Сабақтың тақырыбы:
Киіз бұйымдарын жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының дәстүрлі баспанасы киіз
үбұйымдары туралы білімдерін кеңейту, қалыптастыру;
Дамытушылық : тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе алуға,
ауызекі сөйлеуге жаттықтыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,
синтаксистік талдауды, септеуді қайталау, топпен жұмыс істеуге
дағдыландыру
Тәрбиелік : оқушыларды елін, жерін сүюге, қазақ халқының
тарихын білуге, салт -дәстүрін құрметтеуге, әдептілікке
тәрбиелеу
Сабақтың түрі: шеберлік класы
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мәтін, слайдтар ( ассоциация,
сөздік жұмысы, киіз үй көріністері. ) , «Киіз үйді басу»
тапсырмалары, бағалау парағы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал –
жабдықтарын түгендеу.
Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең
бастысы – жүн болды. Материалды терең зерттеп, оның бар сырын, бар
мүмкіндіктерін аша білу – қолөнері үшін маңызды жәйт. Халық
шеберлері материалдың табиғи қасиеттеріне зер салып, оны өңдеуде
техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа ең
қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де
көңіл бөле білді. Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген
сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі - киіз басу.
Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері белгілі.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі Пазырық
қорғанынан табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын
дәлелі.
Тарихи деректерге қарағанда, адамдар қола дәуірінде тас үйлерін
тастап, жаңадан қоныс теуіп, көшпелі өмір жағдайына көшкен тұста
киіздің алғашқы нұсқалары дүниеге келджі десек қателеспеген болар
едік. Себебі қола дәуіріндегі тас үйлердің сыртқы формасы секілді
дөңгелек, күмбезді, жарық төбесінен түсетіндей етіп жасалынағн.
Киіз үйдің сыртқы формасы сол қола дәуіріндегі тас үйлерден алынып,
жылдан жылға практикалық жағынан күрделеніп байытыла келе біздің
уақытқа дейін жеткен.
Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата-баба мұрасын, халық қол
өнерін сақтап қалу парыз. Атадан балаға мирас болағн қол өнерін
жалғастырушы шеберлердің қатары бірте-бірте азая түсуде. Халық
шеберлерінің теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақты
қуантып, өнердің жаңаша түр алып, өміршеңдігі арта түсеріне сөз
жоқ.
Оюлап киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі.
Бірақ туысқан халықтарда жекелеген кездесетін киізді оюлап әдісінің
тәсілдері Қазақстан территориясының барлық аудандарында кездеседі.
Сондықтан да оюлап киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген
қолөнері деп атауға әбден хақымыз бар.
Киіз сапасының мықты болып, көңілден шығуына киіз басуға алынған
қой жүні мен қойдың тұқымы ерекше орын алған. Киіз басуға алынатын
қой жүніні талшықтары және оның сапасына қойылар талап өз алдына
бөлек әңгіме.
Киіз басу өнерінде залық арасында кең атарлағаны – текемет басу,
сырмақ ою түрлері. Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір
болғанымен, оның бетін әр түске боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің
өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады.
Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады.
Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні
қолданылады. Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтама бере кеткен
жөн секілді.
Жабағы жүн қойдың күн жылып, мамыржай болғанда, яғни жазғытұрым
қырқылады. Жабағы жүннің қырқылуы оны теріден тұтас көтеріле
бастаған кезіне сай келу тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа
түктердің өскіндей бастауы жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым
жұмысын оңайлатады, екіншіден, мал терісін зақымдаудан сақтайды,
үшіншіден, ысырапқа жол берілмейді.
Күзем жүн қойдың күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да
жергілікті жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай,
қойды бірнеше рет тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады.
Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға
немесе бір маусымдық жүнді пайдалауға да болады.
Алдымен жүн сабалады. Жүн сабау да оңай жұмыс емес. Оған ең алдымен
ұзындығы метрден артығырақ сабау таяқ керек. Сабауды жыңғылдың,
ырғайдың бүрін тегістеп қабығын сыдырып, кептіріп жасайды.
Жүн сабайтын жер тегіс әрі кең болуы керек. Жүнді тулақ үстінде
аула ішінде сабайды. Ал, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда,
бөлмедегі нәрселерді шаң-тозаң, қиқым түспейтіндей етіп түгел
қымтап жауып тастаған соң ғана жүн сабауға кірісуге болады. Сабар
алдында жүн 2-3 сағат күн көзінде жатса тіпті жақсы.
Тулақ – жүн сабауға араналып, ірі малдың
терісін шикілей керіп, кептіріп жасалады. Кепкен тулақты пайдаланар
алдында сүт бүркіп жібітеді. Сонда жүн сабау кезінде тулақ сынып
кетпейді.
