Материалдар / Көркем - еңбек пәнінен үздік видео ролик жариялағаны үшін беріледі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем - еңбек пәнінен үздік видео ролик жариялағаны үшін беріледі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға және ұстаздарға қажет. Заман талабына сай материалдар көрсетилген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Шілде 2020
362
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ
«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ
















КӨРКЕМ ЕҢБЕК
Қысқа мерзімді жоспарлар жинағы
6-сынып
(қыздарға арналған)














Назарбаев Зияткерлік мектептері
Нұр-Сұлтан, 2019


Page 2

ӘӨЖ 373
КБЖ 74.263
К69
































К69 Көркем еңбек. Қысқа мерзімді жоспарлар жи нағы. 6-сынып (қыздарға
арналған)/ Ж.Ж. Муканова, П.Н. Бельгибаева, Б.Ж. Дуйсенова және т.б. – Нұр-Сұлтан:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы,
2019 - 146 б.

ISBN 978-601-328-574-0

ӘӨЖ 373
КБЖ 74.263


© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
ISBN 978-601-328-574-0 «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 2019


Page 3

КІРІСПЕ






«Көркем еңбек» пәнінің негізгі мақсаты – оқушылардың өз шығармашылық
қабілеттері арқылы әлемді көркемдік тұрғыдан қабылдауын қалыптастыруға бағытталған
және олардың шығармашылық әлеуеттерін үнемі дамытып отыруды көздейді. Жинақта
көркем еңбек пәнінің 6-сынып (қыздарға арналған) оқу бағдарламасына сәйкес жасалған
қысқа мерзімді жоспар үлгілері ұсынылған.
Бұл қысқа мерзімді жоспарлар жинағы оқу бағдарламасының төмендегідей 4 тарауына
сәйкес құрастырылған:
 Визуалды өнер;
 Сәндік-қолданбалы өнер;
 Дизайн және технология;
 Тамақтану мәдениеті;
 Үй мәдениеті.
Қысқа мерзімді жоспар жинағындағы оқу іс-әрекеттер, ресурстар мен әдістемелік
тәсілдер оқушыларда бейнелеу, еңбекке баулу, дизайн және технология салалары бойынша
көркемдік тәсілдерді меңгеріп, пәнде оқытылатын оқу мазмұнының адам өмірінде ерекше
орын алатынын түсіндіруге бағытталған. Қысқа мерзімді жоспарда көрсетілген оқу іс-
әрекеттер, ресурстар, әдістемелік тәсілдер ұсыныс түрінде беріліп, 6-сыныпта (қыздарға
арналған) сабақ беретін мұғалімге сабақты жоспарлау барысында тиімді көмек құралы
болады.

























Page 4

6-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІ БОЙЫНША КҮНТІЗБЕЛІК -
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ ҮЛГІСІ
(барлығы 68 сағ., аптасына 2 сағ.)
Сабақ Сабақ тақырыбы Сағаттар
саны
1 тоқсан. Визуалды өнер
1 Портрет жанры. Портреттің түрлері 1
2 Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет 1
3 Сызықты портрет 1
4 Графика. Орындалу техникасы. 1
5 Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан және т.б.
материалдардан орындалған портрет).
1
6 Портреттегі түс. Орындалу техникасы. 1
7 Заманауи портрет. 1
8 Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе жүргізу 1
9 Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация,
көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).
1
10 Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация,
көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).
1
11 Сценарий дайындау. 1
12 Сценарий дайындау. 1
13 Декорациялар дайындау. 1
14 Дыбыс қосу. 1
15 Көркемөнер идеяларын іске асыру. 1
16 Жұмысты қорғау. 1
2 тоқсан. Сәндік-қолданбалы өнер.
1-2 Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары 2
3-4 Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал -
жабдықтарды таңдау
2
5-6 Әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы
телефондардың қабы және т.б.) Екінші кезең
2
7-8 Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері. Тоқу
тәсілдері мен техникалары. Бұйымның нобайын дайындау
2
9-10 Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойын орағыш, үшкіл
орамал, ұялы телефондардың қабы және т.б.) Материалдар
мен құралдарды таңдау
2
11-12 Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойын орағыш, үшкіл
орамал, ұялы телефондардың қабы және т.б.)
2
13-14 Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл
орамал, ұялы телефондардың қабы және т.б.) Жұмысты
таныстыру.
2
15-16 Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру 2
3 тоқсан: Дизайн және технология
1-2 Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ,
дамытатын ойыншықтар және т.б) Идеялар ойластыру. Эскиз
дайындау.
2
3-4 Материалдарды және құрал-жабдықтарды таңдау және
дайындау. Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу.

