Материалдар / "Көркемдік құрастыру және дизайн өнері" үйірмесінің бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көркемдік құрастыру және дизайн өнері" үйірмесінің бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің мұғалімдеріне арналады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2018
6152
80 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


Өнер-білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналады. Осы тұрғыдан алғанда бағдарлама оқушының талабын ұштап, шығармашылық тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интеллектуалдық деңгейін биіктетеді, ұлттық қолөнерге жас ұрпақты жас ерекшелігіне қарамай баулыған. Ою-өрнек ерекшелігімен эстетикалық ләззат береді.Сәндік, әсемдік, әдемілікті білдіреді. 

Бұл бағдарлама арқылы оқушылардың әрі қарай дамуына көп ықпал етеді. Қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихын толық меңгеріп, өздері күрделі ою-өрнек элементтерін сызып құрастырады.Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы еліне, жеріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырады.Ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандыру,оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын балаларға үйрету, толық мағлұмат беру. Оқушыларды әртүрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін жұмыс жасауға, сенімді болуға үйрету.

Үйірме жұмысы аптасына 1 рет, барлығы 34 сағат .


Бағдарламаның мақсаты

  • Қолөнер, сурет салаларын енгізе отырып, осы өнерді қайта жаңарту.

  • Ұлттық дүниетанымын, ерекшелігін таныту, білімдерін тереңдету.

  • Өнер саласын заман талабына сай өзгерту,меңгерту

  • Оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

  • Өнерді үйрену, зерттеу.

Бағдарламаның міндеті

 Бағдарламаға арналған барлық  жоспарлы материалдарды толық игерту; ізденіс жұмыстарына бейімдеу; өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру; сауаттылық,танымдық қабілеттерін дамыту, түстердің сәйкестігін айқындау, кестелеу әдісін үйрену, шеберлікті арттыру, әсемдік пен сұлулықты айқындау.

Оқушы білуі керек:

Оқушылар жұмыстың негізгі ережелерімен танысып, жұмыс жасау дағдыларын үйрену керек.

Техника қауіпсіздік ережесін білуі қажет

Оқушы орындай білуі керек:

Оқушы өз білімін саралауға, өздігінен ізденіп, қорытынды жасауға үйрету. Сарамандық жұмыстарды дұрыс жасауға үйрету.




Күтілетін нәтиже

1. Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден жемісі үзілмей келе жатқан көне де, ізгі дәстүрлі жас ұрпақты ұлттық, сәндік қолтаңбалы қолөнерінің тұнығынан сусындату.

2. Халық шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстырып.

3. Ізденуге құштарлығын таныту.

4. Қоғамға және өзіне ұнамды, жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге дағдыландыру.

5. Өз беттерімен жұмыс жасай білуге дайындау.





Бағдарламаны меңгерту деңгейінің талаптары

1. Оқушы ою-өрнектің шығу тарихын, алуан түрлерін, қыр-сырын, жасалу жолдарын меңгеруі.

2. Әр оюдың тілін жетік меңгеруі тиіс:

3. Өз бетінше жұмыс жасауға жаңа тәсілдерді талдай білуге, оларды бір- бірінен ажырата білуге тиіс.


4. Қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға бере білуі тиіс.

мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;



















Оқу тақырыптық жоспар

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Р/с

Мазмұны

Сағат саны

Теория

Практика

Мерзімі

І тоқсан

1

Ою-өрнектің түрлері және тарихы

1

+


6.09.2017ж

2

Ою- өрнегінің негізгі мотивтерін үйрету

1


+

13.09.2017ж

3

Бүктеу әдістерін жасау

1


+

20.09.2017ж

4

Мата бетіне төртқұлақ оюын жапсыру.

