Материалдар / "Компьютерлік технология негізінде ағылшын тілін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру" тақырыбына арналған мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Компьютерлік технология негізінде ағылшын тілін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру" тақырыбына арналған мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ағылшын тілі мамандарына арналған. Осы материал компьютерлік технология негізінде ағылшын тілін оқытуды ұйымдастыру туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Компьютерлік технология негізінде ағылшын тілін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Шетел тілін үйретуде оқушының белсенділігін қалыптастырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері:

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану заман талабы. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электрондық телекоммуникация, электрондық оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға әсері мол.

Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр. Компьютерлік технологияны үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының туындауына себеп болады. Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ, психологиялық, педагогикалық бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады.

Компьютерлік технологияны оқу тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері Ж.А.Қараевтың еңбегінде көрсетілген. Алайда, интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері өзгерді. Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды кең қолдану кезінде оқытудың оқыту мен әдіс-тәсілдері, сондай-ақ білім беру үрдістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:

оқушының өзіндік жұмысын арттыру;

ақпараттық түрлі көздермен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыларды үйрету;

олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру.

Ғалымдардың айтуынша оқыту үрдісіне компьютерді енгізу оқушының оқу танымдық белсенділігіне басшылық жасауда, оны интенсивтендіруде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

Оқыту әдісі кезінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін қолданудың дұрыс бағытының бірі- компьютерлік моделдеу, имитация және виртуальды стенд. Бұл бағыт оқушыларға нақты құбылыстар мен обьектілерді өз командасына берген бағасын көре алады. Бұл тұрғыда алғанда шешімнің дұрыстығын ғана емес, сондай-ақ ұстанған бағыттың күшті және әлсіз жақтарын, жіберілген қателерді де оқушыға көрсетіп отыратын интеллектуалды танымдық жүйелерде қолданылады.

Қорытындылай кетсем, еліміздегі білім берудегі жақсы дәстүрлерді жоғалтып алмай, халқымыздың мәдени мұралары мен дәстүрін сақтай отырып, білім беру процесі мен мазмұнының жеке тұлғалық және практикалық бағытталуын күшейту қажет деп есептейміз. Ал мектеп оқушыларының құзіреттілігін қалыптастыруға бағдарлануы қазіргі заманғы қоғам талабы мен ақпараттық өркениет адамына қажет сапалық тұрғыдан жаңа білім беру нәтижесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

«Бүгінгі жастар болашақ ұрпағы» дегендей қазіргі оқушыларды өмірден өз орнын таба білетін білімді де білікті азамат қылып дайындау мына біздің- мұғалімдердің қолында. Сол себептен бұндай оқушыны даярлауға бар күшімізді салып, ат салысайық.

Мемлекетіміз алдыңғы уақытта білімді, өркениетті, дамыған, алдыңғы қатарлы ел болып көріне берсін.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қараев Ж.А. Оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану // ИФМ, 1994.

  2. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары.- Алматы.: Мектеп. 1978. 

  3. Құдайқұлова М.А. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі заманғы технологиялық құралдарды пайдалану.– Алматы, 1972.

  4. Нұрғалиева Г.Қ. Электронды оқулықтар- мұғалімдер мен оқушылар қызметін ізгілендіру құралдары. // Компьютер әлемі, 2002.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!