5-6 Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Жеке бөліктерін өңдеу.
Бөлшектерді біріктіру және бұйымды әрлеу.
2


Page 5

7-8 Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны. Идеяларды
құру. Эскиз. Өлшемдер алу
2
9-10 Алжапқышты моделдеу. Үлгіні дайындау. Материалды таңдау
және дайындау.
2
11-12 Жұмысты орындау бірізділігі.
Бөлшектерді пішу.
2
13-14 Бұйым дайындау. Жеке бөлшектерін өңдеу. 2
15-16 Бөлшектерді біріктіру. Бұйымды безендіру 2
17-18 Бөлшектерді біріктіру және бұйымды өңдеу 2
19-20 Жұмыстың презентациясы. Көрме ұйымдастыру 2
4 тоқсан. Тамақтану мәдениеті
1-2 Дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелері мен мерекелік
дастарханды безендіру

3-4 Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы.
Тәжірибелік жұмыс.
2
5-6 Тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы 2
7-8 Десерт әзірлеу технологиясы 2
9-10 Десерт дайындау технологиясы. Десертке арналған дастарханды
безендіру.
2
4 тоқсан. Үй мәдениеті
1-2 Гигиена ережелері. Бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау
жұмысы
2
3-4 Киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау 2
5-6 Сәндік гүлдер түрлері. Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі
жұмыстар
2

С = сыныппен жұмыс (сыныппен)
Т = топтық жұмыс
Ж = жұптық жұмыс
Ө = өздік жұмыс
ОТ = оқушы тәжірибесі
МК = мұғалімнің көрсетуі
Қ = қалыптастырушы (формативті) бағалау

















Page 6

1 БӨЛІМ: Визуалды өнер
САБАҚ ЖОСПАРЫ 1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
«Визуалды өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы: Портрет жанры. Портрет түрлері.
Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.1.3.1 Шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат
көздерін өз бетінше таңдап, қолдану (оның ішінде АКТ қолдану
арқылы).
Сабақ мақсаттары Ақпарат көздерін өз бетінше таңдау арқылы «Портрет» жанрының
түрлері және жіктемесін қарастыру.
Бағалау критерийлері • Портрет түсінігін қарастырды.
• Портреттердің түрлерін анықтап, оларды жіктейді.
• Түрлі ақпарат көздерін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Портреттердің айырықша белгілерін түсіндіріп, салыстырады.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін
қажетті сөз тіркестері:
• Портрет, жанр, иықтан келетін портерт, автопортрет,
белуарға дейінгі портрет, топтық портрет, репродукция,
натурщик.
• Портрет жанрының түрлері....
• Зерттеу нәтижесінде.......қорытындыға келдім.
Құндылықтарды
дарыту
Шығармашылық пен құрмет
Пән аралық байланыс Дүниежүзілік тарих пәні
Бастапқы білім Оқушылар бейнелеу өнерінің жанрлары туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин.
Activity: «Өз сыныптасыңды портреті бойынша
анықта».
Оқушылар шеңберге тұрып, жұптарға бөлінеді.
Әрбір жұпқа бір-бірін тану үшін 30 секунд
беріледі. Тапсырма аяқталған соң, оқушылар
Түрлі түсті
қарындаштар, А5 қағазы
(скетчбукке де салуға
болады)


Page 7

көршісінің портретін салу қажет. Суретте 30
секундта білген ақпараты болуы тиіс. Тапсырма
орындалған соң, оқушылар жұмыстарын
сыныптастарына таныстырады.
Сұраққа жауап бер:
• Қалай ойлайсыңдар, сабақта қандай
тақырыпты өтеміз?
Сабақтың
ортасы

10 мин.






15-20 мин.










Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
(С/Т) Тақырыпты таныстыру.
• Портерт дегеніміз не?
• Портреттің қандай түрлерімен
таныссыңдар? (автопротрет, топтық,
иықты,белуарға дейінгі, тұла бойлы
портрет)
• Портрет арқылы эмоционалды жағдайды
суреттеуге болады ма?(мұң, жоғары көңіл-
күй, әртүрлі эмоционалды образдар).
(Т) Зерттеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Әрбір топқа карточкалар таратылады.
Картиналарды қарастырып, топта портреттердің
түрлерін зерттеңдер.
1. А.М. Герасимов, «Портрет старейших
советских художников».
2. В.А. Серов, «Девочка с персиками».
3. Эжен Делакруа, «Портрет барона Швитера»
Келесі сұрақтарды қарастырыңдар:
- Портереттің түрін анықтаңыз (топтық,
иықты, тұла бойлы)
- Портреттегі элементтер арқылы оның
уақытын анықтаңыз (киім арқылы,
аксессуарлар мен қоршаған орта және т.б. )
- Суретші натурщиктің эмоционалды
жағдайын қалай суреттейді?
(С) Презентация.
Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын
таныстырады.
Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін
сұрақтар қоя алады.

http://www.arvest.kz/gal.p
hp?author=66
отандық суретшілердің
портреттері




https://castlots.org/razde
lit-na-gruppy/
оқушыларды топқа
бөлуге арналған сайт

карточкалар


Сабақтың
соңы
5 мин.

(С) Бағалау.
Бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізу.

Саралау -
оқушыларғақалайкөбірекқ
олдаукөрсетудіжоспарлайс
ыз? Қабілетті жоғары
қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы


Page 8

басқа)
Зерттеу барысында
анағұрлым қабілетті
оқушылар портреттегі
техникамен өзге де
элементтеріне көңіл аудара
алады.
• Сұрақ қою.
• Өзара бағалау.
• Өздігінен зерттеу
кезінде
оқушылардың
қолдана алатын
сұрақтар.
Activity: «Өз сыныптасыңды
портреті бойынша анықта».

Сабақ бойынша
рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу
мақсаттары дұрыс
қойылған ба?
Оқушылардың барлығы
ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс
жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық
кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан
қандай ауытқулар
болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.
Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап
беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары
туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?












