Материалдар / «Компьютердің пайдасы мен зияны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Компьютердің пайдасы мен зияны»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
1328
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы білім басқармасы

«Ескелді ауданы әкімдігінің Жалғызағаш орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.











«Компьютердің пайдасы мен зияны»



Бағыт: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді

математикалық модельдеу


Секция: Информатика







Ғылыми жетекші: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік

Университетінің Ph.D. докторы Шалтабаев А.А.




Жетекші: Мырзакулова Меруерт Тұрсынбайқызы




Орындаған: Жұмабай Мадина









2018-2019 оқу жылы



МАЗМҰНЫ


  1. Кіріспе.............................................................................................................5

  2. Негізгі бөлім...................................................................................................6

    1. Компьютер және оқушы................................................................................9

    2. Компьютердің пайдасы.................................................................................14

    3. Компьютердің зияны....................................................................................16

  3. Қорытынды....................................................................................................20

  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................21























Аңдатпа


9 сынып оқушысы Жұмабай Мадинаның «Компьютердің пайдасы мен зиянын түсіндіре отырып, компьютердің адам өмірінде алатын орны туралы кең мағлұматтар алу. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұжымда жұмыс жасай білуге үйрету. Жұмысты тиянақты аяқтай білуге, қорытынды жасай білуге жетелеу.


Аннотация


Дать разъяснения детям о пользе и вреде компьютера, Жумабай Мадиной дать полную информацию о том, какое место в жизни человека занимают компьютерные технологии. Научить детей тому как работать в обществе с людьми, привить такие качества, как организованность, научить правильно распределять время и расставлять приоритеты, равить в них творчество.


Annotation.


Student of 9-grate Zhumabai Madina Profit and the computer, with clarification of harm of life of the computer and children the place of convergence. Training in collective to create in organization of operation of pupils, and the nobility exact to finish operation, to lead the nobility the inference.






















Кіріспе


ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Жеке тұлғаны рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуда мектепте енгізіліп жатқан ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында –мектеп мұгалімдерінің, сынып жетекшілерідің сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуіне, сабақ үстінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жақсы нәтиже берері мол.

Жұмыстың өзектілігі: Компьютердің пайдасы мен зиянын біле отырып, компьютердің адам өмірінде алатын орны туралы пайдасы мен зиянын толық ашып көрсету.

Менің ғылыми жобамның негізгі мақсаты – Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал болсада, соншалықты зиян екендігін тиімді және тиімсіз жолдарын көрсету.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттерден тұрады.

Бірінші бөлімде компьютер және оқушының қарым –қатынасы жөнінде мәліметтер келтірілген.

Екінші бөлімде компьютердің пайдасы мен жұмыс жасау жолдары көрсетілген.

Үшінші бөлімде компьютердің зияны қаншалықты пайдасы бар болса да соншалықты зияны бар екенін айқындау.

Қорытындыда жұмыстың нәтижелері баяндалып қаншалықты пайдасы бар болса да соншалықты зиянын ашып көрсету.


















Негізгі бөлім


ІІ. 1. Компьютер , әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. Ата-анасының сөзіне құлақ аспай, балалармен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын балалар қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті. Баланың дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады. Күндіз-түні экранға қадалып отыру көз жанарын құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге шалдығуына ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана емес. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліктекен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге оқитын балалар дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, адамдармен қарым-қатынас жасаудан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен  елдерде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.

Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, керекті мәліметтермен қамтамасыз еткен компьютер біздің ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күн ұзағы жұмыстан шаршап келген ата-ана баласына мән бермей, бала ата-анаға қарауға шамасы келмейді. Осылайша, ата-анамен баланың ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге к өшкен түрі бар.

1-сурет. 2-сурет.   3-сурет.  

Ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Компьютерді дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін компьютер керек емес-ау дейсің. Ендігі бір мәселе – компьютерге тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, сол көк жәжікті қызықтайтындар да кездеседі. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін білесіздер. Қазіргі өмірде адам баласын информатика ғылымына елестеу қиын.Өйткені, информатиканың ұдайы дамуы кез алдымызда тізіліп өткен поезд вагондары секілді. Мұндай өзгеріске тез үйреніп кеттік.Бірақ күнделікті қолданып жүрген қарапайым дербес компьютерді, бәріміз жақсы үйреніп алдық. Енді осының зияны мен пайдасын білеміз бе? Қауіпсіздік ережесін жетік меңгердік пе? Балаларды баурап алаған компьютерлік ойындар несімен пайдалы. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютер ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.

Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.

Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.

Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.

Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды. Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.

Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.

Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар компьютермен дос болып, өзіне серік іздейді.

Қорытынды: Компьютерге көп отырған баланың.

  • Айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасының бұзылуы (оларды елемеу, байланысын үзу);

  • Өз міндеттерін ұмытып, көп уақытын компьютермен өткізеді;

Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:

  • Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;

  • Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;

  • Компьютерде көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;



























ІІ.1.Компьютер және оқушы.

Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін. Қазіргі таңда біз қаласақ та, қаламасақ та, баланы компьютерден, МР-3, MP-4, i-Pod пен ұялы телефондардан тыс елестету қиын. Басқасын былай қойғанда, мектеп қабырғасында жүргізілетін біраз пәндердің тапсырмалары компьютерсіз орындалмайды. Себебі «Интернеттен біраз қосымша ақпараттар жинап барып, үй тапсырмасын ойдағыдай орындауға болады»,– дейді мамандар. Байқап отырсаңыз, компьютер, интернет жөніндегі біздің алғашқы сөзіміздің өзі оның пайдасын айтудан басталып кеткен екен. Ендеше, сол тізімді одан әрі жалғастырып көрсек. Интернеттің арқасында қазіргі кез­де ел орталығы мен шет аймақтар ара­сындағы ақпараттық алшақтық жойыла түсуде. Себебі, интернет желісіне қосыл­ған болса Астанадағы оқушы-сту­ден­ті­ңіз де, шалғай ауылдағы шәкіртіңіз де ғалам­тор мүмкіндіктерін еш бөгеліссіз, еркін пайдалана алады. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да – осы «жарықтықтар!» Ғылыми-та­нымдық ізденістеріңізде сізге сенімді кө­­мек­ші болатын да – осылар. Тіпті компьютердің күрделі бағдарламаларын бы­­лай қойғанда, оны «жазу машинка­сы» ретінде пайдаланудың да керемет артықшылықтарын түрлі жастағы тұты­нушылар баяғыда-ақ бағалап қойған. Яғни өз заманыңыздың технологиялық деңгейіне сай болғыңыз келсе, бұларды еркін меңгергеніңіз лазым. Хош делік…
Бұл айтып отырғанымыз – үлкен-кішіге ортақ әңгіме. Ал енді тек балалар әлеміне ғана игі әсер ететін жа­ғын санамалар болсақ… Балалар сәби кезі­нен компьютерлік ойындарды ер­кін мең­герулері арқылы есейе келе страте­гия­лық шешімдерді жылдам қабылдай алатын қабілетке ие болатын көрінеді. Сондай-ақ қарапайым құралдар көмегімен әзір­ленуге қарағанда, интернет арқылы сабақ әзірлеген кезде балалар есептеу, мәтінді оқу және географиялық карталарды «оқу», яғни тану үдерістерін танымдық тұрғыда едәуір жедел меңгеретін боп шықты. Бұған байланысты мектепте дәріс беруші мамандар пікіріне құлақ түрер болсақ: «Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технологиялық материал мазмұны кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді». Иә, бұл – ұстаз-мамандар пікірі.
