Тренинг
тақырыбы:
Көпшілік алдында сөйлей
білесізбе?
Мақсаты: Күнделікті өмір барысында,
қоғаммен қарым-қатынаста, әртүрлі мерекелік шараларда кез - келген
адам көпшілік алдында сөйлеу деген қиын мәселемен ұшырасатындығы
рас. Осы кезде көп адамдар аузына сөз түспей, қиналып жатады. Адам
әрбір істе басқаларға үлгі болуымен қатар, жан-жақты сауатты,
кез-келген жерде өзінің ойын ашық айта алатын, ісімен де тілімен де
жақсылықтың жаршысы бола білуі керек.
«Көпшілік алдында сөйлей
білесіз бе?» деген тақырыпта сіздерге тренинг өткіземіз. Тренингте
адам өзін көпшілік алдында қалай ұстауы қажет, сөйленетін сөздің
ішкі құрылымы қандай шарттарға жауап беруі тиіс, жоспары қалай
жасалады, деген сыңды т.б. көпшілік алдында сөйлеудің қыр – сырлары
баяндалды.
Тренингіміз 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең «Танысу», 2 кезең «Ғажайып үштік әдісі бойынша әңгіме дебат
ұйымдастыру», 3 кезең «Мен сізге жазамын», 4 кезең «Ақ және қара
орта» деп аталады. Олай болса 1 кезеңімізді бастауға рұқсат
етіңіздер. Алдымен, ортаға бірнеше ұстаздар мен оқушыларды
шақырамыз.
І
кезең
Кез келген тұлғаның жаңа
ортаға бейімделуі, қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра
білуі және тб. жағдайлары кейде айналасындағылар
тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді.
Сондықтан ең алғашқы кездесуде «Танысу» кезеңін
бастасақ.
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін
жағымды ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді стилін және кері
байланыс немесе алу тәсілдерін меңгеру;
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып,
сағат тілі бойынша, кезек - кезек әр қатысушы өз атын және өзінің
нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын
алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы
айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап,
сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса
береді.
Талқылау:
1. Қай ойыншының есімі,
сүйікті ісі сіздердің естеріңізде жақсы сақталады?
2. Несімен жақсы сақталады деп ойлайсыз?
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсыз?
5. Қатысушылардың сізді есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және
т.б
Қорыта
айтқанда, өзіңе назар аударта білу ен
алдымен өзіңді таныстырумен басталады. Бұл көпшілік алдында сөйлеу
қағидаттарының бірі екенін аңғартып тұр.
ІІ
кезең
Ғажайып үштік әдісі бойынша
әңгіме-дебат ұйымдастыру.
А-тобы: Жұрт алдында сөйлеуге көп
дайындық қажет емес. Өзіңді мәдениетті адам ретінде таныту үшін
сәттілік болса жетістікке жетесің. «Бақ шаба ма, бап шаба ма» деген
сөз бар емес па?
Б-тобы: Жұрт алдында сөйлеуге дайындық
керек. Сонда ғана өзіңді мәдениетті адам ретінде танытып,
жетістікке жетесің.
В-тобы: Әңгімеге араласпай екі топтың
пікірталасын бақылаушы.
ІІІ
кезең
«Мен сізге жазамын.....»
тренингі
Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларыңыз хат аласыңдар, барлық
ойыншылар түгел қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ
төменгі бұрышына өзіңіздің ата - жөніңізді жазып, оң жақта отырған
көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған
ойыншыға береді. Қалғандары да бір-біріне беріп отырады.
Көршіңіздің аты жазылғанқолыңызда парқ бар. Оған бірнеше сөз
арнаңыз. Не жазу керек?
Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз,
тілек, мойындай, күмән; Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің
ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Сіздің жазғаныңызды басқа адам
оқып қоймас үшін,сіз парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан соң
бұл парақ келесі отырған көршіңізге беріледі. Ал, сізге басқа
ойыншының парағы беріледі, сіз сол параққа келесі бір адам туралы
қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңызбен фамиляңыз жазылған өз
парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл
хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын айтқысы
келіп жүргенін жазады. Ойын соңында әрқайсысы өздері жайлы жазылған
парақты оқиды. Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір -
біріне деген эмоциялы жақсы қасиеттермен
алмасады.