Page 9

САБАҚ ЖОСПАРЫ 2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
«Визуалды өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы: Қазақстандық суретшілердің
шығармашылығындағы портрет

Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер
мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен
түсінігін көрсету.
Сабақ мақсаттары Қазақстандық портретші суретшілердің шығармашылығын
зерттеп, олардың жұмыстарындағы ерекшелікті білу және түсіну.
Бағалау критерийлері • Қазақстандық портретші суретшілердің жұмыстарындағы
ерекшеліктерді түсінеді және біледі.
• Қазақстандық портретші суретшілердің
шығармашылығындағы ерекше өзгешеліктерді анықтады.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар суретшілердің шығармашылығын талқылайды,
критерийлер бойынша портреттерді суреттейді.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін
қажетті сөз тіркестері:
 Портреттегі бағыт, түстік гамма, репродукция.
 Бүгін мен қазақстандық суретшілердің портреттерінде
.....қолданғанын білдім.
 Портреттегі жас ерекшелік....
 Түстік гамманы қолдану барысында....
Құндылықтарды
дарыту
Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, еңбек
пен шығармашылық;
Пән аралық байланыс Тарих
Бастапқы білім Өткен сабақта «Портрет» жанры тақырыбында оқыған білімі
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айту.
(С, МК) Тақырыппен таныстыру.
 Қазақстанның қандай суретшілерін
https://clck.ru/FEszh
суретшілердің портреті


Page 10

білесіңдер?
 Олардың қайсысы портрет салды?
 Бұл суретшілердің туындыларында
қандай белгілі адамдардың
портреттерін салды?

(сілтемеге өтіп, портерт жанрында
салатын заманауи қазақстандық
суретшілерді көрсету)
жинақталған сайт

Сабақтың ортасы
10 мин.





15 мин.








12 мин.






















Әрбір
презентацияға 2
минуттан беріледі
(МК) Қазақстандық заманауи және әлемдік
суретші портретшілердің жұмыстарын
салыстырып, олардың ерекше өзгешеліктерін
анықта.

(Т) Зерттеу.
Кіші топтарға бөлу (мозайка-карточкалары)
Қазақстандық портретші суретшілердің
жұмыстарын зерттеп, таблицаны
толтырыңдар.

Зерттеу үшін
критерийлер
1 2 3
Портреттің түрі
Суретшілердің
жұмыс істейтін
бағыты

Өз жұмыстарында
қолданған техника
мен
материалдарды
атаңыздар.

Түстік гамма
арқылы
эмоционалды
жағдайды қалай
суреттейді?

Портреттегі жас
ерекшелік


1. Салихитдин Айтбаев, «Айгүл портреті».
2. Гульфайрус Исмаилова, «Қазақ вальсі».
3. Айша Галымбаева, «Автопортрет»
Таблицаларды скетчбукке жабыстыруға
болады.
(С) Презентация
Оқушылар зерттеу нәтижелерімен бөліседі.
Таныстырылым барысында суретшілердің
жұмыстарын (иллюстрация, электронды
құрылғылар) көрсету ұсынылады.







портреттердің суреттері
бар карточкалар,
оқушылардың санына сай
қиылған.





Карточкалар
https://clck.ru/FEspY
Галимбаева Айша
туралы мәлімет

https://clck.ru/FEuPV
Гульфайрус Исмаилова
туралы мәлімет

https://clck.ru/FEsqv
Айтбаев Салихитдин
туралы мәлімет



Page 11


Сабақтың соңы
5 мин.

(МК) Бағалау.
Оқушыларды бағалау бағалау
критерийлеріне сай жүргізіледі.
Рефлексия: «Бағдаршам»

Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетті жоғары қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Зерттеу барысында
анағұрлым қабілетті
оқушылар суретшілердің
жұмыстарын өзара
салыстырады.
• Сұрақ қою;
• Өзара бағалау;
• Өздігінен зерттеу
кезінде
оқушылардың
қолдана алатын
сұрақтар.
Көркем еңбек кабинетіндегі жалпы
қауіпсіздік ережелері



























Page 12

САБАҚ ЖОСПАРЫ 3
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Визуалды
өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:
Сызықты портрет

Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның
визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау,
таңдау және қолдану
Сабақ мақсаттары Бейнелеу өнердің көркем тәсілдерін қолданып, сызықты портретті
орындайды.
Бағалау критерийлері • Бет әлпетінің пропорциясын анықтады.
• Портрет салу барысында өзгешеліктерін қолданды.
• Портретте бейнеленген кейіпкердің эмоционалды жай-
күйін суреттеу үшін бейнелеу өнердің көркем тәсілдерін
қолданды.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, суретшілердің
шығармашылығын талқылайды, критерийлер бойынша
портреттерді суреттейді.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті
сөз тіркестері:
 Портреттегі бағыт, түстік гамма, репродукция.
 Бүгін қазақстандық суретшілер портретте .... қолданған.
 Портреттегі жас ерекшелікті көрсетудің тәсілдері....
 Түстік гамманы қолдану барысында....
Құндылықтарды
дарыту
Ашықтық, еңбек пен шығармашылық, құрмет;
Пән аралық байланыс -
Бастапқы білім Алдыңғы Алдыңғы сабақта алған білімі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
1. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айту.
2. Әртүрлі иллюстрациялардың мысалында
сызықты портреттердің көркемдік
тәсілдерін анықтау (сым, жіп, тушь,


Page 13

графитті қарындаштың көмегімен
орындалған портреттер).
Сабақтың ортасы
5 мин.