Сонымен қатар балалардың кіш­кен­тайынан-ақ интернет арқылы ақпаратты табу, жинақтау және оны тиімді түрде сұрып­тау істерінің шебері болатыны –нақ­ты істе дәлелденіп отырған жайт. Ғалым­дар да солай дейді. Осындай пайдала­рын ескере отырып, бүгінде мектеп оқушылары мен студенттерді былай қойғанда, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың санқилы бағдарламалары жасалып, компьютер курстары ашылып қойылған. Демек, біздің балаларымыз­дың, ұрпақтарымыздың болашағы осы аталған технологияларға тікелей байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, кәрі-жасымыз да аталған үдерістен қашып құтыла алмайды екенбіз.
Әлқисса, енді аталған заманауи же­тіс­тіктердің бала денсаулығына зиянды жақтарына тоқтала кетсе
к. Дәрігер маман­дардың айтуынша, ұзақ мерзім жүйе­ге қосылып тұрған компьютерден элек­тромагниттік зиянды өрістер пайда болады да, ол ауа құрамындағы ағзаға пай­далы түрлі иондарды жоя бастайды. «Нәтижесінде сол бөлмеде «өлі» ауа құ­рамы пайда болады», – дейді мамандар. Де­мек, компьютер алдында отырған тұтынушының ағзасына оттегі шамадан тыс аз түсіп, түрлі ауруларға жол ашып бе­ретін көрінеді. Ал кейбіреулердің со­зыл­малы аурулары қоза түсетінге ұқ­сайды. Қауіпсіздік үшін компьютерлерге арналған сүзгі-қондырғыларды пайда­ланған жөн, әрине. Алайда ол сүзгі­лер зиянды заттарды тиімді түрде неме­се толыққа жуық ұстап қала алмайтын көрінеді. Бәлкім, тек зияндылық мөл­шерін азайтар?!
Оның үстіне аядай экранға сағаттап телміріп отырған баланың көзі талады, яғни көз аурулары пайда болмақ. Сондай-ақ осыншама уақыт қозғалыссыз отырған жеткіншек семіздік дертіне де ұшырайды. Тамаққа аса тәбеті болмағандықтан, ішкен асы да дұрыс қорытылмайды. Денені шынықтыратын кәдімгі балалық балдәуренге тән, қимыл-қозғалысы көп ойындарға зауқы болмаған баланың ағзасы бірте-бірте аз мөлшерде ауа жұ­тып, мардымсыз түрде тамақ ішуге көн­ді­гіп алады. Нәтижесінде баланың физио­логиялық өсу қарқыны да тежелетін боп шығады. «Тіпті компьютерге құмар кей­бір балалар эпилептикалық талма ауруларына да душар болады» дейді мамандар. Компьютерге «байланғандардың» бұлшық еттері босаңсып, буын ауруларына да душар болады екен. Мұның бәрін шырылдап жүріп, қаперіңізге салып, жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүргендер – кәсіби маман-дәрігерлер. Ал компьютер мен интернеттің ілгері-кейінді жетістіктерін барынша насихаттап, бұл сала тұтынушыларының мейлінше көбеюін көздейтін, ең бастысы, нәпақаларын осындай қызметтері арқылы тауып жеп жүрген «маман» дәрігерлер, керісінше, «бұл технологиялардың адам ағзасына кері әсері жоқ, болса да мардымсыз» деген коммерциялық астарлы «идеяларын» тықпалауме
нкеледі.
Ал музыка тыңдау үшін жастардың құлақтарынан түсірмейтін МР-3, МР-4 пен i-Pod, Walkman және ұялы теле­фондарының өз ми қабаттары мен құлақ жарғақшаларына қаншалықты зиянды екендіктерін жасөспірімдер бағамдай да бермейді. Бұл құралдарды мейлінше аз қолдануға кеңес берген үлкендерді олардың «ескі көзқарастағы, артта қалған жан» деп есептейтіні анық. «Бауыр еті – балаларының» денсаулық жағдайын күйттеген ата-ананың бұл мәсе­лелерді де мықтап қаперлеріне алып, пер­зенттерін маман-дәрігерлерге жиі тек­сертіп
тұрған­дары жөн болар еді.
Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді», – дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. «Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Олар: «компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытты босқа жоғалтқанмен бірдей», – деп есептейді екен.
Ең әуелі, әке-шешенің жіті қадағалауы қажет. Баласының сабағы мен қызығушылығына «қандай бағдарламалар маңызды?» деген сауалды онымен бірге талқылап, шешім қабылдап, ал зияндыларына құлып салып, түрлі технологиялық тыйымдар жасаулары керек». Соны­мен бірге компьютерді пайдалану үдері­сінде жиі-жиі үзіліс жасап, оған бала­ма іс-әрекеттермен бала уақытын тол­тырған жөн екен.
Мысалы, «Ана мен бала» сайтын­да мынандай кеңес берілген: «3-4 жастағы дені сау балалар үшін күнделікті ком­пьютерді пайдалану уақыты 10-15 минуттан аспауы керек. Ал 5-6 жастағы балалар үшін 20-30 минут, 7-8 ж. балалар үшін 40-60 минут, 9-12 ж. балалар үшін 1-1,5 сағат мөлшерінде монитор алдында отыруға болады. Жеті жасқа дейінгі балаларды аптасына 3-4 реттен артық отырғызбауға тырысыңыз. Балаңыздың ұйқысы тыныш болуы үшін кешке немесе ұйықтар алдында оны компьютерге жақындатпау керек». Бұл ақыл дұрыс-ақ делік. Ал іс жүзінде ата-аналар сол компьютер алдында отыратын уақытты шектеуде балаларына әлдері келмей жатқаны шындық.
Келесі маңызды мәселе сол жаб­дық­тардың сапасына келіп тірелуде. Атап айтқанда, «Балаларға арналған компьютер қандай болуы тиіс?» – деген сауалға мамандар: «Мониторы сұйық кристалды (LCD), диагональдық өлшемі 17 дюм; монитор баланың көзінен 60-70 см қашықтықта болуы тиіс. Мүмкін болса, компьютерге арналған стол мен баланың бойына лайықты орындық болғаны жақсы», – деп жауап береді. Күнде дамып жатқан компьютерлік жабдықтардың заманауи түрін ала беруге, шынын айтқанда, көп отбасылардың қалта қар­жы­сы көтермейді.
Мұны да ескеруіміз керек.
Басты мәселе – баланың компьютер алдында отыру уақытын шектеу керек. Ал егер әке-шеше жұмысбасты боп, баланы күні бойы бақылап отыруға шамалары келмесе ше? Ондай жағдайда интернетке қол жеткізуге белгілі бір шектеулер қоятын сан түрлі бағдарламалар бар. Соның бірі – «КиберМама» бағдар­ламасы. «КиберМама» ата-ананың өз баласына қажетті бағдарламаларды жос­парлап, түз
еуіне, сол арқылы перзентінің әрекеттерін бақылауда ұстап, оны керек­сіз ақпараттардан шектеуіне мүмкіндік береді. Мұндай кибер-ана баланың жұмысына көмектесетін тиімді кестені жасауға және оның орындалуына автоматты түрде бақылау жүргізіп отырады екен. Сондай-ақ бала психикасына кері әсер ететін ойындарға тыйым салып, интернетке оны бейсаубат кіргізбеу де кибер-ананың қолынан келетін іс көрінеді. Әрине, түрлі техникалардың жоғарыда баяндалғандай зиянды әсер­лерінен балаларын қорғау үшін ата-ананың сол «темірлердің» тілін шама­сының жеткенінше, өздерінің де жетік білгендері жөн-ақ болар еді. Олай болмаған жағдайда, сол «темірлерден» тыс өз өмірлерін елестете алмайтын жасөспірімдер түрлі жолдармен әке-шешесінің «аузын аңқитып» кетіп, қайтадан сол компьютеромания ауруына жабысары сөзсіз.
