Материалдар / Көміртек. Көміртектің химиялық қасиеті.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көміртек. Көміртектің химиялық қасиеті.

Материал туралы қысқаша түсінік
Латынша аты- Carbоneum , орысша углерод, қазақша аты-көміртек. 1824 жылы орыс ғалымы М.В.Соловьев орысша атын тапса, 1928 жылы «көміртегі» деген атауды аудармашы Р. Бөкейханов пайдаланды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2019
5938
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Көміртек. Көміртектің химиялық қасиеті.







Пән мұғалімі: Омарова Н.Т.
























Тақырыбы: Көміртек. Көміртектің химиялық қасиеті.

Мақсаты: 1.Оқушыларды көміртегінің шығу тарихымен, түрімен

таныстыру.Атом құрылысы,табиғатта таралуы,қолданылуы,

аллотропиялық түр өзгерісімен, физикалық, химиялық

қасиеттерімен таныстыру.


2. Оқушылардың өзіндік білім алу дағдыларын дамыту, оқу

үдерісінің жобалау-зерттеу, шығармашылық сипатын арттыру.


3. Оқушылардың қоршаған әлем туралы негізгі химиялық білім

жүйесін қалыптастырып, алған білімін өмірлік практикада

тиімді қолдана білу дағдыларын дамыту, қоршаған ортаға деген

біртұтас ғылыми, экологиялық-гуманистік көзқарас

қалыптастыру.


Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық,

көмірден алынған заттар үлгілері.


Күтілетін нәтиже: Көміртектің органикалық заттардың негізін құраушы элемент екендігін, карбидтердің түзілуін және реакция теңдеуін жаза білуі.


Білім мен біліктіктерін тексеру:


1. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі бейметалдардың орналасуы?

2. Аллотропия дегеніміз не?

3. Екі атомды жай заттардан құрылған бейметалдар?

4. Бейметалдардың физикалық қасиетін айтып беріңдер?

5. IV-V бейметалдарының сутекті қосылыстарының құрылысын салыстырыңдар

6. Өткен тақырыптағы күкірт, фосфор, азот туралы мәліметтер беріңдер.

Оқушылардан интерактивті тақта арқылы бейметалдар туралы жалпы мәліметті сұраймын

Жаңа материалды оқыту:

Химияны ақындар да өлең еткен демекші ақын Асқар Тоқмағанбетовтың мынадай өлең жолдарын оқимын.

Көмірі жібек торқа боп,

Етіңе майда тиетін.

Жұмсақ , жылы ұлпа боп

Киімің болды киетін.


Көміртек- тіршілікке тірек, өмірге өзек элементтердің бірі. Оның қай уақытта қалай табылғанын дәл баса айту қиын.

Латынша аты- Carbоneum , орысша углерод, қазақша аты-көміртек. 1824 жылы орыс ғалымы М.В.Соловьев орысша атын тапса, 1928 жылы «көміртегі» деген



атауды аудармашы Р. Бөкейханов пайдаланды. Латынша атын француз ғалымы А.Лавуазье алғаш атап, көміртектің элементтік табиғатын ашқан. Көміртектің екі изотопы бар: С ( 98,892%) және С(1,108%). Сондай-ақ атмосфераның жоғарғы қабаттарында ғарыш сәулелері әсерінен оның радиобелсенді изотопы С түзіледі.

Химия ғылымында «түссіз көмір», «сары көмір», «жасыл көмір», «көк көмір», « көгілдір көмір», « қызыл көмір» деген түсініктер бар.

Түссіз көмір-газ, сары көмір-күн энергиясы, жасыл көмір-өсімдік тектес отын, көк көмір-теңіздің көтерілуі мен қайтуы кезіндегі энергия, көгілдір көмір-желдің күші,қызыл көмір-жаңартау энергиясы. Көмірдің тағы бір түрі-антрацит көмірі,

тығыздығы жоғары, жылтыр көмір, құрамында 95% көміртек бар, отын ретінде пайдаланады.

