Материалдар / көміртек және оның қосылыстары

көміртек және оның қосылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 05.04.2017 жыл сынып: 10 «А»
Сабақтың тақырыбы:Көміртек жəне оның қосылыстары. Карбонат-иондарды сапалық анықтау. Кремний жəне оның қосылыстары.Силикат- иондарды сапалық анықтау. Көрсетілім №7
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары: Көміртек жəне оның қосылыстарын, карбонат-иондарды сапалық анықтауды, кремний жəне оның қосылыстарын және силикат- иондарды сапалық анықтауды білу, үйрену.
Оқып үйренудің нәтижелері:
  • көміртек және оның қосылыстарын біледі;
  • карбонат-иондарды сапалық анықтай алады;
  • кремний және оның қосылыстарын біледі;
  • силикат-иондарды сапалық анықтай алады;
  • өз ойларын еркін білдіреді.
  • Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:1,2,3 көмегімен топқа бөлу, сұрақ – жауап, слайд көрсету, миға шабуыл, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, химиялық эксперимент жасау
    1.Сабақ барысы:

    2.Мұғалімнің іс-әрекеті3.Оқушының іс-әрекеті4.Уақыт 5.Дерек көздері
    1.Ұйымдастыру кезеңі.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.



    Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады


    1мин


    Оқулық.Периодтық кесте.



    2.Сабаққа эпиграф сөз.Химия – қиын білім оқымасаң,Қызығып,ойға ештеңе тоқымасаң.Жас өрен, тұнып тұрған химия ғойІшкен ас, киген киім бақыласаң...



    3.Топқа бөлуҚағаздарға жазылған сандар арқылы топқа бөлу.



    Оқушылар партада бетінде теріс қарап жатқан қағаздарды таңдау арқылы топтасады.1 санын таңдағандар 1-топ, 2 санын таңдағандар 2-топ, 3 санын таңдағандар 3-топ.


    1мин


    1,2,3 сандары жазылған қағаздар
    4.Бағалау критериясының параметрін айту:
  • Көміртек және оның қосылыстарын білу.
  • Карбонат иондарды сапалық анықтау.
  • Кремний және оның қосылыстарын білу.
  • Силикат-иондарды сапалық анықтай білу.




  • Оқушылар берілген параметрлерге назар аударады.













    Бағалау парақшасы
  • Топтық ережесімен танысу.
  • 5.Сабақ құрылымы

    Топтық ережені орындау. (Алтын ереже)



    6.Өткен сабақты пысықтау.

    7.Миға шабуыл: «Сұрақ менен жауап сенен» әдісі.Сұрақ-жауап.








    Оқушыларға сұрақтар қойылады, олар жауап береді.
  • Ақыл-ой элементі (Фосфор)
  • Фосфор атомындағы электрон қабаттарының саны (3)
  • Фосфордың агрегаттық күйі (қатты)
  • Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісі (ақ, қызыл, қара)
  • Фосфор қышқылы күшті ма? (орташа күшті қышқыл)
  • Фосфор қышқылының тұздары қалай аталады? (фосфаттар)
  • Фосфор қышқылының қалдығына сапалық реакция жасау үшін қандай ион қолданылады? (күміс ионы, күміс фосфаты)
  • Фосфор қышқыл құрамындағы фосфордың тотығу дәрежесі (+5)
  • Қоректік элементтердің табиғатына қарай тыңайтқыштар нешеге бөлінеді, атаңдар? (3, азотты, калийлі, фосфорлы)








  • 7мин








    Сұрақтар жинақтамасы



    8.Жаңа тақырыптың мағынасын ашу.Интербелсенді тақтадан слайд көрсету(карбонат-иондар мен силикат иондарды анықтау және көміртек пен кремний қосылыстары көрсетіледі).





    Интербелсенді тақтадан слайд көреді, талқылайды.






    2мин






    Интербелсенді тақта.


    «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы:1.12.23.3


    Әр топқа тапсырма беріледі. 1- карбонаттар туралы сипаттама беру. 2 – силикаттар туралы сипаттама беру. 3- көміртек пен кремний қосылыстары.


