Материалдар / Конкурс ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған көркем-сөз байқауы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Конкурс ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған көркем-сөз байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сертификат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2021
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қуаныш
ШОНБАЙ

ЕКІНШІ БОЛМА!
БИЗНЕСТЕ, КАРЬЕРАДА ЖӘНЕ
ӨМІРДЕ ЖЕНІСКЕ ЖЕТУДІҢ
ҚАЗАҚША ЖОЛЫ

3-басылым

Алматы
2018

ӘОЖ 334
КБЖ 65.292
Ш 79
Шонбай Қ.
Ш 79 Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде
жеңіске жетудің қазақша жолы. /Қ.Шонбай. – Алматы: «Қазақ
энциклопедиясы», 2018. – 240 б.
ISBN 978-601-80680-8-9
Табысты кәсіпкер ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітабында
тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі
Екі жарым жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді танымал және беделді брендке айналды. Алайда оны білетіндер
осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8
жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа
ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында
келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы
өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің
ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім,
компаниядағы менеджерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт,
компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет
кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.
ӘОЖ 334
KБЖ 65.292

ISBN 978-601-80680-8-9

© Қ.Шонбай, 2018
©«Versus» қолданбалы
жетістік академиясы, 2018
© «Қазақ энциклопедиясы», 2018

2

МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ…………………………………………………………….…7
I ТАРАУ. БҰЛ КITAП KIMДЕРГЕ АРНАЛҒАН?
«Rumi»-дің хикаясы: 2,5 жыл + 8 жыл……………………………….…12
Өкініш. Ұят. Банкрот…………………………………………...….……15
Өзің қандай болсаң, бизнесің де, карьераң да сондай…………………16
II TAPAУ. БІЗДE ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМА БАР?
Біздің проблемалар………..……………………………………...….….20
Форманың жоқтығы немесе
барың мен жоғыңның айырмашылығы……….....……………...…….. 26
Ішкі комплекс — жеңіс үшін таптырмас қазына………………………31
Сылтау………………………………………………………................…35
Неге Батыс кітаптары бізге көмектеспейді? ………….………………. 37
Батыстағы модель Vs Қазақша модель……….……….….……..……..39
Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізімі………………..….44
III TAPAУ. ЖЕНІСТІ АЛЫСТАТАТЫН
АДЫРАСПАНДАРЫМЫЗ
Қазақтардың жеңіске жету формуласы……………………...............…46
Жеңістің адыраспандары………………………………..…………...….47
Адыраспандардан қалай құтыламыз немесе мойындау
туралы шындық…………………………………….……………………53
Қандай сұрақ қойсаң, сондай жауап аласың:
Here vs. Қалай? …………………………………….…………………… 59
Жалпы сұрақ сұрау туралы……………………..……………….....……61
Тарауға байланысты кітаптар тізімі……………………………….……62
IV TAPAУ. ЖЕҢІСКЕ БАРАР ЖОЛДАҒЫ БАРЬEPЛEP
Қабілетті анықтау: жоқты қуаламай, барды дамыту…………...…...…64
Үйренуді үйрену………………...………..……………..………….……79
Логиканын логикасы……………...…....……………………….....….…92

Пікірді өшіріп, ақылды қосу…………………………………….………94
Кітап оқу шеберлігі……………………………………………...…....…98
Минусты плюске ауыстыру………………………...…………….....…103
Сенде білім бар маәлде жай ғана кругозор ма? ………………..….…105
Жасау мен тырысудың фундаментальды айырмашылығы…..……...107
Жеңіске бастайтын нәрсе – Жасау: ЗАТОК………………………..…116
Георгий Цурцумияның Олимпиададағы финалы:
Барьер VS Адыраспан…………………………….……………………123
Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізімі……………….….124
V ТАРАУ. ЖЕҢІС ЖОЛЫНА ТҮСУ
Образ таңдау: Қияли болудың пайдасы туралы…...………………….126
Проблема: Не сен оны қолдан жасап аласың
немесе өмірдің өзі мәжбүрлейді…………………………………..…...129
Армандау және қиялдау аспаннан түсетін нәрселер емес…………...133
Жеңіске жеткен адамдардың ортақ тұстары………………………….135
Тарауға кітаптар байланысты мен фильмдер тізімі……………….…136
VI TAPAУ. БҮГІНГІ КҮН – КЕШЕГІНІҢ БАЛАСЫ
ОКОП – Жеңіске дайындық кезеңі……………………………………138
Адам көркі — шүберек……………………………...…………………140
Мезгілінен ерте гүлдеген ағаш үсікке шалдығады:
Студенттік кезең………………………………………………….….…141
Бәріміз саудагерміз………………………………………………….…142
Өзімізді қалай қымбатқа сатамыз? ……………………………………143
Әлеуметтік желідегі сен:
Аватаркаға тойда түскен сурет қоюдың қасіреті…………………..…147
Келіссөздер – нетворкингтің қазақи нұсқасы…………………...……151
Сен емес сіз: Сөз бен тірліктің ұзақтығы……………………………..162
Тайм менеджменттің қазақша нұсқасы немесе
энергияны басқару…………………………………………………..…163
Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізім..…………………168

VII. ДАМУДЫҢ ТЕГІН ЖОЛДАРЫ
Сапалы адамнан сапалы өнім шығады…..……………………………170
Шедевр……………………………………………………………….…172
Жақсымен өткен жарты сағат…………………………………………176

4

Майда жеңістер немесе гигантоманияның антипайдалары…………181
Өмірден ләззат алу……………………………..………………………182
Жеңіске жетелейтін әдеттер………………………………….......……183
«Сені біреу ұрса, қалай жауап бересің?»
немесе проактивтілік туралы монолог………………………..………213
Тарауға байланысты кітаптар мен фильмдер тізімі………………..…214
ТҮЙІН……………………………….…………………………………215
ӘДЕБИЕТТЕР……………………………….…………………………218
ФИЛЬМОPAФИЯ………………………...……………………………221
Кітап туралы пікірлер……………………………………….…………223