1


+

27.09.2017ж

5

Көркем кестелеу түрлерімен таныстыру. Ағаш бетіне сурет салу/ұлдар/

1

+


4.10.2017ж

6

Шым кесте панносын жасау. Салынған суретті түрлі бояумен бояу/ұлдар/

1


+

11.10.2017ж

7

Кесте панносын аяқтау. Суреттің шетін күйдіргішпен күйдіру./ұлдар/

1


+

18.10.2017ж

8

Баспа /бекітпелі ілмектен/ гүл жасау. Бұйымның жиегін әрлеу/ұлдар/

1


+

25.10.2017ж

ІІтоқсан

9

Баспа кесте панносын аяқтау. Бұйымның бетіне лак жағып жұмысты аяқтау/ұлдар/

1


+

8.11.2017ж

10

Өру/тоқу/ өнері, өру түрлері. Қамшы өрім түрлері/ұлдар/

1

+


15.11.2017ж

11

Бисер өру техникасын үйрету. Қамшы өрудің техникасын үйрету/ұлдар/

1


+

22.11.2017ж

12

Бисерден алқа , білезік жасау. 3,4,5өрім түрлерін тоқу/ұлдар/

1


+

29.11.2017ж

13

Бисерден тоқылған салпыншақтар жасату. Өрімнің шетін түйіндеу/ұлдар/

1


+

6.12.2017ж

14

Макрамэ өру техникасын үйрету

1

+


13.12.2017ж

15

Макрамэ өрудің шартты белгілерін үйрету

1

+


20.12.2017ж

16

«Шахмат» өрімінен белдік өру

1


+

27.12.2017ж

ІІІ тоқсан

17

Сәндік үй бұйымдарының дизайны

1

+


10.01.2018ж

18

Құрақ құрау түрлері .Ағаштан сандық үлгісін жасату/ұлдар/

1

+


17.01.2018ж

19

Құрақ құрауға арналған ою өрнек схемалары.Сандықты құрастыру/ұлдар/

1


+

24.01.2018ж

20

Құрақ бұйымды тігу үдерісі. Ағаш бетіне сурет салу/ұлдар/

1


+

31.01.2018ж

21

Құрастыру әдісі. Сандықтың топсасын,кекілін салу/ұлдар/

1


+

7.02.2018ж

22

Бұйым дайындау, бұйымды безендіру.Сандықты безендіру/ұлдар/

1


+

14.02.2018ж

23

Құрақтан жастықты әшекейлеу. Сандықты лакпен бояу ,аяқтау/ұлдар/

1


+

21.02.2018ж

24

Трансформациялауидеяларын ойластыру. Эскиз жасау. Макет жасау/ұлдар/

1


+


28.02.2018ж

25

Трансформер киім дайындау технологиясы. «Байтерек» макетінің эскизін жасау./ұлдар/

1


+

7.03.2018ж

26

Орамалдан жасалған кеудеше.Қатырмақағазды бүктеу, қырқу әдісі./ұлдар/

1


+

14.03.2018ж

ІҮ тоқсан

27

Орамалдан жасалған сөмке. Қағазды желімдеу, әшекейлеу. /ұлдар/

1


+

4.04.2018ж

28

Кариза белдемше- сарафаны. Темірмен жұмыс істеу./ұлдар/

1


+

11.04.2018ж

29

Пішім макетін жасау.Темірден шынжыр жасату,кесу./ұлдар/

1


+

18.04.2018ж

30

Кариза белдемше -сарафанын тігу.Темірлерді кесу, жалғау/ұлдар/

1


+

25.04.2018ж

31

Крейзи жіп техникасы.Былғарыдан торсық жасату./ұлдар/

1

+


2.05.2018ж

32

Жүннен картина жасау.Торсықтың сызбасын сызу, қию, жапсырмалау./ұлдар/

1


+

9.05.2018ж

33

Көрме ұйымдастыру.Торсықты әшекейлеу./ұлдар/

1


+

16.05.2018ж

34

Жылдық жұмысты қорғау

1


+

23.05.2018ж


Барлығы

34

9

25











































Практикалық сабақтар



Р/с

Тақырыптары

Сабақ


Түрі

1

Ою- өрнегінің негізгі мотивтерін үйрету

2- сабақ


Сызу, сурет салу

2

Бүктеу әдістерін жасау

3-сабақ


Қағазбен жұмыс

3

Мата бетіне төртқұлақ оюын жапсыру.

4-сабақ


Ою- ою жұмыстары

4

Шым кесте панносын жасау. Салынған суретті түрлі бояумен бояу/ұлдар/

6-сабақ


Сурет слу, бояу жұмыстары

5

Кесте панносын аяқтау. Суреттің шетін күйдіргішпен күйдіру./ұлдар/

7-сабақ


Күйдіру,желімдеу.

