Кооучинг жоспары "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кооучинг жоспары "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"

Материал туралы қысқаша түсінік
• Баға, бағалау, оқуды бағалау, оқыту үшін бағалау, бағалау критерийі ұғымдарын анықтап, саралауына ықпал ету, • инклюзив, нклюзивті оқыту туралы ұғым беру, • топ ішінде жағымды қатынасты орнату, • топ мүшелеріне критерий арқылы бағалауға бағыт беру, сол бағаның нақты екендігіне көз жеткізу, • кері байланысжәне оның түрлері бойынша түсінік қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша өткізген коучинг сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы

Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау

Жалпы мақсаты

  • Баға, бағалау, оқуды бағалау, оқыту үшін бағалау, бағалау критерийі ұғымдарын анықтап, саралауына ықпал ету,

  • инклюзив, нклюзивті оқыту туралы ұғым беру,

  • топ ішінде жағымды қатынасты орнату,

  • топ мүшелеріне критерий арқылы бағалауға бағыт беру, сол бағаның нақты екендігіне көз жеткізу,

  • кері байланысжәне оның түрлері бойынша түсінік қалыптастыру.

Оқу нәтижесі

  • Сыныпта оқушыларды бағалауда бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып, оқуды бағалау мен оқыту үшін бағалауды анықтайды

  • Әр пән мұғалімдері өз қажеттілігінше топтастыру жүргізе отырып, оқушылардың қалыс қалмайтындығын түсінеді.

  • Кері байланыс арқылы бағалауға да сынып балалары өз үлестерін қосатынын біледі.

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды мұғалім өз іс тәжірибесінде қолдануға ұмтылады.

Негізгі идеялар

Баға, бағалау, оқуды бағалау, оқыту үшін бағалау, бағалау критерийі ұғымдары

Уақыт

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

3 минут


3 минут

«Меняется мир» фильмінен үзінді көрсету

Сергіту сәті

Жағымды көңіл күй туғызу мақсатында «Австралия жаңбыры» ойынын ойнату

Топтарға бөлу (қиындылардан мақал-мәтелдерді құрастыру)

(5 топ, әр топта 4-5 мұғалімнен)






Топтың әр мүшесі қолындағы қиынды бойынша мақал-мәтелдің толық нұсқасын құрастырады, сол бойынша топқа бөлінеді.






Мақал-мәтелдер жазылған қиындылар

5минут

1-тапсырма

  • Алманың суретін салу

(Мұғалімдерге кішкентай парақшалар үлестіріліп беріледі)

  • Қатар отырған мұғалімдерге салған суреттерін ауыстырып бағалау тапсырылады. Осы салынған суретке байланысты коуч бағалау критерийін ұсынады, критерий бойынша қайта бағалатады.

  • Бағалау критерийі:

  • Алманың суретінің парақшаның ортасында болуы – 1 ұпай

  • Жапырақтарының болуы– 1 ұпай

  • Түстердің үйлесімділігі– 2 ұпай

  • Көлемінің үлкен болуы– 1 ұпай


  • Топтың әр мүшесі парақшаға алманың суретін өз түсінгендері бойынша салады.



  • Бірін-бірі бағалайды.





  • Критерий бойынша бағалау мен өз бағалағандарын салыстырады.



Критерий бойынша ұпайлардың санын қосады.

5 ұпай – «5»

4 ұпай – «4»

3 ұпай – «3»

2ұпай – «2»



Парақша, маркерлер


2-тапсырма

Топтарда баға, бағалау, бағалау критерийлері туралы әңгімелесу

Топ бойынша өз идеяларын ортаға салып талқылайды, топтан бір мұғалім шығып, топта қабылданған шешіммен таныстырады.


5 минут

3-тапсырма

Бүгінгі сабақтан нені күтетіндерін жазып, «Үміт ағашын» безендіреді

Сабақтан не күтетіндерін жапырақтарға жазып, «Үміт ағашын» безендіреді.


«Үміт ағашы», алмалар


5 минут






20 минут

4-тапсырма

Инклюзив, инклюзивті оқыту дегенді қалай түсінесіздер?

Таныстырылым арқылы инклюзив, инклюзивті оқыту туралы түйін жасайды.

5-тапсырма

Инклюзивті мектептің суретін салу

Бағалау критерийін мұғалімдердің өздерімен келісе отырып тақтаға жазамын.


Сұраққа мұғалімдер өз ойларын білдіреді, ортаға салады.





Инклюзивті мектептің суретін салады.

Постер қорғайды.



Таныстырылым






Флипчарттар,

түсті қағаздар, желім, қайшы, маркерлер, түсті стикерлер

5 минут

6-тапсырма

Топтар бірін-бірі бағалау

Бағалау критерийі бойынша бағалау парағына әр топ өз бағаларын қояды.


15 минут

7-тапсырма

Мәтін үлестіріп береді.

1-топ

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табыладыжәне кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

2-топ

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үшін бағалау балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, оқыту үшін бағалау қорытындысы ары қарай дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

3-топ

Оқуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.




Әр топ «Джигсо» тәсілін пайдаланып өздерінің оқыған мәтіндерін басқа топқа түсіндіріп береді.

Соңында барлығы бірлесіп түйін шығарады.









Әр топ «Джигсо» тәсілін пайдаланып өздерінің оқыған мәтіндерін басқа топқа түсіндіріп береді.

Соңында барлығы бірлесіп түйін шығарады.









Әр топ «Джигсо» тәсілін пайдаланып өздерінің оқыған мәтіндерін басқа топқа түсіндіріп береді.

Соңында барлығы бірлесіп түйін шығарады.


10 минут

8-тапсырма

1.Стикерлер тарату

DrawObject1 DrawObject2



2.Рефлексия жазуды ұсыну



Стикерлерді флипчартқа жапсыру арқылы өткізілген сабақтар бойынша көңіл күйлерін білдіреді.

2. «Үміт ағашы» бойынша мұғалімдер нені үйренгенін, нені білгісі келетінін, ұсыныстарын жазады.


Стикерлер




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.05.2021
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі