Ержан Акмарал
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Қарағанды облысы білім
басқармасының
"Теміртау қаласының білім бөлімі" ММ "№12 жалпы
білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕ НЕГІЗГІ БАҒДАР
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
Қазіргі әлем оқушыларды оқытуда педагогикалық
тәсілдерді қайта қарастыруды талап етеді. Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту қажеттілігі туралы ойлар жиі айтылады. Оның
құндылығы неде және мұғалімдерге қандай құралдарды қолдану
керектігін анықтайық.
Сапалы білім беру мақсатында тиімді
әдіс-тәсілдерді ізденіспен пайдалану - ұстаз алдына қойылып отырған
уақыт талабы. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында негізгі
құзыреттілікті, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім
берудің басым мақсаттарының бірі ретінде
айқындалады
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ұғымы 1970
жылдары пайда болды және нақты өмірлік міндеттерді шешу үшін оқу
және жазу дағдыларының жиынтығын білдірді. Бүгінгі таңда
функционалды сауатты оқушы - білім сапасының көрсеткіші. Өмірде тек
академиялық білім жеткіліксіз. Алынған ақпарат пен дағдыларды нақты
жағдайларда пайдалану қабілетіне баса назар
аударылады.
Еңбек нарығында кез-келген қиындықтарға тез жауап
бере алатын, жаңа білімді игере алатын және оларды туындаған
мәселелерді шешуде қолдана алатын мамандар сұранысқа ие. Бұл
функционалды сауатты адамдар. Егер оқушы
осындай дағдыларды игере алса, олар
мамандықтарын оңай меңгере
алады. Мұғалімдерге функционалды сауаттылықты үйрету
қиындық
тумайды,
егер мүғалім барлық педагогикалық әзірлемелерді ұстанатын
болса, балалар оқуға, ал мұғалім жұмыс істеуге
қызығушылығы арта
түседі.
Функционалдық сауаттылық
дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, білім қорын жасау.
Мұғалімнің өмір бойы іздену, үздіксіз дамуы яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруының арқасында оқушының
білімі мен қабілеті арта түседі. .
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мектептен басталады. Мектеп -
үйрететін орта қалыптастырады ал бағытаушы мұғалім. Оқушының бойына
білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім
бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын
алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да,
бақытымыз да болған. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен
байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және
сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге
асады.
Функционалдық сауаттылық - бұл
адамның негізгі білімі. Баланың өзгермелі әлеммен сәтті
қарым-қатынас жасауға дайын болуы, әртүрлі (соның ішінде стандартты
емес) оқу және өмірлік міндеттерді шешу мүмкіндігі, әлеуметтік
қатынастар құру қабілеті, сауаттылығын бағалауды қамтамасыз ететін
рефлексивті дағдылар жиынтығы, одан әрі білім алуға ұмтылуы
маңызды.
Мемлекеттік білім беру
стандарттарының талаптары мен мектептегі білім беру сапасына
халықаралық мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін талдау
негізінде оқушының функционалдық сауаттылығының жаңартылған
сипаттамасы жасалған.
Функционалды сауатты оқушы
болу:
-
өзгермелі әлеммен өзара сәтті
әрекеттесуге дайын болу;
-
әртүрлі (соның ішінде стандартты емес) оқу және
өмірлік міндеттерді шешу, негізгі қызмет түрлерінің алгоритмдерін
құра білу мүмкіндігі;
-
қоғамның моральдық-этикалық
құндылықтарына, серіктестік пен ынтымақтастық ережелеріне сәйкес
әлеуметтік қатынастар құру қабілеті;
-
өз
сауаттылығын бағалауды, одан әрі білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге
және рухани дамуға ұмтылуды қамтамасыз ететін рефлексивті
дағдылардың жиынтығы.
Осылайша қазіргі заманғы
мектепте функционалдық сауаттылықтың мәні білімнің өзі ғана емес
сонымен қатар оқушының төрт негізгі қабілеті арқылы
ерекшеленеді:
-
жаңа білім алу;
-
алған білімдерін тәжірибеде қолдану;
- өз білетіні мен
білмейтіндігін бағалау;
-
өзін-өзі дамытуға ұмтылу.
