Материалдар / Көңілді көктем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көңілді көктем

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
703
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

тәрбиешісі: Сакеева Бакытжан Тлегеновна



Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Көңілді көктем.

Мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы түсініктерін тиянақтау,жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, көктем қауіпсіздік ережелерін, көктемгі табиғат көріністерін, көктемгі ойын түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Тілдері келмейтін әріптерді, сөздерді жекелеп яғни анықтап айтқыза отырып дамыту.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдық: ноутбук,әуен,көктемгі табиғат бейнесі,слайд.

Билингивальды компонент: орман-лес,көктем-весна,қар-снег,вода-су,лужа-шалшық.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

Қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Амасансың ба жер-ана!

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба достарым!

Сендерді көрсем қуанып, шаттанамын!

Жыл мезгілдерін кім біледі?

Қазір жылдың қай мезгілі?



Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы:



Қазір көктем мезгілінің қай айы?



Көктем мезгілінің қай айы қалды?



Бүгін аптаның қай күні?



Аптада неше күн орталыққа келесіңдер?

Қай күндері атап айтсақ?





Қай күндері демаламыз?

Өте дұрыс.

Балалар шаттық шеңберін жасап тұрады, өлең жолдарын айтып қимыл қозғалыс қосып қайталайды





Қыс, көктем,жаз, күз.

Қазір жылдың көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде наурыз,сәуір,мамыр айлары бар.

Қазір көктем мезгілінің сәуір айы.

Енді көктем мезгілінің мамыр айы қалды.

Бүгін аптаның дүйсенбі бірінші күні.



Аптада бес күн орталыққа келеміз.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма.

Сенбі ,жексенбі күндері демаламыз

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде «Көңілді көктем» деген тақырыпты өтеміз.

-Балалар жарты шеңбер жасап кілем үстіне отырады, айналасында ағаштар, шыршалар ормандағы шудың әуені ойнап тұрады. Осы кезде тәрбиеші балаларға бүгін бізде ерекше күн өйткені біз орман әлемінде қонақтамыз.

-Балалар мында слайдқа қараңдаршы, біз не көріп тұрмыз?

-Дұрыс айтасыңдар біз орман әлеміндеміз.

-Орманды орысша қалай айтамыз?



Қай мезгілдегі суреттер?

-Қайталап айтайықшы.

-Көктем мезгілі қыс мезгілімен салыстырғанда жылырақ мезгіл болып келеді.

-Балалар сендерге көктем мезгілі ұнай ма?

Көктем, құс туралы қандай тақпақтар мен жұмбақтар білеміз?



Көктемде құстар не істейді?









































































































Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз-Көктемде қандай өзгерістер болады?, қандай ойындар ойнаймыз?

-Балалар көктемде біздер қалай киініп жүреміз?

-Сырт киімдерді атайық:







Тіл ұстарту

Мақсаты: ана тілінің кездесетін барлық дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, бір-бірінен ажыратып айта білуге, дауыс әуенін баулу, фонетикалық естілуін жетілдіру.

Құстар жайлы жаңылтпаштарды кезекпен айтқызу:





Қайсы құстар жабайы қайсысы үй құстарына жатады?











Ойын: «Тірек сызығы» Мақсаты: Зейінді дамыту.Таза ватманға көктем мезгілін бейнелеп жапсырады.Осы жұмыстар арқылы бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылайды. Толық сөйлемдер айта отыры,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

-Балалар мында суреттер тұр осы суреттерді пайдаланып сөйлемдер айту









Д/О:«Адасқан әріптер»

Мақсаты:Шашылған әріптерден тапсырмаға сай жауапты құрастыру.Айтылған сөздің қай аңға тән екендігін табу.Мысалы: юа, саққыр,яноқ,іклүт.

1.Қоңыр, аймақ, апан.

2.Ашулы, сұр, бөлтірік.

3.Қорқақ, ұзын құлақ.

4. Қу, айлакер.



Бұларды бір сөзбен қалай айтамыз?



Егер бір аю болса қалай айтамыз?

Көп аю болса қалай айтамыз?

Дұрыс көпше және жекеше аю – аюлар деп айтамыз.

Көктемде аңдар не істейді?

Үй жануарларын атаңдаршы:



Сергіту жаттығуы:

Жиналыңдар балалар,

Лар,лар,лар!

Бізде қызық ойын бар,

Бар,бар,бар!

Екі жерде екі,

Екі,екі,екі!

Бұл мұрын не құлақ,

Ұлақ,ұлақ,ұлақ!

Менде бар бас және аяқ,

Яқ,яқ,яқ!

Мынау шынтақ не көз,

Өз,өз,өз!

Отырайық орынға, орынға, орынға!








Музыка естіліп тұрады.













Біз орманды көріп тұрмыз.

Орман-лес қайталап айтады.



Көктем мезгілі.











Құстар ұшып келеді.





Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды.

Қаздар көлде жүр ойнап,

Көктем айы басталды.



Тас төбеден күн күлді,

Қошеметтеп оларды.

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды.



Аппақ болып таң атты,

Желмен бірге жарыса.

Қарлығаштар қанатымен,

Самғап биік ұшады.



Тырау-тырау тырналар,

Жерлермен ұштың бір қатар.

Талай бел артта қалды ғой,

Қанаттарың талды ғой.

Қандай жер саған ұнады?

Деді ол сонда тыраулап:

-Туған жердей жер болмас,

-Еш жер оған тең болмас!



Торғай, үйрек, қаз, тырна

Тақпақтарын жатқа айтады



Садақша мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жүзгенде көлдің сәні өзі.

