Материалдар / "Көптілділік-заман талабы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көптілділік-заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Үштұғырлы т.л бағдарламасы негізінде, жас жеткіншектерді көп тіл білуге үйрету, онық ішінде қазақ тілінің болашағы үшін өзге тілдерді білудің маңызын т.сіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2020
307
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Көптілділік – заман талабын қалыптастырудың негізгі кепілі


Орындаушы: Дюсюпова Толқын Қаныбекқызы


Жұмыс орны: Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектеп» КММ


Қызметі: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі


















Өскемен қаласы, 2020 жыл


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы .................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Көптілділік – заман талабын қалыптастырудың негізгі кепілі...4

ә) Төрт тілде сабақ беретін білікті білім ордасы ...........................5


ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ (ТҮЙІН)

Жеті жұрттың тілін біл .......................................................................................6


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................7


















Көптілділік – білім беру ісінің жаңа сатысы

... Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Қадыр Мырза Әли

Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы Жолдауында «өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ.

Көптілді білім беру – көпқырлы мәселе. Оның әр міндетін әр қырынан қарастыру әрбір ұстаздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Ұстаздың негізгі мақсаты – көптілді және көпмәдениетті құзіреттілікті игерген жеке тұлғаны тәрбиелеп, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыруға атсалысу.

Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау. Әрине, бұл оқытушылар мен оқушылардың бірлескен шығармашылық ізденістерінің нәтижесінің көрінісі екені сөзсіз.

Жас ұрпаққа кәсіби білім беру терең теориялық білімді, жан-жақты біліктілікті талап етеді. Бұл салада әдістемелік пәндердің маңызы зор. Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы. Ұстаздың қолындағы мықты екі қарудың бірі – терең білімі болса, екіншісі – сол білімін оқушы бойына, санасына жеткізетін, дарытатын әдіс- тәсілі болуы қажет. Сонымен қатар, әдіс дегеніміз – алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалімнің және оқушының жүйеленген іс-әрекеті. Әр түрлі әдістер арқылы оқушыларға қазақ тілін меңгерту – баланың жан дүние рухын байытатын, әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын, бәсекеге қабілетті, заман талабына бейімделгіш жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Білім беруде қазақ тілін бастауыштан бастап оқытудың себебі – білім негізі бастауышта қаланатындықтан және ең басты мақсаты – тілдің сапасын арттыру, яғни оқушыларға қазақ тілін сапалы түрде, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасай алу деңгейінде меңгерту талап етіледі.

Көптілділік – заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады.

«Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.

  Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.

Ата заңымызда әлемдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміз саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді.

Көптілді білім беру дегеніміз- оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралғанүш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.


Көптілділік – заман талабын қалыптастырудың негізгі кепілі

Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса ма­ңызды бағыттарының бірі. Тіл проб­лемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділі­гі­нің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады.Елбасымыз үстіміздегі жылы Қа­зақстан халқына арнаған “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің үштұ­ғыр­лығы” мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлем­дегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде таны­туымыз қажет екенін және мемле­кеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен жаһандық экономикаға табыс­ты кірігу тілі – ағылшын тілі бо­луы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған Жарлыққа сәйкес “Тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық өмірдің барлық сала­ларын­да қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданы­луын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінің функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр.

Үштұғырлық” үш тілді қамты­ғанымен, мәдени жобаны іске асыру барысында қазақ тіліне мем­лекеттік тіл мәртебесіне сай ба­сымдық бағыт беріледі. Осы ретте қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту және конституциялық мәртебесіне сәйкес қоғамдағы рөлін нығайтуға, еліміздің барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қажетті барлық мате­риал­дық-техникалық жағдайларды жасауға аса көңіл бөліну керек. Менің­ше, әрбір қазақстандықтың қазақ тілінің тек қазақтардың ана тілі ғана емес, әрқайсысымыздың мемле­кеттік тіліміз, мемлекетіміз­дің мемлекеттілігінің негізгі белгісінің бірі, болашағымыздың тілі екенін түсінетін кез келді. Сондықтан да оны мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде іске асырып, ба­рын­ша дамытуға атсалысуымыз керек.


Төрт тілде сабақ беретін білікті білім ордасы

Қазақстанда тілдердің үштұ­ғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үй­рену­ге жағдайлар жасалуда. Бұл жоба­ның еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылу­ға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Елбасы бір топ қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен ұлттық жаңғыру және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі кездесуінде «Тілдің үш тұғырлылығы» бағдарламасына, мемлекеттік тіл мәселесіне кеңінен тоқталып өтті. Мемлекет басшысы: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлықта сондай дәрежеде болады»,-деп сендірді.

Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ (ТҮЙІН)

Жеті жұрттың тілін біл...

Көптілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпяларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет.  Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-әдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, әлемдік ілгері тәжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Осы бағытта балабақшалар, мектептер,  ЖОО-дары өз үлесін қосуда. Нарықтық экономика еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды қажет ететіні белгілі. Бұл оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу.    Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік- мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей,өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру өмір талабы.    Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, медициналық және басқа да салаларда жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшің халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр.  Замана ағымына лайықты  қазіргі  алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін- мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің  төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға  өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт.      Қазіргі заманда оқыған зиялы азаматтардың бірнеше тілде сөйлеуі Қазақстанның болашағынан елес беріп тұрғандай. Бүгінде оқушыларымыз, студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті. Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап- тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру- бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс- тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.  Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады.    Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым биік болуы керек. Әсіресе, мамандар шет тілін оқытатын еліміздегі оқу орындарының білім беру жүйесінде қазақ тіліне ерекше басымдық беруін қадағалауы керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұлттық құндылығымызбен терең сусындайды.

Көп тілдерді меңгеру, оны пайдалана білу- еңбек. Тек сол еңбекті орынды қолданып, керегіңізге жарата білуге күш жұмсау қажет. «Жеті жұрттың тілін білсеңіз», өзіңіз үшін де, өзге үшін де зиянына қарағанда пайдасы көп. Ал өз ана тіліңізді ешқашан соңғы орынға қоймаңыз!



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Амандықова Г.Н. , Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. «Шетел тілін оқыту әдістемесі», Астана- 2007

  2. Әбілқаев Ә., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту. Метод.нұсқау. 7-сынып. – Алматы, 1984.

  3. Әлімжанова Д.,Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1965.

  4. Бабинская П.К., Леонтьева Т.П., Андреасян И.М., Будько А.Ф., Чепик И.В. «Практический курс методики преподавания иностранных языков» Минск – 2003.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!