Көмірсутектер және оттектті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көмірсутектер және оттектті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
полисахаридтер туралы қайталау жүргізіледі. генетикалық байланыс ұғымына анықтама беріліп, түсінік жұмыстары жүргізіледі. Көмірсутектер және оттектті органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар туралы бірнеше тапсырмалар мен айналымдарға мысалдар келтіріліп, сызбалар орындалынады. оқушыларға нақты тапсырмалар беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы 11


Сабақтың тақырыбы

Көмірсутектер мен оттеті органикалық қосылыстары арасындағы генетикалық байланыстар

Күтілетін нәтижелер

Теориялық білімдерін химиялық теңдеулер жазу кезінде қолдана алады, химиялық реакцияларды теңестіре біледі, генетикалық байланытарды іс жүзінде жүргізе алады, органикалық қосылыстардың кластарымен олардың өкілдерін ажырата біледі.

Керекті жабдықтар

Оқулық, үлестірме қағаздар, бояулар, венн диаграмасы т.б.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

Сұрақ – жауап әдісі, топтық, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, тақтамен жұмыс т.б.



Сабақ кезең-дері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріс-пе

Оқушылармен сәлемдесу. Топ жасақтауға нұсқау беру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сыныптың оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау

Сәлемдесу, сынып қатар бойынша екі топқа бөлініп отырады. Кезекші оқушылардың сабаққа қатысы жөнінде баяндайды, үйге берілген тапсырманы айтады.

Тұсау-кесер

Үй тапсырмасын сұрау:

І топ крахмал, ІІ топ целлюлоза,

Үй тапсырмасын қайталап шығуға 2 минут уақыт беріледі.

Топтарға сұрақтар қойылады.

І топқа:

  1. Крахмал макромолекуласының қарапайым буыны?

  2. Крахмал қандай полисахаридтерден құралған?

  3. Крахмал табиғатта қандай заттардың құрамында және қанша мөлшерде кездеседі?

  4. Крахмалға салқын және ыстық су қалай әсер етеді?

  5. Крахмалға қандай зат сапалық реакция болып табылады?

  6. Крахмалды неден және қалай алуға болады?

  7. Крахмалдан сірне қандай жағдайда алынады және ол не үшін қолданылады?

  8. Тағамдық крахмалдың гидролизденуі қайдан басталып, қалай жалғасады?

  9. Гликоген дегеніміз не, ол қайда жиналады?

  10. Крахмал өнеркәсіпте қандай мақсатта пайдаланылады?

ІІ топқа

  1. Целлюлоза қайда, қанша пайыз кездеседі?

  2. Целлюлозаны басқаша қалай атайды?

  3. Целлюлозаның крахмалдан басты айырмашылғы қандай?

  4. Адамдар мен кейбір жануарлар не себепті целлюлозаны азық ретінде пайдаланбайды?

  5. Целлюлоза не себептен эфирлену реакцияларына түсе алады?

  6. Целлюлозаның толық және толық емес нитраттары қандай салаларда қолданылады?

  7. Целлюлозаның молекулалық массасы шамамен қандай болады?

  8. Ацетатты талшық дегеніміз не?

  9. Ол қалай алынады?

  10. Целлюлозаның қолданылуы?

Үй тапсырмаларын жекелей қайталап өтеді, мұғалімді мұқият тыңдай отырып сұрақтарға жауап береді.


-α-глюкоза

-амилоза(түзу тізбекті), амилопектин (тармақты)

-күріште-80%, бидай мен жүгеріде-70-75%, картопта-20%;

-иод (сия көк түс береді);

Жүгеріден, картоптан, ұсақтап турап, сумен шаяды;

-толық гидролизденбесе, кәмпит, мармелад, джем, тосап;

-ауызда, асқазанда, ішекте, қанға сіңеді;

-Жануар крахмалы, бауырда;

-глюкоза, этил спирті, ацетон, лимон қышқылы, қағаз, картон өндірісінде;


-Мақта талшығында-98%, ағаш сүрегінде -50%, шөпте 10-25%;

-клетчатка;

-β глюкоза қалдықтары;

-қорыта алмайды;

-гидроксил топтары болғандықтан (үш);

-қопарғыш заттар (түтінсіз оқ-дәрі), сырлар, лак;

-мақтада-1,7млн, зығырда-6млн;

-жасанды жібек, жылу әсерінен еріткіші ұшып кетіп,

-жіңішке жылтыр жіпшеге айналады;

-мақта, зығыр, арқан, қағаз, картон, этанол, кқксағыз, сіркесу, қопарғыш заттар, жасанды жібек алуда т.б.

Негізгі бөлім

Венн диаграммасы Крахмалмен целлюлозаның ұқсатықтары мен айырмашылықтарын жазу керек.

Үй есептерінің шығарылуы тексеріледі.


Жаңа сабақ: Көмірсутектер мен оттеті органикалық қосылыстары арасындағы генетикалық байланыстар.

Тақырыпты оқып шығуға кеңес беріледі.

а,ә сызбанұсқаларын дәптерлеріне жазып алу тапсырылады.


І топқа б)CaC2→C2H2→C6H6→C6H5Cl→C6H5OH

ІІ топқа в)Al4C3→CH4→CH3Cl→C2H6→CO2

Жеке оқушыға г)CO2→C6H12O6→ C2H5OH→C2H4→ C2H5Cl→C4H10


Оқушыларды орындағандарын жекелей тексеріп өтті, түсінбей отырған оқушылар бағыт-бағдар береді.







Тапсырмалар жинағынан қосымша тапсырмалар беріледі.


Әр топтан оқушылар шығып Венн диаграммасын толтырады.

Дәптерлерінен үйге берілген есептің шығарылуын көрсетеді.

Тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Тақырыпты өз беттерімен оқып шығады.

Сызбанұсқаларды дәптерлеріне көшіріп жазып алады.

Ітоп:

  1. CaC2+2H2O→C2H2+Ca(OH)2

  2. 3C2H2→C6H6

  3. C6H6+Cl2→C6H5Cl+HCl

  4. C6H5Cl+NaOH→C6H5OH+NaCl

ІІ топқа:

  1. Al4C3 +12H2O 3CH4+4Al(OH)3

  2. CH4+Cl2→CH3Cl+HCl

  3. 2CH3Cl+2Na→C2H6+2NaCl

  4. 2C2H6+7O24CO2+6H2O

Жеке оқушыға:

  1. 6CO2+6H2O →C6H12O6+6O2

  2. C6H12O6 2C2H5OH+2CO2

  3. C2H5OH→C2H4+H2O

  4. C2H4+Cl2→ C2H5Cl+HCl

  5. 2C2H5Cl+2Na →C4H10+2NaCl

Қорытынды


Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма беріледі

Сабақ аяқталып оқушылармен қоштасады.

3.20 тақырыпты оқып келу, тарауды толық қайталау, есептерді аяқтау. Мұғалімен қоштасады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2018
1804
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі