
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Компьютерлік графика
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
АННОТАЦИЯ
Зерттеу мақсаты:Компьютерлік графика мен бейнелеу өнерінің
ерекшеліктерін ажырату, суреттердің түстік
гаммасы мен салыну тәсілін үйрету.
Зерттеу негіздері : Әр түрлі әдебиеттердегі пікірлерді салыстыру,
Графикалардың айырмашылықтары мен ұқсастығын
қарстыру.
Зерттеу әдісі: Жинақталған материалдар бойынша графиканы
салыстыру, дәлелдеу.
Зерттеу жаңалығы: Бейнелеу өнеріндегі суреттерді компьютерлік
графика редакторында орындау.
Жұмыс нәтижесі: Бейнелеу өнеріндегі суреттерді компьютерлік
графика редакторларында орындау тиімді.
Қорытынды: Компьютерлік графика редакторларын ұтымды
пайдалана отырып бейнелеу өнері мен компьютерлік
графиканың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату.
АННОТАЦИЯ
Цель исследования: Умение различать особенности
компьютерной графики и
изобразительного искусства, приемы
изображения и цветовой гаммы рисунков.
Основы исследования: Сопоставление различных научных точек
зрения, сходств и различий графики.
Методы исследования: Доказательство, сравнение графиков на основе
собранного материала.
Новизна исследования: Выполнение рисунков изобразительного
искусства на редакторе компьютерной
графики.
Результат работы: Эффективность выполнения рисунков
изобразительного искусства на редакторе
компьютерной графики
Выводы: Эффективное использование редакторов
компьютерной графики для нахождения
ходств и различий изобразительного искусства и
компьютерной графики.
THE SUMMARY
Research objective:Ability to distinguish feature of a computer
drawing and the fine arts receptions of the image
andcolour scale of drawings
Research bases:Comparison of the various scientific points of
view similarities and distinctions of a drawing
Research methods:The Proof comparison of schedules on the
basisof the collected material
Novelty of research: Performance of drawings of the fine arts on the
editor of a computer drawing
Result of work : Efficiency of performance of drawings of the
fine arts on the editor of a computer drawing
Conclusions:The Effective utilization of editors of a
computer drawing for a finding of similarities
and distinctions of the fine arts and the
computer drawing
КІРІСПЕ
Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтармен түрлі бұйымдар, жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқақ шеберлікпен сала білген. Бұл суреттердегі бейнелерге қарап отырып, бейнелеу сапасының биік дәрежесіндегі көрінісін көріп, суретшінің орындау шеберлігін байқауға болады.
Адам алғашқы сурет салу дағдыларын біртіндеп, қарапайым жолдармен меңгере бастады. Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы, қоғамдық орындар, ірі-ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды.
Графика – грек сөзі, « жазамын, суретін саламын» деген ұғымды білдіреді. Графиканың ең қарапайым түрі ақ қағазға қарандашпен, тушьпен салынады. Адам алғашқы сурет салу дағдыларын біртіндеп, қарапайым жолдармен меңгере бастады. Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы, қоғамдық орындар, ірі-ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды.
Грвирлеу француздың grawer- «қиу», «тырнау» деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз.
Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған.
Бұл гравюраның кислография ( грекше Xylon –кесілген ағаш , grapho- жазамын) деп атайды. Гравюра қатты да серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалынады. Бұл гравюра штихель деп аталатын ерекше кескіштермен кесіледі. Граверлеу процесі ұстамдылық пен төзімділікті талап етеді. Сонымен қатар ол картон бетінде біраз тамаша гравюрлар жасалады. Көп тиражға арналмаған гравюраны жұмсақ ағашқа, мәселен, аққайыңға жасауға болады.
Басқа бейнелеу өнеріне бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеуммен өзіне қанша сурет керек болса, сонша суретті тізден өткізіп шығара алады.
Қазіргі таңда қоғамымыздың барлық саласында әлеуметтік- экономикалық жаңарулар түбірлі өзгерістер жасауда.
Компьтерлерді техникалық және бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ету, адам компьютерге емес, керісінше компьютер адамға ыңғайланатын деңгейге жетті. Компьютерлік графиканың кеі қанат жайып дамуына ірі компаниялары компьютер технологиясын енгізе отырып адамдарға көмектесу мақсатымен суретшілерге, музыканттарға және тағы да басқа өнер саласына икемделіп жасалған бірнеше бағдарламалар ұсынды. Көптеген компанияның графикалық бағдарламасында дизайнерлерін, графикалық редакторлардың және фотоны өңдеуге, өзгертуге, түс беруге т.б. көптеген мүмкіндіктерін шешу бағытталады.
1
Графиканың барлық саласымен жұмыс жасай алатын бағдарламалары: жай қарандаштан майлы және акварель бояуына дейін пайдалану мүмкіндіктерін орындауға болады.
Компьютерлік графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растарлық және векторлық. Растарлық графикалық редакторда (басқаша Bitmap –графикалық редакторы деп аталады) кескін квадраттардың (кескіндердіің пиксельдердің элементтері) шамалары бойынша кішкентай әрі растарларды құрылады.
Компьютерлік графиканың бірінші түрі- растарлық графика. Пайдаланушы тұрғысынан қарағанда оның мағынасы жеңіл қабылданады. Растарлық кескіннің сапасы өлшеміне және әрбір пиксель үшін беруге болатын түстер санына тәуелді.
Растарлық кескін үлкеюге де, кішіреюгеде сезімтал. Растарлық кескінді кішірейткенде көрші орналасқан бірнешн нүкте бір нүктеге түрленеді, сондықтан кескіннің ұсақ бөлшектерінің айырмашылығы жойылады. Кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбен де көруге болады.
Векторлық графикалық кескіндер айқын және анық контурларды сақтауды қажет ететін маңызды графикалық обьектілерді сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы.
Кескіндердің векторлық өрнектелуі растырлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескіндердің базөалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада-сызық болып табыфлады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растрлыөқ графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлде қайда аз.
Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық формулалар жатады. Олар осы сызықты сызады.
Векторлық графикте обьектінің маштабына өзгерткен кезде әр түрлі пискелдердің орналасу карталары емес, обьектінің математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасында пропорция дәлме-дәл сақталады.
Фракталдық графика математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фракталдарда детальді сипаттау жады талап етілмейді, сондықтан ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар көп қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар туралы мәлімет береді.
2
СУРЕТ САЛУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтармен түрлі бұйымдар, жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқақ шеберлікпен сала білген. Бұл туралы Қазақстан жартастарындағы бейнелеу шығармашылығы толық хабардар ете алады. Бейнелеу өнерінің бір түрі ретінде Қазақстан аумағында пайда болып, қазіргі кезге дейін сақталған петрографтерді бұған дәлел етіп айтуға болшады.
1950 жылдың аяғында Аңырақай тауынан Тамғалы жартас суреттері табылып, оны зерттеу 1970-1980 жылдарда басталады.
Тамғалы жартасындағы суреттер
Бұл суреттердегі бейнелерге қарап отыоып, бейнелеу сапасының биік дәрежесіндегі көрінісін көріп, суретшінің орындау шеберлігін байқауға болады.
Адамдар өздеріне үй салуды, үй тұрмысына қажетті бұйымдар жасауды, бейнелеу өнері шығармаларын өмірге келтіруді бірден үйрене қойған жоқ. Олар біртіндеп өмірден тәжірибе жинақтап, оны ұрпақтан ұрпққа жеткізіп отырады.
Адам алғашқы сурет салу дағдыларын біртіндеп, қарапайым жолдармен меңгере бастады. Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы, қоғамдық орындар, ірі-ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды.
3
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ГРАФИКА
Графика- грек сөзі, «жазамын, суретін саламын» деген ұғымды білдіреді. Графиканың ең қарпайым түрі ақ қағазға қарандашпен, тушьпен салынады.
Графика орындалу ерекшелігіне және салу тәсіліне (техникасына) байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның ішіндегі ең негізгілері гравюра және лингогравюра.
Гравирлеу француздың grawer - «қиу»,«тырнау» деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да , сондай-ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен XI ғасырда пайда болды. Батыс Европада ол XIII –XIV ғасырда кемеліне жетті.
График суретшілер әр түрлі техниканың әдіс-тәсілдерін жетік пайдаланған. Оның түрлері: линолеум, пластикті гравюра, афтолитография, офорт, т.б.
Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған.
Батыс Европа суретшілернің әсерімен, графика өнерінде жаңа тахника- «сюрреализм» бағыты қалыптасты.
Жаңа бағытта да графика өнері көптеген табыстарға жетті.
Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер деп И.Исабаев, Ә,Рахманов, М.Қисамединов, А.Смағұлов, Б.Табылдиев, Қ.Баранов, Н.Гаев, В.Гурьев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б атауға болады.
Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор.
Гравюраның түрлері өте көп:
● металға жасалған гравюраны офорт дейміз;
● ағашқа жасалған гравюраны ксилография дейміз;
● линолеумге жасалған гравюраны линогравюра дейміз;
● тасқа жасалған гравюраны литография дейміз;
Графиканың бірнеше түрінің жұмыс істеу тәсілімен танымып өтсек.
Металл бетіндегі гравюра- оворт. Металл бетіндегі гравюраның орындалу техникасы екі түрде болады. Олар: қыщқылмен өңделіп жасалатын және қышқылмен өңделмей жасалытын түрлер.
Өңдеуді қолданбай, металға жасалатын гравюралар тобына кесіп істелетін және құрғақ инемен орындалатын гравюраға жатады. Бұрын офорт тақтасы үшін материал қызметін мыс атқаратын, енді одан басқа, мырыш және тіпті темір қолданылатын болды.
Акватинта - (латынша aqua- cy, tinta -tyc) –офортта барынша сан алуан өңдік оң түстік өзгерістермен фактуралар жасауға мүмкіндік беретін мәнер. Офорт жасаудың бұл мәнері оттискі акварельмен салынған суретке ұқсас болғандықтан осылай аталған
Резерваш (латынша rezervo –жинау, сақтау) мәнерде алдымен желім мен канаттан және қара пигменттен немесе гуашьтан тұратын арнайы сиялармен
4
металл бетіне сурет жасайды. Резерважға арналған суретті қаламұшпен немесе кәдімгі жұмсақ қыл қаламмен жасауға болады.
Лавись (французша - lavis- қарайтту, шаю) -өте жұмсақ және алуан түрлі реңдік қатынастарды жасауға мүмкіндік беретін мәнер.
Жұмсақ лак. Бұл мәнердегі оттискі штрихтың түйіршікті фактурасымен сипаииалды, яғни қарындашпен немесе көмірмен салынған суреттерге ұқсас. Қарындашпен салынған сурет өңдеу және механикалық жолмен гравюрлеу тәсілімен іске асады.
Құрғақ ине. Бұл таза механикалық жолмен жасалады. Сондықтанда ол техникалық жағынан алғанда офорттан қарпайым әрі оңайлау. Ол грунттауды да, қышқылмен өңдеуді де керек етпейді. Түрлі күштерге штрихтардың үйлесуі оттискіде живописьтегіге ұқсас тақта жасайды.
Ағашқа жасалған гравюра. Бұл гравюраның кислография ( грекше Xylon –кесілген ағаш , grapho- жазамын) деп атайды. Гравюра қатты да серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалынады. Бұл гравюра штихель деп аталатын ерекше кескіштермен кесіледі. Граверлеу процесі ұстамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұнда ешқандай асығыс жұмыс істеуге болм айды. 1920 жылдың соңында суретші К.Кузнецов граверлеу үшін оңай табылатын жаңа материалды іздестіру үстінде картонға нашар аудырды. Сонымен қатар ол картон бетінде біраз тамаша гравюрлар жасалады. Коп тиражға арналмаған гравюраны жұмсақ ағашқа, мәселен, аққайыңға жасауға болады.
Литография арнайы ақ тасқа салынады. Ол үшін әуелі тастың беті мұқият тегістеледі. Оған қою жұғатын литография қарындашымен не тушьпен сурет салынады. Одан кейін сурет сүртіліпкетпейтіндей етіп, арнайы ерітіндімен шайылып өңделеді.
Линогравюрадегеніміз – линолеум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі. Мұнда ең алдымен линолеум жуып тазартылып, сүртіп құрғатылған болуға тиімті, сурет әбден дайын болған кезде арнайы құралдармен (штихилдеп аталатын қашаулармен) қиылады. Оның әдісі қарамен боялатын жерге тимейді де, ақпен боялатын жердің бір қабатын әбден қырнап алып тастайды.
Сурет линолеумде ойылып шыққаннан кейін бетіне типография бояуы жағылады арнайы білікпен , одан кейін үстіне қағаз төсеп линография тақтасына салып өткізеді. Тақтадан өтіп, әбден дайын болған суретті оттискі деп атаймыз.
Басқа бейнелеу өнеріне бұл гравюраның өзіндік айырмашылығы және ерекше қасиеті бар, яғни онда суретші бір ғана линолеуммен өзіне қанша сурет керек болса, сонша суретті тізден өткізіп шығара алады.
Оқушыларға линогравюра әдісімен жұмыс жасау үйретіледі.
Лингогравюра – оқушылармеен арнайы үйірмелерде, шеберханаларда істелетін жұмыс. Алдымен оқушылар гравюрлерге арналған аспап –құралдармен таныстырылады. Ол аспап –құралдар -штихель деп аталатын қашауыр. Штихильдердің өлшемі әр түрлі болады (үшкір, доғал, пышақ). Бұлардың әрқайсысының атқаратын қызметіде әр түрлі. Біреуімен үлкен жазықтарды шығарсаң, енді біреуімен өте сызықтарды шығарады
5
Түрлі түсті қарындаштар- графиканың тамаша құралы. Бірақ, өкінішке орай, олар қазіргі кезде көп пайдаланыла бермейді. Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі- түсті қарындаштарды қолданған. Түрлі түсті қарындаштардың біз көбіне сәби балалардың ермегі деп санаймыз. Бірақ қарындашпен салған суреттің өзі біршама еңбектену мен дағдылануды талап етеді.
Түрлі түсті қарындаштың акварель мен гуашь бояуларынан айырмашылығы жұмыс жасау тәсілі қарапайым, езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жазда пайдалануға өте ыңғайлы. Ал бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтар пайда болмайды.
Түрлі түсті қарындаштар- суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Жұмыс істеу барысында алдын ала жұмыс орнын дайындап, әуренелудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзінің техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде арласа алмайды, бірақ олар қағаз бетінде бір-бірімен қосылып басқа түс бере алады. Түрлі түсті қарындашпен жұмыс жасаған кезде, өшіргішті аз қолдануға тура келеді. Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп, салынған сурет әсем көрінбейді.
Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді. Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады.
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн. Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды. Егер дайын түсті қағаз болмаса, оны өздерің дайындауларыңа болады. Ол үшін ақ қағазды планшетке тартып, акварель бояуымен, қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады. Бояу түсі солғын да ашық болуы тиіс.
Пайдалануға ыңғайлы болу үшін түсті қарындаштарды түсінің жақындастығы бойынша таңдайды. Сары, көк, қызыл, жасыл түстілерді бір бөлек топтайды.
Жасалынып біткен жұмысты кәдімгі шашқа себетін лакпен бекітуге болады. Ол үшін салынған суретті 30-50 см қашықтыққа тік қалпында қойып, лакты себелеп шығады.
Түрлі –түсті қарындаштармен жұмыс жасауды меңгеруді өсімдіктердің, кішкентай натюрморт, табиғи көріністерін, ағаш бұтағын, гүл және жапырақтарды салуды бастаған жөн.
Көркем өнердегі «пастель» сөзінің ұғымы Италияның «pasta» сөзінен алынып, «қамыр» деген мағынабереді.
Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарынан, бор мен шайырдың қосындасын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуының әрбір түсінен көптеген реңдер алуға, онымен бір түстен екінші түске өтудің нәзікте жарасымды қалпын беруге мүмкіндіктер туғызуға болады. Пастель бояуы қарындаштар тобына жатқанымен , оның ашық түсіне байланысты ол жайлы
6
кескіндеме ретінде айтамыз. Борларды кейде суға езеді, оны суретшілеро акварель , гуашь бояуларымен жұмыс жасағандай пайдаланады. Пастель бояуымен жұмыс жасау ежелден белгілі болған. Соңғы кездерге техникалық жетістіктер нәтижесінде пастель бояуының беріктілігін одан әрі бекіту үшін ерітінділер ойлап табылды. Пастель бояуымен орындалған шығармалар өте ұзақ уақыт бойы сақталып, күн сәулесіне төзімді келеді. Пастель бояуымен орындалған шығармалар бояуы түсі жағынан жарасымды болып шығады.
Пастель бояуы кескіндемедегі сияқты әр түрлі реңдердің жарасымдылығында жасалатын көркем жұмыс. Пастель жұмыстары өңдерінің ерекше жұмсақтығымен және нәзіктігімен, барқөыт секілді фактурасымен ерекшеленеді. Пастельдің жұмсақ таяқшаларымен жұмыс істеу бояу ұнт ағын ұстап қалоуға қабілетті бұдып немесе түкті негізді талап етеді. Көне заманда суретшілер пастельмен жұмысты табиғи күдеріге жасады.
Пастельдің өзіндік ерекшеліктері мынада: бұл материал бір мезгілде әрі кескіндемелік, әрі суреттік материал болып есептеледі. Кейде ерекше көңіл аударып, форманы негізінен сызықтармен және штрихтармен, контурмен береді. Ал барлық түстік шешімді жай ғана суретті боямалау ретінде бар жоға бірнеше шартты алынған өңдермен жүогізілді. Соның нәтижесінде боялған сурет алынады. Көптеген құнды жақтары бола тұра, пастельдің жалғыз кемшілігі бар, ол негізге нашар жұғып, нашар жабысады. Оған тиісуге болмайды, оны папкада сақтауға болмайды.
Пастель бояумен заттың өзіндік түстік қатынастарынын бүкіл күрделі гаммасын бере отырып, жұмыс техникасын алуан түрлі әдістермен алмастыра алады. Пастельмен жұмыс істеу м техникасын үйренуде әр түрлі табиғат көріністерінен ютют жасаудан бастаған жөн.
7
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА
Қазіргі таңда қоғамымыздың барлық саласында әлеуметтік- экономикалық жаңарулар түбірлі өзгерістер жасауда.
