Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Концерт залына саяхат 2 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Концерт залына саяхат»
Мақсаты: Оқушылардың өнер әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру; Білімділік: Оқушыларға театр және концер залы түсіндіре отырып, білік дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, театр, концертке, пәнге қызығушылақтарын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,әсемдікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, музыка
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Театр және кноцерт залына барып көрдің бе? Бүгініг біз тоқталатын тақырып «Концерт залы» туралы болмақ.
-театр мен концерт залдары – қаладағы ең сәулетті ғимараттардың бірі. Егер сен театрға баратын болсаң, оған мұқият дайындалуың қажет болады.
Театрдың өзіне тән бәрнеше ережесі бар.
Бірінші ереже: Кешікпей келуің керек. гардеробқа сырт киіміңді шешіп қоясың. Өйткені театрда сырт киіммен жүругеқатаң тыйым салынған.
Екінші ереже: Өте сыпайы болу керек. Егер театрға уақытынан кешігіп қалсаң, орныңды іздеп, көрерменді мазаламағанын дұрыс болады. ең дұрысы, бос орындардың біріне немесе балконга жайғасып отырғанын дұрыс болар.
Үшінші ереже: Шулауға болмайды. Театрға кіргенде ұялы телефонды сөгдіріп қою қажет.
Спектакль немесе концерт өтіп жатқанда сусын ішіп, балмұздақ жеуге болмайды. Бұл үлкен әдепсіздік болып саналады.
Төртінші ереже: Әртістер мен музыканттар сахнадан кеткенше күту керек. Көрермендер қол шапалақтап, алғыстарын білдіреді. Содан соң залдан шыққанжөн.
Театтрға алғаш барған күннің сен үшін ұмытылмастай үлкен мерекеге айналсын!!!
Музыка тыңдайық!
Ж.Бизеннің «Кармен» операсынан үзінді....
ІV.Шығармашылық жұмыс. Театрға барғандағы әсерлерін жазу. Қорғау
V. Қорытындылау.
- Театр мен концерт залдарына барғанда өзіңді қалай ұстауың керек?
- Театрға барудың қандай ережелерін білесіңдер?
VІ. Үйге тапсырама. Қандай театрларды білесің?
VІІ. Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Филармония – өнер шаңырағы»
Мақсаты: Оқушыларға филармония туралы,қазақ филармониясының алар орны туралы түсіндіру; Білімділік: Оқушыларға «Филармония – өнер шаңырағы» екенін түсіндіре отырып, дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, пәнге қызығушылақтарын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,әсемдікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жамбыл атындағы Қазақ фиармонясы – ең үлкен музыкалық өнер шаңырағы. Филармония залында күнде классикалық музыка концерттері өтеді. Ол концерттерден симфониялық оркестрдің, «Отырар сазы» фольклоры- этонографиялық оркестерінің, үрмелі аспаптар оркестрі және хор капелласының өнерін тамашалауға болады. Бұл кәсіби ұжымдардың репертуарында Қазақстан, Ресей және Еуропа композиторларының ең үздік туындыларын тыңдауға болады.
Филармония әртістері Қазақстанның көптеген қалаларында және шет мемлекеттерде өз өнерлерін көрсетеді. Сонымен қатар филармония көптеген атақты дирижерлер мен танымал орындаушыларды шақырып, олардың өнерін көрермендерге ұсынады. Қазақ филармониясы республикамыздағы музыкалық мәдениеттің дамуына өз үлесін қосып келеді.
-суреттерге қарасаңдар, Б.Байқадамов атындағы Қазақ Мемлекеттік хор капелласы
Музыка тыңдайық!! Римский- Корсаковтың «Салтан патша туралы» атты ертегі- операсының «Араның ұшуы»
Біліп ал!
Көп жылдар бойы тке бір ғана Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония болды. ал қазір Қазақстанның барлық өңірлерінде филармониялар бар. Әрбір филармонияда хор капелласы, оркестрлар, фольклорлық ансамбльдер, ұлттық би ұжымдары, эстрада топтары бар. Көптеген филармониялар мектеп оқушыларына арнап дәрісті концерттер өткізіп отырады.