15 мин.















12 мин

(С,МК) Тақырыппен таныстыру.
Адамның бет әлпетінің пропорциясы туралы
бейнематериал көрсету.
 Бет әлпеттің пропорциясы туралы не
білесіз?
 Пропорция дегеніміз не?
 Пропорцияны сақтау қажет пе?
Неліктен?
 Пропорция мұрын, ерін, көз және т.б.
салу барысында қалай әсер етеді?
(МК) Бір сызықпен салынған портреттің
көрсету.
А. Матисс, «Портрет Сергея Юткевича»
(Ө) Практикалық тапсырма.
Сыныптасыңның портретін бет әлпеттің
пропорциясын сақтай отырып, қағаз бетінен
қарындашты алмай бір сызықпен сал. Сурет
арқылы оның эмоционалды жай-күйін,
мінезін суреттеуге тырыс. Ол үшін әртүрлі
графикалық материалдарды қолдануға
болады (қарындаш, қалам, көмір және т.б.)
Оқушылармен бірге тапсырмаға
дискрипторларды құрастыру;
 сызықты портрет жасайды;
 бет әлпеттің пропорциясын сақтайды;
 сыныптасының мінезін және көңіл –
күйін жеткізеді;

(С) Өзара бағалау.
Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын Джигсо
тәсілі бойынша бағалап, кері байланыс
береді.
Оқушылар түрлендіру бойынша пікірлерді
сыныптасының скетчбугіне жаза алады.
https://www.youtube.com/
watch?v=QPOgsGBgQmY
с 0:46 мин до 2:01 мин
Портрет. Бетті қалай
салуға болады? Беттің
пропорциясы туралы
бейнематериал.



https://clck.ru/FEsqN
Бет әлпеттің
пропорциясы туралы
мәлімет






Скетчбук, қарындаштар,
көмір, қаламсап
Сабақтың соңы
5 мин.

(МК) Бағалау.
Оқушылардың жетістіктерін бағалау
критерийлеріне сәйкес бағалау.
Рефлексия: «Бес саусақ».

Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетті жоғары қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы


Page 14

Кейбір оқушылар
практикалық жұмысты жеке
орындай алады.
Графикалық материалдар
және альтернативті
техникалардың түрін қолдану
арқылы саралау жүргізуге
болады.
• Сұрақ қою.
• «Джигсо» тәсілі
бойынша өзара
бағалау.
Көркем еңбек кабинетіндегі
жалпылама ережелер.










































Page 15

САБАҚ ЖОСПАРЫ 4
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Визуалды
өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:
Графика. Орындалу техникасы.

Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.1.6.4 Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және
тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар,
көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.
Сабақ мақсаттары Түрлі графикалық материалдардың сипаттарын ескере отырып,
эксперимент жүргізу
Бағалау критерийлері • Графикалық материалдармен эксперимент жүргізеді.
• Графикада әртүрлі тәсілдерді қолданады.
Тілдік мақсаттар

Графикалық тәсілде қолданылатын материалдардың
ерекшеліктерін анықтай отырып, эксперименттің нәтижесін
талдайды.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін
қажетті сөз тіркестері:
 Тон, штрих, көлеңке, жарық, свет, блик, пропорция.
 Ашық реңктен қара реңктерге біртіндеп ойысуды мен ....
тәсілді қолдандым.
 Практикалық дағдыларды мен .... қолдана аламын.
Құндылықтарды
дарыту
Азаматтық жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық.
Пән аралық байланыс -
Бастапқы білім Алдыңғы сабақта алған білімі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
1. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айту.
2. (С/МК) Тақырыппен таныстыру.
- Тағы қандай графикалық материалдарды
білесіңдер?
- Бұл материалдардың ерекшелігі неде?
- Бұл материалдар арқылы реңк, жарық,
көлеңке, текстураны беруге болады ма?


Page 16

Сабақтың ортасы

20-25 мин.









5 мин.





(Ө) Эксперименталды жұмыс
Бет бөліктерін салудың кезеңдерін қарастыр.
Альбомдағы қағазды бірнеше бөліктерге
бөліңдер. Әрбір бөлігінде түрлі графикалық
құралдармен мұрын, ерін, көз және құлақты
салыңдар. Мысалы, көзді – жай
қарындашпен, ерінді – көмірмен, мұрынды
түсті қарындашпен және т.б.
Оқушылар суретті салуды кезеңмен
көрсететін материалдарды(шаблон) да
қолдана алады.

(Ж)Суреттеріңді өзара бір-бірлеріңмен
салыстырыңдар. Салыстыру барысында
графикалық материалдарға көңіл қойыңдар.
Өздерінің жұмыстарыңа таблицада
көрсетілген критерийлер бойынша талдау
жүргізіңіздер.
Скетчбук, түрлі түсті
қарындаш, пастель,
қарындаш, көмір және
т.б.

http://www.lookmi.ru/kak-
narisovat-nos.html
мұрын

https://clck.ru/FEvnz
көз

https://clck.ru/FEvoK
құлақ

https://clck.ru/9cVXg
ерін
Сабақтың соңы
2 мин.