Осы кітаптың жарық көруі – балалық шақтан бері
қолдап, қателіктерімді кешіріп, әр бастамама
демеу берген асыл анам Үміткен Қапанқызы мен
ардақты әкем Рашит Сәткенұлының арқасы.
Оларға деген алғысым шексіз.
Қуаныш ШОНБАЙ

6

АЛҒЫ СӨЗ
16.8.2017
Словения, Рогашка қаласы...
2017 жылдың шілде айында екі-үш күндей депрессияға (күйзеліске) ұшырадым. Себебін анықтап қарасам,
сол кезде мақсатсыз қалғандай болыппын. Өйткені, 2015
жылы «Rumi»-ді енді ашқанда, бизнестегі әріптесім Айдос мырза екеуіміз соншалықты армандадық, қиялдадық.
Ол кезде дайын ресторан (мейрамхана) тұрмақ, қолымызда қаражат та, еш нәрсе де жоқ еді. «Rumi»-ді құрсақ,
соның жылдық саудасы 5 миллиард теңге болса екен»,
деп армандайтынбыз, ол бізге қол жетпестей болып көрінетін. Бірақ мен сол көздеген табысқа екі жылдан кейін,
2017 жылдың маусым айында жететінімізді түсіндім. Ал
енді межелеген мақсатымызды орындап, арманымызға
қол жеткізгеннен кейін, мақсатсыз қалғандай болдым.
Соның себебінен болар, тағат таппай, күйзеліске ұшырадым. Адам үшін мақсатсыз қалу қиын екен. Бұны Виктор
Франкл1 «Жексенбілік психоз» деп атайды. Мақсатсыз
қалған адам қуыс кеуде болып, вакуумға түскендей күй
кешеді. Мен «жексенбілік психоздан» арылудың жолын
іздестірдім, сондықтан алдыма жаңа мақсат қойдым
Нақтылап айтсақ, ол – 2020 жылға дейін 20 миллиард
теңге сауда айналымын жасау. Алдымда бағындырар
жаңа белесiм пайда болғаннан кейін бе, маған серпін берген, мені оятқан, сол күйзелістен шығарған бір күштің
құдіретін сезіндім. Ол тылсым күш бәлкім энергия болар,
немесе жаңа белесті бағындыруға деген талпынысым болар, әйтеуір мен осы кризистен алып шықты.
_________________
1

Виктор Эмиль Франкл – аустриялық психиатр, психолог және психотерапевт.

Өткен екі жылды ой елегінен өткізсем, ешкімнің қолдау-көмегінсіз, қомақты қаражатсыз жаңа кәсіп бастап,
мақсатқа жетуіміздің бірден-бір себебі – арманымыздың бізді алға жетелегені екен. Ал осы арман мен қиялдың күші 20 миллиардқа да жетелеп алып келеді деген
сенімім, үмітім бар. Сол күннен бастап кітап жазуды
қолға алсам ба деген ой келді, ол да менің бір арманым
болатын. Себебі, өзім үшін үлкен бір мақсатқа қол жеткізгенімді сездім. Қызметкерлеріміздің саны алты жүзден асты, тоғызыншы мейрамханамызды аштық, ел аузында жүрдік. Атақ десең – атақ, Құдайға шүкір, ақша
десең ақшаға қол жеткіздік, белгілі бір нәтиже көрсеттік. Сол күндері қазақ жастарына, қазақ ауылдарынан
шыққан өзім сияқты балаларға жол сілтейтін, бәлкім,
үлгі бола алатын, мойныма жүктелген жауапкершілік
барын сездім. Өйткені, қазіргі заманда адамдардың барлығы арзан ойын-күлкімен, жеңіл жолмен ақша тапқы
сы келеді. Көзге көрінген соң айтып жатқаным, елдің
барлығы тендермен айналысады, оған қызығады. Сетевой (желілік) бизнесте де қазақ жастары өте көп. Берері
жоқ тренингтерде де өз азаматтарымыз жүреді. Сол кезде түсінгенім: бауырларымыздың жетістікке талпынысы
бар, ұмтылысы бар, алайда нәтиже жоқ.
Елдің алдына шығып сөз сөйлеп жүргеннен кейін, көп
адамдар ақыл-кеңес сұрап келеді, соларға да бір жауап
ретінде, пайдалы болсын деген оймен, адал ниетпен, осы
кітапты жаздым. Кейбір адамдар «өмірдегі бағдарымды
жоғалтып алдым», «арманымды білмеймін» деп, ал кейбіреулері еліміздің мықты, беделді жоғары оқу орындарын бітіріп, «мақсатымды білмеймін» дегенде, осы кітап
қалай да жарық көруі керек деген ой келді. Бұл кітап –
жалпы қазақ жастарына жол сілтейтін, замандастары
ма, еліме пайдасын тигізетін туынды болса деймін. Ал,
кәсіппен айналысамын дегендерге бизнестің қыр-сыры
туралы әлі де кітап жазбақпын, бұл – болашақтың еншісінде. Сондықтан да менің алғашқы туындым осыла
басталды. Негізі, 2008 жылы Стамбұлда жүргенде-ақ