Адамдар ерте заманнан, үңгірлерде тұрғанда, отты үйкеу арқылы алатын кезде, аңға тас балтамен шығатын кезде-ақ сурет салуды бастаған, яғни жазуды білмей тұрып айналысқан. Сібірде Кузнецк Алатауында, өткен уақытысына 34 мың жыл болған сурет табылды. Жартастағы жазбалар топырақ бояулармен (қызыл, сары және қоңыр сарғыш, көгілдір ) қара күйе және бөлшектенген тақтайшаларға, ағаштардың күйесімен тері кесеге және қарапайым саусақтар көмегімене орындалған.
Содан бері бірнеше мың жыл өтті, жазу және кітап басу дүниеге келді. Адам атаом ядросының энергиясын игерді және ғарыш кеңістігіне ұшты, ал сурет салу техникасында не өзгерді? Бояу, қаламсап жақсарды, қарандаш, перо,, фломастер шығарылды, бірақ іс жүзінде барлығы сол күйі қалды: дәл сол байланыс, көз-қол, құрал-бейне, суретшінің қабілетіне қойылатын талаптар да сол күйінде.
Бірақ, міне есептеу техникасы дүниеге келді. Өмірде автоматтандыру қажеттілігімен туындаған, сыйымдылығы көп математикалық есептерді шешуге арналған электронды есептеу машинасы /ЭЕМ/ үлкен калькулятордан бір мезетте интелектуаллды құралға айналды, оны пайдалану аясы қарқындап өсу үсінде. 1960 жылдардың басында есептеу техникасының жаңа саласы –интерактив машиналық графикасы дүниеге келді, онда компьютер сандарды өңдепу үшін емес, графикалық ақпарат пен жұмыс істеу үшін қолданылады.
Компь№ютерлерді техникалық және бағдарламалық жүйемен қамтамасыз ету, адам компьютерге емес, керісінше компьютер адамға ыңғайланатын деңгейге жетті. Машиналық графика пайдаланушының ЭЕМ-ның араласу тәртібімен орындалатын істі орындалуын қысқартып, есептеу техникасының мейлінше «гуманизациялығын» көтереді, адамның шығармашылық мүмкіндіктерін барынша толық ашып, ақпараттың көрнекі көрінуін қамтамасыз етеді.
Шешу нәтижелерін графикалық қорытындысыз елестету мүмкін еместік себептері бар, мысалы апаттық жағдайларда автокөлік жүруі, аэродромдағы ұшақтың көрінісі, молекула құрылымы және т.б.
Компьютерлік графиканың кең қанат жайып дамуына ірі компаниялары компьютер технологиясын енгізе отырып адамдарға көмектесу мақсатымен суретшілерге, музыканттарға және тағы басқа өнер саласына икемделіп жасалған бірнеше бағдарламалар ұсынды. Көптеген компанияның графикалшық бағдарламасында дизайнерлерін, графикалық редакторлардың және фотоны өңдеуге, өзгертуге, түс беруге т.б. көптеген мүмкіндіктерін шешу бағытталды.
Графиканың барлық саласымен жұмыс жасай алатын бағдарламалары: жай қарындаштан майлы және акварель бояуына дейін пайдалану мүмкіндіктерін орындауға болады.
8
Сызба геометриясы мен проекциялық сызуды игеру қажеттілігі, сзушының ауыр және қиын еңбегін орындау көптеген адамдардың өз ұстанымын көрсетуде қызығушылық ынтасын төмендетеді. Ал компьютер геометриялық-логикалық тұрғызу процесін автоматтандыруды жеңіл атқарады, яғни мидың сол жақтағы жарты шардың функциясын өзіне алды (ғалымдар айтады, абстракты – логикалық ойлануға адамның бейімділігі, бастағы мидың сол жақтағы жартиы шарының өте қатты дамуымен анықталады ).
Графикалық редакторлар әр түрлі суреттерді, сызбаларды, иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы программалардың тобын қалыптастырады.
Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта кетейік: визвиткалар мен хабарландыруларды, иллюстративтік және іскерлік графиктерді ресімдейді, есептіліктердің, мақалалардың, кітаптардың суреттерін әзірлейді; нақты іс сцена мен анимациялық фильмдерді құрастырады; жарнама роликтерін жасайды және т.б.
Барлық графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растарлық және векторлық: Растарлық графикалық редакторда (басқаша Bitmap –графикалық редакторы деп аталады) кескін квадраттардың (кескіндердіің пиксельдердің элементтері) шамалары бойынша кішкентай әрі растарларды құрылады.
Растарлық редактордың негізгі элементі- нүкте (оның жағдайы, анық та қанық болуы, түс).