(МК) Бағалау.
Бағалау критерийлері арқылы жетістікке
жету деңгейін бағалау.
Рефлексия: «Бүгін мен сабақта...»

Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетті жоғары қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Әлдеқайда қабілетті
оқушылар терінің
текстурасын, азиялық,
еуропалық нәсіл көз
бейнесін, жарық пен
көлеңкені суреттей алады.
• Сұрақ қою;
• Өзін-өзі бағалау.
• Қарындашты ұштау кезінде
өткір құралдарды
(канцелярский пышақты)
ұқыпты қолдану.
• Жұмыс орнын дұрыс
ұйымдастыру. Жұмыс
аяқталған соң, жұмыс орнын
жинап кету.










Page 17

САБАҚ ЖОСПАРЫ 5
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Визуалды
өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:
Дәстүрлі емес материалдардан портрет
жасау (сымнан және т.б. материалдардан
орындалған портрет).

Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу,
оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе
әдістерін) анықтау

Сабақ мақсаты Заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданып, сызықты
портрет орындау
Бағалау
критерийлері
- Материалдарды өңдеу мен сипатын анықтайды;
- Адамның бет әлпетінің пропорциясын ескеріп, сызықты
портрет орындайды;
- Заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданады;
- Материалдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік
техникасын сақтайды.
Тілдік мақсаттар

Өзінің жұмысы үшін таңдаған материалды түсіндіреді.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз
тіркестері:
 Сызықты портрет, сым, пластилинография,
ниткография, квилинг
 Сыммен жұмыс жасау кезінде .....ескеру қажет.
 Осы дәстүрлі емес тәсіл ...... көмектеседі.
Құндылықтарды
дарыту
Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алу.
Пән аралық байланыс Әдебиет
Бастапқы білім Алдыңғы сабақта алған білімі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
1. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айту.
2. (С, МК) Дәстүрлі емес материалдардан
жасалған портреттердің репродукциясын


Page 18

қарастыру.
- Портрет қандай материалдардан
жасалған?
- Материалдарды өңдеудің қандай
әдістері жасалды?
- Неліктен суретшілер өзінің
шығармашылығында дәстүрлі
емес материалдарды қолданды?
Сабақтың ортасы
7 мин.






20 мин.




Әрбір жұмыс үшін 2
мин презентация











Кері байланыс үшін
2 мин.

(С,МК) Тақырыппен таныстыру.
(С) Американдық мүсінші Александр
Колдердің жұмыстарын көрсету.
- Сызықты портретті жасау барысында осы
тәсілді қолдануға болады деп есептейсіңдер
ме?
- А.Колдер қандай материалды қолданды?
- Сым арқылы эмоция, ым, мінезді жеткізуге
болады деп ойлайсың ба?

(Т) (Ж) Практикалық тапсырма.
Дәстүрлі емес материалдардың көмегімен
сызықты портрет жасау.
(орыс/қазақ әдебиеті пәндерін кіріктіріп,
оқушылар осы пәндерде оқыған
кейіпкерлерінің портреттерін сала алады)
Бірлесіп, тапсырмаға дескрипторлар құру:
 Материалдарды өңдеудің тәсілдері
мен сипаттарын ескереді;
 Адамның бет әлпетінің пропорциясын
ескереді;
 Заманауи және дәстүрлі емес
материалдарды үйлестіре алады;
 Материалдармен жұмыс істеу
барысында қауіпсіздік техникасын
қолданады.

(С) Таныстырылым.
«РАФТ» бойынша жұмыстарыңды
таныстырыңдар(коммуникативті дағдыларды
дамыту бойынша)
Р – роль
А – аудитория
Ф – форма
Т - тема

Рөл Аудитор
ия
Форма Тақыры
п
Ескі таныс Жаңа
достар
Танысты
ру
Доспен
танысу
Студент Жұмысқ
а
қабылда
ушы
Резюме
МұражайдКелуші Баяндау
http://archive.vltram
arine.ru/blog/?p=86154
Гэвин Ворт
https://clck.ru/FEw
KA
Александр
Колдердің жеке сайты

скетчбук, жұмсақ сым,
қысқыш







Өзара бағалау
карточкалары













Page 19

ағы
қызметкер
(С) Өзара бағалау
«Джигсо» тәсілі бойынша өзара бағалау.
Дескрипторларға сәйкес өздерінің кері
байланыстарыңды беріңдер.
Сабақтың соңы
2 мин.

(С) Бағалау.
Бағалау критерийлері арқылы жетістікке
жету деңгейін талдау және бағалау.
Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетті жоғары қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Практикалық жұмысты
орындау барысында техника
мен материалдарды таңдау
- Сұрақ қою;
- Өзін-өзі бағалау.
- Қысқыш және сыммен жұмыс
барысында қауіпсіздік
техникасын сақтау қажет.
- Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Жұмыстан соң, жұмыс орнын
жинап кету.
























Page 20

САБАҚ ЖОСПАРЫ 6
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1«Визуалды
өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы: Портреттегі түс. Орындалу техникасы.
Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.1.1.1 Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып,
қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын
(композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін
көрсету.
Сабақ мақсаттары Адам терісінің түрлі реңктерін алу үшін түстердің араласуын
зерттеу.
Бағалау критерийлері • Тері түсінің өзгеруінің факторын бақылайды және
анықтайды.
• Түстерді араластыру барысында терінің реңкін анықтайды.
• Түстік градиентті орындау барысында түспен эксперимент
жасайды.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар эксперименттің нәтижесін талқылайды.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті
сөз тіркестері:
 Түс, реңк, жарық, көлеңке
 Тәжірибе барысында терінің түсін ..... араластырғанда
алуға болады.
 Реңкке мән бере отырып, ..... жеткізуге болады.
Құндылықтарды
дарыту
Ашықтық, еңбек пен шығармашылық
Пән аралық байланыс -
Бастапқы білім Алдынғы сабақта алған білімі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
1. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айту.
2. (С) Талқылауға арналған сұрақтар:
- Терінің түсін суретшілер қалай
жеткізеді?
- Реңк деген не?
https://www.youtube.com/
watch?v=FvoGPqVELhY
акварельмен орындалған
портрет


Page 21

- Портретте қанша реңкті көруге
болады?
Сабақтың ортасы
5 мин.









5 мин.








15 мин.





(МК/С) Эксперименталды жұмыс
Қолдың, беттің, еріннің терілерін (айна
арқылы) қарастыру ұсынылады. Терінің
реңкін қарастырып, түстерді араластырып,
ашықтық пен реңкке мән беріңдер. Бірнеше
түстерді араластырып, оқушыларға
терілерінің реңкін тауып көруді ұсыныңыз.
- Портрет түсінің өзгеруіне қандай
факторлар әсер етеді? (Жарық,
ракурс, бастың бұрылысы)
Эксперименталды жұмысты қысқаша
талдау.

(Ө) Эксперименталді жұмыс
1. Оқушыларға өз терілерінің түсін жасау
үшін түстерді араластыруды ұсыныңыз.
Тапсырмаға арналған дискрипторлар:
-терісінің реңкін бақылайды;
- бояулардың қанықтығына мән береді.
2.Оқушыларға гуашь немесе акварельді
техникада түстік градиентті орындауды
ұсыныңыз (сызықты портреттің шаблонын
қолдануға болады).
Тапсырмаға арналған дискрипторлар:
- терінің ашықтан қара реңкіне дейін түстік
градиентті орындайды.
3. Эксперименталды жұмысты оқушылармен
бірге талқылау ұсынылады.


https://clck.ru/FFDx2
портреттегі көлеңке






скетчбук, акварель, түрлі
түсті қарындаштар,
пастель.




Скетчбук, графикалық
қарындаштар, айна
Сабақтың соңы
5 мин

(С) Бағалау.
Оқушылардың жетістіктерін бағалау
критерийлеріне сәйкес талдау және бағалау.
Рефлексия: «Бүгін мен сабақта...»
Үй тапсырмасы
Оқушыларға келесі сабаққа өз
фотосуреттерін алып келулерін сұраңыз.

Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетті жоғары қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Материалдар мен
техникаларды таңдау.
• Сұрақ қою;
• Ауызша кері
байланыс;
Көркем еңбек кабинетіндегі
жалпылама қауіпсіздік техникалары.


Page 22

САБАҚ ЖОСПАРЫ 7
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Визуалды
өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:
Заманауи портрет

Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және
өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер)
жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды салыстыру.
Сабақ мақсаттары • «Портрет» жанрындағы фотосуреттерге талдау жүргізу.
• Фотоөнердің өзгешеліктерін анықтау.
Бағалау критерийлері • Фотосуретшілердің фотографияларын салыстырады.
• Фотоөнердің өзгешеліктерін анықтайды.
Тілдік мақсаттар

Оқушылар фотоөнер мен фотографиялардың түрлерін талқылайды.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті
сөз тіркестері:
 фотография, фотографиядағы композиция, ракурс, кадр,
план, фокус.
 Портреттен фотография ..... ерекшеленеді.
 Суретші портретке .... кетіреді, ал фотограф...
Құндылықтарды
дарыту
Құрмет, еңбек пен шығармашылық
Пән аралық байланыс -
Бастапқы білім Алдынғы сабақта алған білімі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
1.Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын айту.
2. (С) Түрлі фотосуреттерді қарастырып,
сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз.
• фотография өнердің түрі болып
саналады ма? Неліктен?
• - фотография қандай жанрда
орындалады?

Сабақтың ортасы (Т,Ж,Ө) Фотография мен портрет https://clck.ru/FFuTQ


Page 23

4-10 мин.







15 мин.







4 мин.









жанрындағы картиналардағы көркемдік
шешімді салыстыруды ұсыныңыз.
- ақ-қара түсті фотография;
-түрлі түсті фотография;
- камералық фотография.

Талқылауға арналған сұрақтар:
- Фотографиялардың өзгешелігі мен
ұқсастығы не?(портреттердің
түрлері, жанрлары, фотографтың
орындау стилі)
- Фотографиялардағы композицияның
бастысы мен екінші дәрежедегіні
қалай анықтайды? (жарық, ракурс
және фокус, масштаб, перспектива)

(Т,Ж,Ө) Талдау
Оқушыларға тапсырманы Венн
диаграммасын қолдану арқылы
салыстырмалы талдау жасауды ұсыныңыз.
Мысалы:
Фрида Калоның, Мерлин Монроның,
Гүлфайрус Исмаилованың портреттері.