Сондай концерттерге ата – анаңмен, ұстаздарыңмен және достарыңмен баруыңа болады.
ІV. Қорытындылау.
-Не себепті филармонияны өнер шаңырағы деп ойлайсыңдар?
-Филармония залынан қандай концерттерді тыңдап көрдіңдер ?
V. Үйге тапсырма. 3-сұраққа жауап беру
VІ. Бағалау
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Камералық музыка»
Мақсаты: Оқушыларға камералық музыка туралы түсінік беру; Білімділік: Оқушыларға «Камералық музыканы» түсіндіре отырып, дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, пәнге қызығушылақтарын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,әсемдікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Ертеде концертті қайда өткізген деп ойлайсыңдар?
Ерте замандарда Еуропада филармониялар мен концерт залдары болған жоқ. Сондықтан музыканттарды бай әрі ауқатты адамдар үйлеріне арнайы шақырып тыңдаған.
Концертке бір немесе бірнеше орындаушы қатысқан. Ол ансамбльдерді дуэт,трио, квартет, және квинтет деп атаған. Әсіресе, скирпка,альт, виолончель орындаушыларының концертін тыңдауды дәстүрге айналдырған.
Концертті үй иесінің туыстары, достары және арнайы шақырылған қонақтар тамашалаған. Мұндай концертті камералық концер деп атаған. Осылайша үйде пайда болған камералық музыка сахнаның төрінен орын алады.
музыка тыңдайық!
Ішекті аспаптар квартетінің орындауында В.А.Моцарттың «Кішкентай кешкі серенадасы»
Музыка сауаттылығы!!!
Екі, үш, төрт және бес адамнан құралған орындаушыларды дуэт, трио, квартет және квинтет деп атаймыз.
Қазіргі кезде ішекті аспаптар квартеті кеңінен тарлаған. Квартет құрамында скирпка, альт, виолончель аспаптары бар. Төрт орындаушыдан құралған ансамбльді «квартет» деп атайды.
Ад үрмелі аспаптар квартеті флейта, кларнет, гобой және фагот аспаптарынан тұрады. Сонымен қатар төрт саксафоннан құралған квартетті де кездестіруг болады.
ІV.Қорытындылау.
-Не себепті камералық музыка деп атаған?
-Камералық концертте қандай аспаптармен орындау дәстүрге айналған?
V.Үйге тапсырма. 3-сұрақ
VІ. Оқушыларды бағалау
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Ең үлкен музыка аспабы – орган.»
Мақсаты: Оқушыларға аспатар туралы, оның ішінде ең үлкен музыка аспабы- орган туралы түсіндіру; Білімділік: Оқушыларға орган аспабы туралы айта отырып, дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, пәнге қызығушылақтарын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,әсемдікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Музыкалық аспаптардың ең үлкені орган болып табылады. Бұл аспапты фортепианоны ойнағандай клавиштерін басып орындайды.Бұл екі аспаптаң басқадай ұқсастық табу қиын.
Органның жоғарға жағына көптеген түтіктер орнатылған. Осы түтіктерге ауа жіберу арқылы дыбыс шығарады. Сондықтан орган аспабын үрмелі аспаптар тобына жатқызамыз. Түтіктер темірден жасалады. Олардың ұзындығы бірнеше сетиметрден басталып, Бірнеше метрге дейін жетеді. Түтіктер үлкен болған сайын оның дыбыс жуан болады, ал кішірейген сайын дыбысы жіңішкере береді.Түтік көп болса, дыбысы да көбейіп, күшейе түседі.Орган аспабының клавитурасы бірнеше қатардан тұрады. Аспаптың клавиштерін қолмен, ал төменгі аяқ тұсына орнатылған басқыштарды аяқпен басу арқылы ойналады. Орган аспабы- дыбыс бояуы жағынан өте бай.Бір өзінің дыбысы бүтін симфониялық оркестрмен пара-пар.