6

Баспа /бекітпелі ілмектен/ гүл жасау. Бұйымның жиегін әрлеу/ұлдар/

8-сабақ

Кестелеу, әрлеу

7


Баспа кесте панносын аяқтау. Бұйымның бетіне лак жағып жұмысты аяқтау/ұлдар/

9-сабақ

Кестелеу, лактау

8

Бисер өру техникасын үйрету. Қамшы өрудің техникасын үйрету/ұлдар/

11-сабақ

Өру техникасы.

9

Бисерден алқа , білезік жасау. 3,4,5өрім түрлерін тоқу/ұлдар/

12-сабақ


Өру, тоқу


10

Бисерден тоқылған салпыншақтар жасату. Өрімнің шетін түйіндеу/ұлдар/

13-сабақ


Тоқу, түйіндеу


11

«Шахмат» өрімінен белдік өру

16-сабақ

Өру жұмысы

12

Құрақ құрауға арналған ою өрнек схемалары.Сандықты құрастыру/ұлдар/

17-сабақ


Өрнек салу, құраст.


13

Құрақ бұйымды тігу үдерісі. Ағаш бетіне сурет салу/ұлдар/

18-сабақ

Тігу, сурет салу

14

Құрастыру әдісі. Сандықтың топсасын,кекілінсалу/ұлдар/

19-сабақ

Құрыстыру

15

Бұйым дайындау, бұйымды безендіру.Сандықты безендіру/ұлдар/

20-сабақ

Безендіру, аяқтау

16

Құрақтан жастықты әшекейлеу. Сандықты лакпен бояу аяқтау/ұлдар/

21-сабақ

Әшекейлеу, бояу

17

Трансформер киім дайындау технологиясы. «Байтерек» макетінің эскизін жасау./ұлдар/

25-сабақ

Эскиз жасау

18

Орамалдан жасалған кеудеше.Қатырмақағазды бүктеу, қырқу әдісі./ұлдар/

26-сабақ

Қағазбен жұмыс

19

Орамалдан жасалған сөмке. Қағазды желімдеу, әшекейлеу. /ұлдар/

27-сабақ

Желімдеу жұмысы

20

Кариза белдемше- сарафаны. Темірмен жұмыс істеу./ұлдар/

28-сабақ

Қырқу, кесу

21

Пішім макетін жасау.Темірден шынжыр жасату,кесу./ұлдар/

29-сабақ

Макет жасау, кесу

22

Жүннен картина жасау.Торсықтың сызбасын сызу, қию, жапсырмалау./ұлдар/

32-сабақ

Сызу, қырқу, жапсырмалау

23

Көрме ұйымдастыру.Торсықты әшекейлеу./ұлдар/

33-сабақ

Әшекейлеу,аяқтау

24

Жылдық жұмысты қорғау

34-сабақ

Қорытындылау.























Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. «Технология» 5-сынып Р.Ш. Алимсаева, И.А.Развенкова, Н.А Якупова, О.С. Лосенко. Е.Е.Велькер.


  1. «Технология» 7сынып. Р.Ш. Алимсаева, И.А.Развенкова, Н.А. Якупова, О.С. Лосенко. Е.Е.Велькер.


Қосымша пайдаланылған әдебиеттер мен

көмекші құралдар:


  1. «Халықаралық сәндік қолданбалы өнер» кітабы

  2. «Қолөнер» журналы

  3. «Ұлттық киімдер» журналы




























Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:

  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 

  • қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;

  • қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;

  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;

  • құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;

  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;

  •  сурет сала білуі;

  • бұйымды эскизін орындай білуі;

  • ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;

  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;

  • технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;

  • үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.

Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;

  2. Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;

  3. Жіпті тістеп кесуге болмайды;

  4. Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;

  5.  Сынған инені жерге тастауға болмайды.

 

Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;

  2. Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.

  3. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.

Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;

  2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Желіммен жұмыс істеу тәртібі:

  1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;

  2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;

  3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.







«Бекітемін» «Келісемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі АББ әдістемелік кабинет

______М.Тойшыбеков ______А.Исатаева меңгерушісі

«___» ____2017ж «___» ____2017ж ______С.Аманов

«___» ____2017ж







«Көркемдік құрастыру және дизайн өнері»

үйірмесінің бағдарламасы




МҰҒАЛІМ: Исатаева Арайлым Белқожақызы


АУЫЛ: А.Назарбеков


МЕКТЕП: Ә.Молдағұлова


ПӘНІ: Технология


СЫНЫБЫ: 8


САҒАТ САНЫ: 1


.



2017-2018 оқу жылы



















Akmaral_113@mail.ru



































Сыныбы:8

Күні: 6.09.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің түрлері және тарихы
Сабақтың мақсаты: Ою - өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: қазақ халқының ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: ою - өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ою - өрнек арқылы оқушылардың ой - өрісін, білімін жан - жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, жеке, топпен жұмыс, түсіндіру,
сарамандық жұмыс, топтастыру, миға шабуыл.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, карточкалар, нөмірленген асықтар, «Ою - өрнектер», буклеттер, өрнектер салынған суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2. Сабақ құралдарын тексеру.

II «Ой ашар». Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ - жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1) Ою - өрнек дегеніміз не?
2) Ою - өрнектің шығу тарихы.
3) Ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?
4) Ою - өрнектер қай жерде қолданылады?
5) Түстер қандай мағынаны білдіреді?

III Жаңа сабақ. «Брейн - ринг» ойыны. Жұмбақ шешу.
Оқушыларға нөмірленген карточка үлестіріледі. Асық ойыны ойналып қай номерлі асыққа тисе, сол номерлі сұраққа жауап береді. Түгел жауап берілгесін, сектор түгел ашылады. (қошқар мүйіз, бараний рог, қос мүйіз - соединенные рога)
Мүйіз оюы туралы тоқталу.

IV Сарамандық жұмыс.(бүктеп көрсету)
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз. Жеке жұмыс. Өлеңдер айту.

V Мақал – мәтелдер.(жалғасын табу)

Мысалы:
1. Еңбек түбі – береке,
Көптің ісі мереке.
2. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
3. Талаппен бастап, талғаммен аяқта.
4. Ою ойған, сызуда сызады.
5. Ою ойғанның ойы ұшқыр.
6. Еңбек етсең, емерсің

Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарындаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.
Камотекстің бетіне диагональ сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.

Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.
Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:

1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.

Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.

Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істеледі.

Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.

Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істеледі.

Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.

2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.

Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істеледі.

3. Космогониялық ою - өрнектер.

Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

4. Геометриялық ою - өрнектер.

Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.

Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.

Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.

IV Сергіту сәті. Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысып отыр:
1. «Нөсер» тобы.
2. «Темір» тобы.

Мақал – мәтелдер жарысы.

Мысалы:
Еңбек түбі – береке,
Көптің ісі мереке.

Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.

V Сарамандық жұмыс.
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.

Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарындаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.
Камотекстің бетіне диагональ сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.

VI Қорытынды.

1. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.
2. Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.

VII Үйге тапсырма.
Қазақ халқының ою - өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру.























Сыныбы:8

Күні: 20.09.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Бүктеу әдістерін жасау
Сабақың білімділік мақсаты:  өзге елдер өнері (жапон өнері) – оригами туралы мағлұмат беру, қағазды бүктеу арқылы қажетті бұйымдарды жасап үйрену;
Дамытушылық мақсаты: шығармашылығын, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту;
Тәрбиелік мақсаты:  шыдамдылыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, сабақ тақырыбына сай суреттер мен мәліметтер, дайын бұйымдар, эскиздер, нұсқау карталар, буклет, слайдтар, қолөнер туралы мақал – мәтелдер.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, желім, сызғыш түрлері, қайшы.
Сөздік жұмысы: оригами, киригами,кусудама.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндірмесі.
Қағазды бүктеу арқылы жасайтын бұйымдарды оригами  деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар. Қағаздың өзі Қытай елінде пайда болған, ал Жапонияда одан әр түрлі пішіндерді бүктеп шығаруды ойлап тапқан. Алғашқы оригами әдісімен жапондық діни салттард қорапша жасалып, оның ішіне садақаға берілген кішкене нан, балық, шашылмай жинақы болу үшін пайдаланған. Содан кейін бас ақсүйектердің ойлап тапқанындай, яғни қазіргі кезде бір – бірімізге тілек жазу үшін ашық хаттар жазамыз. Ал сол кездері ашық хат жазғанда олар көбелек, құстар гүл немесе абстрактілі геометриялық пішіндермен бүктеліп қағаз ішіне жазып жүрген. Уақыт өте келе ХХ ғасырда оригами туралы бүкіл әлем білетін болды. Кейбір шеберлер бір қағаздан бірнеше әр түрлі пішіндерді жасай алады. Қағазды қолөнердің көбінде пайдалануға болады. Оригамида  қағазды тек бүктейді. Бұйымның дұрыс әдемі шығуы қағаздың дұрыс бүктелгеніне байланысты.
ІV. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік техникасын сақтау.
Жұмыстың барысы:
Үшбұрыштар жасауға арналған қағаздың дайындалу жолы.
1. А4 пішім ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм қажет.
2. Бір ғана А4 пішімінен ұзындығы 70 мм, ені 30 мм тең болатын 24 қаға қиып дайындап аламыз.
Үшбұрыштардың жасалу жол:
Керегінше, түр, түсіне қарай үшбұрыштар дайындалады.
V.Сабақты қорытындылау
VІ. Оқушылардың білімін бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.