Жердегі құстың серкесі,

Көктегі құстың еркесі,

Киелі құстың бірі деп,

Айтамыз біз ертегі,

Ол қандай құс балалар? (Аққу)

Мәпелейміз баптаймыз,

Биіктерге самғаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)

Сөйлесе сөзді,

Айтса ауызды,

Тынысы басқа,

Маңдайы қасқа. (Тотықұс)



Аналар, наурыз мерекесі.

Күн жылынады.

Қар ериді,

Құстар ұшып келеді.

Жеңіл киіне бастаймыз.

Күн жылына бастайды

Шапка, куртка, красофка.

.

1.Ұшып келді үш құс,

Ұшып кетті ұшқыш.



2.Бір ақ шымшық,

Екі ақ шымшық,

Үш ақ шымшық,

Төрт ақ шымшық.





Үйрек,қаз,тауық-үй құстары,

Тырна ,аққу,бүркіт,дала үйрегі мен дала қазы, торғай-жабайы-жыл құстарына жатады.



Көктемде күн жоғары көтеріледі.

Көктемде құстар жылы жақтан келеді. Көктемде қар ериді. Көктемде жануарлар ұйқыдан оянады.Көктемде жануарлар төлдейді.Көктемде адамдар жеңіл киім кие бастайды. Көктемде алғашқы бәйшешектер шығады. Көктемде жауын жауады. Көктемде құстарға ұя жасап қарсы аламыз.

Аю,

қасқыр,

қоян,

түлкі,

Жабайы аңдар



Біреуін - аю дейміз .

Көп аюды көрсек аюлар деп айтамыз.



Төлдейді,ұйқыдан оянады.

Жылқы-құлын,сиыр-бұзау,қой-қозы,ешкі-лақ, түйе-бота,мысық-марғау.

:Жабайы жануарлар.





Қолдарын жаяды,

Қолдарын ұстап шеңберге тұрады.Денелерін дұрыстаған болады, Адымдап айта отырып жасайды.

Қимылмен көрсете отырып айтады.





Ойын «Зерек»

Мақсаты: Байқампаздыққа тәрбиелеу. Мысалы: Суық,жылырақ, қар,мұз,су, пима,красовка, тон,куртка. бүршік.























Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын. Үттікке міндім,

Мұхитта жүздім. (Кеме)

Ақ шатырлы бір қала,

Суда жүзіп жүр дара. (Қайық)

Не үшін керек?

Қайда жүреді?





Көктем мезгілінде мұздың үстінде, шатырдың сүмбіле қатып тұрған жердің астында жүруге болмайды.

Неге ол жерлерде жүруге болмайды деп ойлайсыңдар?



Ойын «Не артық»

Мақсаты: Жабайы және үй жануарлары мен құстарын, қыс мезгілі мен көктемгі мезгілдің киімдерін ажыратуға үйрету. Салыстыра отырып қиялдарын , ойлау қабілеттерін дамыту. Ойларын ашық толық сөйлеммен айтқызу.



Ойын: «Көңілді көктемді суреттейміз» Мақсаты: зейінді дамыту.Таза ватманға көктем мезгілін бейнелеп жапсырады.Осы жұмыстар арқылы бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылайды. Толық сөйлемдер айта отыры,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

-Балалар мында суреттер тұр осы суреттерді пайдаланып сөйлемдер айту.



С,Су,са,сы,сі. Сауысқан. Сауысқан жабайы құс.

Б,Ба,бе,бу,бы,бү. Бүркіт. Бүркіт жабайы құс.

Зу-зу з,у-жазу,

Зы-зы-зы-қозы,

Зе-зе-зе-зерек.



Т,Тү-ты-ты-тырна,

Қ,Қы-қө-қе,қу-аққу

Н,На,Не,Ну-нар



Ж,Жо,Же,Жук,-у-жолбарыс,

М,Ма,Ме,Му-мамыр

Т,То,Те,Ту-торғай



Жұмбақтың шешуін айтады.



Қайық. Ескек

Серуендеу үшін. Жүк тасымалдау үшін. Таза ауада демалу үшін қайық керек.

Олар тек жылы кезде суда жүзеді.



Мұз сынып кетіп астына батып ,ал сүмбіле сынып кетсе адам өміріне қауіпті.



Берілген суреттерден артығын тауып ойымен бөлісу.











Көктемде күн жоғары көтеріледі.

Көктемде құстар жылы жақтан келеді. Көктемде қар ериді. Көктемде жануарлар ұйқыдан оянады.Көктемде жануарлар төлдейді.Көктемде адамдар жеңіл киім кие бастайды. Көктемде алғашқы бәйшешектер шығады. Көктемде жауын жауады. Көктемде құстарға ұя жасап қарсы аламыз.

Рефлексивтік түзетушілік

Бүгін біз орман әлемінде болдық.

-Не істедіңдер?

-Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

-Балалар сендар ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды орындадыңдар.

Балалар сабаққа жақсы қатыстыңдар.Барлықтарыңа рахмет.

Сау болыңдар, келесі кездескенше.

Әңгіме құрастырдық.

Ұнады .



Балалар қуана қоштасады.

Рахмет , сау болыңыз.




Нені білу керек: Көктем мезгілінің ерекшелінін білу керек

Қандай түсініктерді игерді:Ауа райының құбылыстарын, жыл құстарын біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: Қардың еруін, бәйшешектің гүлденуін, жан-жануардың оянуын, құстардың қайтып келетінін меңгерді.























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!