Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Көркем сөздің жұлдызы» (М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған поэзия кеші)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№1 мектеп-гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Көздібаева Айкенже Қарытжанқызы
«Көркем сөздің жұлдызы»
(М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған поэзия кеші)
Мақсаты: Ақынның бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, рухы биік, таланты тегеурінді біртума тұлғаның биік рухына тағзым ету, жастардың бойына ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды сіңіре отырып, қазақстандық патриотизмге, білікті де білімді жастарды тәрбиелеу; сондай-ақ жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтың дарынын танып, талабын шыңдау.
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі ұлы күн бүкіл елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі
педагог – Мағжан Жұмабаевқа арналады.
Қазақ поэзиясында сыршылдығы
мен сыры мол, поэмаларында суреткерлігі мен ойшылдығы қат-қабат
келіп жататын, өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған ұлы ақын Мағжан
Жұмабаев биыл 125 жасқа келді.
2-жүргізуші:
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты «Көркем сөздің жұлдызы» тақырыбындағы поэзия кешімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда белгілі, текті, ауқатты отбасында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
2-жүргізуші:
1923 - 27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп оқиды. 1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды. 1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
1-жүргізуші:
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық
жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от
беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ
ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне
көтерді.
2 - жүргізуші:
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны “хакім” деп атады, ұлы ақынның “мың жыл жұтса дәмі кетпес” сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді, халқын өнер-білімге шақырды. Ендеше, осы тақырыптағы ақын өлеңдеріне тоқталайық.
-
«Өнер,білім қайтсе табылар?». Еришова Диана
-
«Хакім Абайға». Нурдулда Айшенур
1-жүргізуші:
Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай - күйіне тәуелді. Олай болса, сіздердің назарларыңызға Мағжан ақынның махаббат, сүйіспеншілік, ізгілік тақырыбындағы өлеңдерін ұсынамыз.
-
«Сүйемін». Талғат Саяжан
-
«Анама». Өмірзақ Ерден
-
«Бесік жыры». Сембаева Аида
-
«Сен сұлу». Төремұратов Бекзат
2 - жүргізуші:
Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
«Түркістан». Ислам Шыңғыс
1 - жүргізуші:
Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Өйткені артта қалған қазақ елін алға жетелеу сол халықтың өз қолынан ғана келмек. Сондықтан да халыққа күш берер осындай ерлік қайнарын Мағжан тарихтан іздеді. Өз шығармаларында кешегі өткен батыр бабаларымыздың ерлігін жырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты. Сол арқылы халқының қайратын ұштап, санасын оятуды ойлады. Бұл тұрғыдан келгенде, "Батыр Баян" поэмасының маңызы ерекше
-
«Батыр Баян» поэмасынан үзінді. Лайықова Дильназ
-
«Батыр Баян» поэмасынан үзінді. Жақсылықова Маржан
2-жүргізуші:
Ақын атамыз егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлға - ол жастар екенін ескеріп, бірқатар өлеңдерінде елдің қалыптасуына жастардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын аңғартады. Жас жеткіншектерді өнер-білім үйренуге, келешек өмірге жарқын үмітпен қарауға шақырады.
-
«Мен жастарға сенемін». Сахит Саламат
-
«Қарағым». Серікова Айнұр
1 - жүргізуші:
«Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті».
-
«Қазақ тілі». Задыгерей Аялан
-
«Туған жер». Балтабаева Назерке
-
«Мен кім?». Есембай Ақмоншақ
2-жүргізуші:
Ақын өлеңдерінде бостандықты аңсау сезімі аса күшті. Екі дүние алмасып, аласапыран болып жатқан тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздік күнінің жақындағанын сезеді. Әйтсе де оған жету оңай емес. Сенімінен гөрі үміті басымырақ көңіл күйде жазылған Мағжан өлеңдерінің бірі – "Сағындым". Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.
«Сағындым» өлеңі. Тұрмағанбет Еркежан
1-жүргізуші:
Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі – адамды бәрінен жоғары қояды.
-
«Қысқы жолда». Ерқосайұлы Хабидулла
-
«Толқын». Өмірзақ Азамат
-
«Сұр құлын». Аманжолова Зейнеп
-
«Мысық пен ет». Елтай Бану
-
«Көбелек». Асқарова Жанерке
-
«Балалық шағы». Қаржаубаева Еркеназ
1-жүргізуші:
Оқушылардың Мағжан ақынның өлеңін қаншалықты қызығып оқитынына көзіміз жетті. Енді ақынның өмірі туралы білімдерін байқап көрейік.
2- жүргізуші:
Ол үшін біз оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямыз. Ал, оқушылар сол сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берулері тиіс.
Сұрақтар:
-
Мағжан Жұмабаев қашан және қай жерде дүниеге келген? (1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан ауданында дүниеге келген)
-
Мағжан Шығыс ақындарынан кімдерді көп оқыды? ( Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи)
-
Мағжан 1910-1913 жылдары қандай медреседе оқыды? (Уфадағы Ғалия медресесінде)
-
Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталады? (Шолпан)
-
Мағжан қандай газет, журнал редакцияларында қызметтер атқарды? (“Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана”журналдарында, “Ақжол” газетінде)
-
Мағжан қазақтың атақты батыры туралы қандай поэма жазды? («Батыр Баян» поэмасы)
-
Мағжан Жұмабаев қандай айыптаудың негізінде түрмеге жабылды? ( «Алқа» атты жасырын ұйым құрды деген айыппен)
-
Мағжан Жұмабаевтың қандай өлеңдері бар?
-
Мағжан Жұмабаевтың қандай еңбектерін білесіңдер? ( «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні»)
-
Еліміздегі Мағжан Жұмабаевтың мұражайы қайда орналасқан? (Мағжан Жұмабайұлы ауданындағы өзінің туып-өскен Сарытомар ауылында орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабайұлы атындағы кеңшардың мектебінде)
2- жүргізуші:
Бойын кернеп бұлықсыған бұла
жыр,
Байтақ елдің жоғын жоқтап шығар ұл,
Жұмабайдың Мағжаны деп табын да,
Ұлы Абайдың жұрнағы деп ұға біл!
1-жүргізуші:
Құрметті, әдебиет сүйер қауым, ХХ ғасырдың алып тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Көркем сөздің жұлдызы» атты поэзия кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кешімізде кездескенше сау болыңыздар!