Сыныбы:8

Күні: 27.09.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Мата бетіне төртқұлақ оюын жапсыру.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.

 Дамытушылық:  ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы  оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:   ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:  дәстүрлі  сабақ.

 Сабақтың типі:   аралас сабақ.

 Сабақтың әдісі:    топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

 Сабақтың  көрнекілігі:   слайдтар:  «Ә. Қастеевтің  сөзі»,    «Ою-өрнектер»,   «Сергіту сәті»,   «Б.Момышұлының сөзі».

 Пәнаралық байланыс:   тарих,  бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.

 Сабақтың барысы:

 I Ұйымдастыру  бөлімі.

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

  1. Екі топқа бөлу.

3.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

 II сабаққа дайындық  сұрақтары

1.Дайындаманы кесу, есептеу үшін қандай пәнді қолданамыз ?

2.Дайындама  бетіне өлшем сызығын түсіру үшін қандай пәнді қолдану керек ?

3.Дайындаманы 20х20 см. есептеп, сызып, кесіп алғанда қандай фигураларды көруге болады?

4.Дайындаманы төрт бұрыштап кесіп алған бетіне, центрлік нүктені табу үшін, қандай сызықтар жүргізу керек ?

III Жаңа сабақ.                          

Өнерді  таудың  бұлағынан,

Қойдың  құлағынан,

Апамның  киізінен,

Қошқардың  мүйізінен  үйрендім.

Ә. Қастеев.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.

«Қол өнер – мол өнер»  дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.

Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.

Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым.   Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою — өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.

Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін үш бағыттағы топқа ажыратқан.

Қазаққа  ұлттық   нақыш  беретін  оның  өзіндік  ою — өрнектері.

Ұлттық  ою — өрнектерді    төрт  топқа  жатқызады:

  1. Жан жануарлар тектес  ою — өрнектер.

Қошқар  мүйіз – қазақ  оюының  ең  көне  түрі.  Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік  бұйымдарының  бәрінде  кездеседі.

Сыңар  мүйіз – кең  тараған  ою — өрнек үлгісінің бірі.  «Қошқар  мүйіздің» тек  бір  жақ  сыңарын  ғана бейнелейді.  Сырмақ, текемет, киім-кешектердің  жиегіне  істетіледі

Түйе  табан – түйенің  басқан  ізіндегі  қос  табаны  сияқты  дөңгеленіп  келетін, S әріпі  тәрізді  күрделі  өрнек. «Табақша  өрнек» деп  те  аталады.

Түйе  өркеш – түйенің  қос  өркешіне  ұқсайтын  өрнек.  Әшекейленетін  заттардың  жиектеріне  көбірек  істетіледі.

Қос  қанатты – құстың  қос  қанатын   кең  жайып  ұшқан  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

  1. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою — өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық  гүлдің  бірбеткей  бейнесін  бейнелейтін  өрнек.

Көбелек – қанатын  еркін  жайып, көсіле  ұшқан

гүлді   көбелектің  үлгісіндегі  өрнек.  Шай

дорбаға, аяққаптарға  істетіледі.

  1. Космогониялық ою — өрнектер.