8

кітап жазамын деп армандайтынмын. Оны өзімнің туыпөскен жерім Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса
ауылында жалғастырып, кейін Амстердамда немесе Лондонда нүктесін қою ойда жүретін.
Бәлкім, бұл сол аңсаған арманымның сәл де болса жүзеге аса бастағаны болар, қазір Словенияның Рогашка қаласында қолға қалам алып, кітабымның алғашқы бөлімін
бастап отырмын.
«Ашылмаған қанаттың үлкендігі білінбейді» дейді
ғой. Біздің тәрбиелеу әдістерімізде қалыптасқан жағдайлар бар: «анда барма», «мынаны істеме», «қонақтар кетсін, содан соң жейсің», информатика пәнінде «шұқи берме, ертең компьютер бұзылады» дегендей, көп шектеумен өстік. Сондықтан да «мен ешкім емеспін» деген ішкі
сезімдер қалыптасады. Сол сезімдер біріге келе «әншейiн жүрген біреумін, жасаса, жұрттың балалары жасайтын
шығар, бұл менің «темам» емес» деген ой келеді
Талай тренингтерге қатыстым, барлығының айтары
бір – «басқадан кем болма», «одан күштірек бол» және
тағысын-тағы. Ал бір күні қазақтың ұлы ақыны Абай
Құнанбаевтың2 «Мықты болсаң, өзіңді жең» деген сөздері есіме түсті. Расында да, біз және идеал біз бармыз.
Біз сол мінсіз нұсқамызға талпынуымыз, одан қалыс қалып, екінші болмауымыз керек.
Кітап жазу барысында: «Асығыс жазып жатқан жоқсың ба?» деген сұрақтар көп болды. Атақты евангелист,
венчерлік инвестор, «Apple» компаниясында жұмыс
жасаған, талай стартаптың жолын ашқан идеялардың
авторы Гай Кавасакидің3 «Егер сен бір нәрсеге қанағаттансаң, демек, ол затты жасауға кешіктің» деген жақсы
сөзі бар. Кітап жазуға кімнің қаншалықты лайық екенін
уақыт көрсетер. Мен қазір осы кітапты жазуға бел будым.
Қандай да бір жетістігі немесе кем-кетігі болса, бағасын
беру – оқырманның еншісінде. Осы кітапты қолыңызға
Абай (Ибраһим) Құнанбаев - ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор.
Гай Кавасаки – «Apple Computer» компаниясының ең алғашқы қызметкерлерінің бірі.
1984 жылы Macintosh компьютерінің маркетингіне жауапты болған. Жоғары
технологиялык бизнеске аспангелизм» концепциясын енгізген.
2
3

алып, маған, менің командама сеніп, сатып алып, оқып
отырғандарыңызға алғысымды білдіремін.
Бұл кітапты, біріншіден, өзім үшін, өз нәпсімді
тыю үшін жаздым, сондықтан да қатты айтсам, өзімлі
сынағаным, өзімді сөккенім деп біліңіз. Екіншіден, бұл
кітаптың әр жолы түсінікті және жеңіл қабылдануы үшін
«Сіз»-ден «сен»-ге өтуді жөн көрдім. Дұрыс қабылданар
деп сенемін. Достардың арасындағы әңгіме-дүкен
іспеттес, емін-еркін сыр ағыту үшін, осы жерден бастап
ойымды «сен»-ге көшіп баяндаймын.
Тағы бір мәселенің басын ашып алайық: кітабымда
қазақ тілінен өзге тілдегі сөздерді қолдандым. Мысалы,
карьера, проблема, идеал сияқты. Бұл сөздердің қазақ
тіліндегі баламаларының жоқтығынан немесе өз тілімді
құрметтемегендігімнен емес, айтайын деген ойымның
толыққанды жетуі үшін заманауи тілде, түсіндіргім
келгендіктен.
Сонымен, бұл кітап неліктен «Екінші болма!» деп
аталды, неге «Бірінші бол» емес? Өйткені, біріншіден
кейін екінші, үшінші немесе төртінші болуы мүмкін.
Ал бұл жерде біз анық біліп алуымыз керек: біздің
бірінші жауымыз, алғашқы қарсыласымыз – өзіміз
ғана. Сондықтан бұл өмірде өзімізді не жеңеміз, не
өзімізден жеңілеміз. Жеңсек – бірінші, ал жеңілсек –
екінші боламыз. Бұл кітаптың жеткізетін негізгі ойы,
бәлкім, пәлсапасы – өзіңмен ғана жарысуға тиіссің, сенің
бәсекелесің өзің ғана, сондықтан екінші болмай, бірінші
болуға лайықсың деген тілекпен жазылған кітап.
Құрметті бауырым, қарындасым, әпкем, інім, ағам:
Дәл саған кітабымның мысқалдай да болса пайдасы тисе
бақыттымын, мақсатымның орындалғаны деп білемін.
Сондықтан осы кітапты бір деммен, басынан соңы
дейін оқып шығасың деп сенемін. Сенің жеңіске жетелер
алғашқы қадамың, бәлкім, осы кітаптан бастау алар, жол
көрсетер бағдар болар. Солай болғай!

10

І ТАРАУ

БҰЛ КІТАП КІМДЕРГЕ
АРНАЛҒАН?

«RUM»-ДІҢ ХИКАЯСЫ:
2,5 жыл + 8 жыл
Алғашқы кітабымды неге сатып алдың? Болжап
көрейін: «Қуаныш Шонбай екі жылда «Rumi»ді осындай деңгейге жеткізді ғой, тренинг жасап
жүр, осы бірдеңе білетін шығар, көрейінші, не жазып
жатыр екен» деген оймен алдың. Ал мен белгілі бір
нәтижеге жетпесем, ешкім болмасам, бұл кітапты
сатып алмайтын, тренингтеріме де қатыспайтын
едiң. Осыған байланысты бір оқиға есіме түсіп отыр
Жақында 2015-жылы Instagramда жазған постарымды
қайтадан жүктеп көрдім. Сол кезде отыз сегіз like жинаған постар, қазір бір жарым мың like жинапты.
Өткенде маған бір жігіт келіп, сұрайды: «Қуаныш аға,
сіз қалай екі жылда 10 миллион долларлық бизнес жасадыңыз? Сізден соны үйренуге келдім», – дейді. «Оның
алдындағы сегіз жыл қайда кетті?», – деген сұрақ туындады менде. Сегіз жыл бойы оқығаным, білім алғаным,
қателескенім... қайда? Барлығы соңғы екі жылды көреді,
соны үйренгісі келеді. «Мақсатың бар ма?», «Алдымен
жалқаулықтан арылайық», – десем, «Қуаныш аға, оны
үйренуге келген жоқпын ғой, маған қазір не істеу керегін айтыңызшы, соны жасай берейін», – дейді. Сол кезде
оның әлі көп нәрсені білмейтіні, үйрене алмайтыны анық
көрінеді, бірақ амбициясыны жоғары болуынан оны
мойындағысы келмейді...
Менен журналистер де, қарапайым адамдар да бір
нәрсені сұрайды: «Rumi»-ді қалай аштыңыз?», «Сізге