Растарлық кескін бағандар мен жолдардың қиылысында орналасқан көптеген жекелеген нүктелерден (пискельдерден ) қалыптасады. Кескінді бұлай қалыптастырудың басты артықшылығы – қарапайымдылығында. Растарлық кескінді жадында сақөтау үшін растарлық суреттердің бірінші кешілігіне айналған-жадына сақтаудың үлкен көлемін қажет етеді. Растарлық суреттердің тағы бір кемшілігі –масштабын өзгерту барысында кескін бұрмаланып кетеді.
Информацияны көрсетудегі растарлық тәсілдің артықшылығы- обьектінің формалары мен түсін өзгере алатын мүмкіндіктері шексіз (өте көп) десе де болады. Графикалық редакторлардың бұл тобының типтік өкілі - Windows операциялық жүйелерінің құрамына кіретін Paint графикалық редакторы болып табылады. Растарлық графикалық редакторларға мыналар жатады: Adobe Photoshop, Photostyler, Coler Photo, Adobe PhotoPaint.
Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық формулалар жатады. Олар осы сызықты сызады.
Векторлық графикте обьектінің масштабына өзгерткен кезде әр түрлі пискелдердің орналасу карталары (кестелер, матрицалар) емес, обьектінің математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасында пропорция дәлме – дәл сақталады. Векторлық графикалық редактолар –Adobe Illustrator, Macromedia Freehand және Corel Draw.
Векторлық графикте қисық үшін реттің алуан түрлілігі болып табылатын Безье кеңінен тараған.
9
Динамикалық кескін 3D Studio MA X, Animator Pro және Corel Draw редакторларының көмегімен жасалады.
3D Studio MA X десетесінде кескінді қалыптастырудың мына схемалары пайдаланылады: аз ғана түйінді кадрлар беріледі, ал олардың кадрларын байланыстырушы қалғандары дестені интерполяция (жеткіліксіз деректерді қалыптастыратын математикалық операция ) арқылы автоматты түрде құрады.
3D Studio MA X редакторы кескінделетін обьектілерді былайша түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді: берілген траекторияның ұзын бойымен жылжыту: айналдыру: деформация (қысу немесе созу); морфинг (бір обьектіні келесіне жайлап трансформациялау). Десте обьектіні жарықтандырудың (жарық қылудың) бірнеше жарық көздерін және обьектіні әр түрлі көзқарастан қадағалайтын бірнеше камераны пайдалануға мүмкіндік береді. Обьектілердің қырлары (грани обьектов) кітапханада үлгілері сақтаулы болатын әр түрлі фактуралармен сурет етіп салынуы ықтимал.
Әр түрлі программаларда жасалған растарлық кескіндер компакт дискілерде таратылады. Растарлық кескін дисклерінде, әдетте түрлі кескіндер жиыны жинақталған, мысалы, карикатура, жануар бейнелері, пейзаждар және спорт оқиғаларының иллюстрациялары, оларды құжат рәсімдеуде пайдалануға болады.
Фотосуреттер де растарлық кескін сияқты сақталады. Егер машиналарына сканер қосылған болса, онда кез –келген фотосуретті оп-оңай сканерлеп алып, оларды дискіде растарлық кескін түрінде сақтауларыңа болады. Сканер суретті «суретке түсіреді» де, оны цифрланған нүктелер жиыны түрінде көрсетеді. Осыдан кейін растарлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіруге болады.
Растарлық кескіндеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растарлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез –келген бөлігін өзгшертуге болады; нүктелерді, қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әрбір нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растарлық кескін өлшемінің масштабына әдісімен (бір немесе бірнеше бағытқа созу немесе сығу) өзгерткенде, кескіннің сапасын жоғалатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекілініп кетсе, ал кішрейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтатындықтан).
Бірақ бұл кемшіліктерге қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растарлық суреттер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Кескін салуда векторлық түрі де бар, мұнда кескін элементтері нүкте түрінде емес, әріпті-цифрлық (математикалық формулалар жиынтығы) ақпарат түрінде беріледі. Кейіннен бастапқы кескінді салу үшін бұл ақпарат арнйы программаларды өңделеді.
10
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын. Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми жәнге инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы прогшраммалық қамтамасыз еулері жасалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оны қолдану туралы жоғарыда айтылады. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.
Ғылыми графика – бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті- обьектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика , ғылыми зерттеулер мен сауалдар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін, есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Білім беруде- мультимедиялық программалық құралдарда.
Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді- міне, осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрация материалдар (көбінесе бұл график, диограмма) жасалады. Білім беруде компьютерлік графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ беруде, компьютерлік оқу программаларында, сондай-ақ Intrnet беттерінде қолданылады.