Жұлдыз – аспандағы  жыпырлаған  жұлдыздардың  натуралы  қалпын  бейнелейтін  және  бес  жұлдыздың  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

  1. Геометриялық ою — өрнектер 

Ботакөз – сыртқы  пішіні  ботаның  көзіне  ұқсап  келетін  ромбы  тәріздес  өрнек.

Қарға  тұяқ – қарғаның  басқан  ізінің  үлгісіне  ұқсатылып  жасалған  өрнек.  Алаша, кілем  тоқуда пайдаланылады.

Тұмарша – үшбұрыш  үлгілес  болып  келетін  өрнек.  Бұйымдардың  жиектерін, ортасын  көмкеруде  кездеседі.

Әр ою — өрнектің  астарында  мағына  болады.  Мысалы:   «қошқар  мүйіз»  оюы  молшылықты  меңзейді,  «ағаш»  оюы  ынтымақ  бірлікті, «ирек»  оюы  адамның  өмір  жолы, судың  белгісі, «шеңбер»  оюы  жарық  өмір  жолы  дегенді  білдіреді.

IV Сергіту  сәті.   Бүгінгі  сайсымызға  екі  топ  қатысып  отыр:

  1. «Нөсер» тобы.

  2. «Темір» тобы.

Мақал – мәтелдер жарысы.

Мысалы:

Еңбек  түбі – береке,

Көптің   ісі  мереке.

 

Еңбек  етсең  ерінбей,

Тояды  қарның   тіленбей.

V   Сарамандық  жұмыс.

Өткенді  еске  алып, ойға  толам,

Сұрыптап  тезге  салып, көп  ойланам,

Ой түбіне  жете  алмай  титықтасам,

Қолыма  қайшы  алып, ою оям – деп  Б. Момышұлы  атамыз  айтқандай  біз  де  келесі  сарамандық  жұмыс  бөліміне  көшеміз.

Төртқұлақ — өрнектің  ортасы  жіліншік  өрнегі  тектес  болып  келетін, төрт  тармағына  мүйіз  өрнегі  қондырылған  ең   көне  ою — өрнек  түріне  жатады.

 

  Ақ  қағаздан  қайшымен  қиып алған  ою — өрнектің  шаблонын  жапсырма  қағаз  бетіне   қойып, қарындаш  арқылы  сызып  түсіреміз. Оқушылардың  жапсырма қағаз  бетіне түсірген  ою — өрнектерін  қайшымен  қиып  аламыз.

Дайндаманың бетіне  диоганаль сызықтарын  жүргізу арқылы  центрлік  нүктесін  табамыз.  Алынған  оюды  дайындаманың бұрыштарына  келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз. Дайын сызбамызды қылараның көмегімен арнайы орында кесіп аламыз, кесілген ою үлгісін желім көмегімен тақтайшаның бетіне жапсырылады. Дайын болған үлгіні құмқағаздың көмегімен өңдеп, нитролакпен боялып жұмыс аяқталады.

VI   Қорытынды.

 

  1. Оқушылардың жұмыстарын  тексеріп,  жіберілген  қателерін  көрсету.

  2. Жасалған бұйымның  нәтижесіне  қарай  бағалау.

 

VII   Үйге  тапсырма. 

Қазақ  халқының  ою — өрнектерін  басқа  халықтардың  ою — өрнектерімен  салыстыру.













Сыныбы:8

Күні: 4.10.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Көркем кестелеу түрлерімен таныстыру. Ағаш бетіне сурет салу

Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері, қайшы үлгі қағаз керілген мата, суреттер. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Интерактивті тақтада сұрақтар нөмірленген. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».
1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?
III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.
2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.
IV. Жаңа сабақ Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.
Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері – «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл – қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.
Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.
Тор тігіс Айқас тігіс таңдай тігіс Қабырға тігіс Жұлдызша тігіс
2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?
Шым кесте моншақ кесте

Біз кесте Баспа кесте
V. Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету. Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.
Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.
Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.
VI. Сабақты қорытындылау. – Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады? – Иненің құрылысы мен түрлері. – Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы? – Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз? - Кестелеуге қандай жіптер қолданылады? Инемен тігетін тігістердің түрлеріне байланысты плакаттағы суреттер бойынша оқушылардың жауабы (көктеу, тепшу, жөрмеу, қайып тігу) Кестелеудің бірнеше түрі қолданыста бар. Олар «біз кесте», «айқас» тігу, «жіп салып» тігу, Жасаған бұйымдарының сапасын тексеру, талдау.
VI. Жұмыстарын бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.




















