«Компьютер құнын есептеу» 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Компьютер құнын есептеу» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Компьютер құнын есептеу» 9 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Информатика пәні бойынша 9-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: _________

Сабақтың тақырыбы: «Компьютер құнын есептеу»

Мақсаты (оқушыға бағытталған): мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Өзімізге қажетті компьютерді дүкеннен сатып алу үшін компьютер жайлы белгілі бір білім болу керек. Бүгінгі таңда компьютерлердің түрі де, компьютер сататын дүкендер де көп. Тұтынушының қаржылық мүмкіндіктерінен бейхабар кеңесші-сатушылар әдетте ең қымбат компьютерлерді алуды ұсынады. Осындай жағдайда өзімізге қажетті компьютерді қалай дұрыс таңдауға болады? Компьютер таңдағанда ішкі құрылғылар мен компьютердің негізгі конфигурациясына жататын монитор және пернетақта, тінтуірді таңдау маңызды. Ал компьютердің қосымша құрылғылары – принтер, сканер, сыртқы модем, динамиктер және басқаларын таңдауда қиыншылық жоқ. Бұл құрылғылар жеке-жеке қажеттілікке қарай таңдалады.

Компьютерді таңдамас бұрын, оны қандай мақсатта қолданатыныңды анықтап алу керек. Мысалы, компьютерді офистік жұмыстарға, ойын ойнауға, интернетте музыка тыңдап, видео көру мақсатында таңдауың мүмкін. Таңдау кезінде оның сапасы, бағасы, қажеттілігі ескеріледі. Сонымен компьютер бізге не үшін қажет екенін анықтап алдық. Бұл компьютерге қойылатын нақты талаптар бізге қажет мүмкіндіктерін анықтау үшін керек болады. Компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін біле бермейтін адам үшін компьютер таңдағанда төмендегі сипаттамаларды білуі тиіс:

1. Процессордың түрі және тактілік жиілігі (өлшем бірлігі Гигагерц – ГГц). Тактілік жиілігі көп болған сайын компьютердің амал-ды орындау жылдамдығы артады. Ядролар санына да қарау керек.

2. Жедел жад көлемі (Өлшем бірлігі Гигабайт – Гб). Қазіргі уақытта 2 Гб-тан төмен алмау керек, 4 Гб және одан жоғары болса тіптен жақсы. 32 биттік операциялық жүйелер (ОЖ) 4 Гб-тан артық өлшемді қолдамайтыны есіңде болсын. Егер 8 Гб жедел жад сатып алып, оны 32 биттік ОЖ-лер қондырсақ та бәрібір жұмыс жылдамдығы өзгермейді. Ал 8 Гб жедел жадпен жұмыс істегіміз келсе 64 биттік ОЖ-лерді пайдалануымыз керек.

3. Видеокарта. Егер графикамен жұмыс істеуге немесе ойын ой-науға ыңғайлы компьютер іздесең, онда оның видеокартасы бекітілмеген, алмалы-салмалы болуы керек. Өлшем бірлігі – Мб (Мегабайт) немесе Гб (Гигабайт). Жиілігі – Гц.

4. Аналық тақша (Материнская плата). Шина жиілігі (Гц) оның негізгі көрсеткіші болып саналады.

5. Қатқыл дискінің көлемі және жылдамдығы. Қатқыл дискінің көлемі үлкен болған сайын оған көбірек ақпарат сыяды. Өлшем бірлігі – гигабайт (Гб) немесе терабайт (Тб). 1 Тб = 1024 Гб. Көп ақпарат сақтау үшін көлемі де көбірек болуы керек. Мысалы, бір видеофайл орта есеппен 0,5 – 1 Гб шамасында болады. 500 Гб диск алсаң, саған 300–400 шамасында видео файл сақтауға жетеді. Көп жағдайда 320 Гб-тың өзі де жеткілікті болады.

6. Операциялық жүйе. Сатылымда Windows, Macintosh, Linux операциялық жүйелері кездеседі. Жалпы операциялық жүйе орнатылмаған «таза» (ОЖ жоқ) компьютер сатып алып, кейін орнатып алуға болады. «Таза» компьютердің бағасы да арзандау болады.

7. Оптикалық дискжетек. Ең көп әртүрлі форматтарды оқитын және жаза алатын дискжетек сатып алу керек (мысалы, DVD super multi).

8. Салқындатқыш құрылғылар мен түрлі қосымша жабдықтамалардың болуына назар аудару керек. Ол PCI порттарына, DVD дискілеріне т.б. байланысты әртүрлі кеңейту карталары болуы мүмкін. USB тетіктер көбірек болғаны ыңғайлы, әсіресе ноутбуктерде. Card reader (Кард ридер) болғаны жақсы. Ол әртүрлі флешкаларды оңай ашады. Әсіресе фотоаппаратпен немесе ұялы телефонмен көп жұмыс жасайтын адамдар үшін бұл өте маңызды. Егер теледидарыңда hdmi тетігі болса, онда компьютердегі арнайы тетікпен видеоны теледидарға қосып көруге болады.

9. Монитордың сапалысын таңдаған жөн. Монитор диаметрі мүмкіндігінше орташадан үлкенін таңдасақ, жұмыс жасауға ыңғайлы болады. Кейбір мониторда сәулелік әсер болады, сондықтан стан-дарттарына қарап, арнайы белгілерін айыра білу керек.

Компьютер құрылғыларының бағасын онлайн есептеу

Егер жоғарыда айтылған компьютердің ішкі құрылғыларының сипаттамаларын, қай фирманың шығарған өнімдерінің сапасы жоғары екенін білсек, өз жұмысымызға қажетті компьютердің бағасын Интернеттегі арнайы сайттар қызметіне жүгініп есептеуге болады (1-сурет). Мұндай сайттар Интернеттен көптеп табылады.

Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

Атамұра (17-бет), opiq.kz

  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

Компьютерді қолданылуына қарай жіктеңдер (үй, ойын және т.б.). Әр компьютердің қолданылуына қарай олардың ішкі құрылғыларына қажетті сипаттамаларды жеке қағазға түсіріңдер. Мысалы, ойын компьютерінде қандай сипаттамалар болуы керек?

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2021
1080
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі