Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күй деңгейін
көтеру.
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез
жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай
амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез
амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен…
қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен…
арқамен.
«Кім, нені жақсы көреді?»
жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы
көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы
көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім
сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім
айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға
болады.
«Сантики, Фантики,
Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды
да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір
баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға
қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің
артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған
кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі
балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды
бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп,
бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін
табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына
шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
«Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра
қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары
бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала
көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі
ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа
әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын
айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында
бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.
«Көңіл-күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай
жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін
айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің
қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне
ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді.
Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі
балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі,
ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа
райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті,
қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар
аударыңыз.
«Тасбақалардың
жүгірісі». Бұл жүгірудің
еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар
бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа
«жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста
болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен
«тасбақа» жеңіске ие болады.
«Көкөністер арқылы
ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман
сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы
ұрысады.
«Тыныштықты жақсы
көретін патша» Патша шуды жек
көреді, сондықтан ханзаданың көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз
шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі
жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар,
патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын
ауызына тигізіп, «Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай
бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып
шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына
тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды.
Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді,
ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан
жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар
патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы
балаға қарап, «Ш-ш-ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ
ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын
аяқталады.
«Брейн – ринг»
Топ бірнеше командаға бөлінеді. Әр командадан
жүргізушіге бір-бір адам жақындайды. Жүргізуші олардын құлағына бір
сөз сыбырлайды. Сол сөзді олар өз командасына ыммен жеткізулері
керек. Кім жылдамырақ. Затқа көрсетуге болмайды.
«МПС» - «МБК»
Топ бір-біріне сұрақ қою арқылы МБК не екенін
табу керек. Негізінде бұл – «Менің бірінші көршім». Шеңбердегі
бірер адам оны білу керек, қалған қатысушыларға түсінікті болу
үшін.
« ХА-ХА-ХА»
Ойыншылардын міндеті күліп қоймауы керек.
Ойыншылар отырады немесе шеңберде тұрады және қатысушының біреуі
байсалды «ха» сөзін айтады. Келесі «ха-ха!»деп екі рет айтады.
Үшіншісі «ха-ха-ха», және солай жалғаса береді. Кім «ха» сөзінің
санын дұрыс айтпаса немесе күлсе - ол көрермен болады. Көрермендер
басқа ойыншыларды күлдіруге болады. Ойын аяқталады тек, қашан соңғы
ойыншы күліп қойғанда.
«Мекеме»
Жабдықтар: Мекеме атауымен
карточкалар.
Жүргізуші бірнеше қатысушыларды шақырады оларды
бір линия бойымен түзеп, «Сендер бүгін қайда болдындар, қай
мекемеде? біз қазір білеміз» - деп айтады. Содан соң ойыншыларды
180 градусқа бұрылуын сұрайды да, ойыншылардың арқасына жазуы бар
карточкаларды іледі: «монша», «айықтырғыш», «аурухана», «АХАТ» және
т.б. Жүргізуші сұрақ қояды, әр ойыншы рет ретімен жауап беруі
қажет.
-
Осы мекемеге қалай түстіңіз?
-
Онда кіммен болдыңыз?
-
Сізге онда не ұнады?
-
Онда жиі барасыз ба?
-
Достарыңызға онда болуға кеңес бересіз
бе?
Ойыншылар арқасында жазылып тұрғанды білмеуі
керек. Немесе ойыншылардың көзін байлауға болады.
«Өгіз келеді теңселіп»
Агни Барто тақпағына «Өгіз келеді теңселіп» (4
шумақты өлең). Ойыншылар жәй адыммен шеңбер бойынша жүреді. Сосын
төрт ауыз қайталанады оған барлығы қарсы жүреді тізелерін бүгіп, ал
қолдарын өз иықтарына қояды және т.б.
Ойыншылар екі сапқа қатарынан тұрады. Жүргізуші
бірінші тұрып, қасында тұрғаннан сұрайды «сен аюды көрдің бе?» және
шамалы аяғын бүгеді. Ол «жоқ» - деп жауап береді. Осы сұрақты
басқасына қояды және сол сияқты. Соңғы ойыншы біріншіден сұрайды.
Содан кейін жүргізуші сұрақ қояды «ол өте қорқынышты ма?» және
тізесіне отырады. Оған жауап береді: білмейді. Сол сияқты. Соңғы
жүргізушіден сұрайды және ол «өте!» - деп жауап білмеймін. Неліктен
біз қашпаймыз? Бүл сөзден кейін жүргізуші барлық сапты
итереді.
«Көзбен түйісу» (Взглядом
поменяться)
Топ шеңбер құрып тұрады. Ортасында жүргізуші.
Жүргізушінің міндеті кез-келген ойыншының орнын алып қою. Ал
ойыншылардың міндеті бір-бірімен көз түйісіп, орындарымен
алмасу.