Сыныбы:8

Күні: 11.10.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Шым кесте панносын жасау. Салынған суретті түрлі бояумен бояу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кесте тігу халқымыздың қолөнері, қол тігістері туралы түсінік беру, орындау әдістерін үйрету
Дамытушылық: Жұмыс барысында оқушылардың шеберлігін, көркемдік талғамдарын арттырып, түстерді кестелеуге шебер қолдана білу, шығармашылық белсенділіктерін дамыту
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға, салт- дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, сарамандық, көрнекілік, сөздік
Сабақтың көрнекілігі: Буклет, ине-жіп түрлері, мата, ою үлгісі, қайшы, іс машинасы, мақал- мәтелдер, кроссворд, тестер, үлгілер
Сабақтың жүргізу барысы:

1.     Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгендеу
б) Құрал-жабдықтарын тексеру
    2. Өткен сабақты қайталау
1. Қолөнер туралы не білесіңдер?
2. Ою-өрнек түрлері( каестедегі)
3. Түстердің үйлесімділігі?
4. Кесте өнері жайлы не білесіңдер?
5. Қолданатын құрал-жабдықтар
3.
Тест сұрақтарымен бекіту
 4.ЖАҢА САБАҚ

Кесте өнері- сәндік қолданбалы өнердің кең тараған түрі, көп ғасырлық тарихы бар. Қазіргі уақытта ғылыми- техникалық даму( кезеңінде) заманында кесте өнері ұмытылған жоқ, бұрыннанда танымал бола бастады. Қолмен кестелеу шыдамдылықты талап ететін шығармашыл іс. Онда өрнек немесе кескін қолмен ( инемен, бізбен және де іс машинасымен де )әртүрлі маталарға алуан түсті жүн, жібек жіптермен, сондай-ақ моншақтармен кестеленеді. Кестені киімді, тұрмыстық заттарды кестелеу үшін және сәндік панно ретінде қолданады. Шығармашылық көркемдік ерекшелігі, пішіні мен ою- өрнектің үйлесуі. Міне өздеріңіз көріп отырғандай бисерленген понно, лентамен кестелеу, айқас кестелеу және бастырылған кестелеу, әр түрлі жіптермен орындалған изонить( жіппен бейнелеу). Бұлардың әрқайсысының өзіндік орындалу технологиясы әр түрлі.

 

Айқас

Шынжырлы

Шырша

Тор тігіс

Кесте тігіс

Түйін тігіс

Көктеу тігіс

 

Қабырға тігіс

Осы тігістерді тігу арқылы мынандай кесте тігістерін тігуге болады

Біз кесте                                                                  Шым кесте

                                  КЕСТЕ














 

 

 

Моншақ кесте                                                           Баспа кесте

Әр тгістің тігу технологиясия әртүрлі.

Бүгінгі тігетін тігісіміз шышжырлы  тігіс. Оны орындау жолдары мына нұсқау картада көрсетілгендей шынжырлы тігіс.

Ине жібімен бірге матаның оң жақ бетіне 1 нүктеге кіргізіп жіптен ілмек жасаған соң, инені матаға сол нүктеден ілмекке саусақпен басып тұрып өткізесіздер.

Ілмекке тартпай 3 нүктеден өткізіп, жіпті ілмек матаға тегіс жатқызып аласыздар.

Келесі ілмекке жасаған соң, инені матаға 3 нүктеден өткізесіздер.

Матаның өң жағында ілмектерден тұратын тігіс, ал теріс жағында іліп алынған тігіс шығады.

2 жолы: Іс машинада тігу

  Іс машинасын жұмысқа қосу.

Инені тігіске қоямыз.

Реттегішті С әріпіне қосып, тігу ара қашықтығы 1 тігіске қоямыз.

Тігіс тігіп шығамыз.

4. Сарамандық жұмыс. Нұсқау карта бойынша.

5. Қауіпсіздік ережесі ( Іс машинасымен тіккенде, инемен, қайшымен жұмыс істегенде).

6. Қорытындылау.