Талқылау:
1. Өзінің басқа адамдардың
пікірін оқығанда қандай сезімде
болдың?
Қорыта
келгенде, сахнаға шығар алдында
бойыңызды қорқыныш сезімі билеп алары анық, сол жағдайда осы хатты
оқып жан-жағыңыздағы адамдардың сізге деген ыстық ықыласын білуге
болады. Яғни жаныңдағы адамдар сені
қалай «көңілді», «сенімді», «тәртіпті», «ақылды» т.б. екендігінді
біліп, өзіңе сенімді түрде «бұл қолымнан келеді» деуге
болады.
IV
кезең
Ақ және қара орта
тренингі
Біз сіздермен ортада кездесіп
жататын қиындықтар мен қызықты сәттерді іс жүзінде сіздермен
бірлесіп сол ортаның адамға әсерін
көрейік.
Көздеріңізді жұмыңыздар.
Денелеріңізді бос ұстап, ынғайланып еркін отырыңыздар, терең
тыныстаймыз. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап –
таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр.
Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамдарға, барлық тіршілік
иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін
... Біз қара ортадамыз, мұнда адамдар ашуланып, ызаланып, бір –
бірін жақтырмай, біріне – бірі аларып қызғанышпен карайды. Адамдар
өзгенің тек жаман тұстарын айтуда. Ұрыс – керіс, балағат сөздер мен
кемсітулерге толы орта. Көзімізді ашып бұрынғы қалпымызға
келейік.
Өмірдің ак, қарасы бірдей
жүреді, яғни ұжымда болсын, кез – келген оқушылармен болсын,
отбасында да кейде кездесіп жатады. Ендеше осындай адамдардың бір –
біріне деген қарым – қатынасынан сіздер қандай әсер алдыңыздар?
Жағымсыз эмоцияларды қалай жоюға болады?
Алдарыңыздағы берілген параққа
қара ортадан алған әсерлеріңізді жазыңыздар. Осындай теріс
жағдайлардан, кикілжіңнен қалай арылып мәдениет тұрғысынан шешуге
болады.
Көздеріңізді жұмыңыздар.
Денелеріңізді бос ұстап, ынғайланып еркін отырыңыздар, терең тыныс
аламыз. Көз алдарыңызға алыс өмірді елестетіп көріңіздер. Ол жерде
бәрі басқаша. Көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір су
жағасына келдік деп елестетіңіздер. Айнадай тап – таза көздің жауын
алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты. Адамдар ашық аспан
аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен
қарайды. Бұл ортада адамдардың жаны сұлу, кең пейілді жомарт
жандарға толы. Мейрімді жылы жүздерімен өзіне баурайды. Біздің де
бойымызға кішіпейілділік пен кешірімділік сезімдері бойлап бара
жатқандай. Осы сезімдермен біз де, бұрынғы қалпымызға келейік.
Көңіл күйлеріңізге қандай әсер етті?
Өзіңді түсіне алатын адаммен
сөйлесу адам жанына қуат береді, жағымды әсер етеді. Адамдардың бір
– бірімен жақсы қарым – қатынаста болуы үшін ұстамды, сабырлы, әр
нәрсеге позитивті түрде қараса. Олай болса алған әсерлеріңізді
парақ бетіне түсіріңіздер.
Сөз және
мағына
Күндердің бірінде бір адам
алыс сапарға шықпақшы болады. Үйінде тұрған екі қап бидайды өзі
келгенше сақтап қоюға көршілеріне
қалдырады.
Қалай ойлайсыздар, адамның
қалдырған бидайын көршілері қалай сақтауы
мүмкін?
Көршілердің бірі бидайды үйдің
астыңғы қабатындағы қойманың бір бұрышында сақтайды. Екінші көршісі
қаптың аузын ашып, тұқым ретінде егістікке
себеді.
Адам сапардан оралған соң
бидайын алу үшін көршілеріне барады. Бірінші көршісі сақтаған
бидайын қоймадан алып шығады. Сыртынан бүтін көрінген қапты ашқанда
жартысының бұзылғанын, қалған жартысына құрт түскенін
көреді.
