Материалдар / Көркем шығарманың тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем шығарманың тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
1876
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-апта

Қосымша тапсырма


Көркем шығарманың тілі

Троп түрлеріне мысалдар:


Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.


Бақыткерей Ысқақ «Жағалауда» өлеңі

Қара тас,

«Құлағымның суын аш!»–

Деп секеңдеп балалар,

Алақанын соғады.

Еңкейіп те,

Тағы олар

Құлақтарын қағады.

Бұндағы, эпитет- қара тас,


Төлеу Айнұр «Отқарақ» өлең жинағынан:

«Шексіздік өлеңі» өлеңі

Жұмыр жер жылжи берді,

Жүрегін уақыт етіп,

Тым кербез күн жей берді.

Тәрк етіп мың ғасырды,

Айналып мен де өтермін,

Дөңгелек күн басыңды.

Бұндағы,эпитет – жұмыр жер.

Бұндағы, метафора - Айналып мен де өтермін,

Дөңгелек күн басыңды.

Символ – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, оны астарлап, немесе ұқсас басқа бір нәрсеге байланыстырып түсіндіру.

Ерлан Ахмет «Бөрі басты көк байрақпен танылдым»

Түркі қаным тамырымда бұлқынып,

бостан жігер Азаттыққа ұмтылып,

жұмыр жердің төрт торабын көмкерер,

жүрегімнің төрінде тұр нұр тұнып.

Кеуек,

ұйық,

балбалдардан сыр ұқтым,

көк бөрімді Көк жүзіне ұлыттым.

Арпалыста арыстандай атылған

бабалардың бесігінде шынықтым.

Көк бөрі - қайсарлық



Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

Мұқағали Мақатаев «Елім барда» өлеңі


He сыйлайды, не береді келер күн?!

Не де болса, тірі тұрсам, көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.


Бұндағы, метафора – желідегі құлынымын, көгендегі қозысымын.


Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету.


Мұхамеджан Тазабек «Жігітті жастық шақта еркі жеңер» өлеңі


Азғындап жүрген жандар аз ба бүгін,

Торқа киіп, мінсе де семіз дөнен?!

Былғанған бұлақтар көп құйғанменен,

Кінə артпайын халықтай теңізге мен.

Бұндағы, метонимия - Торқа киіп, мінсе де семіз дөнен?!


Синекдоха (меңзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті жалпының орнына жалқыны көптің орнына жекені немесе керісінше ауыстырып қолдану тәсілі.


Абай Құнанбаев «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңі


Ақсақалдың, әкенің, білімдінің,

Сөзінен сырдаң тартып, тез жиренбек.

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.


Бұндағы, синекдоха - ақылды қара қылды қырыққа бөлмек.


Кейіптеу – әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл.


Мағжан Жұмабаев «Жел» өлеңі

Жел - тым тентек бір бала,

Жан сүйгені - cap дала,

Дамыл алмай жүгіред.

Ерні өтірік қыбырлап,

Сыр айтқан боп сыбырлап,

Кейде аң боп өкіред.

«Саған, сұлу сәулеге

Келдім ұшып, ғашықпын.

Бір сүюге асықпын,

Мойның бұр мендей әуреге!»-

Деді де, сүйіп көзінен,

Шашы, алма жүзінен,

Қол жіберді кеудеге.



Фигура түрлеріне мысалдар:

Антитеза - шендестіру мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.

Фариза Оңғарсынова «Қасірет пен ерлік жыры»» өлеңі

Аспан мен Жердей арасы

өрт қаптады жалыны жаландаған,

көңірсіді құйқадай адал далам.

Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,

тыншымастай сұстанды адамға адам.

Түндер келді жарыңның құшағында

рахаттың орнына алаңдаған.


Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.


Абай Құнанбаев «Оспанға» өлеңі

Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек, жомарт құбылмай,

Жақсы өмірің бұзылмай....

Бұндағы, аллитерация - Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай..



Ассонанс – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы.

Мағжан Жұмабаев « Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас» өлеңі

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлердіұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлердіұмытса да ел, шөлұмытпас.

Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,

Ерлерді ұмытса де ел, бел ұмытпас.

Бұндағы, ассонанс - Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлердіұмытса да ел, жел ұмытпас..

Инверсия – сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Сайын батыр» жыр дастаны

А, Бозмұнай, Бозмұнай!

Тілекті берді бір құдай.

Сол уақытта Бозмұнай

Ұшып тұра келеді.

Көзінің жасын төгеді:

- Дүниеқор бай болдым,

Ауыр дәулет тұсында

Қара басым хан болдым.

Бұндағы, инверсия - Тілекті берді бір құдай.

Реттілігі: Бір құдай тілекті берді болу керек


Арнау өлең - түркі халықтары поэзиясына тән жанр. А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”.


Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады.

Нұрай Айбергенова «Мағжан Жұмабаевқа арнау!» өлеңі

Қазағымда ақын көп қой туылған,

Туылғаннан жыр жазуға бұрылған.

Шəкəрім мен Абайлардай алыптың,

Ізін қуған ақынның бірі Мағжан!


Қазағымның ойлағасын жағдайын,

Дана бола білді Мағжан əрдайым!

Зар заманда өмір сүрген халықтың,

Жақсартуға тырысты ғой жағдайын.


Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі.

Әли Есмамбетов «Ақ қағаз,қалам,қара өлең» өлеңі

Ақ қағазды қаралап,

Қалам неге ойнайды?

Ақын неге қайғырып,

Терең ойға бойлайды?

Зарлай арнау - мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі.

Абай Құнанбаев «Сорлы Көкбай жылайды»

Сорлы Көкбай жылайды,

Жылайды да жырлайды.

Ол жыламай қайтіп тұрады,

Мынау азған қу заман

Қалыбында тұрмайды.

Біреу малды ұрлайды,

Біреу басты қорлайды,

... болмаған соң

Жылауына зорлайды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!