Көркемдік және жарнамалық графика: графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуретті бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейнесабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады. Архетиктурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттардың қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады, ол дыбысты, музыканы, мәтінді, бейне мен анимацияны (қозғалатын обьектілер) қабыстырып үйлестіреді. Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.
Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар. Мысалы, түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі түсті болып ажыратылады. Қолдану бағытына қарай инженерлік графика, ғылыми графика, Web графика, көркемдік графика және т.с.с. болып бөлінеді.
Кескіндердің құрылу әдістеріне байланысты компьютерлік графиканы екі өлшемді және үш өлшемді графикаға бөледі.
11
Компьютерлік графиканың бірінші түрі- растарлық графика.
Пайдаланушы тұғысынан қарағанда оның мағынасы жеңіл қабылданады.
Растарлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне (горизонталь және вертикаль бойынша пиксель саны ) және әрбір пиксель үшін беруге болатын түстер (16,256 және одан да көп түстер) санына тәуелді.
Растарлық кескін үлкеюге де, кішіреюгеде сезімтал. Растарлық кескінді кішірейткенде көрші орналасқан бірнеше нүкте бір нүктеге түрленеді, сондықтан кескіннің ұсақ бөлшектерінің айырмашылығы жойылады. Кескінді үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбен де көруге болады.
Векторлық графика. Векторлық графикалық кескіндер айқын және анық контурларды сақтауды қажет ететін маңызды графикалық обьектілерді сақтаудың тиімді құралы болып табылады.
Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.
Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы.
Кескіндердің векторлық өрнектелуі растарлықтан қатты ерекшеленеді егер растарлық графикада кескіндердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада –сызық болып табылады. Сызық математикада тұтас обьект болып сипатталады, сондықтан растарлық графикаға қарағанда векторлық графиканың құралдарымен обьектіні өрнектеуге қолданылатын дерек көлемі әлде қайда аз.
Фракталдық графика математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фракталдарда детальті сипаттау жады
12
талап етілмейді, сондықтан ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар көп қолданылмайды. Фракталдың аз бөлігі барлық фракталдар туралы мәлімет береді.
Компьютерлік графикада фракталдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с. күрделі кескіндер салу үшін пайдаланылады.
Компьютерде кескіндер өңдеу үшін арнайы программалар- графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторларды да екі категорияға бөлуге болады: растарлық және векторлық.
Түсірілген суреттер мен жалпы суреттерді өңдеуге көбіне растарлық графикалық редакторлар ыңғайлы, себебі растарлық кескіндер түстер градициясын және көмескі бояуларды жоғары дәрежеде беруді қамтамасыз етеді.
Қарапайым растарлық кескіндерді тікелей салуға мүмкіндік беретін қарапайым растарлық редакторлардың қатарына Paint Brush, Painter жатады.
Растарлық графикалық редакторлардың негізгі класы олардың сапасын арттыру және даяр растарлық кескіндерді өңдеуге арналған. Мұндай редакторларға Adobe Photoshop Corel Photo Paint және басқа осы сияқты программалар жатады.
Растарлық графикалық редакторлар пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді.
● Графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипистер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен ) салу;
● Кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;
● Сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;
● Ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;
● Мәтінге суреттер қоса отырып, көркем хабарландырулар даярлау;
● Алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.
Кәсіби растарлық редакторлар (мысалыAdobe Photoshop ), негізінде сурет салу үшін емес, фотобейнелерді өңдеу, яғни айқындық және қынықтылықты арттыру, ескі фотобейнелерді кірді және сызаттарды жою үшін пайдаланылады.
Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынандай мүмкіндіктерді пайдаланады:
● Обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу) қажетті әр түрлі әдістер;
● Обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;
● Графикалық эффектілер (әсерлер) көп;
● Мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;
● Алынған кескіндерді сақтау. 13
Графикалық редакторларда грфикалық кескіндерді құру және редакциялау үшін құралдарды таңдау мүмкіндігін беріп, оларды бір құрал- саймандар тақтасына біріктіреді.
Paint ,Adobe Photoshopрастарлық графикалық редакторларының құрал-саймандар тақтасы көрсетілген. Егер зер салып қарасақ, тақтада көптеген бірдей құрал-сайманның бар екенін көреміз.
Обьектілерді салу құрал-саймандары. Графикалық редакторларда қарапайым графикалық обьектілерді (түзу сызық, қисық, эллипс, көпбұрыш және т.с.с.) салуға қажетті құрал-саймандар бар. Құрал –саймандар тақтасынан обьектіні таңдағаннан соң, оны редактор терезесінің кез –келген жеріне салуға болады.,
14
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА МЕН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ МЕН ҰҚСАСТЫҒЫ
Бейнелеу өнері өмірді көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйреніп қана қоймай, ол біздің ой- санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді
Бейнелеу өнерінің ерекшелігі- суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді.