12

бұл идея о баста қалай, қайдан келді?»... Қазір сол үшін көп
сұхбат та бермеймін. Мені бұл жеңіске жеткізген –
осы сызбадағы сегіз жыл. Сол сегіз жылдың ішінде талай қателестім, үйрендім, білдім, көрдім, адыраспандар-

дан арылдым. Ал елдің көретіні, оларға белгілісі – тек
«Rumi» ашылғаннан кейінгі екі жыл. Егер кезінде банкрот болған бизнестерімнен сабақ алмасам, алпыс мың
теңгелік мұғалімдік жұмыста істемесем, өзімді дамытпасам, бүгінгі күнгі жеткен нәтижемнің ешқайсысы болмайтын еді.
Баяғыда Пабло Руис-и-Пикассоғ4 бір ауқатты адам
суретке тапсырыс беріпті. Келесі күні тапсырысшы келіп,
суреттің құнын сұрағанда, Пикассо: «100 000$» десе,
тапсырыс беруші: «Неге 100 000$? Бір-ақ күн уақытың
кетті ғой?», – деп айтты деседі. Пикассо болса: «Бір күн
және жиырма бес жыл» деп жауап береді.
Ал бізде, жұртшылықты қызықтыратыны сол: «Қалай
осындай қысқа уақытта табысқа жетуге болады?», «Қуаныш мырза, сіздерде SMM-ге кім жауапты?», «Автомати_____________
4

Пабло Руис-и-Пикассо – испандык суретші, мүсінші, дизайнер.

зация жүйесі қандай?» – бұның барлығы сырт көзге ғана
көрінетін нәрселер. Бұдан да маңызды, өзіміздің менталитетімізге ғана тән, біз ғана біліп-түсінетін нәрселер
бар. Жетістікке жетудің қазақша жолы болғандығының
да, қазақ тілінде тренинг өткізіліп, кітаптың қазақ тілін
де жарық көруінің, қазақ тілді аудиторияға бағытталған
дығының да негізгі себебі осында.

14

ӨКІНІШ
ҰЯТ. БАНКРОТ

Адамдардың көпшілігі осы кітапқа қатысты «Қуаныш білгенін, оқығанын аударып жаза салды»
деген ойда қалуы мүмкін. Ондай сынға дайынмын. Бірақ
ескеретін жайт: бұл кітаптың ерекшелігі – мен оқыған
алты жүз кітаптың қорытындысы іспеттес. Оған
қоса, сол кітаптардан түйгенімді қолдану, жүзеге асыру, біздің менталитетті ескеру және соның нәтижесінде жүзеге асырылған тәжірибе. Бәлкім, білгенімді кейде дұрыс қолданбаған шығармын, соның салдарынан бір
мүмкіндіктерді жіберіп те алған болармын. Сондықтан
сенің де шалыс қадам баспауың үшін, өзіңнің емес, менің
қателіктерімнен сабақ алуыңды сұраймын. Бұл кітапта мен баяндайтын әңгіме, келтіретін мысал, айтатын
ақыл-кеңес – өз басымнан өткен тәжірибеге негізделеді. Жазған мысалдарымның нәтижесі жақсы болса,
бір жеңіске жеткенім, ал позорға (масқараға) немесе
банкротқа ұшыраған кездегі мысалдар, дұрыс әрекет
етпеудің, барымды қолдана алмауымның нәтижесі. Көз
жасы дегенім – кейде біліп тұрсам да, дұрыс жасамағаныма қынжылғаным.
Қазақстанда өз бизнесімді бастағанда, әріптестік туралы көптеген кітаптарды парақтадым. Партнёрдің (серіктес) қандай болуы керек екенін оқыдым, ал іс жүзінде
оны дұрыс қолдана алмай, банкротқа ұшырадым.
Әскерде «устав, написанный кровью» деген түсінік
бар, белгілі бір жазатайым оқиғаға алып келгеннен кеін енгізіліп отыратын ережелер жиынтығы. Тура сол
сияқты, бұл кітаптың әр бөлімінің астарында қуаныш,
өкініш және банкротқа ұшырау хикаялары бар.

ӨЗІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢ,
БИЗECIҢ ДЕ,
KAPЬEPAҢ ДА СОНДAЙ

Бұл кітапты жазамын деген ой пайда болғаннан бастап мен осыған дайындалдым, алдын ала
тапсырыс бердім, мазмұнымен жұмыс жасадым. «И ботаники делают бизнес» деп аталатын кітаптың авторы Максим Котинмен5 ақылдастым. Бір сөзбен айтқанда, үлкен жұмыс жасалды.
Бұнымен қатар біз «Versus» академиясы аясында тренингтер өткіздік. Сол кезде түсінгенім, бизнесті де, жұмысты да, карьераны да жасайтын – адамның өзі.
Бизнес туралы кітаптар бір техникаларды береді, ал
адамды толық дамытпайды, себебі, олар алдарына бір
ғана мақсат қояды, не бизнесті, не адамды дамыту. Өйткені ол не адамның жеке басын дамытуға, не бизнеске
немесе карьераға арналған болып келеді. Яғни бөлінеді.
Ал негізінде, бизнес пен карьераны жасайтын өзіміз.
Сапаң қандай болса, тура сондай өнім шығады. Мысалы, сенің талғамың қандай болса, жасаған жұмысың да
сондай, тыңдайтын музыкаң, жасайтын презентацияң
сондай болады, жұмысқа ұқыптылығың, дизайның, барлығы да соған сәйкес жүреді.
Өз басым, заң аясында немесе есеп-қисаппен жұмыс жасайтын адамдармен кездескенде, міндетті түрМаксим Котин – журналист, бестселлерге айналған кәсіби әдебиеттердің авторы.
Никита Кириченко атындағы іскерлік журналистер сыйлығының иегері.
5