Функционалдық сауаттылықтың
түрлері:
-
Жалпы сауаттылық
-
Компьютерлік сауаттылық
-
Төтенше жағдайлардағы іс-қимылдардың
сауаттылығы
-
Ақпараттық сауаттылық
-
Коммуникативтік сауаттылық
-
Шет
тілдерін меңгеру
-
Тұрмыстық мәселелерді шешудегі
сауаттылық
-
Құқықтық және қоғамдық-саяси
сауаттылық
-
Қаржылық сауаттылық
-
Жаратылыстану сауаттылығы.
-
Математикалық сауаттылық.
-
Оқу
сауаттылығы.
Функционалдық сауаттылықтың
түрлеріне орай әр пән мұғалімі өз пәніне байланыстыра отырып, білім
мен практиканы ұштастыра отырып оқытады. Менің жүргізетін пәнім
бойынша көркем еңбек сабағынада әр тақырыптың
мазмұнын анықтай отырып,
еңбекке құштарлықты заманауи
көзқарастағы ұғыммен беру басты мақсатым болып
табылады.
Көркем еңбек сабақтарының
міндеті - бағдарлау, өз бетінше жол табу, білім алу, мақсат қою
және іс-қимыл жоспарын жасау. Ал мақсаты - шығармашылық
көзқарасты дамыту, әр түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс бағыт табыу
болып табылады. Бұл пән әр оқушының өмірілік циклінде маңызды орын
алады. Көркем еңбек пәні қыз бала үшін де, ұл бала үшінде өте
маңызды. Себебі күнделікті өмірде айналысатын қыз балалар үй
шаруасы тамақ пісіру мен киім тігу сияқты, ал ұл балалар ағаш
өнері, ұсталық немесе саз балшықпен жұмыстарына қызыға жасайды.
Еңбекке баулудың және сол қызметті қызығы орындау үшін ақпаратты
креативті әрі ыңғайлы технология арқылы жеткізу мұғалімнің
шеберлігіне тікелей байланысты. АКТ құралдары арқылы жасалатын
бұйымына дизайнерлік жобалау үшін компьютерлік моделдеуді қолдану
арқылы, оқушының графикалық ойлау қабілетін арттырамыз. Қазіргі
таңда әлеуметтік желілер арқылы шетелдік өнер тапқыштардың
жұмыстарын оларды жасау лайфхактары туралы туториалдарды бірден
тауып, қайталап жасау арқылы оқушының қиялын
кеңейтіп, жұмыс істеуге деген қабілеттерін
арттырады
Көркем еңбек пәнін басқа
пәндермен сабақтастыру арқылы, мысалы жобалау кезінде есеп қисап
негізінде бұйымға кететін шы,ындар мен өлшеудерді математика
пәнімен, бұйымның құрамын анықтауда биология
пәнінмен тығыз байланыста жүргізіледі
Көркем еңбек пәнінде
оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір
түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына мақсат қоя
білуі арқылы жетеді. Мақсат қоюдың өзінің
алгоритмі, дұрыс армандау, неге қол жеткізу, ол оқушының қиялына
мұғалім үлес қоса білу қажет. Ол үшін түрлі ресурстарды пайдаланып,
ақпаратты іздеу мәдениетін дұрыс қалыптастырып, интернет желісін
тиімді пайдалану озғыр ой мен қабілетті қажет
етеді.
Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз
балаларды тігін өнеріне баулу арқылы сəн
үлгісі,
дизайнға деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін
арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке
тəрбиелеу болса, тамақ дайындау бөлімінде аспаздық өнердің
қыр-сырын уйрету басты мақсат. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне
қажет ақпараттарды алуына жəне сəн журналдары мен əртүрлі
оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше дамытуға,
шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау
міндетіміз.
Оқуда сәтті болу үшін бала ең алдымен ақпаратпен
жұмыс істей білуі керек: оны табу, қажетсізден
арылу,
фактілерді тексеру, талдау, жалпылау және өз
тәжірибесіне енгізу.