Ешқандай пайдаға жарамайтын
бидайды не істесін? ...
Қатты ашуланып, екінші
көршісіне барып бидайын сұрайды. Көршісі қолынан
ұстап:
-Менімен бірге жүр. Саған
бидайыңды көрсетейін, - деп, адамды егістікке ертіп апарды.
Жайқалып тұрған егінді көріп:
-Міне, бидайдың, үйде тұрса
шіритін еді. Оны тұқым қылып сеуіп, егін ектім. Егін піскен кезінде
қолымызда қаптар толы бидай болады, -
дейді.
Адам риза болып
күлімсіреп:
-Ия, Аллаға шүкір, көп
нәрседен хабары бар, түсінігі мол досымның болғанына. Арғы көршім
сөзімнің мағынасын түсінбеді. Оның астарына көңіл бөлмеді. Келесі
досым сөзімнің шын мағынасын түсінді.
-Әзіз досым! Жазда егін
жиналғаннан кейін, маған бидайдың екі қабын ғана жібер. Қалғаны
өзіңе қалсын. Саған қалдырған бидайды еңбегіңе қайтарған
ризашылығым деп қабыл ал. Саған көп рақмет айтамын, - деді
ол.
-
Сөзді әр кез тура мағынасында
қабылдау қажет пе? Неге?
-
«Сөз атасы» дегенді қалай
түсінесіздер?
Семинарға қатысушыларға
көпшілік алдында сөйлеу қағидаттары таратылып беріледі. Сауалнама
алынады.
Қорыта келгенде танымдық
белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым,
өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді
қарым-қатынас орнауы үшін адамның, оқушының, маманның
және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны
қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады.
Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы
тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге
болатындығын көрдіңіздер.
Видеоролик
-
Көрсетілген видеороликтен не
түйдіңіздер?
-
Қоғамда осындай жағдайлар
кездесіп жатады, сондай жағдайда өзіңді қалай ұстар
едіңіздер?
Сізге көпшілік алдында
сөйлеу мәдениетінің қағидаттарын
ұсынамыз.
Қарым-қатынастың ерекше
түрі
-
Тыңдаушылар ерікті түрде
тыңдайды
-
Тыңдаушылар сыни көзқарас немесе ынта
танытады
-
Көпшілік алдында сөз сөйлеу – бұл ерекше
артықшылық
Өзіңіздің жолдауыңызды
біліңіз
-
Сіз жан-жақты ақпараттанған
болу керексіз
-
Сөз сөйлеудегі керек
материалдан да көп ақпарат білулеріңіз
керек
Сахнаға дайындалу
-
Өзіңіздің қиыншылықтарыңызды ешқашан
көрсетпеңіз
-
Залдағы тыныштықтан аулақ
болыңыз
-
Киім – сөз сөйлеудің жарты
бөлігі
Дұрыс дауыс екпіні
-
Өз даусыңызды жиі тыңдаңыз
-
Өзге адамдардың ойын тыңдаңыз
-
Ешқашан айқайламаңыз, дауыстың модуляциясын
қолданыңыз
-
Жымиыңыз, бірақ қатты күліп, халықтың ашуына тиіп
алмаңыздар
Жолдауыңызды
сызып қойыңыз
-
Тыңдаушыларыңызды қарапайымдылықпен және
романтизммен баурап алыңыз
-
Егер жағдай
болса, ар-ұятқа да тиіңіз
-
Шешімнін оңай
жолын таба біліңіз
Стильді болыңыз
-
Ең басында,
назарды өзіңізге аудару керек
-
Есте қалатын
стильді дамытыңыз
Жауапкершілікті тереңнен
сезініңіз
-
Өзіңіздің материалыңыз үшін дайын зерттеулер
жүргізіңіз
-
Сөз сөйлеу уақытына қатысты шынайы
болыңыз
-
Сәтсіздіктер
сізді тоқтатпауы керек
Бағалаңыз,
бағалаңыз
-
Реакцияны
бағалап, керекті түзетулер енгізіңіз
-
Ең жақсы
реакция, сізді қайта шақыру болып
табылады.