16

де ол адамның автокөлігіне, киген киіміне ерекше назар аударамын. Себебі, киген киіміне ұқыпты болмаған
адам, менің құжаттарыма да ұқыпты болмайды. Ол
автокөлігіне лас күйінде отыра берсе, ертең жұмысқа
ұқыптылықпен қарамайды ғой. Сондықтан бизнесің
немесе жасап жатқан жұмысыңның сенің дәрежеңнен
ешқашан асып кетпейтінін есте сақта. Бұл жердегі
«сен» – ол сенің білімің, эрудицияң, көзқарасың, шешім
қабылдау жылдамдығың, принциптерің.
Жалпы айтамыз ғой, кез келген бизнестің өлшенетін
төрт параметрі бар деп. Олар: бағасы, сервис деңгейі,
сапа және жылдамдық. Бұл төрт көрсеткіштің артында,
негізінен, үлкен жұмыс жатыр. Мысалға, арзан бағаны
ұсыну үшін, өзің эффективті болуың керек. Егер өмірде
эффективті болмасаң, кәсіпте де эффективті бола
алмайсың. Сондықтан бұл кітапты кәсіпкерге емес,
карьера жасап жүрген менеджерге емес, адамдарға
арнадым. Өйткені, адам егер өзіне, орысша айтқанда
«прокачка» жасаса, оның көрсететін нәтижесі де сондай
болады.
Біз «Versus» аясында «Rumi Group»-тың кругозорды
дамыту туралы курсын жүргіздік. Бұл курс барысында біз
музыка да тыңдадық, мысалы, джаз, блюз, біз көрмеген
фильмдерді қарадық, бұрын араласпаған адамдармен
таныстық, бұрын оқымаған кітаптар оқып, біз білмейтін
өмірбаяндармен таныстық. Бұның барлығы адамды
дамытады. «Rumi Group»-тың арт-директоры Абай
мырзаға курстың қатты әсер еткенін көзінен көрдім. Ол
өзінің жұмысына бір жаңа бояулар енгізіп, ерекшеленді.
Ал бұл бояулар қайдан келді? Әрине, өмірден. Ойөрісіңді дамыту арқылы, бұрын білмеген-көрмегенді
тану арқылы келеді.
Ең қарапайым мысал – презентация. Ол адамның
атқарған жұмысының нәтижесі. Сондықтан
презентациядағы қарапайым нәрселерден, шрифтің
түрінен, түсі мен таңдаған суреттерінен адамның өмірге
деген көзқарасын көруге болады.

Бұндағы негізгі ой – карьераңды немесе бизнесіңл
жасайсың ба, ол өз таңдауың, бірақ әрқайсысын дамыту
үшін, ең бірінші өзіңді дамытуың керек. Себебі, Құранда
да: «Егер сен өзіңді өзгертпесең, Алла сені өзгертпейді»
деп айтылады (Рағыд сүресі, 11-аят).

18

ІI ТАРАУ

БІЗДЕ ҚАНДАЙ
ПРОБЛЕМА БАР?

БІЗДІҢ ПРОБЛЕМАЛАР
Біз өзіміздің энергиямызды басқаларға жұмсаймыз.
Кімнің не кигеніне, қандай автокөлік мінгеніне,
барлығына назар аударамыз, салыстырамыз. Оған қоса,
әрбіреуіміздің бір болса да, «проблемный» досымыз бар,
Оның мәселелерін шешіп, әңгімесін тыңдап, өз уақыты
мызды аламыз.
Біз мүлде әсер етпейтін нәрселерге уақытымызды
жұмсауға құмармыз: жаңа заң шықса, қолданысқа жарамайды ғой деп сын айтамыз, әліпби өзгерсе, басымызды
ауыртып әліпби ойлап табамыз. Сен әсер ете алмайтын
нәрсеге бекер күш жұмсап, әуре болудың қажеті жоқ,
өйткені нәтижесін бәрібір өзгерте алмайсың.
Бірде белгілі блогер Ержан Рашевтің6 Instagram-да махаббат туралы жазған, бірақ «мен қазақ-атеистпін...» деп
басталатын постына «like» бастым. Сол кезде бір жігіт
маған directке: «Қуаныш аға, мен атеистпін деген адамға
қалай «like» басасыз?», – деп сұрады. Сонда адамдар
«біреу атеист екен», «неге оған «like» басады» деп қанша күш жұмсайды. Біз өз күшімізді болмайтын, өзіміз
әсер ете алмайтын нәрсеге зая кетіретінімізді тағы бір
мәрте еске салғым келеді. Бір қисса есіме түсті: Баяғыда
бір адам «әлемді өзгертемін» деген екен. Әлемді өзгерте
алмағаннан кейін «елімді өзгертемін» деген екен. Елін
өзгерте алмағаннан кейін, «өзімнің қаламды өзгертемін»
деген екен, қаласын өзгерте алмаған соң, «отбасымды өзгертем» деген, ол да болмаған соң, «ең болмаса, өзімді
өзгертейін» деп айтқан екен. Өмірі өтіп, өзін өзгерткен6

Ержан Рашев – блогер.