Текемет немесе киізге жабағы, күзем, қозы жүндерін араластырып
пайдаланған кезде, бір тулақ жүн, яғни бір сабамға орта есеппен бір
қойдың күзем жүні, бір қойдың жабағы жүнінің жартысы алынады. Бұл
жүндерді араластырып немесе жеке-жеке сабауға да болады. Жүн тым
лас немесе қоқымы көп болса, онда сабалап жатқан жүнді бөлек жинай
тұрып, тулақты сілкіп тазалап алу керек. Өйткені сабаған кезде
көң-қоқыстың бәрі бірдей жүннен ажыратылмай, араласып кетуі
мүмкін.
Егер текеметке түр салынса, шидің орауы жазылып, түрі қисаймауы
қадағаланады. Осыдан кейін 7-8 адам киізді шидің тігісне қарсы
жарты сағаттай білектеп, жарты сағаттай алақандайды. Білектеу
дегеніміз 7-8 адам қатарына тізерлеп отыра қалып текеметті
білегімен әрі –бері ырғап ұрғылау. Білектеу киіз әбден ширап
піскенше 4-5 рет қайталанылады. Сонан соң шиден шығарып, екі енін
қарама-қарсы орап әкеліп соғады. Бір жағын екінші шетіне жеткенше
ширата бүктеп, соқ-соқтайды. Бұл жұмыс 3 қайтара жасалады. Бұдан
кейін кезекпе-кезек оң-терісін алмастыра отырып киізді ұзыны
қалыптағыдай болуы үшін ұзындайды. Бұдан да 10-12 адам қатысады.
Енді киіз жазылып, ұзыны екі бүктеледі. Екі басы біріктіре
дөңгелектеліп, шуда жіппен тігіледі. Осыдан кейін сол 11-12 адам
дөңгеленіп тігілген киізді сағат тілінің бағытымен тігіс ұшынан
ұстап айналдыра қарпиды.
Киіз қарпу 1 сағатқа созылады. Киіз қарпығанда бірікпей бос
қалаған қыл-қыбырынан тазарады. Ал текемет киізге қарағанда азырақ
қарпылады. Осыдан кейін жіпті сөгіп, енімен орайды да қайтадан 7-8
адам білектеп, алақандайды. Содан кейін киізді ұзынынан 3 қабаттап
бүктеп, екі шетінен 2 адам (киіздің қақ ортасынан 1 адам отырғызып)
кезекпе-кезек жерге ұрып тегістейді, себебі салынған өрнегі қисайып
кетуі мүмкін.
Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі
түрлі әдіспен басады.
Түр ойыстырып басатын текемттің астыңғы бетін киіз
басудағыдай етіп бөлек дайындап алады. Киізге қарағанда жүні тегіс
әрі жұқаау болады. Бұл жұмысты кей жерлерде талдыру (жұқа киіз) деп
атайды. Үстіңгі бетін, яғни түрін бөлек, алдын ала талдырып,
кептіріп алады. Содан соң әркімнің қалауынша үлгілермен қиып
дайындалған оюды (түрді) текеметтің астыңғы беті деп аталатын
талдырылған киіздің үстіне рет-ретімен орналастырып, су себелеп,
шиге орайды да киіз басу одан әрі жалғасытырылады. Түрді шүйкелеп
салу әдісінеде боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйкелеп созады.
Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған
кезде әлгі шүйкеленген түрден тездетіп қалаған ою-өрнекті келтіріп,
су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстықтау су
себіледі. Одан әрі қарай киіз басу процессі қайталанады.
Далаға жайып кептірілген киізді шет-шетін тегістеп қияды да,
қағып-сілкіп, төсеніш ретінде
Екінші түрі – жиек оюын түсірмаей, текемет бетіне тұтастай бір ғана
өте ірі ою тармағын түсіру де кең тараған. Мұндай тармақ түйіні
текемттің орталық нүктесінен тарайды. Текемет беті ұзыннан екі-үш
қатар тізбекетлген ағаш бұтасы секілді ою тармақпен де
безендіріледі.
Аталған түрлермен бірге көп кездесетін шақпақты текемт. Шақпақтап
өрнек салған текемттер көбінесе ақ, сұр, қара, қоңы түсті жүннен
боялмай басылады. Мысалы, ақ киізге қара жүннен жіңішкелеп жолақ
жүргізіп, текемет бетін шақпақтап тастайды. Шақпақ ішін кішігірім
шеңбер тәрізді өрнектермен толықтырады.
Текеметке салынатын оюлар түрі сан алуан. Жалпы, қазақ қолөнерінде
кездесетін ою-өрнек төрт топқа бөлінеді.
Сырмақ сыру. Сырмақ сөзінің төркіні
(этимологиясы) белгісіз. Десе де киізді қабаттап сыру, тігу немесе
төсеніш ретінде жерге сыра салу, сырғыта салу, сырып салу, сусыта
салу, сүйретпе салу сияқты мазмұннан туындайды ма деген жормалымыз
да жоқ емес.
Сырмақ атты мүліктің тұрмыс талабындағы мазмұны - төсеніш . адам өз
тарихында төсенішті қай кезде қажетсініп, қашан пайдаланады екен?
