Сабақтың тақырыбы:
Көркемсөздің көсемі-Көсемәлі
Сәттібайұлы.
Күні:
22.11.2018 ж
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жазушының өмір жолы мен шығармашылығы
жайлы түсінік беру.Жазушының еңбектерімен
таныстыру.
Дамытушылық:
Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау,
салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға және жауапкершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі:
1.сұрақ-жауап; 2.баяндау; 3.әңгімелесу; 4.ізденіс; 5.топпен жұмыс;
6.проблемалық жағдаят; 7.ойын сабағы.
Құрал-жабдықтар:
жазушының кітаптары, газет-журнал материалдары,анаграмма, үш
қадамдық сұхбат,қарлы кесек әдісі, бағалау терезесі, insert әдісі,
жазушының портреті, тест тапсырмалары, слайд
т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
кезеңі:
1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3)
Ынта-зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
1-арал: “Не оқып, не
үйрендік?”
Үй
тапсырмасын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасы:
Мұхамеджан Тазабек
шығармашылығы.
2-арал: “Сен білесің
бе?”
Қарлы кесек әдісі-оқушылар бір-бірлеріне ақ қағаз лақтыру арқылы
сұрақтар қояды, жауап-береді.
3-арал: “Біліп ал да, ұғып
ал”.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ
жоспары:
Көсемәлі
Сәттібайұлы (3.2. 1959 жылы
туған, Талас
ауданы, Амангелді ауылы) – жазушы,
журналист, Қазақстан Жазушылар
одағының және Қазақстан журналистер
одағының мүшесі.
Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетін журналист мамандығы бойынша бітірген (1985). 1976 –
77 жылдары Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты А. А. Жданов
атындағы кеңшарда құрылысшы болып жұмыс істеген. 1979-1981 жылдары
КСРО-ның Моңғол еліндегі әскери қызметінде болған. 1981 – 86
жылдары Талас ауданындағы «Ленин жолы» («Талас тынысы») газетінде
тілші, 1986 – 91 жылдары облыстық «Еңбек туы» («Ақ жол») газетінде
тілші, 1991 –93 жылдыры Жамбыл облыстық телерадиотарату
компаниясында редактор, аға редактор болды. 1993-1994 жылдары
республикалық «Жас Алаш»
газетінің Жамбыл
облысындағы тілшісі, 1994 – 97 жылдары республикалық
«Егемен
Қазақстан» газетінің осы облыстағы тілшісі, 1998 жылы
Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің баспа-коммерциялық бөлімінің
меңгерушісі қызметін атқарды. 1998 жылдан 2004 жылға дейін
республикалық «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысындағы тілшісі болып
еңбек етті. 2004 жылдан 2014 жылға дейін республикалық "Егемен
Қазақстан" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болды.
2014 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық "Ақ жол" газеті
ЖШС-ның директор-бас редакторы.1988 жылы жазушы К. Сәттібайұлы
«Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар» атты ертегі-хикаятымен
"Жалын" баспасының жабық бәйгесіне қатысып, екінші жүлдеге ие
болды. Содан бері қаламгердің әр жылдарда «Шеткері үйдің жарығы»,
«Бағдаршамның басынан кешкендері», «Күнге ғашық өлкеде», «Тараздан
тәбәрік», "Шындыққа... қызығамын, Шындықты... аяймын", "Сайқымазақ
дүние", "Шарбақтының жалғызы", "Аран", "Шың мен Шынар" және "Хауа
Ананың көз жасы" атты көркем және публицистикалық кітаптары жарық
көрді. Сондай-ақ, «Бастау», «Қазақ балуандары», "Елбасы", "Кәусәр
бұлақ" және басқа да ұжымдық жинақтарға әңгімелері, ертегілері,
хикаяттары мен эсселері енген.Ол халықаралық "Дарабоз" әдеби
бәйгесінің бірнеше дүркін жүлдегері. К. Сәттібайұлы Қазақстан
Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер
одағының Баубек
Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен
марапатталып (2009 жыл), "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері"
атағына (2014 жыл) ие болған. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен (2001 жыл), «Қазақстан
Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен (2005 жыл), Қазақстан
Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі
үлес қосқаны үшін «10 жыл Астана» мерекелік медалімен (2008 жыл),
«Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен (2009 жыл), «Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011
жыл), «Қазақстан полициясына 20 жыл» мерекелік медалімен (2012
жыл), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен (2014
жыл) марапатталған. Талас ауданының Құрметті азаматы (2009 жыл),
Тараз қаласының Құрметті азаматы (2016
жыл).
4-арал:
“Ізденушілер”.
Топпен жұмыс: Анаграмма
құрау.
“Үш
қадамдық сұхбат” әдісі.
5-арал: “Демалыс аралы”.
Сергіту сәті жасалады.
Қазақтар қол алысады,
Италияда құшақтасады.
Бразилияда бір-бірінің иығын
қағады,
Никарагуада арқасымен,
Зимбабилда шынтақпен,
Австралияда шапалақ, секіру,
бөксемен.
6-арал: “Тілек тілеу”.
“Insert”немесе түртіп алу әдісі.
7-арал: “Білім аралы”.
Тест тапсырмаларын орындау.
1.Көсемәлі Сәттібайұлы қай жылы
туған?
а)
1959 жылы б) 1960 жылы
ә)
1957 жылы в) 1947 жылы
2.1986-91 жылдары қай газетте тілшілік қызмет
атқарған?
а)
“Арай”.
ә)
“Егемен Қазақстан”.
б)
“Еңбек туы” қазіргі “Ақ жол”.
в)
“Талас тынысы”.
3.
Жазушының шындық жайлы жазған хикаяты қалай
аталады?
а)
Хауа ананың көз жасы.
ә)
Шындыққа қызығамын.
б)
Шың мен Шынар.
в)
Елбасы.
4.Жазушы қандай сыйлықтың лауреаты
атанды?
а)
Республика жазушысы.
ә)
Құрметті азамат.
б)
Майталман тілші.
в)
Баубек Бұлқышев атындағы сыйлық.
5.Жазушыға қай жылы “Тараз қаласының құрметті
азаматы” атағы берілді?
а)
2016 жылы
ә)
2017 жылы
б)
2013 жылы
в)
2001 жылы
6.Абай-ақпарат сайтына жазушының қандай мақаласы
енген?
а)
Хауа ананың көз жасы.
ә)
Сайт, суайт және Сократ.
б)
Сумен жазылған өлең.
в)
Елбасы.
7.Көсемәлі Сәттібайұлын кім ретінде
танисыз?
а)
Елбасы.
ә)
Мұғалім
б)
Журналист.
в)
Саясаткер.
8.
2009 жылы қандай төсбелгімен марапатталған?
а)
“10 жыл Астана”.
ә)
“Мәдениет қайраткері”.
б)
“Дарабоз”.
в)
“Майталман тілші”.
9.Жазушы қай баспаға хикаяттарын жариялап, екінші
жүлдеге ие болды?
а)
“Жазушы”.
ә)
“Абай кз”.
б)
“Жалын”.
в)
“Егемен”.
10.Не себепті жазушыны көркемсөздің көсемі
дейміз?
а)
мықты публицист болғандықтан.
ә)
мақамды қаламгер болғандықтан.
б)
орақ тілді айтыскер болғандықтан.
в)
керемет дарын иесі болғандықтан.
ІV.Сабақты қорытындылау:
Тақырып бойынша пысықтау.
V.Оқушыларды бағалау.
VІ.Үйге тапсырма:
Көсемәлі Сәттібайұлы шығармашылығын
зерттеу.