    15мин


    Плакаттар. Маркерлер.
    Сергіту сәті:

    «Қара жорға» биі3мин

    Алған білімдерін қолдану. «Біл, үйрен, зертте»Химиялық зертхана.Әр топқа қағазға жазылған тапсырма беріледі. Олар мыс, мырыш, темір иондарын анықтауға арналған сапалық реакцияларды эксперимент жүзінде көрсетіп, оған сәйкес реакция теңдеулерін тақтаға жазады.1) 1 тобы:мыс хлоридіне натрий гидроксидін қосып, не түзілгенін айтып, реакция теңдеуін тақтаға жазады (көгілдір ақ түсті қоймалжың зат тұнба)2)2 тобы:мырыш хлоридіне натрий гидроксидін қосып, не түзілгенін айтып, теакция теңдеуін тақтаға жазады. (көгілдір ақ түсті қоймалжың зат тұнба)3)3тобы:темір хлоридіне калий тиоцианатын қосып, не түзілгенін айтып, реакция теңдеуін тақтаға жазады. 15минҮлестірме қағаздар, реактивтер: мыс хлориді, натрий гидроксиді, темір (ІІІ) хлориді, мырыш хлориді, калий тиоционаты, сынауықтар.
    Сабақты бекітуБекіту сұрақтары

    Оқулық
    Кері байланыс Сабақта қандай сұрақтар қамтылды және не үйрендік?

    Оқушылар не үйренгенін,нені үйренгісі келетінін стикерлерге жазады. Оларды тақтада ілініп тұрған ағашқа іледі.


    2мин


    Стикерлер. Ағаш суреті салынған плакат.
    Бағалау.Бағалау дескрипторы бойынша бағалау.

    Бағалау критерилері арқылы бір-бірін бағалайды. Бағалау шәкілі бойынша ұпай сандарын көрсетеді.


    1 мин


    4-11 ұпай «3»12-19 ұпай «4»20-25 ұпай «5»


    Түсініктеме:Бұл сабағымның тақырыбы көміртек және оның қосылыстары болды. Бұл өткен сабақ менің 10 «А» сыныбына жаңа тәсілмен өткен бірінші сабағым болды. Бұл сабақта мен оқушыларға барынша жаңа әдіс-тәсілдер арқылы тақырыпты түсіндіруге тырыстым. Онда мен 1,2,3 көмегімен топқа бөлу, сұрақ – жауап, слайд көрсету, миға шабуыл, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, химиялық эксперимент жасау әдістерін қолдандым. Жалпы 1,2,3 әдісімен топқа бөлу мен үшін де оқушылар үшін де оңай әрі тез болды деп ойлаймын. Себебі ол ең қарапайым топқа бөлу тәсілі болып саналады. Оқушыларды бағалау критериясымен таныстырып өттім, онда бәрі толық әрі нақты нені білу керектігі жазылған. Үй тапсырмасын мен сұрақ-жауап арқылы «Миға шабуыл» әдісін қолдандым. Бұл әдіс арқылы балалар өткен сабақты жылдам есіне түсіруіне септігін тигізді. Ал жаңа сабақты түсіндіруде мен интербелсенді тақтадан оқушыларға тақырып аясында видео көрсету арқылы қысқаша мағлұмат бердім. Оқушылардың одан әрі қарайғы білімін жетілдіру мақсатында оларға «Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы бойынша плакаттар таратып, оларға қағазға жазылған тапсырма бердім, олар оны постер ретінде тақтаға шығып қорғады. Сергіту сәті ретінде «Қара жорға» биі орындалды. Ал оқушылардың алған білімдерін қолдану үшін «Біл, үйрен, зертте» стратегиясы бойынша химиялық эксперимент жасады. Нәтижесі жақсы шықты. Оқушыларға ең ұнаған сәті осы эксперимент жасау кезі болды. Сабақты бекіту ретінде оқулықтағы сұрақтарға оқушылар жауап берді. Оқушылар сабақты меңгергенін осы сұрақтарға жауап бергенінен байқадым. Алайда, кері байланыс кезінде оқушылардың ішінен сан есеп шығарғанда дұрыс болатын еді деген ұсынысты оқығанымда, мен осы сабақта есеп қолданбағанымды байқадым, яғни бұл менің бір кемшілігім болды деп ойлаймын. Кері байланыстың бір маңыздылығы осында, осы сабақ туралы жалпы оқушылардың ойлары, ниеттері айтылады. Және де сын айту арқылы мен алда ондай қателіктерді жібермейтінімді түсіндім.
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