Музыка тыңдайық!!!!!!!
Орган аспабының сүйемелдеуімен Дж.Каччинидің «Аве Мария» шығармасы.
Ән орындайық!!!!!!
Апа, туған күніңмен!
Әні мен сөзін жазған: К.Ыбырайұлы
-
Өзің маған бақ берген,
Өмір берген,апа.
Бестік толы дәптермен
Қуантайын, апа
-
Жарқырасың маңдайын
Ауырмашы, апа, ауырмашы,
Құтты болсын әрдайым
Туған күнін, апа
-
Саған ғана арнадым
Бар тілекті , апа
Өміріңді жалғадым
Бақытты бол, апа!
-
Қарсы алайық бүгін бір,
Ғасыр таңын, апа
Ұзақ- ұзаҚ апа!!!
Қасындамын ,апа
Музыка сауаттылығы!
орган басқышты- үрмелі аспаптар тобына жатады.
Біліп ал!!!
Бүкіл әлемде бірдей жасалған орган аспабын кездестіре алмайсың. Аспаптың көлемі оны орнатаын ғимараттың үлкендігіне байланысты болған.Ерте замандарда орган аспабын христиан шіркеулеріне орнатқан. Қазіргі кезде де орган аспабын көптеген шіркеулерден, сондай- ақ концерт залдарынан тыңдауға болады.
ІV. Қорытындылау.
-не себепті орган аспабын ең үлкен аспап дейміз?
-Орган аспабын қалай ойнайды?
- Орган аспабының дауысы қалай шығады?
V. Үйге тапсырма. «Апа, туған күніңмен» жаттау
VІ. Бағалау
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Халық муыкасының концерті»
Мақсаты: Оқушыларға халық музыкасының концерті туралы түсіндіру; Білімділік: Оқушыларға халық музыкасының өнері туралы айта отырып, дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, пәнге қызығушылақтарын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,әсемдікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Алматы қаласында халық музыкасын тыңдайтын арнайы концерт залы бар. Ол - Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерт залы. Ертеде қазақтың әндері мен күйлерін біздің аталарымыз домбыра немесе қобызда жеке орындаған. Ал қазіргі таңда күйлер мен әндердіоркестрдің орындауында тыңдауға болады.
Оркестр құрамында көптеген аспаптар бар. Домбыра, қобыз, сырнай, ұрмалы және үрмелі аспаптардың әр түрін көре аласың. Бұл аспаптардың 70-ке жуық адам қосылып ойнайды. Мұндай үлкен оркестрді дирижер басқарады.
орындаушылар дирижердің қолына қарап барлығы бір адамдай орындайды. Үлкен ұжым бір адамдай орындайды. Сахнада көрерменнің ыстық ықыласына бөлену үшін олар күнделікті ерінбей еңбек етеді. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет күйлері оркестрдің орындауында ерекше күшке ие болады.
Оркестр тек қана күйлер орындап қана қоймайды. Еуропа және орыс классик композиторларының шығармаларында нақышына келіп орындайды.
Музыка тыңдайық!!!
Құрманғазының күйі «Сарыарқаны» орындайтын Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі.
Біліп ал!
Ахмет Жұбанов – композитор. Халық аспаптар оркестрін ең алғаш құрып, оған жетекшілік етті. А.Жұбанов фортепианога, қобызға басқа да аспаптарға шығармалар жазды. Оның ең үлкен шығармасы- «Абай» операсы. А.Жұбановтың «Ақ көгершін», «Қарлығаш» сияқты әндері халыққа кенінен танымал.
Музыка сауаттылығы!!!
ДИРИЖЕР оркестрді басқарады.
Қорытындылау.
-
Оркестр құрамында қанша адам бар?
-
Оркестрді кім басқарады?
Үйге тапсырма. сұраққа жауап беру
Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Хор өнері»
Мақсаты: Оқушыларға хор өнері туралы жалпы түсінік қалыптастыру; Білімділік: Оқушыларға хор өнері туралы айта отырып, хор үйірмелері туралы дағдыларын қалыптастыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, пәнге қызығушылақтарын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,әсемдікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
-
Мерекелерде сен балалармен бірге мектеп, ұстаз және аналарың туралы ән шырқайсың. Көп адамның қосылып ән орындауын хор деп атаймыз. барлығымыз бірге ән айтқанда дауысымыз бір-бірімен үйлесіп, көңіл күйіміз де көтеріліп қалады.
Ауылда апа –әжелеріміз барлығы бас қосып, жиын-тойларда ән шырқайтынын білеміз. Әсіресе ерте замандардан келе жатқан халық әндерін шырқап, тойдың сәнін келтіреді.
Қазіргі кезде де үйлену, қыз ұзату тойларында барлығы бірге қосылып, жар-жар әнін орындайды. Халық әндерін орындайтын топты халықтық хор деп атайды.
Халықтық хорлар көп халықта бар. Өзің білетін орыс, украин, грузина ұлттарында мұндай халықтық хорлар кеңінен танымал. Ең қызығы олар әндерді бірнеше дауысқа бөлініп орындайды.
Ал қазіргі кезде кәсібихор ұжымдары бар. Олардың оералық театрлар мен филармонияда кездестіруге болады. Көп дауыста орындайтын ұжымды кәсіби хор деп атаймыз.Кәсіби хор төрт дауысқа бөлініп орындайды.Олар ең төменгі әрі жуан дауысты бас,одан кейін орта дауыстағы – тенор, онан жоғары- альт және ең жіңішке дауысты сопрано деп атайды. Кәсіби хорда бас және тенор дауысты ерлер, ал альт пен сопрано дауысын әйелдер орындайды. Ал балалар хорында альт және сопрано дауыстары кездестіре аламыз. Балалр хорын да кәсіби хорға жатқызамыз.Өйткені олар музыка мектептерінде ноталық сауатын ашып,аранйы хор ұжымында бірнеше дауыста орындауды үйренеді. Хорды көбінен аспатың сүйемелдеуінсіз орындайды. Аспапсыз орындауды «акепелла»,ал хор ұжымын хор капелласы деп атайды.
Музыка тыңдау!
Әжелер ансамбілінің орындауында халық әні «Жар- жар».
Қазіргі кезде үйлену тойында міндетті түрде қонақтар жар-жар орындайды. «Жар- жар» әні арқылы жас жұбайларға өздерінің жақсы тілектерін айтады.
Ән орындау! «Наурыз- біздің әніміз». Әні: А.Жайымов, сөзі: Қ.Сыдықов
А.Жайымовтың әнінде шумақ пен қайырма әр түрлі жанрда жазылған: шумақ әуені жаңылтпаш сияқты термеге жақын, ал қайырмасы шалқыта орындалады. Сондықтан мұғалім әннің осындай ерекшеліктеріне мән бергені жөн.
Біліп ал!
Опера театры мен филармонияларда кәсіби хор ұжымдарын көруге болады. Кәсіби хорлар музыкалық шығармаларды төрт дауысқа бөлініп орындайды. Олар: сопрано және альт- әйелдер дауыстары, тенор және бас- ерлер дауыстары.
Қорытынды.
-Хор дегеніміз не?
-Халықтық хор дегенді қалай түсінесін?
-кәсіби хордың ерекшелігі неде?
-Не себепті хор каппеласы деп атайды?
Үйге тапсырма. ән жаттау
Бағалау
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Қазақ халқының биі»
Мақсаты:Қазақ халқының биі; Білімділік: Оқушыларға қазақ би өнерімен таныстыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, ән айту дағдысын дамыту; Тәрбиелік: Оқушылардың биге деген құмарлығын арттыру;
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақты оқушылар орындарынан тұрып, «Қара жорға» биін билеуден бастауға болады. Би орындалып болған соң,
-Көңіл күйлерін көтеріліп қалды ма?