20

нен кейін, отбасының да өзгергенін байқаған. Сол кезде:
«Мен қателесіппін. Әлемді өзгертпес бұрын, өзімді өзгертуім керек еді. Өзімді өзгерткенде, қасымдағылар да
өзгеретін еді» деген екен. Сондықтан да энергиямызды,
күш-қуатымызды өзіміз әсер ете алмайтын нәрсеге жұмсамау өте оңай және маңызды лайфхак деп білемін.
Неге бізге қатысы жоқ мәселеге бұлқан-талқан болып,
күйіп-пісіп, энергиямызды кетіріп, уақытымызды жоғалтамыз? Басқаға уақыт тапсақ, неліктен өзімізге уақыт
таппасқа?
Менен көптеген азаматтар: «Қуаныш мырза, қалайша
осыншама кітап оқисыз?», – деп сұрайды. Жауабым опоңай: біреуді өсектемесең, жаңа әліпби ойлап таппасаң,
бостан бос уақытыңды алатын таныстардан құтылсаң,
онда кітап оқуға да уақытың жетеді.
Алдыңғы жылы алпыс екі кітап оқып шықтым, осы
жылы жетпіске жеткіздім. Кітап оқу – өзіңді дамытудың негізгі құрамдас бөлігі, осыны ұмытпа. Уақытты
зая кетірмей, кітаптан білім нәрімен сусындап, шөліңді
қандыр. Ескертетінім, кітаптың соңында, маған пайдасы
тиген кітаптар мен фильмдердің тізімін беремін, кәдеге
жарар деп ойлаймын.
Тағы бір мәселе – біз өзімізге «адвокат», ал біреуге
«прокурормыз». Қазір біреуге кішігірім болса да сын айтып көрші, мысалы, «Неге кешіктің?» десең, өзін ақтап
алу үшін елу екі сылтау ойлап табады. Ал кешігіп баршы, «неге біреудің уақытын бағаламайсың?», «ерте
шықпадың ба», «өзінше болып кетіпті» дегендей, бұған
да елу екі сын тауып береді. Біреудің бойынан мін іздегенше, өзіңді түзет, мінссіз нұсқаңа талпын. Өзгемен емес.
өзіңмен жарыс!
«Versus» академиясында талай дәріс өткізіп, кейстерді
қарастырдық. Бес жүз мың теңге алып (иә, бір адамнан,
демек, оның ақшасы бар), он мың теңге алып та, тегін
де тренинг өткіздік. Үңіліп қарасақ, бәрінде мәселе
бір – көп адамда мақсат жоқ! Бірақ бұл қалыпты жағдай.
Себебі, мақсатты айқындау – қиын нәрсе.

Бізде тағы жетістік жоқ! Қазіргі таңда барлығы да
шет тілдерін үйреніп жүр, заман талабына еліктейді.
Курстарға жазылдым, тіл үйреніп жүрмін ғой деп өзін
алдайды, түбінде ештеңе шықпайды. Ал шын мәнінде,
жұрттан қалмау үшін емес, өзі үшін оқыса, IELTS 7 балл
алса, жылына үш мың сөз жаттаса, міне, бұл – жетістік.
Тағы бір айтып өтетін мәселе – бізде мотивация жоқ.
Маған келетін адамдардың 80%-ының айтатыны:
«Қуаныш аға, маған мотивация беріңізші». Келіп, палау сұраса берер едім, ал мотивация деген – кейде бар,
кейде жоқ нәрсе ғой.
Қазіргі заманда ең қиын кезең – ол жазғы және қысқы
демалыс уақыты. Достарыңның барлығы қыста Тайландқа, ал жазда Түркияға демалуға кетеді. Сенің де барғың
келеді-ақ, бірақ мүмкіндігің жоқ. Басқаларға әрине,
«ақша жоқ» деп айтпайсың, «уақыт жоқ» дейсің.
Бизнесте сәтсіздікке ұшыраған жағдайда «бұйырмады», «көз тиді», «тағдыр жазбады» деген әңгімелер айтылады. Оның себебін өзінен көрмейді, өзге біреуге немесе
басқа бір жағдайға жаба салады.
Қарызға белшеден бату, кредит – бұл да, қазіргі таңда
өте өзекті де, өміршең мәселелердің бірі. Кредит кімде
жоқ дейсің, барлығында бар.
Instagram-ға бір қыз жазады:
«Қуаныш аға айына он жеті мың кредитім бар еді,
соны төлеп беріңізші» деп, санап көрсем, кредиті жүз елу
мың екен. Әрі қарай оқуға оңай болу үшін, ол әңгімені
диалог түрінде келтірейін:
– Ашылып жазып жатыр екенсің, бізге кел, жұмыс
жаса, – дедім.
– Ага, жастайымнан тұрмыс құрдым, одан соң ажырасып кеттім, қолымнан ештеңе келмейді, – деп әлгі қыз
жауап қайтарды.
– Онда ыдыс-аяқ жуушы бол, он бес күн жұмыс істей
сің, айына жетпіс екі мың теңге аласың,
– Жоқ, мен Алматыға бара алмаймын, тұратын жерім
жоқ.

