Компьютерлік графика
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Компьютерлік графиканың түрлері
-
Гракалық редакторлардың түрлері
№
1 сұрақ
Компьютер мониторында берілгендерді графикалық
түрде ұсыну, 50-ші жылдардың ортасында, ғылыми және әскери
зерттеулерге қолданылатын үлкен ЭЕМ-дер үшін іске асты. Содан бері
берілгендерді графикалық түрде ұсыну әдісі, көптеген компьютерлік
жүйелердің, әсіресе, дербес компьютерлердің, айрылмас бөлігі болып
табылады.
Ақпаратты-аппаратты есептеуіш
комплекстердің көмегімен бейнелерді құру және өңдеу әдістерін
зерттейтін, компьютерлік
графика деп аталатын, информатиканың
арнайы облысы бар. Ол адамның экран мониторында немесе басқа
сақтаушыларда (қағаз, кинопленка, мата, т.б.) бейнелерді қабылдау
мүмкіндігіне қарасты, оларды ұсынудың барлық түрлерін және
формаларын қамтиды.
Бейнелердің қалыптасуына байланысты компьютерлік
графиканы растрлік, векторлік және фрактальдік деп үш топқа
бөледі.
Растрлік графика
Растрлік
бейне –
ұяшықтары пиксель деп аталатын тор немесе растр
түрінде ұсынылады. Программа кез-келген растрлік графикалық
объектіні, боялған пиксельдер жиынтығы ретінде қабылдайды.
Сондықтан растрлі бейнелерді өңдеген кезде, нақты объектілер емес,
оларды құрастыратын пикселдер тобы редактірленеді. Растрлі суреттер
масштабтауға (үлкейтуге) өте сезімтал болып келеді. Бейнені
үлкейткен кезде, қарусыз көзбен растрды көруге
болады.
Векторлы графика
Векторлы бейнелер
– вектор деп аталатын
математикалық сызбалардан тұрады. Бұл жағдайда бейненің сыртқы түрі
вектордың геометриялық мінездемесімен
анықталады.
Компьютерлік сызу, жобалауды автоматтандыру
жүйелерін, үшөлшемді графика программаларын векторлық бейнелер
өңдейді.
Фракталды графика
Фракталды графика, векторлы сияқты, математикалық
есептеулерде негізделген. Бірақ фрактальды графканың базалық
элементі болып, математикалық формула саналады: компьютер жадысында
ешқандай объектілер сақталмайды, бейне тек қана теңдеулер арқылы
құрылады. Бұл әдіспен қарапайым үнемі структуралармен қатар,
табиғат ландшафтарын бейнелейтін иллюстрацияларды және үшөлшемді
объектілерді құрады.
№ 2
сұрақ.
Графикалық
редактор – графикалық
берілгендерді, құру, өңдеу, көру және сақтау программасы.
Графикалық редакторлар растрлы және векторлы деп екі топқа
бөлінеді.
Растрлы графикалық редакторлар
реңді түпнұсқаларды, мысалы фотография сияқты, ұсынуға арналған ең
жақсы құрал болып табылады, өйткені растрлы бейнелер түстерді және
жартылайреңктерді ұсынудың жоғары дәлдігін қамтамасыз
етеді.
Бірақ растрлы бейнеерді ұсыну үшін ырқашан
пикселдердің бекітілген саны қолданылады, сондықтан бейненің сапасы
құрылғының рұқсат қабілетіне тәуелді. Растрлы бейнелердің түс
мінездемелері үлкен өлшемдерге және масштабтау кезінде бейненің
бұзылуына әкеп соғады. Бұл, осындай растрлы бейнені өңдеген кезде,
мысалы, өлшемін өзгерткенде немесе баспаға жібергенде, ұсақ
детальдардың жоғалуын, объектілердің шекараларының бұзылуын
білдіреді.
Растрлы редкторлардың ішінде, қолдануда
қарапайым, олармен жұмыс жасаған кезде, арнайы дайындықты талап
етпейтін, Paint, EAKids сияқты және Adobe Photoshop,
CorelPhoto-Paint деген күрделі, жоғары кәсіпті программалар
бар.
Векторлы графикалық редакторлар –шрифті және
жоғарыдәлді графикалық объектілерді құруға арналған ең қолайлы
құралдар. Бұндай рекдакторларға бейненің өлшеміне қарамастан, оның
нақты, анық контурларын сақтау маңызды болып
табылады.
Векторлы бейнелер шығару құрылғысына қатысты,
кез-келген рұқсатпен бейнелене және баспаға шығарыла алады. Бұндай
бейнелердің сапасы кез-келген үлкендікте де біркелкі
болады.
Векторлы графикамен мәтінді процессор MS Word
–тың графикалық редакторы құрылғыларының көмегімен суреттерді
жасаған кезде кездесуге болады. Кәсіпті векторлық программалар
ішінде Corel Draw және Adobe Illustrator деген программалар кең
тараған.
Қолданылған әдебиеттер
-
Информатика. Базовый курс. Учебник для ВУЗов. Под
редакцией С.В. Симоновича. ЗАО Издательский дом «Питер», 2005.
Санкт-Петербург.
-
Курс компьютерной технологии с основами
информатики. О. В. Ефимова, В.В. Морозов, Н.Д. Угринович. М.: ООО
«Издательство АСТ». 2004.
-
Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. «Аруна»
баспасы. Алматы. 2002.