Бейнелеу өнеріндегі грфикалар әр түрлі тәсілдер мен құралдарды пайдалана отырып, суретшінің асқан шеберлгінен туындайтын шығармашылық жанр. Орындалған шығармалар табиғи жарықтың түсуінен пайда болады. Бейнелеу өнерінің графика түріне тоқталатын болсақ. Ең қарапайым түрі ақ қағазға қарандашпен немесе тушьпен салу. Ал компьютерлік графика арнайы бағдарламалармен жасалатын (Adobe Photoshop3D Studio, Paint , Corel Draw, Adobe Liiustrator, т.б.) туындылар.
Бейнелеу өнеріндегі графика мен компьютерлік графиканың айырмашылықтары мынандай: Суретші өз туындысын қыл-қаламмен немесе басқа құралдар көмегімен асқан шеберлікпен орындайды. Салынған суретті компьютердің көмегімен орындайтын болсақ, компьютерде орындалған графика мен салынған суреттің көлемінде ерекшеліктер пайда болады. Кейбір кескіндер компьютерде толықтай орындалмауы мүмкін. Бейнеленген графикаға қарғанда компьютерлік графика пиксельдерден (экрандағы бейненің ең кіші нүктесі) тұрады. Компьютерде кескіннің өлшемін өзгерткенде (үлкейтіп немесе кішірейткенде) пиксельдер саны да өзгереді. Кескінді ұлғайтар болсақ бос пиксельдер қосылып (олар ақ түсті болады), кескіннің түсі солғын тартып кетеді. Сонымен қатар компьютерлік графика компьютерде белгілі бір көлемде және форматты сақталады. Форматтарының түріне қарай олардың көлемі де әр түрлі болады. Ал ұқсастықтарына келер болсақ: бейнеленген суретті сканердің көмегімен компьютерге енгізетін болсақ, кескін бейнеленген суреттін көшірмесі болғандықтан түстері, көлемдері және орындалу шеберлігі де сол қалпында сақталып қалады.
15
ҚОРЫТЫНДЫ
Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтармен түрлі бұйымдар, жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқақ шеберлікпен сала білген . бұл суреттердегі бейнелерге қарап отырып, бейнелеу сапасының биік дәрежесіндегі көрінісін көріп, суретшінің орындау шеберлігін байқауға болады. Яғни, әр бояу түрлерінің ерекшеліктері бар. Мысалы, акварель бояуын пайдаланған кезде оны қағаз бетіне «мазок» арқылы салынады.«Аква» сөзінің өзі «су» деген мағынаны білдіреді. Ал гуашь майлы бояу. Қою бояулар түріне жатады. Бейнелеу өнерінде орындалған шығармалар табиғи жарықтың түсуінен пайда болады. Бейнелеу өнерінің графика түріне тоқталатын болсақ. Ең қарапайым түрі ақ қағазға қарандашпен немесе туьшпен салу.
Қазіргі таңда қоғамымыздың барлық саласында әлеуметтік- экономикалық жаңарулар түбірлі өзгерістер жасауда. Компьютерлік графиканың кең қанат жайып дамуына ірі компаниялары компьютер технологиясын енгізе отырып адамдарға көмектесу мақсатымен суретшілерге, музыканттарға және тағы басқа өнер саласына икемделіп жасалған бірнеше бағдарламалар ұсынды. Көптеген компанияның графикалшық бағдарламасында дизайнерлерін, графикалық редакторлардың және фотоны өңдеуге, өзгертуге, түс беруге т.б. көптеген мүмкіндіктерін шешу бағытталды.
Графиканың барлық саласымен жұмыс жасай алатын бағдарламалары: жай қарандаштан майлы және акварель бояуына дейін пайдалану мүмкіндіктерін орындауға болады.
16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов, «Бейнелеу өнері» /5 сынып/
-
З.Айдарова, «Бейнелеу өнері» /6 сынып/
-
Н.Т.Ермеков, «Компьютерлік графика»
-
М.Т.Белденбаева, «Adobe Photoshop программасында жұмыс жасау әдістері»
-
«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы.
-
http://goszakup.gov.kz/ index.php?id=151& L=1
-
http:// www.аzerbayev.kz/grafic1.html
17
МАЗМҰНЫ
-
КІРІСПЕ ............................................................................................1 бет
-
СУРЕТ САЛУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ .................................3 бет
-
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ГРАФИКА ...........................................4 бет
-
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА .........................................................8 бет
-
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА МЕН БЕЙНЕЛЕУ
ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
МЕН ҰҚСАСТЫҒЫ ..........................................................................15 бет
-
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................16 бет
-
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...............................................17 бет