Алайда жамбасына сыз өтуден сақтану сезімі дәуірі мен төсеніш
дәуірі тұрғылас болар.
қайталамайды. Сырмақ сырылады, жиектеледі, астарланады. Сырмақтың
осы түрі әрі жеңіл, әрі әдемі болады.
Көшпелі тұрмыста іргеден өтетін ызғардан сақтану үшін
қолданылатын түскиіз де кәделі бұйымның бірі. Оның қарапайым
киізден бастап неше түрлі сәнді, әдемілері де көп-ақ. Алуан түрлі
ою-өрнек түсірілгені, жібек жіппен кестеленгені, зер жіпті гүл
өрнек түсірілгені, оқаланған, төңірегіне құндық ұсталған, кей
жеріне алтын, күміс теңгелер мен меруерт, маржан қадалған аса
қымбат түскиіздердің ортасына – жолбарыс, ілбіс, қабылан, сілеусін,
тағы басқа аң терілерін тұтастай жапсырған түрлері де кезігеді.
Кейде сән үшін аң мен мал терілерін сырмақ ортасына тұтастай
жапсырған немесе тері мен киізді біріне-бірін ойыстырған сырмақтар
да болады. Мұндай төсеніштерге жүні мықты, тез қырқыла қоймайтын аң
мен мал терілері пайдаланылып, сырмақ асты жеңіл матамен
астарланады.
Көшпелі жорықты өмір талабына сай жабдықталатын осы сырмақ атты
төсеніштер көбінесе бірыңғай таза киізден жасалады. Соған орай
олардың үлгісі, көлемі, түрі-түсі, тіпті қай еденге, оның қай
жеріне салынатын, тасталатын, жататын орнына дейін нақтап, ат
қойып, айдар тағылған. Мәселен, үлкен сырмақ, кішкене сырмақ, төр
сырмақ, төсек сырмақ, от киіз, от сырмақ, жамбас сырмақ, төрткүл
сырмақ, тері сырмақ, тері бөстек. Ал түрі-түсіне қарай – ақ сырмақ,
қара сырмақ, қара ала сырмақ, қызыл ала, сары ала, көк ала
тағы-тағылар болып атала береді.
керек. Домалақтың саны тоқылатын алашаның ұзындығына байланысты
болады. Мысалы, 12 құлаш алаша сия көкке бояуға болады. Бірақ
мұндай жіптен тоқылған алаша бояуы көмескі болады. Көбінесе табиғи
түр деп
Күзу байлайтын адам ағаш қазықтың сыртында отырады. Күзу жіпті
ешкінің қылынан жіңішке екі тін иіреді, сосын ширатып, күні бұрын
дайындап қояды. Бұл мықтылық жағын қарастырады. Егер ешкінің қылы
болмаған жағдайда орнына көңгей жіп (зығырдан жасалатын жіп)
пайдаланылады. Жібек жіпті пайдалануға болмайды.
Сабын қайнату. Қолөнер шеберлері бояу
жасаумен қатар өсімдіктің гүлінен әр түрлі заттар жасаған. Солардың
бірі сабын. Ол былай жасалынады: итсиген, алабота, түйеқарын, ермен
сияқты ащы – сортаң шөптерді өртеп, күлін қайнатып, ашуы әбден
шығып болғансын қайнатып, ашуы әбден шығып болған соң тұңдырып
қойып, тұнбасын сүзіп алады. Осы тұнбаны қашан суалып қойылғанша
қайната береді. Әбден қойылғаннан кейін ыдысқа не шүберекке салып
алады, суығаннан кейін ол аптақ болып қатып қалады. Мұны сахар деп
атайды. Сабын жасау үшін сахардың үш бөлімінің бір бөліміндей май
қосып, суалғанша тағы да қайнатады. Әбден суалып қойылған кезде ол
қамырша иеленеді. Содан кейін оны кенепке орап, домалақтап
кептіреді. Бұдан біз сабын жасауда шеберлікті қажет ететін
қолөнердің бір түрі екенін көреміз.
Қазақ әдет-ғұрпында сабын қайнатқан әйел сыйлас абысындарына ,
келіндеріне арнап кіші-гірім сабынды бөлек орап береді, мұны
«бұзаушылық» деп атайды. Жуыла келе кішірейген сабынды «таусыншық»
деп атайды. Сөз зергері ақын Абай бір өлеңінде қартайғанда адамның
соңғы өмірін «таусыншақ өмір» деп бейнелеуі осыдан туған.
Сабын жасаушы шеберлер әр түрлі хош иісті гүлдердің сығындысын
қосып, сахардың өзін бірнеше рет шайқалтып тұндыру арқылы иісті
сабын жасаған. Қазақтың қолдан жасаған сабынын «қара сабын» деп,
өндірістік тәсілмен жасалған сабынды «ақ сабын» деп иісті
сабындарды «жұпар сабын» деп атаған.
Құрғақ басу әдісі
Үлгілерді киізге бастыру
Аяқ қап жасау