«Көркейтем десең халқыңды,
ұмытпа ұрпақ салтыңды!»
Өткізген: 2 «Б» сынып мұғалімі Забенова
А.Е
Тақырыбы:
«Көркейтем десең халқыңды, ұмытпа, ұрпақ,
салтыңды.»
Мақсаты: Бүгінгі жас-ұрпақты
сонау замандарда жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымын
сусындатып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру; оқушы бойына
рухани-адамгершілік, имандылық қасиеттерді ұғындырып,
дарыту.
Көрнекілік: нақыл сөздер,
интерактивті тақта.
1.Ынтымақтастық атмосфераны
қалыптастыру.
«Армысың досым,
Кел, маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан
ұстайды)
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық шашайық
(айналады).
Қолымызды көтеріп, күннің нұрын алайық (қолдарын
көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық
(құшақтасады)».
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды
бастайық.
І топ : Бибігүл
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
ІІ топ: Қарақат
Ата салты ардақты,
әрбір сөзі –салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерің бір күн
бармақты.
ІІІ
топ: Жансая
Ниет – ықылас білдіру
Әр адамға аманат
Ата – баба дәстүрі-
Батаны біл жамағат!
Қадірменді қонақтар,
бүгінігі «Көркейтем десең халқыңды,
ұмытпа, ұрпақ, салтыңды»
атты тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер! Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген
ұлағатты, ғибрат аларлықтай, тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет
сөздер бар. Алғыс, тілек айту – адамзат сыйластығына тән адамдардың
бір-бірімен қарым-қатынасының қалыптасқан
тәртібі.
Асыл қазынаның бірі- бата. Бата беру – жаңа
дәстүр. Бата – халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол
ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талантты жастарға, көптің
жүгін көтерген адамдарға, жас сәбиге берілетін ақсақалдардың ақ
тілегі әрі өмірлік жолдамасы. Бата сөзі – адамның адал ниет, ақ
жүректен шыққан ықылас-тілегі. Тәрбиелі қазақ баласы қашанда
үлкендердің сөзін тыңдап өскен. Аталарымыз ұл-қызына, ұрпағына
жақсы тілек айтып, бата берген.
2. Бата
түрлері. Енді әрбір ауылдың бата беру
көріністерін тамашалайық.
Жол батасы ұзақ жол,
қиын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы
ақсақалдан бата алады.
І топ. Төле би ауылы:
«Әскерге шығарып салу батасы»
Әкесі: Кәне, балалар! Даниярдың
аттанатын шағы болды. Әне, көлік те келіп қалды. Ал, балам, жолың
болсын. Ата-анаңа хат жазып тұр.
Анасы: Жортқанда жолың болсын.
Отанының абыройлы азаматы бол!
Әпкесі: Ағам жолың ақ болсын. Тезірек
аман-есен кел.
Төле
би: Уай,уай,шіркіндер, тұра
тұрыңдар. Мен
де Даниярдың маңдайынан сүйейін. Кәрі сүйегімді сүйретіп сол үшін
келдім ғой.
Әкесі: ал,
Даниярдың көрші атасы, балаңызға жол батасын беріңіз.
Данияр: Ата батаңызды беріңіз әскерге
барғалы тұрмын.
Төле
би: Ал,Данияр қарағым.
Мәнісін ұқ батаның,
Борышын өте Отанның,
Амандық пен саулықты.
Мен де тілеп отырмын.
Аман барып, сау қайтып,
Берсін жолдың төтесін.
Туған елдің тапсырған
Парызын өте Отанның.
Әумин!
Ас батасы – ас келгенде және асты қайыру
кезінде жасалады. Ас, дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін
айтады.
ІІ топ: Қазыбек би ауылы:
«Ас батасы»
Дастархан басында 4-5 адам ас ішуге
жиналады.
Үй
иесі: Ас келді ғой, ақсақал, енді
дастархан батасын беріп жіберіңіз.
Қазыбек
би:Берейін бата
асыңа,
Амандық берсін басыңа,
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Жоқ екен деп жасыма.
