Материалдар / Көктемгі гүл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көктемгі гүл

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
618
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Рудный қаласы әкімдігінің

«№ 4 балабақшасы» КГКП.


Ашық сабақ

Тақырып:



Shape1


Тәрбиеші: Өтеуова Ж.Б.

2014 – 2015 ж.




Ашық сабақ

Тәрбиеші: Өтеуова.Ж.Б.


Білім бөлімі:: Шығармашылық.

Тақырыбы: «Көктемгі гүл»

Мақсаты: балаларды көктемгі көрінісін бейнелей білуге үйрету.
Қайшымен жұмыс жасау іскерлігіне баулу. Табиғат тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту. Қоршаған адамдарға қуаныш сыйлай білуге, бір-біріне қамқор болуға үйрету.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, қамырдан желім, гүлдер, гүлдердің суреті.

Билингвалдік компонент: Гүл – цветок, қызғалдақ – тюльпан.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

Тәрбиеші мен балалардың психологиялык жаттыгуы.

Тәрбиеші:балалар,шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Тәрбиеші балаларға гүлді ұсынып, осы гүлді бір - біріне сыйлап, жылы


сөздерін айту, тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте - бірте көбейіп тәрбиешінің өзіне бір құшақ гүл - тілек шоғы болып оралады - өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады деп балаларға түсіндіріп айтылады.

Тәрбиеші:


-Қазір жылдың қай мезгілі?



-Көктем мезгілінде неше ай бар?


-Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы?


-Қазір көктем мезгілінің қай айы?


-Жарайсындар, балалар.











Балалар бір – біріне гүл беріп жылы сөздер айтады.












-Қазір көктем мезгілі.


Көктем мезгілінде үш ай бар.


-Наурыз, Сәуір, Мамыр.


-Қазір көктем мезгілінің мамыр айы.

Ұйымдастыру-ізденушілік

Тәрбиеші:

Көктемде, көктемде
Күн нұрын төккенде
Көк шыбық былтырғы
Көгерді құлпырды.
-Балалар, қане тағы кім көктем туралы, гүл туралы тақпақтар біледі, қане кім айтады?





















Тәрбиеші гүлдердің суреттерін көрсетіп, әңгімелейді: көктемде бау-бақшаларда, саябақтарда, шалғындарда неше түрлі гүлдер гүлдейді күлшелері ашылған және жабылған гүлдің суреттерін көрсетеді. Түсіндіреді, ашылған гүлдің барлық гүлжапырақтары көрінеді,

- Мына суреттерде қандай гүлдерді білесіңдер?

-Бүгін біз осы гүлдердің арасынан бір гүлді қағаздан қиып жасайық.

Тәрбиеші балаларға жасалу


жолын көрсетіп, түсіндіреді.

Тәрбиеші:Балалар шаршының бұрыштарын қию тәсілімен шеңберді қиып алуға, шеңберді (дөңгелекті) екі жартыға бүгіп қиюға үйрету;

бөліктерден – дөңгелектерден, жарты дөңгелектерден және тар жолақтан – ашылған және ашылмаған гүлдерінің бейнелерін құру; жапсыруда бір түстің екі түрін қолдану; жапсырудың ұқыпты тәсілдерін түсіндіреді.


Саусақ жаттығу.











-Ал енді, балалар, гүлімізді қиып жабыстырайық.

Тәрбиеші қиналған балаларға көмек береді.

-Енді, балалар, осы жасаган Гүлдерімызды жайлауга апарып отыргызайык.

Қарандаршы, балалар даламыз қандай тамаша, қандай көп әдемі гүлдер, хош истері қандай, қане бәріміз гүлдердің жұпар исін искеп көрейкші.






Балалар тақпақ айтады:


Көктем сыйы көркемдікті сүйіңдер,


Көкейге бұл сый қадірін түйіңдер.

Гүлдер тағын иемденіп отырған,

Қызғалдаққа бастарыңды иіңдер.

Үлпілдеген бақбақ

Үлбіреген аппақ

Уф! Десең бақбақ

Ұшасың ғой қаптап

Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.












Балалардың жауаптары.







 

Балалардың тәрбиешіні мұқият тындайды.


















Жер қазайық (саусақтармен жер қазған әрекетті көрсетеді)

Дән салайық  (сұқ саусақпен дән салады)

Гүл өсірейік (гүлдің өскенін көрсетеді)

Су құяйық (тамшылатып су құяды)













Балалар искейді.


Жетекші-жөндеуші

-Қане көзімізді жұмып көктем мезгілін көз алдымызға елестетейік.
- Жып - жылы жел соғып тұр. Қар еріп, суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басты. Қылтиып бәйшешек те шыға бастады. Балалар құстарға ұя жасап, ағаштардың бұтағына ілуде. Қайтып келген құстар сайрауда. Мал – жан күннің көзіне шығып шуақтануда. – Енді көзімізді ашамыз. Сонымен бұл қай жыл мезгілі?

Бүгінгі біздің сабағымыз көктем мезгіліндегі гүлдер болды. Ал енді, құрметті


қонақтарымызға рахметімізді айтып, шығарып салайык. Сау болыңыздар!

Балалар көздерің жұмып, тындайды.












Балалар:

-Көктем мезгілі.







Балалар қонақтармен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Көктем гүлдерінің атауларын;

Қамырдан желім,қылқалам,,қайшымен қолдану тәсілдері.

Түсінеді: Бір пішіннен басқа пішіннің пайда болуы (шаршыдан-дөңгелек, дөңгелектен екі жарты шеңбер)

Қолданады: шаршының бұрыштарын дөңгелету тәсілі; дөңгелекті бүгу бойынша екі жартыға қию; гүлдің бөліктерін кезекпен жабыстырады (сабақ, орындауда ұқыптылықты көрсетеді. Жасыл түстің реңктерін ажыратады (ашық, күңгірт)










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!