22

– Тұратын жеріңді реттеп берейін.
– Жоқ, әке-шешем бар, оларға қарауым керек, бара алмаймын…
Сондағысы, жүз елу мыңды «бере сал» деп тұр ғой.
Ал, «не үшін береді», «неге беруі керек» деген сұрақ ол
адамда туындамады. Жұмыс бұйырып тұр. Белшеден
батқан қарыздан, бітпейтін кредиттен құтылудың бір
ғана амалы – тұрақты жұмыс. Көсіліп, түсіндірмей-ақ
қояйын, өзің де қорытынды жасаған шығарсың, құрметті
оқырман…
Адамдардың көпшілігі өздерінің армандарынан өздері қорқады. «Неге?», «Бұл қалай болғаны?» деп ойлаймын. Бұған мақсат, мотивация мен жетістіктің жоқтығы
себепкер. Өткен жылы QAZAOSTAN ұлттық телеарнасында еліміздегі алғашқы бизнес туралы реалити-шоу
ұйымдастырдық, «Үміткер» деп аталады. Онда жеңіске
жеткен ең үздік үміткерге бес миллион теңге жылдық
жалақы мен қосымша бес миллион теңге сыйақы, яғни
барлығы он миллион теңге беріледі. Шын мәнінде, осы
қаражатқа қол жеткіземін деп армандап келгендер көп
болды. Бірақ басым бөлігі өз арманына сенбей, одан үркіп, жарты жолда жобадан шығып қалды. Арманына қол
жеткізе алатындығына сенімсіз адам – өзіне-өзі сенімсіз.
Әр нәрсеге алдын ала дайындықпен келгенді жақсы
көремін. Сондықтан да ақыл айтпастан бұрын, зерттеу
жүргіздім. Өзімнің Instagramдағы @kuantr парақшамда
сауалнама өткіздім. «Армандарыңызға жетуге не кедергі?» деген сұрақ қойдым оқырмандарыма. Енді, келген
жауаптарға назар аударайық: «Арманға жетуге не кедер
гі?» деген сұраққа үш жауап нұсқасын жазған Instagram
қолданушыларының 81%-ы «жалқаулық – ең бірінші кедергі» десе, 67%-ы – «ақшаның жоқтығын» себеп қылса, ал 36%-ы «таныс жоқ» деп жауап берді. Үшеуін қосқанда, 100%-дан асып кетеді ғой деп ойланба, есіңе саламын, әр адам үш кедергіден жазып отырды, сондықтан
нәтижесі осындай.

Жоғарыда атап өткендей, сен Instagram-ға жазған кедергілер, адамның одан әрі дамуына, белгілі бір жеңіске
жетуіне бөгет болады дейміз. Ендеше, назарларыңызға
антикейс ұсынамын:
Айна Досмахамбетқызы - «Rumi Group»-та PR бөлімінің
басшысы, үш баласы бар, ажырасқан. Айтып өтетін жайт
әйел адам ажырасса, оған қоса балалары болса, оны біздің
адамдар қоғамнан сызып тастауға тырысады. Кейде тіпті,
бір баламен қалған әйелдердің өздері, қоғамнан алшақтап
кетеді. Бірақ Айна ханым емес! Иә, ол ажырасқан, иә, үш
баласы бар. Есесіне, ол мықты маман, біздің қызметкер,
оған қоса көп саяхаттайды, балаларына ерекше көңіл бөліп,
әрдайым өзіне уақыт табады. Жақында Испанияның Бенидорм қалашығына барып, 5,5 км қашықтықты теңізбен
жүзіп «OceanMan» атағын алды. «Rumi Group»-та атқара
тын қызметі үшін өзінің тұрақты жалақысы бар, дегенмен,
үш баланы асырау керек болғандықтан, барлығына жеткізу қиын ғой. Айна ханым «жарысқа барамын» деп алдына
мақсат қойды, туристік фирмамен келісті, тегін ары-бері
ұшып барып келді, гидрокостюмін сатып алды, әйтеуір,
«мотивация жоқ», «болмай қалды» деген сылтаумен өзін

24

ақтап қалуға тырыспады, алды да, жасады. Қолынан келді!
Таныс жоқ деп отырмай, ақша жұмсамай-ақ, алдына қой
ған мақсатына қол жеткізді.

антиКейс: @aina_doskyzy

ФОРМАHНЫҢ ЖОҚТЫҒЫ
немесе БАРЫҢ МЕН ЖОҒЫҢНЫҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
«Егер бір сөйлеммен адамның
кім екенін анықтай білмесең,
онда ол адамнан ақыл сұраудың қажеті жоқ».
Нассим Талеб,
«Черный лебедь» теориясының авторы
Бізде бір мәселе бар – адамдарда форма жоқ. Мысалы, мен тендермен айналыстым, бірақ кетіп
қалдым. «Неге?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Себеп –
форманың болмауы. Тендермен айналысатын адамдарға,
«Не істеп жүрсің?» десең: «Әй, біздікі бизнес» деп жауап береді. Ал не бизнес екенін айта алмайды, себебі
форма жоқ! Менің одан да, «палау сатамын» деп айтқаным жақсы.
Internet желісінде талай мықты азаматтар бар, бірақ
кім екенін айта алмайсың, форма жоқ. Мысалы, біздің
«Versus» академиясының директоры Мейірбек мырза кезінде блогер болып жүрген, қазір бизнес бойынша
білім беретін академияның басшысы, яғни форма бар,
блогер дегеннен әлдеқайда жақсы ғой.
Егер өзіміздің нақты образымызды, формамызды қалыптастырып алмасақ, өзіміздің абстракциялы – жалқау,
еріншек образымызды жеңе алмаймыз.
Идеал образымызға жету жолдарының біріншісі – сая
хаттау, ел бармаған жаққа бару керек. Егер ел қатарлы
солар барған жерге барсаң, саған тың идеялар келмейді.

26

Мен жазда Сыктывкарға емес, барлығы сияқты Анталияға барсам, қазір «Rumi» мейрамханалар желісі болмайтын еді. Егер мен басқа рестораторлар сияқты шабыттануға Стамбұлға емес, Мәскеуге барсам, бәлкім, «Dala»
мейрамханасы болмайтын еді, Нұсрет мырзаны, Мұрат
Шеф пен Оғыз мырзаны кездестірмес пе едім.

Екіншісі – кітап оқу. Кітапты біз алдымызға үш түрлі мақсат қойып оқимыз: шабыт алу үшін үшін; ой түю
үшін және сұраққа жауап табу үшін.
Бұнда да барлығы оқып жүрген кітаптарды емес,
өзгеше ойлауға жетелейтін, өзіңде қандай да бір қызығушылық тудыратын авторларды оқу. Ол «сәнге еліктеп кітаптың бетін ашу» емес, білім, шабыт іздеу, өзгеше
идеяларды іздестіру болуы керек. Маған қатты әсер еткен
кітап – «Финансист», авторы – Теодор Драйзер7. Бір жақсы әңгіме бар, осы жерде есіме түсіп отыр. Бір баланың
әкесі, ұлын кітап оқуға баулудың жолын ұзақ іздестіреді.
Бір күні, ұлына күнделікті қажеттілігіне беретін ақшаны
кітаптың бетіне жабыстырып отыруды ойлап табады. Содан, баласы ақшаны іздеп жатып, бір кітаптың бөлімін.
____________
7

Теодор Драйзер – америкалық жазушы, қоғам қайраткері.