Мұндай дағды тек бір пәнді
оқу аясында ғана емес, пәндердің әрқайсысында
қалыптасады. Ақпаратты түсіну және болашақта не үшін қажет екенін
түсіну мектеп пәндерінің әрқайсысында
маңызды.
Функционалдық сауаттылықты
қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды
беру:
Мысалы, бірінші тапсырмалі
"қалай білуге болады?». Бұл тапсырмаларда оқушыға қандай да бір
фактілерді анықтау, мысалы біздің пән бойынша жасалатын бұйымның
өлшемі, құрамы және ұсынылған тапсырманы зерттеу жоспарын
құру.
Екінші "Түсіндіруге тырысыңыз"
тапсырмасы жасалатын бұйымды зерттеу, түсіндіру және сипаттау,
жасалу процестердің барысын болжау қабілеттерін
қалыптастыру.
Соңында "Қорытынды жаса"
тапсырмасында қолда бар мәліметтер негізінде қорытынды алу
қабілетін қалыптастырады. Бұл деректерді сандар, сызбалар,
графиктер немесе ауызша сипаттама түрінде ұсынуға
болады.
Осы
этаптардан өте отырып, оқушы өзіне не керек әрі оны қалай тиімді
жасауға болатынын біледі, сонымен қатар нәтижелі бола
алады.
Көркем еңбек пәнінде оқушы
шығармашылығына арналған
олимпиадаларға жоба жасаумен айналысады. Көркем
еңбек тақырыбына қатысты мысалдар мен тапсырмалардың тізімі шексіз,
өмірлік жағдайларда қолданылатын әртүрлі мәселелерді шешеді және
жүзеге асыру дағдыларын дамытуға бағытталған міндеттер нақты
өмірден және мектептен алған білімдері арқылы
жобалайды. Жобаны орындау барысында
оқушы
жаңа өнімді әзірлейді және
оны
жасайды. Жобаның дайындық бөлігі мұғалімнің басшылығымен
жүзеге асырылады және оқушының өзіндік жұмысына біртіндеп ауысады.
Жобаны орындау барысында оқушы түзетуді жобалайды, модельдейді,
талдайды, бағалайды, орындайды. Жобаны орындау
кезінде оқушы
өз жобасының ерекшеліктерін ойластыруы керек, ол
үшін өнімнің эскизін орындау керек. Тапсырманы орындау үшін қажетті
материалдар мен құралдарды таңдап, жобаның практикалық түрде іске
асырады. Жобада
дайын өнімнің презентациясының нұсқаларын
дайындайды. Сол арқылы өз жобасын
қорғайды.
Мұның бәрі функционалдық сауаттылық дағдылары мен
қабілеттері
арқылы қалыптастырады.
Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген
оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана
білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған
ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну
және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен
дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ
тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік
міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз
етеді.
Қазіргі мектеп-бұл өмірдің бір бөлігі, онда оқушы
болашаққа ғана емес, сонымен бірге өмірге де дайындалады,
кез-келген мәселені шешуге үйренеді, ақпаратты білімге айналдыруға
және білімді іс жүзінде қолдануға үйренеді. Мектеп балаларға нақты
адами қатынастар әлеміне енуге көмектесіп, оларды қазіргі қоғамда
өмір сүруге үйретуі керек. Мұғалімнің алдында үлкен міндет тұр. Ол
балалармен бірге "ертеңге деген" ұзақ және қиын жолдан өтуі
керек.
Әдебиеттер:
-
Жұмабаева, А. Е. Бастауыш
сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
мәселелері және оларды шешу жолдары А. Е. Жұмабаева, А. Б. Д. Д.
Тоқан / / ХХІ ғасырдағы білім: III материалдар
жинағы
Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция. - Мәскеу, 2020. - 351-356 ББ.
-
Ергешбаева Ш.Н. «Мүдде мен
мақсат – жарқын болашақтың кепілі».// Өрлеу – Шымкент №1 (7)
02.2014ж.
-
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы,
екінші басылым, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
жыл
-
Вершловский с.Г., Матюшкина М.
Д. Мектеп түлектерінің функционалдық сауаттылығы // әлеуметтанулық
зерттеулер. 2007. № 5. 140-144 ББ.