1. Тест

2 . Не білем? Не үйрендім? Нені үйренгім келеді? Тест сұрақтары арқылы

7. Бағалау «5», « 4», «3»

8. Үйге тапсырма, аяқтау








































Сыныбы:8

Күні: 25.10.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Баспа /бекітпелі ілмектен/ гүл жасау.

Мақсаты: Ілмекбізбен тоқу технологиясымен таныстыру, орындалу

әдістерін үйрену.

Білімділік: Қолмен ілмек бізбен тоқу технологиясын таныстырып, шартты

белгілерін үйрету. Оның күнделікті  өмірде пайдасының бар

екенін  түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту,

тапсырма беріп олардың қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушының еңбекке деген қызығушылығын өз бетінше

орындауға, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Түсіндірмелік теориялық, сарамандық.

Әдіс –тәсілдері: Іздену, түсіндіру, сұрақ – жауап, оқушымен жұмыс, көрсету.

Пәнаралық байланыс: Математика, химия, бейнелеу.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

а)оқушыларды түгендеу

ә)сынып тазалығына назар аудару

б)оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге тапсырма бізде Бисер. Бисердің түрлері

болатын сіздерге бірнеше сұрақатр беріледі.

1.Бисердің Отаны. (Ежелгі Египет)

2.Бисер сөзі қайдан шықты? (арабтың бусара сөзінен)

3.Ол қандай мағынаны білдіреді? (ортасы тесік моншақ)

4.Бисер өндірісі қай ғасырда ерекше дамыды? (ХҮ ғ, ХҮІ ғ басында)

5.Ең алғаш рет бисермен өңделген киімдер, аяқ киімдерді кімдер

киген? (сарматтар, скифтер)

6.Әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде нені қолданады? (бисер мен стеклярус)

7.Стеклярустың бисерден айырмашылығы (түтікше тәріздес оны Францияда жасап шығарады)

8.Бисерге сипаттама бер. (Бисер — ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әр түрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан  және металдан жасалады.)

9.Стеклярусқа сипаттама бер. (Стеклярс шыны түтікше  5-10мм қырлы немесе целиндр пішінді. Одан басқа шабылған бисер, ол өте ұсақ ұзындығы 2-3 мм.)

Бисер тізу үшін қандай материал қолданылады? (жіңішке жұқа капрон жіп, леска, мыс сымды қолданады)

11.Лесканы не жасау үшін қолданады? (көлемді баулар жасау үшін қолданады)

12.Мыс сымды не үшін қолданады? (гүл, түйреуіш, әр түрлі декоративті элементтер жасау үшін қолданады)

 ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.    

Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын ешкім білмейді. Бірақ таңғажайып шалу біздің дәуірімізден бұрын пайда болған.

Египетте мазарлардың бірінен баланың тоқылған аяқкиімін  тапқан. Археологтар оған 4 мың болғанын анықтаған. Ал келесі бір мазардан тоқылған шұлықты тапқан, бір қызығы үлкен бармағы бөлек тоқылған. Ол кездегі киетін аяқкиімге ыңғайлы екен.

Ең қызығы тоқу алғашында ер адамдардың кәсібі болған. Онымен аңшылар, балықшылар айналысқан. Олар торлар мен аулар тоқыған. Уақыт өте келе бұл іспен әйелдер айналыса бастаған. Климаты қатаң аймақтарда әйелдер үй ішіндегілерге түрлі жылы киідер тоқыған.

Ал оңтүстік аймақтарда күн көзінен қорғану үшін түрлі қолшатыр, шляпа, шәлі, қолғаптар тоқыған.

Қазіргі кезде тоқыма адамның «хоббиына» айналған. Егер қазіргі сән үлгісіне салып өзің тоқып кисең өте әдемі көрінеді. Оның үстіне дайын бұйымдарға қарағанда ол өте арзаңға түседі. Ілмекбізбен   түрлі жиде, көйлек, сөмке, шұлық, жайма және пәтер интерьерлерін тоқуға болады.

Ілмекбізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірімжіпті қайтіп бірнеше рет қолдануға болады. тоқылған заттың сапасы иірімжіпке байланысты.  Алуан түрлі иірімжіптер бар. Жіпті де бұйымға  қарап таңдау керек.




Өру/тоқу/ өнері, өру түрлері. Қамшы өрім түрлері





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!