Дәулет келер басыңа.
Осы берген батамды,
Аумай-төкпей қабыл ет!
Әумин!
Айғаным: Дастарханға
бата ризашылықпен беріледі.
Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе шешен,
өткір тілді адамдар бата арасында сол үйдің
сараңдығын да қосып айтып жіберетіндер
болған.
Қарақат
: Ас батасы - ас келгенде және
асты қайыру кезінде жасалады
ІІІ топ: Әйтеке би ауылы.
«Қыздарға берілетін бата»
Қыздар: Салеметсіз бе,
ата.
-Амансыңдар ма қыздарым?
Ренат: Жоғарылатыңдар,
қыздар!
Жансая: - Ата бізге бата
берсеңіз.
Әйтеке
би: Әлемнің бетін жарық
ет,
Ұл-қызды түгел білімді
ет.
Келесі оқу жылына
Аман-есен түгел жет!
«4»
пен «5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз!
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе
берсін санамыз!
Әумин!
Дильназ: Иә, бата беру- адал ниет,
жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Адамзат сыйластығына тән
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының қалыптасқан
тәртібі.
3. Ескірмейтін есті сөз.
«Жақсы сөз- жарым ырыс» демекші
ырымдар мен тыйымдарға сөз кезегін
береміз.
Ырым мен тыйым сөздер бір-бірімен сабақтас,
өзектес болады. Халық ұғымындағы ырым ұрпаққа өнегесі, шапағаты
тиетін, ізгі қасиеттер жұғысты болса екен деп қолданылатын ғұрыптың
түрі. Ол негізінде жақсы ниет пен көңілге медеу, тілекке сүйеніш
табу үшін қолданылады. Киелі, қасиетті ерекше бір рухтан сол арқылы
медет тілейді. Ал кей әрекеттерден жамандық шақырады деп ырымдап,
тыйым салады. Осы жерден біз осы екі ұғымның өзара байланысты
қанаттас жүретінін аңғарамыз.
Баланың ерсі әрекетіне тыйым
салу, тыйым сөздердің мән-мағынасын білу қажет. Енді ырым-тыйым
сөздерін тыңдап көрелік.
І топ:
Алишер: Отқа су құйма, түкірме.
Себебі, кезінде ата-бабамыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі
саналған.
Әдемау: Күлді баспа, аяғың
ауырады.
Нұрсұлтан: Туысыңа ит,пышақ сыйлама,
себебі араз болып қалуың мүмкін.
Бибігүл: Тамақты жатып ішуге болмайды.
Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам
жатып ішеді, сондықтан мүгедек адамның қылығын
жасама.
Данияр:Бас киімді лақтырма, теппе,
басың ауырады.
ІІ
топ:
Жасұлан:Үйде ысқырма –айдалада
ысқырған желдей баспанасыз қаласың.
Айғаным: Қонақ қыз бала босағаға
отырмайды. Әйтпесе үй қожасы бақытсыздыққа
ұшырайды.
Сакен: Аяқ киімді төңкеріп қоюға,
теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа
ұшырайды.
Қарақат: Қазақта үйге кіргенде міндетті
түрде тізені бүгуі, яғни отыруы керек деген ұғым бар. Асығыстық
есепке алынбайды: тізе бүгі- бұл шаңырақтың иесін сыйлау
белгісі.
ІІІ топ:
Жансая: Бос бесікті тербетпе, баланың
басы ауырады. Дильназ: Дастарқанды баспа,аттама.
Таңертең міндетті түрде өз үйіңнен орзаңды ашып шық. Себебі «таңғы
тамақ- тәңірден» деген
Нұрлан: Қазақ түнде мал,адам
санамайды. Себебі кемиді деп есептеген.
Ренат: Несібесі көп, дастарханы мол
болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен
майлайды.
4. Мақал-мәтел
– ата бабамыздан қалған
өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын
мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.
Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.