Жанашыр мамандар «ғасыр дерті» деп бағалап отырған бұл сырқатпен күрес жалпыхалықтық іске айналуы тиіс. Себебі ТМД елдері ішінде компьютер мен интернетті пайдалану ісінде Қазақстан алдыңғы қатарға баяғыда-ақ шығып қойған. Ендеше, егер аталған компьютеромания ауруы кейбір отбасы мүшелерінде пайда болғаны анықталса, оған қарсы тиімді шаралар осы бастан жүргізілуі тиіс. Ал егер ондай сырқаттың ауылы әлі алыс­тау сияқты көрінсе, онда аталған дерттің алдын алу, тұтынушыларға заманауи технологияларды пайдалануды қалай тиімді жүргізуге болатыны жайлы сауат ашу курс­тарын жүргізген лазым. Оған көбінесе дәрігер-мамандар және High-tech, яғни жоғарғы технология мамандары міндетті түрде қатыстырылғаны абзал. Әйтпесе, осыдан бірнеше онжыл­дықтар бұрын компьютерлік ең соңғы жаңалықтарды елдеріне енгізу үшін жылына бірнеше миллиондаған доллар қаржы бөлген елдердің бүгінгі таңда сол технологиялық дамулардың зияндарымен күрестерге соншама қаржы бөлуге мәжбүр болғанын айта кеткеніміз жөн болар. «Е-е-е, қайтер дейсің?» – деп енжарлыққа салынып, сол үкіметтердің кебін киіп жүрмейік.
Дамыған елдердің көпшілігінде дерлік оқушылардың жазғы, қысқы каникулдары кезінде «компьютерге байлану» дертіне ұшыраған балаларға арналған түрлі сауықтыру лагерьлері көптеп ұйымдастырылады екен. Ол лагерьлерде компьютерлер мен басқа да техникалар­дың қарасы да көрсетілмей, оның есесіне түрлі спорттық, еңбек және мәдени шаралар молынан ұйымдастырылады. Аталған лагерьлерде спорт, мәдениет және педагогика салаларының мықты мамандары тер төгеді екен. Мұның бәрі дұрыс-ау. Дегенмен баланың тұтас ғұмырына алтын арқау боп тартылар оның рухани, имани әлемін Мәңгілік құндылықтармен толтырмайынша, жоғарыдағы шаралар уақытша тірлік, мардымсыз іс-әрекет боп қала ма деген ой
мазалауда.
Заманауи жетік технологиялар­ды шамадан тыс пайдалану оны тұтыну­шы­лардың, әсіресе, жасөспірім­дер­дің жүрегін қатайтып, айналасындағы адамдар мен тіршілік атаулыға деген олардың мейірімдерін азайтатынын ескертіп өттік. Ал жүрек шіркін адам болмысының генераторы екені – анатомиялық жағынан баяғыда-ақ анықталған жайт. Баса айтатын нәрсе: рух, иман деңгейінде жүректің атқаратын қызметін ағзамыздағы өзге бірде-бір мүше атқара алмақ емес. Бұл орайда ұлы Тұжырымдарға жүгініп көр­сек… Пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу әлейһи уәссалам: «…Адам денесінде бір кесек ет бар. Егер ол жақсы болса, онда күллі дене – жақсы. Егер жаман болса, онда күллі дене бұзылады. Шындығында ол – жүрек», – деген екен. Бұл пікір бізге әл-Бұхари мен Муслим жинақтаған шынайы хадистер арқылы жетіп отыр. Интернет, компьютерсіз жай өмірдің өзінде жүректі қатыгездіктен сақтап қалу оңай шаруа емес. Ендеше, ол жарықтықты техникалар тасқынына нем­құрайды қарау арқылы қолдан қатайтудың керегі не? Біраз ата-ана компьютерді тас қып орап, жертөлелеріне біржолата тығып тастап, проблеманы «оп-оңай» «шешкендерін» айтуда. Ал сонда баланың мектеп бағдарламасы және заман талабына сай боп өсуін қайда қоймақпыз? Демек, бұл саладағы қиын түйіндер біз күткендегіден де күрделі екен. «Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей», тығырықтан қайткенде шыға аламыз?
Бұл жерде балалардың «Логикалық ойлау» қабілетін артуымз керек – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға

негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу- тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.




































ІІ. 2. Компьютердің пайдасы

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру,

өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Ақпарат ғасыры аталып жүрген. ХХІ ғасырда бар шаруаны мойнына алған бесаспап бұл құралдың жақсы жақтарымен бірге қазірдің өзінде тигізіп отырған залалдары да аз емес. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын анық аңғартқан сыңайы бар. Бірақ, таяқ басымызға қашан тигенше мән бермейтін бейқамдығымызбен бесаспап құралдың залалдарына бүгінде назар аударып жатқан ешкім жоқ.

Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.

Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.

Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек. Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі заманда компьютердің қолданылуы: - Қазіргі заманда компьютерді мединцинада диагноз қоюға пайдаланады Пациент пернетақтамен жауаптарын енгізеді,ал компьютер тәжірибелі дәрігерге ұқсап оған диагоз қояды және де экранға емделу тәсілдері шығарылады; - Сонымен қатар компьютер шала туылған балаларды бақылайды ,жасанды өкпе жұмысын басқарады ,өкпеге жиналған артық ауа зақым келтіреді ал ауа жетіспеушілік миының ауруына әкеліп соқтырады. Компьютер ауа берудің үйлесімді тәртібін қондырады; - Компьютер арқылы адамның ішкі құрылысын көруге болады .Оны томография деп атайды. Томография белгілі адамның бойындағы жасырын ауруларды тауып береді. - Компьютер көмегімен ауа райын бақылауға болады -Компьютерлер есепшотты және фирмалар үшін өңдейді , ал оның жазу сызудың мүмкіндіктері сәулетшілер және жобалаушылармен пайдаланылады; - Компьютер аэрокомпанияларда және теміржол көлік кассаларында пайдаланылады; - Компьютердің пайдасы өте көп Үйде отырып ағылшын тілін үйренуге болады ,математика , информатика пәндерімен айналысатын оқушылар үшін таптырмас құрал; - Қазіргі заманда жұмысқа тұру үшін,әсіресе үлкен фирмаларда компьютермен жұмыс жасай білуін талап етеді - Қазіргі компьтерде коптеген құжаттарды сақтау керек кезінде тез тауып алуға болады - Компьютерлер байланыстың телефон , теледидар, факс, спутникті байланыстар жүйелерін және де ведомстволық және ғылыми тұрмыстық дерекқорларды және білімдерді біріктіреді . Компьютердің пайдасы көп пе, әлде зияны ма? Ақпараттарды тез өңдеуге болады; Интернет арқылы байланысу; Әртүрлі есептеулер жүргізу; Құжаттарды безендіру мүмкіндіктері; Уақыт үнемделеді; Жүздеген адамның жұмысын 1 компьютер атқара алады. Менің ұсынысым Компьютер алдына отырған кезде, арнайы көзілдірік кию; Монитормен көздің арақашықтығын сақтау, яғни арақашықтық 60-70 см болу керек; 1 сағат сайын үзіліс жасап, арнайы жаттығулар жасау. Бұл жоба адам өміріндегі компьютердің ролі көп екендігін зерттеуге арналған. Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
















ІІ. 3. Компьютердің зияны.

Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады. Осынау аурудың себептерінің қатарына интернет пен онымен тығыз байланыстағы виртуалды ортаны жатқызуға болады. Орта болған да да адам айналысуға тиімді әрекеттер: қарым-қатынас құруға арналған сайттарфорумдарчаттар. Көбінесе адамдар өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.

Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар интернетарқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады. Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:

  • Отырғанда денені дұрыс ұстамау омыртқа мен мойынға күш түсіреді;

  • Ұзақ әрі үзіліссіз отыру көздің көру қабілетін нашарлатады;

  • Интернетте көп отыру бас ауруы мен биоритмнің бұзылуына алып келіп соғады;

  • Кейбір адамдарда қан айналым жүйесі мен салмаққа қатысты қиындықтар тууы мүмкін.

Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес:

  • Интернет қызметіне төленетін ақының көбеюі;

  • Шынайы өмірден алшақтап кету;

  • Іс-әректі мен мінезінің құбылуы;

  • Әлеуметтік ортадан оқшаулану (үйдегі адамдар, достары);

Мысалы электр тоғы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымызда лезде өшіп, жойылып кетеді. Соның нәтижесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал бұған екі есе уақыт кетеді. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді.Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

  •   Ми -  Адам миінің есте сақтау қабілетін азайтады.

  • Адам денесі -  Адам денесінің азуы, не болмаса тым артық салмақ қосып толуы.

  • Адам денесі -  толу не азу. Бұл қалай? Азу ол әрине қимылдамағаннан, ал егер компьютер алдында әрнәрсе кезек-кезегімен желінетін болса (Мыс: чипси, тамақ, шай, пішнәй), онда сөзсіз артық салмақ қосасыз.

  • Үнемі қозғалмай отырғандықтан омыртқаның қисаюы, сәулелену ауыруына шалдығады.

Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Жақында Ресейлік бір телебағдарламада мынандай қанқұйлы оқиғаны көрсетті. 12 жасар бала үйіндегі компьютермен түрлі қанқұйлы атыс - шабыс ойындар ойнап, компьютер алдынан шықпай қояды. Бұған ыза болып ашуланған әкесі пышақ алып компьютердің желілерін кесіп - кесіп тастап, пышағын столдың үстіне қойып, өзі төргі үйдегі диванның үстіне демалып отырса, ұлы жаңағы пышақты алып, жүгіріп келіп, бейне ата - жауын көргендей әкесінің тура жүрегіне пышақты қадаған. Әкесі сол жерде жан тапсырған. Жақын көршілерімізде болып жатқан осындай келеңсіз жағдайлар, бірде болмаса бірде бізде де орын алмасына кім кепіл?
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі атыс - шабыс, төбелес, зорлық - зомбылықтар болып келеді. Бала сыртқы дүниені ұмытып, қым - қиғаш соғыс немесе сатырлаған төбелестің ортасында жүреді. Осындай кездерде баланың жүйке - жүйесі бұзылып, ашу - ызаға жол береді. Бірте - бірте баланың бойындағы мейірімділік, ізгілік қасиеттері, ата - ананы сыйлау қабілеті азаяды. Осылайша жалғаса берсе, баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады. Қорыта айтқанда, әр нәрсені қолданудың өз орны бар екенін ұмытпайық.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Сондықтан бала компьютер алдында отырғанда абай болайық, бала немен айналысып жатқанын үнемі қадағалап отырсақ зиянды қасиеттерден аулақ боламыз. Мектептегі жалпы оқушылар денгейлері әртүрлі. Бір бала спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнерімен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Әрине мен атыс - шабыс, қан төгіу ойындарына қарсымын. Бірақ бір айтарым біздің мектепте ондай ойындар жоқ, бар болғанда да оқушылардың оны ойнағанға уақыттары жоқ, оның үстіне мұғаліміміз рұқсат етпейді. Ал біз мұғалімімізді әрқашан тыңдап, айтқанын орындап, құрметтейміз. Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады. Компьютерлік ойындар тек қана атыс - шабыстан тұрмайды, олардың бас қатырарлықтай шым - шытырлық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағұрлым интеллектуалдық түрлері де жетіп – артылады. Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиян екенін айта кетейік. Компьютерге енгізілген ойындар атыс – шабыс тағыда басқа қан төгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретін өздеріңде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Негізінде бір ойын компьютері 4 - 5 шаршы метр жер алуы керек. Ал іс жүзінде ойын клубтарында компьютерлер сығылыстырылып қатар - қатар орналастырылған. Мектепке дейінгі балалар осылайша үздіксіз ойын ойнайтын болса, олардың «қыликөздікке» ұшырауы әбден мүмкін. Ғалымдар компьютер алдында ұзақ отырған балалардың миына ойын кезінде операция жасап жатқан хирургтің миына түсетін дәрежедегі салмақ түсетіндігін айтады. Яғни бала стреске жиі ұшырайды. виртуалды ойындарға еліткеп әр түрлі қылмысты істерге баруы мүмкін.
Бәріміздің айтқан ойларыңыз, тұжырымдарыңыз дәлелді, нақты деп ойлаймын. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көптеген мағлұмат жинадым деп ойлаймын. Келешекте зиянды жағдайларды жоямыз деп сенеміз.









ҚОРЫТЫНДЫ


Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады.

Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса,үлкендердің  істейтін қателіктерін қайталамау керек.

Біздің зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: компьютердің зиянымен қоса пайдасы бар. Соңғы кезде біз әрдайым компьютердің адам  ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы естиміз.

Соңғы зерттеулер  көрсетеді: тек компьютерден ағзаға зиянды ықпал ететіні,  адамның қате орналасуы, демалуы мен жұмысындағы ережелерді сақтамауы. Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу  өте қызықты.

Компьютер программасының негізгі құралдарымен, әртүрлі әрекеттермен таныстым.

Артықшылығы:

—    графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

—    жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық  мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі әрекеттер көмегімен кез-келген құжаттар жасауға болады.      Компьютермен жұмыс істеу пайдалы, біздің ақпарат іздеу жұмысына зор көмегі бар деген шешімге келдім. Бірақ ол қатаң ережелерді сақтауын талап етеді және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек. Баланың ағзасына әсер етпеу- бұл сәтте маңызды. Біздің мектепте барлық компьютер бөлмелерінде компьютердің қауіпсіздігі туралы ақпараттар бар. Сөз соңында жобамды қорытындылай келсек айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт.





Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Балапанов.Е.Қ, Бөрібаев.Б, Даулетқұлов.А.В «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ».

  2. Ғаламтор беттері Информатика әлеміне саяхат оқулығы.

  3. Информатика негіздер /журналынан/

  4. http://bilimdiler.kz/

  5. Білім шапағаты

  6. Bilimtime.kz, ustaz.kz, google.kz





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!