Материалдар / «Конструктормен ойындар ойнау»

«Конструктормен ойындар ойнау»

Материал туралы қысқаша түсінік
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұсақ қол моторикасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2018
1005
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Конструктормен ойындар ойнау»Сабақтың мақсаты: Қол моторикасын дамыту, баланың ойлау қабілетін дамыту.Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.Көрнекі-құралдар: суреттер, қапшықтар, түрлі-түсті кірқыстырғыштар,тақта. Конструктормен ойнау, құрастыру.I аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Шаттық шеңбер: Қуанамын мен де! Қуанасың сен де! Келіп шыққан күнге! Күніміз жарық болсын! Түніміз тыныш болсын! Ауамыз таза болсын! Суымыз мөлдір болсын! III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы - саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы маңыздылығы - адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз. IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. «Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы. Екі қырықаяқ                          (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).Жолмен жүгірді.Жүгірді, жүгірді.Бір-бірімен кезікті                    (Екі алақанды қосады).Құшақтасқандары соншалық         (Сұқ саусақтарды айқастырады.)   Құшақтасқандары соншалық          (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).                                                            (Алақандарды айқастырады.)Екеуін күштеп ажыраттық.             (Қолдарын жібереді.)

II аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). «Қомағай» саусақ жаттығуы:Әр қатысушы бала беторамалдың ұшынан ұстайдыда біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.Қарным менің қомағайБәрін-бәрін жұтады.Қомағайдың қарны ендіСусиырдай болып кетті. Бұл жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды. IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. III аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Тыныштық сәті: Үнтаспадан жағымды әуен естіліп тұрады. Кәнікей денемізді түзу ұстап,басымызды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырамыз. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламып енди көзімізді ашамыз.Музыка тыңдату арқылы дене қимылын жасату.Босаңсытып денеңді,Бей-жай күйге ен ендіБасты көтер, тік ұстаЕмін – еркін тыныста!



Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады Үзілмейді тартсаңда Ал, піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда. Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келеді Достық үшін пілге мен Гүл сыйлағым келеді.

"Үй тұрғызайық" ойыны.Мақсаты: Балалар үйдің пішіндерін кірқыстырғыштармен түстерді таңдап қыстырып үйрену.Керекті материалдар: Әрбір балада үйдің пішіндер бөлшектері (үшбұрыш, төртбұрыш,төбесі, есігі, терезесі т.с.с) бар. Мұғалім үйдің бөлшектерінен құрастырылған үлгініқыстырады, сол үлгіге қарап, оның бөліктерін тауып, тиісті орындарына орналасты рып пішіндерді кірқыстырғыштармен қыстыру.

IY апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).Музыка тыңдату арқылы дене қимылын жасату.Босаңсытып денеңді,Бей-жай күйге ен ендіБасты көтер, тік ұстаЕмін – еркін тыныста! IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. V. Бекіту.«Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы. Екі қырықаяқ                          (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі).Жолмен жүгірді.Жүгірді, жүгірді.Бір-бірімен кезікті                    (Екі алақанды қосады).Құшақтасқандары соншалық         (Сұқ саусақтарды айқастырады.)   Құшақтасқандары соншалық          (Ортаңғы саусақтарды айқастырады).                                                            (Алақандарды айқастырады.)Екеуін күштеп ажыраттық.             (Қолдарын жібереді.)

VI. Қорытынды.Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. VII. Бағалау.Баланы мақтап мадақтау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