оқиды, екіншісін оқиды, сөйтіп, кітап оқуды жақсы көріп
кетеді.
Өзімізге қажет, образ қалыптастыруға көмектесетін
кітапты таба білу маңызды. В контакте-дегі статус есіме
түседі: «Өміріңді өзгерту үшін бір-ақ кітап жеткілікті, ал
ол кітапты табу үшін он мың кітап оқып шығу керек».
Жоғарыда айтып өткен «Финансисттің» басты кейіпкері
Френк Каупервудтың тұлғасына, іс-әрекетіне қарап, өзіңе
образ қалыптастырасың, «осы сияқты болуға ұмтылайыншы» дейсің. Кітапты оқып, образ қалыптастырудың
тағы бір жақсы ағы, ол образды, форманы өз көзіңмен
көресің, түйсігіңмен сезінесің. Ол қатып қалған образ
емес, оны өзің ойыңнан құрастырасың.
Үшіншісі – телехикаялар. Қазіргі таңда телехикаялар
өте көп, олармен күресудің қажеті де жоқ. Сондықтан
минусты плюске айналдырамыз да, жақсы, пайдалы телехикаяларды көреміз. «Миллиарды», «Черный список»,
«Форс мажоры» деген сериалдарды көруге кеңес беремін.
Ричард Талер – америкалық экономист, мінез-құлықтық
экономика саласындағы зерттеуі үшін 2017 жылғы Нобель сыйлығын иеленген. Оның тұжырымдамасы бойынша «Сен өзіңнің миыңды, ойлау жүйеңді өзгерте алмайсың. Ол тек қана сенің әрекеттерін арқылы өзгереді».
Абай атамыз мұны жүз жыл бұрын: «Болмасаң да, ұқсап
бақ» – деп айтып кеткен.
Бір танысым тендермен айналысады. Өзінің қағидалары бар, халыққа жақын болу, қарапайым киіну деген
сияқты. Автокөлігі де соншалықты күшті емес, Жұмысы
жүреді, бірақ мықты тендерлерді ала алмайды. Мәселе
неде деп ойланады да, Шамиль Аляутдиновтың8 дәрісіне барады. Сол кезде Шамильдің оған айтқаны: «өзінді
табысты адам секілді ұста». Содан бері тек қана костюм
киетін болды, «Land Cruiser» автокөлігін сатып алды.
Нәтижесінде ісі де алға басты.
_________________
Аляутдинов Шамиль Рифатұлы – ағартушы теолог-ғалым Ресей Федерациясының діни
қоғам қайраткері.
8

28

Брайан Трейсидің9 1996 жылы жазған кітабында да
осыған ұқсас мысал жазылған. «IBM» компаниясы жариялаған тендерге бір айтищник маман екі есе арзан, бірақ
екі есе сапалы жұмысын ұсынған және бір компания сапасы екі есе төмен, ал бағасы екі есе жоғары өз жұмыстарын ұсынады. Араларындағы айырмашылық – төрт
есе. Бірақ жұмысы қаншалықты жақсы, ал бағасы арзан
болғанымен, айтищник жігіт ұтылып қалады. Тендер өткізген «IBM»-нің басшылығынан «неге мен ұтылдым?»
деп сұрағанда: «Түріңе қарап осындай жұмыс жасай алатыныңа сену қиын. Ал әлгі компанияның адамдарына қарасаң, олардың біздің компаниямен жұмыс жасай алатынына сенесің», – деп жауап береді.
Айтайын дегенім, біз жақсыға ұмтылуымыз керек.
«Ұқсап бақ» дегеніміз, сол образга жанасатындай,
сәйкес жүріс-тұрыс, әдет қалыптастыру. Киімкешекпен, шаш үлгісімен біз табысты адамдарга
еліктей аламыз.
Ұшақпен көп ұшамын. Сондағы байқағаным, эконом-кластағы жолаушылардың барлығының қолында
смартфон, планшет. Ойын ойнайды, кино қарайды. Ал
бизнес-кластағы жолаушылар кітап, газет оқиды немесе
шаршағандықтан ұйықтайды. Біз әдеттерімізбен ұқсай
аламыз: кітап оқып, мағыналы сөйлеп, ойымызды дұрыс
және нақты жеткізіп, сапалы киім алып.
Ең қызығы, бизнесте де осы қағидаларды ұстануымыз
«Rumi»-ді танымал етті ғой деймін. Бизнесте де алдымен
тауардың сапасы, одан кейін оның «орамасы», визуалды
эстетикалық әсері маңызды.
Маған кәсібін енді бастап жатқан, не ісі бар кәсіпкерлер бизнес туралы, оның ішінде маркетинг туралы
сұрақтарымен көп келеді. Әрине, бәрі барлық проблемаларын шешетін қарапайым сөздер мен фразаларды
_____________
Брайан Трейси – бизнес жолында көп жетістіктерге жеткен америкалық шешен,
психолог
9

күтеді. Шындығында маркетинг – буклеттердегі сиқырлы лозунгтер емес немесе бизнестегі құпия трюк, компьютердегі жасырын программа емес. Бұл ең алдымен
өз қолданушыларынның қажеттілігін түсіну, сол қажеттілікті өтеу, оларға жақсы өнім беру жолындағы тынымсыз еңбек.
Бәсекелестеріңнен бар өнімді аласың, оны тура сол
бағаға сатасың, бірақ үстінен өзің он мың теңгенің сезімін
қосасың. Тағы нақтылап айтайын, сезімін қосасың.
Егер орта бағадағы мейрамхана ашсаң, ыдысың,
дастарқан, орындықтар, санфаянс,
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!