Қазақстанда әр түрлі ұлттар өмір сүреді. олар – орыс, украин, корей, неміс, грузин халықтары. Әрбір халықтың ұлтық билері бар. Мысалы, орыс хороводы, украин, гопаг. Халық билері арқылы әрбір ұлттың табиғатын,сұлулығы мен әсемдігін тануға болады.
Ерте замандарда қазақ халқы көшпелі өмір сүрген. Олар жазды жайлауда, қысты қыстауда өткізген. Сондықтан қазақ билері де халықтың тұрмыс- тіршілігін бейнелеген.Апа-әжелеріміз үнемі жүн түтіп,ұршық иіріпр,кесте тігіп,киіз басумен айналысқан.Олар барлығы жиылып,бір қимылмен ырғаққа салып,ән шырқай отырып,киіз,текемет,сырмақ жасайтын болған.Мұндай ырғаққа салып қимыл жасау қазақтың ең алғашқы билерінің бастауы болды. Оларды тұрмыстық билер деп атаймыз.
Ал қазіргі кезде қазақ билері сұлуланып,әр түрлі қимылмен толығып жетіле түсті.Мысалы, келіншектер қолдарына асатаяқ аспабын алып,бір ырғақпен киіз
басу қимылын бейнелейді.Бұл биді хореографтар Н.Тілендиевтің «Ата толғауы»күйіне қояды.Ал халықтың «Қамажай»әнімен қыздар кесте тігіп,қолдарына айна алып, шаштарын өріп,шашбауларын сәндеп жүрген қимылын көрстеді.Ал,ұлдар болса,қолдарына қамшы алып,атпен шауып жүрген жігіттердің би қимылдарын жасайды.Хореографтар көбіне мұндай билерге Құрманғазының
«Балбырауыны» сияқты жігерлі күйлерді пайдаланады.
Сөйтіп қазақтың билері қайта жаңғырып, адам өмірін әрлендіріп,сұлулай түсті.Бүгінде қазақ халық билері үлкен сахналардың,әр түрлі мерекелер мен жиын-тойлардың сәніне айналды.
Музыка тыңдау!!!
«Отырар сазы»оркестрінің орындауында Н.Тілендиевтің «Ата толғауы»шығармасы.Н.Тілендиев «Ата толғауы»шығармасына қойылған «Асатаяқ»биі.
Ән орындау!!
«Наурыз-біздің әніміз».Әні.А. Жайымов,сөзі.Қ.Сыдықов.
Әнді мәнерлі орындау. Шумақ пен қайырманың ерекшеліктеріне мән беру
Қортыныды.
-Қандай ұлттардың билерін білесің?
-Не себепті тұрмыстық би деп атаймыз?
-Қазақ билерін қандай қимылмен бейнелеген?
үй тапсырмасы:
-
Оқулықтағы «Біліп ал!» рубрикаысн оқып келу
-
«Наурыз- бізідң әніміз» әнін сөзімен жаттап келу
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Қазақ эстрадасы»
Мақсаты:Қазазіргі заман музыкасымен таныстыру; Білімділік: Оқушыларға қазақ эстрадасы өнерімен таныстыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, ән айту дағдысын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
-ХХ ғасырдың ортасынан бастап қазақ музыка өнерінде эстрада әндері дүниеге келеді. Эстрада әндері тыңдауға жеңіл, бір ырғақта жүреді. Ал мазмұны жағынан әр түрлә болады. Мысалы, табиғғатқа, махаббатқа немесе Отан, туған жерге арналады.Әндердің музыкасын композитор жазса, ал ақын сөзін шығарады. Ал мұндай әндерді ел арасында эстрада әншілері орындайды.