І. Периодтық жүйедегі орны

1. Химиялық таңбасы –С

2. реттік нөмірі -6

3. Салыстырмалы атомдық массасы-12

4. Период нөмірі-ІІ ( кіші).

5. Топ нөмірі –ІУ


ІІ. Атом құрылысы

  1. Ядро заряды - +6

  2. Электрон саны – 6

  3. Протон саны – 6

  4. Нейтрон саны – 6

  5. Электрондық қабат саны -2

  6. Валенттік электрон саны, формуласы – 4; 2s22p2

  7. Сыртқы қабаттағы электрон саны -4


ІІІ. Элементтің және оның қосылыстарының қасиеттері

  1. Валенттіліктері тотығу дәрежелері – ІІ, ІУ

  2. Бейметалл

  3. Ұшқыш сутекті қосылыс формуласы-СН4- метан

  4. Оксидтерінің формуласы – СО, СО2; СО- тұз түзбейтін оксид

  5. Оксидтерінің қышқылдық-негіздік қасиеттері- СО2-қышқылдық оксид

  6. Гидроксидтерінің формуласы-Н2СО3- көмір қышқылы


І V. Табиғатта таралуы ( минералдар үлгілерін көрсету)

CaCO3 әктас н/е бор

MgCO3 магнезит

CaCO3* MgCO3- доломит

CH4 – шалшық газы

CO2 – көміртек диоксиді





Аллотропиялық түр өзгерістері: Көміртек бос күйінде алмаз, графит түрінде кездеседі. Алмаз бен графит көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі. Көміртек атомының бір ерекшелігі, оның атомдары бір-бірімен ұзын тізбек құрып немесе тармақталып байланыса алады.

Оқушыларға алдын-ала берілген шығармашылық зерттеу жұмыстары бойынша көміртектің аллотропиялық түр өзгерісі бойынша қорғау жұмыстары беріледі.


Алмаз. Табиғатта сирек кездеседі. Оның мол қоры Ресейдегі Якутияда және Африкада тағы басқа жерлерде бар. Алмаз түссіз, электр тогын

өткізбейтін табиғатта кездесетін ең қатты зат, тығыздығы 3,5 г/см3. Оны қатты тау жыныстарын бұрғылау және шойын мен болатты тесуге арналған құрал жасауда қолданылады, одан басқа даалмаздан бағалы асыл тас- гауһар алынады.

Алмаз кристалындағы көміртек атомдары бір-бірінен бірдей қашықтықта тетраэдр түзе орналасқан. Әрбір атомның арақашықтығы -1,540А.

Графит. Алмаздан графиттің айырмашылығы , оның кристалында көміртек атомының әлсіз байланысқан электрондары болуында. Мұнда берік коваленттік байланыс түзуге көміртек атомының бір жазықтықта орналасқан үш валенттік электроны қатысады, ал төртінші электроны келесі жазықтықтағы көміртек атомымен әлсіздеу байланыс түзетіндіктен оңай үзіледі, сондықтан графит электр тогын өткізеді, әрі қарындаштың өзегі ретінде оңай үгіледі.

Графит сұр түсті , аздап жылтыры бар , қолға денеге қағазға оңай жұғады. Тығыздығы 2,17-2,3 г/см3. Ол 100 атм қысымда 37000С –та балқиды. Графиттен электродтар, отқа төзімді ыдыстар даярлайды. Графиттің маймен қоспасынан майлағыш заттар жасайды.


Көміртектің химиялық қасиеттері.


Көміртек металдармен және сутекпен әрекеттескенде электр теріс болатындықтан , тотықтырғыш, ал оттекпен, галогендермен қосылысында электрон болатындықтан, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Көміртек тек төмен температурада ғана енжар болып келеді. Көміртектің тотықсыздандырғыш екенін оттекпен әрекеттесуінен байқауға болады.

Электронды оқулықты пайдаланып , интерактивті тақта арқылы зертханалық жұмысты көрсетемін. Сол арқылы оқушылар тиісті реакция теңдеуін жазады.

1. Көмірді қатты қыздырғанда оттекте немесе ауада көміртек диоксидін, яғни көмірқышқыл газын түзе түтінсіз жанады, көп жылу бөледі. Реакция теңдеуі:


C + O2 = CO2 + 402 kДж


Егер толықтай жанбаса көміртек монооксиді түзіледі:


2С + О2 = 2СО


2. Көміртек тотықсыздандырғыш ретінде хлормен әрекеттеседі:


о о +4 -

С + 2СІ = ССІ4

Көміртек тетрахлориді ССІ4 органикалық еріткіш


3. Сутек атмосферасында көмірден жасалған өзекте электр доғасы пайда болған мезетте , 6000С-та көміртек сутекпен әрекеттесіп, метан СН4 түзеді:

6000С

С + 2Н2 = CН4

Метан газы СН4 табиғи газдың негізгі құрам бөлігі.


4. Көміртек тотықсыздандырғыш ретінде көптеген металдар оксидтерімен әрекеттеседі:

0 +2 +4 0

С + 2СuO = CO2 + 2Cu


0 +4 +4 0

C + SnO2 = CO2 + Sn


5. Көміртектің тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуінен түзілетін зат карбид деп аталады. Карбидтер- өте жоғары температурада балқитын қатты кристалды заттар. Олардың ішіндегі көп қолданылатыны –кальций карбиді СаС2. Кальций карбидін алу үшін металдық кальцийді көмірмен қосып арнайы пеште қыздырады:

t 0

Са + 2С = СаС2


6. Қатты қызыдрылған кокс үстінен су буын өткізсе , су газы алынады:

12000C

С + Н2О = CО + Н2 - Q


Бұл алынған қоспа су газы немесе генератор газы деп аталады, ол отын ретінде жұмсалады.

Көміртек күшті тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттеседі. Нәтижесінде ол көміртек диоксидіне дуйін тотығады, ал қышқылдар ( H2SO4, HNO3) өзіне сәйкес: SO2 және NO-ға дейін тотықсызданады.


Реакция теңдеулері: 0 +6 +4 +4

С + 2Н2SO4 = CO2 + 2SO2 + 2H2O

Т отықсыздандырғыш С0 - 4е- = C +4 1 тотығады

4

Тотықтырғыш S+6 + 2e- = S+4 2 тотықсызданады






Сабақты бекіту:


Тірек ақпар, тиімді тәсіл, оңтайлы шешім жорығы






1 есеп

Көмірді қатты қыздырғанда оттекте немесе ауада 54г көмірқышқыл газын түзе жанғандағы көмірқышқыл газының көлемін анықтаңыздар.


Берілгені:


m(CO2) – 54 г Шешуі:

--------------------- 54г

т/к: V(CO2) С+ О2 ------ СО2

22,4л

54г* 22,4л

54г-----------------? Х= ------------------ = 27,5л

44г----------------- 22,4л 44г


Жауабы: V(CO2) = 27,5 л.



4 есеп ( базалық есеп)


Массасы 1кг көміртек жанғанда қанша жылу бөлінетінін есептеңдер.


Берілгені:

m( C) – 1 кг= 1000г C+O2 = CO2 +402 кДж

-----------------------------

т/к: Q-?

1000 г х 402 кДж

1000г-------------- Х кДж Х= ----------------------- = 33500 кДж

12г---------------- 402 кДж 12 г


Жауабы: 1 кг-да 33500 кДж жылу бөлінеді.




5 есеп ( базалық есеп)


Мырыш оксидін көмірмен қосып қыздырғанда , ауада тұтанып жанатын газ түзіледі. Осы реакцияның теңдеуін жазыңдар.


Жауабы:

+2 0 +4 0

2ZnO + C = CO2+ 2Zn


6 (Эврикалық деңгей)


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!