/Әр топқа
қағазда жазылған мақал-мәтелдер таратылады. Берілген
мақал-мәтелдердің жалғасын тауып,
сәйкестендіреді/
І
топ. «
Бата-сөздің анасы»
Жаңбырменен жер
көгерер. Батаменен ел
көгерер.
ІІ топ. « Атаңнан бота
қалмасын, бата
қалсын», Ұлы кісіден бата
алсаң, сонда олжалы жол
болар.
ІІІ топ. «Ботаның құны
бір-ақ жұт, бата- балаға мәңгі
құт»,
Ақ тілек аянды
болсын. Ақ бата баянды
болсын.
-
Өте дұрыс.
-
Міне, балалар, сендер
тәлім-тәрбие аларлықтай атадан қалған асыл сөз өте көп екен.
Сондықтан үлкендердің әр сөзіне зер сала қарап, әр сөзінің астарын
аңғара білу керек. Әсіресе, үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның
әр сөзін ұғып, үлкендердің ақыл, өсиет
үйреніңдер. Ал қазір алтын қазынамыз
қарттар жайлы жаттап келген өлең шумақтарын айтып
береді.
Айғаным: Еш дүкенде
сатылмас,
Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқылмас.
Өмір-кітап –
атамыз.
Алишер: Атам кітап, мен
дәптер,
Ақыл толы сөзіне
Қызғам да әлбетте
Көшіремін өзіме.
Дильназ: Беттері ашық
ұдайы
Оқылатын кітап ол.
Сырын ашып ұдайы,
Тоқылатын кітап
ол.
Рефлексия
-Міне, балалар, батаның бірнеше түрлеріне
тоқталдыңдар. Негізгі бата- халықтікі, ал лебізді бата –
халықтың арман-тілегі, келешекке деген
үміт-сенімі.
Ата
салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты,- дей отырып
ата-бабаларымыздың бай мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрін
бойымызға сіңіріп, қастерлеп жалғастырады деп
сенеміз.
Алишер: Көпшілікке арналған бата
береді.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ
тілекті төгейін,
Дастарханың мол болсын.
Абыройың зор болсын!
Әумин десең маған,
Құдай берсін саған!
-
Енді балалар бүгінгі сабақтан
алған әсерлерінді, көңіл күйлерінді топпен талдап смайликтер арқылы
көрсетіп, сүйіспеншілік ағашына жапсырайық.Тәрбие сағатымызға
белсене қатысқандарыңыз үшін көп
рахмет.
Рефлексивті
есеп.
Ашық тәрбие сағатының
тақырыбы:
«Көркейтем десең халқыңды, ұмытпа ұрпақ
салтыңды!»
Мақсаты: Бүгінгі жас-ұрпақты сонау замандарда
жинақталған ата- бабаларымыздың мол мұрасымен сусындатып,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру; оқушы бойына рухани-адамгершілік,
имандылық қасиеттерді ұғындырып дарыту.
Өткізген күні:
16.02.2014жыл
Қатысқандар:
2 «б» сынып оқушылары,
бастауыш сынып мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, ата-аналар.
«Көркейтем десең халқыңды,
ұмытпа ұрпақ салтыңды!» атты ашық тәрбие сағатында оқушымен
ата-ана, ата-ана мен мектеп арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға
мүмкіндік берді. Тәрбие сағаты 5 кезеңнен
тұрды.
I Ынтымақтастық атмосфераны
қалыптастыру.(слайд)
II Бата түрлері. Әр топтың
қойылымы.
III Ескірмейтін есті сөз. «Жақсы сөз –
жарым ырыс» демекші ырымдар мен
тыйымдар.
IV Мақал-мәтелдердің жалғасын
тап.
V Рефлексия сабақтан алған әсерлерін,
көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетіп сүйіспеншілік ағашына
жапсрыайық.
Қорытынды: Әр топ берілген тапсырмаларды
қызығушылықпен орындап, өздерін білімді, ұйымшылды екендерін
дәлелдей алды. Қатысқан оқушылар мен ата –аналарды мақтау
қағаздарымен марапатталды.
Жауапты: Забенова
А.Е