(С) Презентация.
Сынып алдында жүргізген зерттеу
жұмыстарыңды таныстырыңдар.

Портреттер

https://clck.ru/FFuUM
Әр жұпқа салыстыру үшін
репродукциялар








Сабақтың соңы
5 мин.

(С) Бағалау.
Жетістіктің бағасы және талдауы бағалау
критерийлерімен бағаланады.
Шеңбердің бір бөлігін боя.

Үлестірмелі материал
Саралау -
оқушыларғақалайкөбірекқ
олдаукөрсетудіжоспарлайс
ыз? Қабілетті жоғары
қандай міндет қоюды
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы


Page 24

жоспарлап отырсыз? жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Кейбір оқушылар
фотосуретті жасау
техникасы және т.б.
аспектілерін қарастыра
алады.

Мұғалімнің бағалауы
Көркем еңбек пәні кабинетіндегі
жалпылама ережелер









































Page 25

САБАҚ ЖОСПАРЫ 8
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
«Визуалды өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:
Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе жүргізу

Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.2.1.1
Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның
визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау,
таңдау және қолдану.

Сабақ мақсаттары • Фотографияның көркемдік тәсілдерін анықтау.
• Фотографияның көркемдік тәсілдерін қолдана отырып,
фотокамерамен эскперимент жүргізу.
Бағалау критерийлері • Әуесқой және кәсіби фотосуреттерді салыстырады.
• Фотосъемкадағы қателіктерді анықтайды.
• Көркемдік тәсілдермен эксперимент жүргізіп, фотосъемка
жүргізеді.
Тілдік мақсаттар

Композициядағы қолданған көркемдік тәсілдер мен
фотосъемкадағы қателіктерді түсіндіреді.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті
сөз тіркестері:
• фотоөнер, ракурс, фотокамера, формат, фокус
• Менің ойымша, фотоөнерде қозғалатын ..... тақырыптар,
эстетикалық тәрбиеге тигізер әсері мол. Себебі,.....
• Фотоөнердің көркем тәсілдерін пайдалана отырып,
адамның тұлғалық қасиеттерін суреттеуге болады.
Мысалы,....
Құндылықтарды
дарыту
Ашықтық, еңбек пен шығармашылық
Пән аралық байланыс -
Бастапқы білім Өткен сабақта өткен тақырыптары.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Page 26

Сабақтың басы
5 мин.
(МК) Сабақ мақсаты мен бағалау
критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

3 мин.







5 мин.



10 мин.














20 мин.




(С) Фотокамераның көмегімен
түсірілген бірнеше стильдегі
портреттерді қарастырып, сұрақтарға
жауап беріңіз:
 Фотосуретте қай мезгіл
көрсетілген?
 Фотосурет сәтті түсірілген бе?
 Оны қалай анықтадыңыз?
 Портрет арқылы адамның көңіл
күйін, ойларын, арман-мақсатын,
оның тұлғалық қасиетін
сипаттауға болады ма? Болса,
қалай?

(МК) Оқушыларды фотоөнердің
пайда болу тарихымен
таныстырыңыз.

(Т/Ж/Ө) Фотокамерамен портрет
түсірудің әдіс-тәсілдерін зертте.
Білемін. Қалаймын. Білдім.(ЗХУ)
Фотокамера арқылы адамның
мимикасын, көңіл-күйін, тұлғалық
қасиеттерін ашатындай етіп, суретке
қалай түсіруге болады?
Білемін Білгім
келеді
Білдім


Оқушылар сұраққа қатысты «білемін»
бағанына білетін аспектілерін жазса,
«білгім келеді» бағанына біліп, үйренгісі
келетін аспектілерін көрсетеді. Білдім
бағанына «білгім келеді» бағанына
көрсеткен сұрақтарына қатысты
жауап іздейді.

(Ө) (Ж) Оқушыларға сыныптастарын
бірнеше рет фотосуретке түсіру
ұсынылады. Олардың назарын өз
жұмысында мимика, көңіл-күй немес
қызықты ракурс, мезет т.б. аудару
ұсынылады. Фотосуретке түсіру
барысында фотокамерамен портретке
түсірудің критерийлерін қарастырып өту
ұсынылады. Олар:
- композицияның негіздері: 9 торлы
сетка арқылы фотосуретке түсірудің
ерекшеліктері;
-портретке түсірудің ерекшеліктері:
кадрларды орналастырудың талаптары.
https://clck.ru/FFxA7
(фото суреттер)

https://clck.ru/FFxDV
(фотоаппараттың тарихы)

https://clck.ru/FFxEx
(история фотоаппарата)

https://ru.wikihow.com
(телефонның камерасымен
фотоға түсірудің
ерекшеліктері)

Фотоаппараттар, ұялы
телефондар мен фототүсірілім
жасауға арналған құралдар.
Скетчбук, қарындаш,
фломастерлер және т.б.


Page 27

Сабақтың соңы
5 мин.

