Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютерлік графика

Материал туралы қысқаша түсінік
⮚ PaintNet редакторының құралдарының қызметін салыстырады. ⮚ растрлық графикалық редакторды қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

2-бөлім. Компьютерлік графика

Педагогтің аты-жөні:

Сыдық А

Күні:

25.11.2021

Сыныбы: 5 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Растрлық суреттерді құру және редакциялау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.2.2.2 растрлық кескіндерді жасау және өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • растрлық графикалық редактордың құралдарын анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • PaintNet редакторының құралдарының қызметін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • растрлық графикалық редакторды қолданудың маңыздылығын тұжырымдайды.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу. Топтастыру

Сыныпта көңілді ахуал орнату.



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Өткен сабақты пысықтау: «Анаграмма» таратылады. Оқушылар сөздерді сызып белгілейді.

Анаграмма.



Вектор, растр, пиксель, түзу, нүкте, фото, масштаб, түстер, палитра, штамп.

Ауызша мадақтау, ынталандыру.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

30 мин


Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою



Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

  1. Қағазға салған сурет пен компьютерде салған суреттің қандай ерекшелігі бар?

  2. Сурет және кескіндерді компьютерде өңдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Суреттерді компьютерде өңдеу кезінде адам неге тәуелді болады?

Қалыптастырушы бағалау: «Отшашу» әдісі арқылы жүргізіледі.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды


Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.


(бейне жазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Жеке практикалық жұмыс орындау

Қазақтың ою-өрнегі, үй жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Ертеден ою-өрнектер жасауда геометриялық фигураларды қолданған. Ата-бабаларымыз ер-тұрман жиектеріне түрлі геометриялық фигуралардан өрнектер салса, ал аналарымыз тұрмыста қолданылатын заттарға ою-өрнектер салған. Практикалық тапсырмаларды орындау барысында 3-суреттегі геометриялық фигураларды салу құралдарын қолдан.



Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Қалыптастырушы бағалау: «Қошеметтеу» әдісі арқылы жүргізіледі.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Топтық жұмыс

Paint.NET графикалық редакторы құралдарының (3-сурет) жұмысын талдаңдар. Әрбір құралдың нақты не істейтінін жазыңдар. Бұл құралдарға тінтуірдің көрсеткішін алып барсаңдар, олардың орыс тіліндегі атаулары шығады. Олардың қазақ және ағылшын тіліндегі аудармаларының баламасын ұсыныңдар.

Дескриптор:

-растрлық графикалық редакторлардың құралдарын анықтайды;

-құралдардың қызметін салыстырады.

Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

5 мин

«PaintNet» сөзіне синквейн жасау.

Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.



Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

А4 парағы

Компьютер























._



А.Байтұрсынұлы атындағы №7 жалпы

білім беретін лицей орта мектебінің

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша

8-11 сынып аралығында өткен мектепішілік

олимпиададан ІІ орынды иеленгені үшін

9 «Ә» сынып оқушысы

Аманбек Айерке


МАРАПАТТАЛАДЫ.




Мектеп директоры: Н.Оралханова















































_





















Мектепішілік «Дене тәрбиесі,

салауатты өмір салты»

айлығы аясында 1 сыныптар

арасында «Толағай» эстафеталық

спорттық жарыста І орынды иеленгені үшін

_______________________________________

МАРАПАТТАЛАДЫ.





Мектеп директоры: Н.Оралханова































Мектепішілік «Дене тәрбиесі,

салауатты өмір салты»

айлығы аясында 1 сыныптар

арасында «Толағай» эстафеталық

спорттық жарыста ІІІ орынды иеленгені үшін



МАРАПАТТАЛАДЫ.





Мектеп директоры: Н.Оралханова























































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2021
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12