағысқа қарсы жүзбеңіз, оған сіздің күшіңіз жетпейді, бұл жағдайда ағыс бойымен жүзіңіз, біртіндеп жағаға жылжый беріңіз;
- егер тартпаға түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, көбірек ауа алып, сүңгіңіз және одан кері қарай бұрылыңыз;
- егер етіңіздің сіңірін тарып қалса, арқаңызға жатып жағаға қарай жүзіп, сіңіріңіз тартылып қалған жерді уқалаңыз;
- көмекке ересектерді шақыруға ұялмаңыз;
- жалған дауыс беруге болмайды.