Материалдар / Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дамыту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік (Отанға және халқына деген сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін мақтаныш, Қазақстан мүддесіне қызмет ету) бірінші құндылықты біз өз көркем еңбек сабағымызбен байланыстыратын болсақ, қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, салт – дәстүрлері мен ою – өрнектерінің өзінде тұнып тұрған тәрбие бар. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Осы тұрғыда мен мектеп оқушыларымен бірге “Қазақтың сәулет өнері” атты көрме ұйымдастырдық. Көрменің мақсаты оқушыларға қазақтың салт дәстүрлері, батырлары, аспаптары, ою – өрнектерін қайта жаңғырту арқылы оқушылар бойында патриоттық сезімді ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2024
904
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дамыту.

Пернебекова Дидар Куанышбеккызы

Түркістан облысы.Түлкібас ауданы Кемер бастау ауылы

Сабыр Рахымов жалпы білім беретін мектебі



Тәуелсіз еліміздің оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі – салт – дәстүрімізді дәріптеу жұмыстарын пайдалану арқылы тәрбиелеу. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінің оқу – тәрбие үрдісінде, сыныптан тыс іс – шараларда отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, туған жер, атамекен, атадан келе жатқан әдет ғұрыптарды оқушылардың бойына қалыптастырып, жүзеге асыру керек. Елбасы «Мәңгілік Ел жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» екенін атап көрсетті.

«Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім» деп жолдап еді Елбасымыз «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы жолдауында «Мәңгілік Ел жас ұрпақтың тұла бойына ұлттық құндылықтың ұрығын себу бүгінгі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мектеп қабырғасының әр сабақ әр іс-шарасында түрлендіріліп, жаңа заман талабына сай қолдана алған жағдайда ғана біз бере аларымыз сөзсіз. Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына ада қызмет етуге ұмтылады».  Пәндерді оқыту окушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады. 



  1. Сурет: Қазақстандық қоғамның құндылықтары және білім беру құндылықтары

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік (Отанға және халқына деген сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін мақтаныш, Қазақстан мүддесіне қызмет ету) бірінші құндылықты біз өз көркем еңбек сабағымызбен байланыстыратын болсақ, қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, салт – дәстүрлері мен ою – өрнектерінің өзінде тұнып тұрған тәрбие бар. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Осы тұрғыда мен мектеп оқушыларымен бірге “Қазақтың сәулет өнері” атты көрме ұйымдастырдық. Көрменің мақсаты оқушыларға қазақтың салт дәстүрлері, батырлары, аспаптары, ою – өрнектерін қайта жаңғырту арқылы оқушылар бойында патриоттық сезімді ояту.

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы бұл біздің екінші құндылығымыз. Еңбек және шығармашылық (өз жүмысын ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылдық, адалдық, жұмысқа құлшыныс, үздік нәтижелерге жету). Еңбек адам баласы жер шарында пайда болған кезден бастау алады. Біздің пәнмен ұштастыра айтылған құндылығымыз біз баланы әр сабақ барысында түрлі тапсырмаларды орындату арқылы еңбекке шығармашылыққа баулып жатырмыз. Мен әр сабақ барысында оқушының білім, білік, дағдысын қалыптастыру мақсатында әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланымын. Көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады: 1. Ойындық технология - мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар. 2. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б. 3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі. Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б.

Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың өмір тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері технология пәнінде ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда.Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары меныдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді. Әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әрқашан өз мақсатына жетеді. Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. «Жасөпірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді»,- деп жазды.

Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты-мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс –тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау-баршамыздың парызымыз. Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.

Келешек мектептер 12 жылдық оқу бағдарламасында да біздің қазақтың қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні өте зор болмақ. Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу- қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет – дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек , мол іждағат, мейірімділікпен қоса, кәсіби дарын ізденімпаздық, іскерлік керек екендігін баса айтуымыз керек.

Мектепте көркем еңбек сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.


Болашақ ғасыр иегерлерінің дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болғаны, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін біз үшін үлкен бақыт. Сондықтанда осы тақырып аясында әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіспен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтанда да оқушылардың танымдық, қабілеттерін дамыту үшін ілім – білімге ұмтылып, жан –жақты жетілген жөн. Осы тұрғыдан, қазақстандық қоғамда ынтымақтастық, бірлік пен келісім құндылықтарының, толеранттылық, инновацияларға ашық болудың дәстүрлерінің, сондай-ақ орташа прагматизмнің болуы реформаларды іске асыруға берік негіз болады. 




Пайдаланылған әдебиеттер:.


1. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан. 2012. 15 желтоқсан.
2. Қазақстан ғылымы: талдамалық шолу. Наука Казахстана: аналитический обзор. Астана, 2013. -3-бет

3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. - Алматы: РБК, 1999. 5-бет

4. С. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі»

5. С.Қ. Қасиманов «Ою-өрнек кешені»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!