Материалдар / Көркем еңбек пәнінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.(Командалық-топтық әдіс) Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем еңбек пәнінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.(Командалық-топтық әдіс) Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология және көркем еңбек пәні мұғалімдеріне көмек. Үйірме жұмысына қажет баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
1562
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттк мекемесі





Shape1



Авторы: Енсегенов Аманкельды Джалгасович –көркем еңбек пәні мұғалімі;

Жобаның атауы: «Көркем еңбек сабағында шығармашыл тұлғаны қалыптастыру»

Бағыты: «Әр-түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы»

Білім беру ұйымы: «М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ» КММ- Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, «Достық» а/о, Бескетік ауылы, Ы. Алтынсарин көш. №24 тел: +77253456138

Автордың мекенжайы:: Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, «Достық» а/о, Бескетік ауылы, Төле би көш. №16

Тел: +77758337867

Электронды адрес: amankeldy66@mail.ru

















Көркем меңбек сабағында шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Маған айтсаң-мен ұмытамын

Маған көрсетсең- есімде қалады

Маған істетсең- мен түсінемін.

Қытай даналығы


Ел Президенті 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады»-дейді. Ендеше,біздер ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп,Президентіміздің үкілі үмітін ақтауға барлық іс -әрекет,күш-жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Жолдауда атап көрсетілгендей өз ұрпағының жауапты да жігерлі болып,өресі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні мен заңдылықтарын жетік білу,жаңа оқу технологиясын жетік білу және дұрыс қолдану жатады. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

Тарихта халыққа басшылық етіп әр салада жаңалықтар ашып,таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған.Оларға дұрыс тәрбие берудің алғышарты-дарын иелерін жастайынан таңдай білу.

Талабы таудай, қабілет-қарым мол іздемпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса,олар ұлтымыз үшін -мақтаныш,еліміз үшін –абырой. Талантты жасқа айрықша назар аудару қажет.Мен бұл тұрғыда мектепте біраз жұмыстар жүргіздім. Жалпы,конструкциялық ойлау қабілеті бар баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейміз.

1. Конструкциялық ойлау қабілеті бар бала туралы мәлімет жинадым.

2.Оқушылар туралы мінездеме жазылды.

3.Оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалды.

Конструкциялық ойлау қабілеті бар балаларға арналған «Өнертапқыштық негіздері» үйірмесін жүргіздім.

Мақсаты:

-мектептегі конструкциялық ойлау қабілеті бар оқушылардың қабілетін шыңдау;

-Оқушыларды шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру;

-Көркем еңбек сабағында топтық-командалық әдісті қолдану;

Осыған байланысты конструкциялық логиканы, құрастыруды үйренуге оқушылардың шығармашылық (қабілеттерін)ойларын дамыту барысында техника құрастыруға,өз бетінше схема арқылы құрастыруға,осы жұмысты оқушының ой-өрісінің өсуіне байланысты құрастыру, сызбалармен жұмыс, модельдерді құрастыруды үйретемін. Оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп,олармен өз қабілеттеріне орай жұмыс істеу-біздің міндетті борышымыз. Шығармашылық қабілет-әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығарма жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын ашуда неғұрлым ертерек бастаса,соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Бұл орайда техникалық модельдер мен макеттерді жасап, сайыстардан(аудан, облыс) орын алған оқушылар баршылық.(оқушы жұмысы). Мектепке келгенде әрбір оқушы оқимын деген ниетпен келеді.Бірақ,бәрінен бірдей озат оқушы шықпайды. Себебі,әр оқушының қабілеті,бейімділігі әр түрлі болғандықтан,олардың даму ерекшеліктері де әр түрлі болады. Қазіргі жаңа технологиялардың қарқынды дамуы, адамдардың қарым-қатынасының әлсіреуі, сүзгіден өтпеген ақпараттың көптігі, ұялы байланыс құралдарына алаң болуы баланың коммуникативтық қабілетіне кәрі әсер етеді және төмендететіні белгілі жағдай. Сол себепті үйірмеге қатысқан әр-бір оқушының жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, өзін-өзі басқаратын оқушылар тобын құрдым.

Командалық -топ әдісінің мақсаты:

-Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып шығармашыл тұлға қалыптастыру;

-Оқушыларда кез-келген проблемаларды шешу қабілетін дамыту;

-Тұлғааралық және командалық қарым-қатынасқа үйрету;

-Командалық-топтық әдісті көркем еңбек сабағында қолдану;

Тобымыз бір команда болғансоң оның басты ережелерін жазып шықтым:

  • Бір-біріне, үлкенге, кішіге деген сыйластық;

  • Қайырымды және жомарт болу;

  • Үнемі ізденісте болу;

  • Командалық және жеке жауапкершілік;

Бұл топта конструкциялық қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмендеу оқушыны алға тартады, көмектеседі, кеңес береді.

Топ мектептегі оқушылардың көзқарасына, қабілетіне байланысты болғансоң топта 6-7-8-9-10-11 сынып оқушылары қатар жұмыс жасайды. Қазіргі кезде осы топ мықты қарым-қатынасы бар ұжым болып үлгерген. Топтың әр-бір мүшесі шығармашылық қабілеті бар тұлға болып қалыптасып келеді. 2018 жыл біздің топ балалары үшін жемісті жыл болды. Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» сайысының өңірлік және аудандық кезеңдерінен оқушылармыз жүлделі орын иеленіп облыстық сайысқа қатысып қайтты. Мектепішілік конструкторлыққа байланысты сайыстарды үнемі өткізіп отырамын. 2018 жыл сәуір айында қолдан жасалған шаңсорғыш(қоқысорғыш) жасау бойынша сайыс өткізіп жеіп шыққан оқушыларды марапаттадық. Биылғы оқу жылында қолдан құрастырған автомобиль сайысын қараша айының 5-6 жұлдызына жоспарлап отырмыз. Үйірмегі қатысуға ниет білдіретін оқушылардың саны күннен күнге артып келеді.

Осылайша шығармашыл оқушыларды бағыт-бағдар беріп және оларды үлгі ретінде көрсетіп өзгеде оқушылардың қызығушылықтарын оятып, сабақ кезінде үнемі насихаттап келемін. Сабақ кезінде барлық оқушыларды бір үлкен топ ретінде, ауызбіршілікке, бір команда болып жұмыс жасауға үйретіп келемін. Нәтижесі өте жақсы болып тұр. Топтағы қабілеті жоғары оқушылар басқаларына көмек беріп алға тартуы сабақтың сапасына септігін тигізіп жатыр.



Быраз елдің оқу-оқыту жүйесі туралы мәлімет алдым. Сол елдердің көпшілігінде технология, еңбек пәндеріне ерекше мән беріледі екен. Өйткені осы пәндердегі сабақтар адам өмірінде үнемі қажет болады деп есептейді екен.

Сөз соңында өз идеямның (командалық- топтық әдіс) сабақ кезінде және үйірме жұмыстарында жақсы нәтиже беретініне көз жеткіздім. Және осы әдісті барлық көркем еңбек мұғалімдеріне кеңес беремін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!