Қазақтың эстрада жанрын жасауда зор еңбек еткен әйгілі компизтор Ш.Қалдаяқов болды. Ол көптеген әсем әндер жазды. Ал Шәмшәнің әндерін елге танымал еткен даңқты қазақ әншісі Роза Бағланова. Роза апай қазақ эстрада әндерінің шебер орындаушысы болды. Р.Бағланова өзінің сонынан әншілердің зор ықпалын тигізді. Сондай әншілердің бірі Р.Рымбаева, М.Жүнісова т.б.
Р.Рымбаева дүниежүзілік эстрада әншілерінің сайысында алғаш рет қазақ халқын әлемге танытады. Ол қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлывоға арналған композитор С.Бәйтерековтың «Әлия» атты әнін орындайды. Бүл ән қазақ қызының ерлігін баяндайды.
Музыка тыңдау! Р.Рымбаеваның орындауында С.Бәйтереков пен Ш.Сәриевтің әні «Әлия»
Ән орындау! «Наурыз-біздің әніміз».Әні.А. Жайымов,сөзі.Қ.Сыдықов.
Қорытынды.
-Эстрада әндерін қайдан естуге болады? Қандай әндерді тыңдағанды ұнатасыңдар?Әнші болу оңай деп ойлайсың ба?
Үйге тапсырма.
Бағалау
Пән мұғалімі_____________
Күні:
Пәні: Музыка
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: «Өнер ордасы - театр»
Мақсаты:Театр жұмысымен танысу; Білімділік: Оқушыларға спектакль қойылымын таныстыру; Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген, ән айту дағдысын дамыту; Тәрбиелік:театр қызметкерлеріне қошеметпен қарау;
Көрнекілігі: суреттер, әуен
Ән үйрену: «Домбырасыз сән қайда»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Театрдағы ең басты адам-режиссер.Ол спектакльдің қойлымын жасайды.Сонан соң суретшілер режисерге сахнаның декорациясын жасауға көмектеседі.Ал модельер болса, сахна әртістерінің киім үлгілерін даярлайды.
Бір спектакльді сахнаға шығару үшін бір үлкен ұжымның аса зор жұмыс жасап шығуы қажет. Ең әуелі әртістер өз алдына дайындалады. Хор әншілері мен оркестр музыканттары өз шығармаларын әзірлейді. Балет әртістері өз жетекшілерімен бірге қойылымдарын жасайды. Ең үлкен жұмыс спектакльдің жеке орындаушыларына жүктеледі. Олар өз кейіпкерлерінің рөлін сомдау үшін аса көлемді музыкалық шығармалрады жаттайды. Барлығы дайын болғанда ғана режиссер соңғы дайындыққа кіріседі.
Көрермендер театрға шынайы өнерді, жанды дауысты тыңдау үшін келеді. Фильм түсіргенде бір көріністі бірнеше рет түсіреді. Соның ішінде ең сәтті түсірілімін таңдап, көрермендерге ұсынады. Ал театрда әртістер сахнада, яғни көрермендер алдында өнер көрсетеді. Олар әртістер үшін шын ықыласымен қамығып, жетістіктеріне қуанып, өз көңіл күйлерін қол шапалақтау арқылы білдіреді. Спектакль сәтті өткенде ғана көрермен үлкен ләзәт алып, көңілдері шаттыққа толып қайтады. Өйткені көрермен спекталь барысында нағыз өнермен қауышып, жан рақатына бөленеді.
музыка тыңдау!
Вердидің «Аида» операсыан салтанатты шеру
Ән үйрену: «Домбырасыз сән қайда». Әні: И.Нүсіпбаев, сөзі Х.Талғаров
Әннің әуенін таза орындау үшін әнді жай екпінде үйрену керек.Әнді орындағанда тынысты дұрыс алуға мән беріп, әндетіп, легато айтуға назар аударған жөн.
Қорытындылау.
-Спектакльдің қойылымын кім жасайды?
-Спектакльді дайындауға кімдер көмектеседі?
-Көрермендер көңіл күйлерін қалай білдіреді?
-Адамдар театрға не үшін барады?
Үйге тапсырма: «Домбырасыз сән қайда» жаттап келу
Бағалау
Пән мұғалімі_____________