(МК) Сабақта қозғалған тақырыпқа
қатысты сұрақтарға қойып, сабақтың
бағалау критерийлеріне оралып,
оқушылармен бірге жеткен
жетістіктерді талқылау.

Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетті жоғары қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
Тапсырмаларды саралау
арқылы оқушыларға тапсыру.
Сұрақтарға жауап беру,
тапсырманы орындау
барысы.
Көркем еңбек пәні кабинеттеріндегі
жалпылама ережелерді сақтау.

































Page 28

САБАҚ ЖОСПАРЫ 9
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Визуалды
өнер»
Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы:
Анимация. Қозғалатын элементтер
(ермексазды анимация, көлеңкелі театр,
саусақты және таяқшалы қуыршақтар).

Осы сабақта
қолжеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен
дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін
көрсету.
Сабақ мақсаттары • Анимацияның тарихымен және түрлерімен танысу.
• Қазақ мультипликация өнерінің қалыптасу тарихын
қарастыру.
Бағалау критерийлері • Анимацияның тарихымен танысады.
• Механикалық анимация және мультипликацияның
түрлерімен танысып, ерекшеліктерін анықтады.
Тілдік мақсаттар



Механикалық және мультипликациялық анимацияның
ерекшеліктерін түсіндіреді.
Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті
сөз тіркестері:
 анимация, мультипликация, мультфильм, мультипликатор,
аниматор, «сиқырлы фонарь», «Фенакистископ»,
«Тауматроп», «Зоотроп».
 Менің ойымша, анимациялық өнерде қозғалатын .....
тақырыптар, балалардың тәрбиесіне тигізер әсері мол.
Себебі,.....
Құндылықтарды
дарыту
Еңбек пен шығармашылық, құрмет.
Пән аралық байланыс Тарих және әдебиет.
Бастапқы білім Оқушылар мультфильмдердің не екенін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы
3 мин.
1. Сабақ мақсаты мен бағалау
критерийлерімен таныстыру.


Page 29

2. (С) Сұрақтарға жауап бер:
• Қандай мультфильмдерді көруді
ұнатасыңдар?
• Мультфильмдер қалай жасалады
деп ойлайсыздар?
• Мультфильм мен бейнелеу
өнерінің байланысы бар деп
санайсыздар ма? Неге?
• Әлемде пайда болған ең алғашқы
мультфильмді білесіңдер ме?

Сабақтың ортасы
3 мин.








4 мин.







15 мин.





















(С) Динамикалық бейне туралы
бейнематериал тамашала.

Анимация (Animation) - ол қозғалыстың
әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер
тізбегін экранда жылдамдата көрсету
арқылы дене қозғалысы динамикасын
бейнелеу тәсілі.

(Т) Топтық жұмыс.
(Ұ) Оқушыларды үш топқа бөліп,
тапсырмамен таныстыру ұсынылады..
ТАПСЫРМА: Түрлі дереккөздерді
қолданып, ерттеу жұмысын жүргіз.
1 топ: Ғылыми өнертабыстардың
(«Фенакистископ») мультипликация
өнерінің пайда болуы мен дамуына
тигізген әсерін зерделе;
2 топ: Қазақстандық
мультипликацияның пайда болу тарихын
қарастырады («Қарлығаштың құйрығы
неге айыр?» реж.Әмен Хайдаров).
3 топ: Мультипликация өнерінің
түрлерін қарастыр.

Тапсырманың критерийлері:
- Фактілерді көрсетті.
- Қызықты ақпараттарды тапты.
- Терминологияны қолданды.
- Зерттеу нәтижесін постер ретінде
таныстырды.
- Топтық жұмысты жүйелі орындады.
- Таныстырылым регламентінен (2
мин.) ауытқымады.

(Ф) «Екі жұлдыз, бір тілек».
(Қосымша тапсырма: «Тауматроп»
жасап көр.
Тапсырманы жұптасып, жасау
ұсынылады.

https://www.youtube.com/watch
?v=9NN7VJpPNVY
(анимацияның тарихы)
Ресурсы: А3 форматы, түрлі
түсті қарындаштар мен
фломастерлер.
https://clck.ru/BBLRY
(мультипликация)
https://clck.ru/FGEDE
(фенакистископ)
https://clck.ru/FFHCZ
(Қазақ анимациясы)
https://clck.ru/FGEDv
(қазақ анимациясы)
https://clck.ru/FGEEH
(Әмен Хайдаров)
https://www.youtube.com/watch
?v=SzFiuswzIa4
(тауматроп)
Ресурстер: жіп, қағаз,
қарындаштар мен
фломастерлер.


Page 30


10 мин.
Сабақтың соңы
5 мин

Сұрақтарға жауап бер:
 Анимацияның бала тәрбиесіне
қаншалықты әсері бар?
 Бүгінгі күннің анимациясы
қандай тақырыптарды қозғауы
керек?

Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілетті жоғары қандай
міндет қоюды жоспарлап
отырсыз?
Бағалау -
оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай
тексеруді
жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағы
басқа)
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы
ЖАДА тәсілі.
Тапсырмаларды саралау.
Сұрақтарға жауап беру,
тапсырманы орындау
барысы.
Тауматропты жасау барысында
үшкір заттарды ұқыпты қолдану.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!