Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Көкпар" математикалық танымдық ойыны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Көкпар» математикалық ойыны.
Мақсаты:
-
Қазақтың салт-дәстүрін еске түсіріп, математика пәнінен білім беруді қызықты және ұтымды қылып атқару.
-
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, топпен жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, атематика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
-
Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, халықтың мұрасын жан-жақты түсіне білуге үйрету.
Түрі: топтық сайыс
Әдісі: ойын түрінде
Көрнекілігі: Сайысқа қажет форматтағы материалдар, нақыл сөздер, суреттер.
«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін матеатика, сондықтан да оны оқу керек»
«Математиктердің өзіне ән тілі бар, ол формула» /С.В. Ковалевская/
Жоспары:
-
Таныстыру, сәлемдесу рәсімі.
-
Бапкерлер жарысы
-
Шабандоздар жарысы
-
Көкпар
-
Дода
-
Тақым тартыс
-
Жанкүйерлер жарысы
-
Салма көкпар
-
Сарапшылар пікірі.
Барысы :
Талай жырлап, сан ғасырлар дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ үн
Талай талант сенде шыңдалып, сенде өсті.
Талай ғылым, сенен алды бастауын.
Құрметті оқушылар, мұғалімдер! Ұлы даламыздың бізге қалдырған мұрасы – ұлттық ойынымыз көкпарды бастауға рұқсат етіңіздер.
Көкпар тарту – сайыс. Бұл қазақтың ұлттық ойыны. Көкпарда екі команда тартысқа түседі. Әр ойыншы көкпарға берілген серкені ат үстінен іліп алып, белгілі бір мәреге немесе сыйлы үйге әкеліп түсіреді. Осылайша сый алуды мақсат етеді.
Абай атамыз, Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Біз бүгін шынайы көкпар тартпағанмен, білімімізді жарысқа саламыз
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім,терең ой сыналады.
Баға берер төрешілер ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады. – дей келе бүгінгі көкпар ойынына өз төрелігін беретін төрешілермен таныссақ.
1. Таныстыру, сәлемдесу рәсімі.
Адам алып, таңғажайып ісімен.
Көкпар ойын, ой тастаған түсімен
Зерделілер заманды алға жылжытсақ.
Математикалық заңдылықтар күшімен.
Көкпарға қатысатын «Тұлпар» және «Сәйгүлік» топтарын ортаға шақырып, топ мүшелерінің таныстыруына кезек берейік.
Тұлпар тобы: Шақырып жарыстарға сан - салалы
Тұлпарлар топ жарғалы жар салады
Ту етіп достық пенен татулықты
Сәйгүлік командасын қарсы алады.
Сәйгүлік тобы: Құрметтеп тұлпарлады ой - саналы
Сәйгүлік сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
2. Бапкерлер сайысы.
Балалар, көкпар ойынын өткізу үшін басталған аттар және шабандоз жігіттер болуы керек.Ал баптаушыны бапкер деп атайды.Топ жетекшілерін «Бапкер» деп атаймыз.Олай болса ойынымыздың келесі кезеңі бапкерлер жарысына көшсек.Қай топтың бапкері есепті тез әрі дұрыс шығарса, сол топтың тұлпарлары жақсы бапталған болады.
Қай топтың бапкері есепті тез әрі дұрыс шығарса, сол топтың тұлпарлары жақсы бапталған болады.
346+213= 621+245=
5 ц 65 кг =__ кг. 4 ц 42 кг =__ с.
4 мин 7 с =__ с. 6 мин 4 с = __с.
38 дм =__ м __ см. 42 дм =__м __см.
40*3= 30*5=
3.Шабандоздар жарысы.
Алашына атымен әйгілі кім?
Алып келген бәрі де сәйгүлігін
Тұлпарлар да келіп тұр жер тарпыған
Қай шабандоз озады осы бір күн.
Шабандоздар қалай шыныққан екен соны байқайық.(Екі топтың шабандоздары мақал айтып жарысады.)
1.Бірлік болмай, тірлік болмас.
2. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
3. Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.
4. Білекті бірді, білімді мыңды жығады.
5. Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
4.Көкпар.
Құлагерін ел қалай елемесін!
Көлік мінсең гүл‑жырға бөленесің.
Қоздырады ат жарыс мына жұртты
Сол секілді жұрт аттың делебесін.
Балалар, көкпар тартысты бастайық.Қойылған сұраққа қай топ бірінші жауап берсе, сол бірінші қазандыққа салған болып есептеледі.
-
Тонна мақта ауыр ма? 1 тонна темір ауыр ма? (тең).
-
Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан? (0).
-
1 м‑ де неше см бар? (100).
-
62 нешеге тең? (36).
-
4 қойдың неше аяғы бар? (16).
-
Сағаттың 4/1 бөлігінде неше минут бар? (15 ).
-
Айдар өзінің туған күнін 4 жылда бір рет атап өтеді.Айдардың туған күні қашан? (29 ақпан).
-
Ең кіші төрт таңбалы сан неше? (1000).
-
Қандай санды бір‑біріне көбейткенде олардың нәтижесі екі санның өосындысына тең болады? (2*2=4 2+2=4).
-
Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (жүз 100).
5. Дода.
Көкпар кезінде жерге түскен серкеге жаппай таласу дода деп аталады.Ендеше 2 топ додаға түссін.Берілген жұмбаққа кім бұрын жауап берсе, сол серкені іліп алды деп есептейміз.
-
Жоқ өзінде бас та, қол да, мойын да
Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыш).
-
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта
Теңселіп, тербеледі адам соқса
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқта. (домбыра).
-
Егіз қайың
Бой бастары тең өскен.
Іске дайын
Бұтақтары бес‑бестен. (қос қол).
-
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап. (икс).
-
Қос құлақты жүз тісті
Жүзінен бірақ іс түсті. (ара).
-
Бір шеңберді бір шеңбер
Көтеріп тұр білсеңдер. (8 саны).
-
Екі қатар тал шыбық
Күндіз алыстайды, қабыспайды
Түнде қабысады, жабыспайды. (кірпік).
-
Бір санға өсірді, өзі қалып орнында
Бізді алға көшірді. (сынып).
-
Жаңылмасам жетеуі
Кезек қызмет етеді. (апта).
6.Тақым тартыс.
Ең мықты деген жігіттердің жекпе жегін тақым тартыс дейді.Тақым тартыс кезінде екі жігіт ат басын құйысқалдарына қарата айқаса тұрып, серкені тақымдарына басып, екеуі екі бағытта жүре тартысады. (Әр топтан екі адам шығып, тапсырманы орындайды).Мына торкөздерге Жетісу, бесік, 5 алтық деген сөздерді сыйдырып жазу керек.
|
с |
у |
|
|
|
|
|
|
7.Жанкүйерлер жарысы.
«Кім жылдам» ойыны ойнатылады.Оқушылар берілген плакаттан 1 – 20‑ға дейінгі сандарды жазып, сызып шығуы керек.
8.Салма көкпар.
Салма көкпарда аты мықты шыққан жігіттер өнерлерін көрсетеді екен.Олай болса ребус шешу арқылы өз білімдерін ортаға салсын.
-
7` п
-
40``к
-
5 ік 100 ік.
9.Сарапшылар пікірі.
Жабылары шаң жұтып, өліп – талды,
Жүлдегерлер көмбеге келіп қалды.
Суырылып Құлагер шыға берді.
Кімдер қалды? Кім озды? Анықтаймыз.
-
Сарапшылар пікірі.
-
Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау.
-
Қорытынды.
Бастауыш сынып
мұғалімі_______________________________