Материалдар / Көкпек өсімдігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көкпек өсімдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көкпек өсімдігін халық аштық және соғыс жылдарында азық ретінде жеген. Ол қазір Қазақстанның барлық территоричсында өседі. Мақала биолог, сондай-ақ барлық пән мұғалімдеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
1017
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Көкпек өсімдігі

Дюсенбаева Жанбибі

Біз Көкпек өсімдігін өз көзімізбен көруіміз үшін, кішігірім тәжірибе саяхат жасаған болатынбыз. Қыркүйектің он үші күні өсімдік жөнінде жазылған әдебиеттермен таныстық, ұялы телефон арқылы ғалым Жантөре Мамаевамен сұхбат жүргіздік. Уақыт өте тығыз болғандықтан, ұялы телефонды қолдандық. Бірақ бұған қарамастан, біз ол кісіден өте көп керекті және қызықты мәліметтер алдық.

К
өкпекті сол күні тәжірибе барысында алғаш көзбен көріп, қолымызбен ұстаған болатынбыз.

Таңдап тұрған шөптің, шын мәнінде, лебеда екендігіне көз жеткізу үшін, А.Алексеевнадан сұрап пікір алыстық. Оның пікірінше, біздің ұстап тұрған шөп лебеда емес. Ол лебеданың көп түрлерін Ресей ормандарынан көргендігін айтты. Осылайша қарама - қарсы пікірлер пайда болды.

З
ерттеу кезінде тағы да басқа адамдармен сұхбат жүргізген болатынбыз. Бірақ олар бізге ештеңе айта алмағандықтан, біз оны білікті мамандардан сұрауға кірістік. Оразумбетова Фарида деген курстасым сол шөптің бір бұтағын алып, жергілікті Ботаникалық баққа апарып, сол жерде бірнеше адаммен сұхбат жүргізген болатын. Осылайша курстасымның арқасында біздің сол шөп көкпек екендігіне көз жеткіздік. Сондай-ақ Жантөре Мамаеваға шөптің бейнесін ұялы телефон арқылы жіберген кезде де ол оның дәл өзі екендігін айтты.
Лебеда (лат. Triplex) – алабұта тұқымдасына жататын қос жарнақты, бір жылдық шөптесін немесе көп жылдық бұташық өсімдік[1] Екі жарты шардың қоңыржай және тропикалық белдеулерінде таралған 250-ден астам түрі бар. Оның 25-і Қазақстанның барлық аумағында тараған [2, 335]. Биіктігі 10-50 см. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Сабағының түп жағы тармақты, сұрғылт-қоңыр түсті. Жапырағы сопақша келген, едәуір қалың, кезектесе орналасқан. Гүлшоғыры жапырақсыз. Тұқымы жирен түсті, жалпақ, дөңгелектеу. Ол жазық далалы аймақтарда, тау бөктерлерінде, борпылдақ, сортаң топырақты, сазды ойпаң жерлерде, өзен, көл аңғарларында өседі. Шілде – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. АҚШ-тың батыс және орталық штаттарынан және Австралияның ішкі бөлігінде көп өседі. Әдетте олар арамшөптер болып табылады. Бос жерлерде, сайларда, құрғақ жерлерде және т.б. өседі. Көкпек тұзды жақсы сіңіреді. Ол сіңірілген тұздың көп бөлігін жапырақтарында сақтайды. Өсімдіктер жиі күміс тәрізді түктермен жабдықталған, бұл оларды ұнмен шаң басқанға ұқсатады. Лебеданың көп түрлері жеуге жарамды. Адам тұтынатын лебеданың негізгі бір түрі бақша лебедасы. Ол бұрын тек аштық кезінде ғана қолданылған болса, қазір кейбір сирек салаттарға да қосылып, тұтынылады екен. Лебеданы бірден аш қарынға жеуге болмайды. Себебі ол кейбір адамдарда құсу рефлексін тудырады [4]

Оның ең көп кездесетін түрлері:

1. Найза тәрізді көкпек;

2. алабұталы көкпек;

3
.
боз көкпек;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Google.kz ғаламтор материалдары – Википедия

  2. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясы. 4 том Алматы 2008ж. 335-б.

  3. Серікбол Қондыбай «Маңғыстау географиясы»

  4. Жалпы биология





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!