Материалдар / Көлем. Өлшеу және салыстыру

Көлем. Өлшеу және салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы: Көлем. Өлшеу және салыстыру Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді; ұзындық (см, дм), масса (кг), көлем (сыйымдылық) (л), уақыт (сағ) шамаларының өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды. Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: Ресурстар: мектеп асханасының бір аптаға арналған ас мәзірі; атаулы сандар жазылған парақшалар (әр оқушыға екі парақшадан); әр оқушыға “артық, кем, тең” деген тірек сөздері жазылған парақша; ламининатталған қағаз және маркер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
2503
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Көлем. Өлшеу және салыстыруМектеп:
Күні :

Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдайды және өлшейді;ұзындық (см, дм), масса (кг), көлем (сыйымдылық) (л), уақыт (сағ) шамаларының өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар:

Ресурстар:мектеп асханасының бір аптаға арналған ас мәзірі;атаулы сандар жазылған парақшалар (әр оқушыға екі парақшадан);әр оқушыға “артық, кем, тең” деген тірек сөздері жазылған парақша;ламининатталған қағаз және маркер.
Тірек сөздерМасса. Өлшеу және салыстыру
Сабақтың мақсаты:“ > ” және “ < ” таңбаларын массаны салысты­ру кезінде­ пайдалана білуге үйрету; заттарды массасы­ бойынша тиісті өлшем бірліктерін (масса, кг) пайда­­­ ланып салыстыру дағдысын дамыту.
Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Заттарды массасы бойынша бірдей өлшем бірлік­ термен­ салыстырғанда екі таңбалы санның құра­ мындағы ондықтарды салыстырады. Ондықтары бірдей­ болса, бірліктерін салыстырады.Сабаққа арналған ескертпелерКіріспе тапсырма. Оқушыларға мектеп асха­ насына массасы бойынша қанша азық-түлік керектігін есептеуді тапсырыңыз­. Ол үшін асхананың ас мәзірін алыңыз. Дүйсенбіде­ май жағылған нанды даярлауға 7 кг май кетті. Ал сейсенбіде кекс дайындау үшін 8 кг май кетті. Оқушылардан­ қай күні майдың көп жұмсалғанын сұраңыз. Оларға топта ақылдасып, сұрақтың­ жауабын санды теңсіздік түрінде құрас­ тыруына мүмкіндік жасаңыз. Оқушылардың жауап­ тарын тыңдаңыз­. Бір шаманың екіншісінен артық екенін көрсету­ үшін құрастырған теңсіздіктерін­ де қандай таңбаны­ пайдаланғанын сұраңыз. Зат-тарды массасы және көлемі бойынша салыстырып, нәтижесін санды теңсіздік түрінде жазу үшін “артық-кем” (> және <) белгілерін қолдану керектігін ес­ кертіңіз. Мысалы: 7 кг < 8 кг.Оқушыларға осы тапсырмаға ұқсас тапсырма орындауды ұсыныңыз. Мысалы, палау әзірлеуге қанша күріш кететінін, таңғы ботқа әзірлеуге қанша қарақұмық немесе тары т.с.с. кететінін табуды ұсы­ ныңыз.Балуандар. Оқушыларға оқулықта берілген суретке қарап, мынадай сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:— көк киімді балуан массасы қандай кіртасты көтерді?— Қызыл киімді балуан массасы қандай кіртасты көтерді?— Балуандардың қайсысы массасы ауыр кіртасты көтереді?— Салыстыру таңбаларын пайдаланып санды теңсіздік құрастыр. Сен неше теңсіздік құрастыр­­ дың?Диалогтен кейін оқушыларға санды теңсіздіктер­­ ді жұппен құрастыртып, ламинатталған беттерге жаз­ғы­­зыңыз. Жазған теңсіздіктерін өзара тексеру үшін ламинатталған беттерді жоғары көтертіңіз. Сыныптағы барлық оқушыларға бір-бірінің жұмыс­ тарын өзара салыстыра отырып тексеруге жағдай жасаңыз.Жауабы:50 кг < 60 кг;60 кг > 50 кг.Шығарып көр. Оқушыларға тапсырманы топ­пен орындауды ұсыныңыз. Оқушылар тапсырманы оқып, мазмұнымен танысады. Сұраулы сөйлемді бөліп алып, осы сұраққа жауап іздейді. Оқушылар жауаптарын ламинат­талған­ бетке жазады. Екі таңбалы сандарды салыстыру кезінде санның разрядтық құрамына көңіл бөлу керектігін ескертіңіз. Мәтінмен жұмыс қиынға соққан топтарға көмек ұйымдастырыңыз. Оларға суретке сүйеніп шешім қабылдауды ұсыныңыз.Жауабы:12 кг > 10 кг (2 кг артық);10 кг < 12 кг (2 кг кем).Орындап көр. Оқушыларға осы айдармен берілген тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Санды теңсіздік тура болу үшін қандай белгілер қоюға болатынын анықтатыңыз. Тапсырманың әр қатарында берілген теңсіздікке кері теңсіз­дік­ құрастыртыңыз. Топ ішіндегі жұптарға бір-бірінің жұмыстарын салыстыру арқылы өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.Жауабы:12 кг < 14 кг;14 кг > 12 кг.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыруОқушылармен ойын ұйымдастырыңыз. Ойын­ ды өткізу үшін алдын ала әрбір оқушыға арналған “артық, кем, тең” деген тірек сөздер және атаулы сандар жазылған (мысалы: 60 кг т.с.с) парақшаларды дайындап қойыңыз. Әрбір оқушы тірек сөздер жазылған парақшалар арасынан бір сөзді алып, атаулы сандар жатқан қорапқа барып, одан екі парақшаны таңдап алуы тиіс. Осы парақшалардағы тірек сөзді оған сәйкес белгімен­ ауыстырып, санды теңсіздік құрауы тиіс. ОйынҚосымша тапсырмалар

Салыстыр. Оқушылар шамаларды массасы бойынша сандық теңсіздіктер арасына салыстыру белгілерін қойып салыстыра алады. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар берілген санды теңсіздікке кері теңсіздік құрады.

Жауабы:12кг < 15 кг;60 кг > 50 кг;16 кг < 17 кг;15кг > 12 кг;50 кг < 60 кг;17 кг > 16 кг;40кг = 40 кг;9 кг < 90 кг;8 кг < 18 кг.90кг > 9 кг;18 кг > 8 кг;

Пияздың массасы қандай?

Оқушылар қосу амалына арналған есепті шығаруы тиіс. Аталған тапсырма оқушылардың ондықтарды қосу дағдысын бекітеді.

Жауабы:30 кг

Бағалау Оқушылар сабақ соңында:

  • салыстыру белгілерін шамаларды салыстыруда пайдалануды;


  • “ = ”, “ ≠ ”, “ < ”, “ > ” белгілері бойынша шамалар­


  • арасындағы қатынасты анықтап үйренеді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

    анықтау мақсатында мына сұрақтарға жауап алыңыз:

    заттарды массасы бойынша салыстырғанда қандай­ белгілер қолданылады?

    — Жәшіктегі алмұрттың массасы 16 кг, ал бос жәшіктің массасы 2 кг. Осы заттардың массасын салыстырыңдар. Жауабын санды теңсіздік түрінде беріңдер.

    — Салыстырыңдар: 13 кг және 13 кг; 70 кг және 80 кг; 9 кг және 19 кг. Санды теңсіздіктер құрас­ тырыңдар.

    Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өзін-өзі бағалатыңыз.











    Ақмола облысы Көкшетау қаласы №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
    Материал жариялап тегін
    сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!